Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
102.99 Кб
Скачать

1. Сөз тіркесі дегеніміз – екі не бірнеше сөздерден құралған грамматакалық бірлігі бекем топ. Сөз тіркестері еркін және тұрақты боп екіге бөлінеді. Еркін тіркестер жұмыс барысында, қажеттілікке орай қайта жасала беруі әбден мүмкін. Мұндағы сөздер қайтып ажырамастай қалыпта емес, керегі болса алмастырылып, орын ауыстырыла береді. Ал еркіндігі жоғалған, ажырамастай қалыпта кірігіп кеткен тіркестерді тұрақты тіркестер дейді. Бұларды біз фразеологизмдер деп атаймыз. Сөз, сөз тіркесі, сөйлем дегендеріңіз синтаксис тексеретін сала бола тұра әлгі тұрақты тіркес неге лексикологияның мәселесі ретінде қарастырылады. Себебі фразеологиялық тіркес туралы мәселе синтаксис тексеретін шеңберден шығып кетеді. Тіпті мұның лексикология, фонетика, грамматика сияқты өз алдына жеке сала болып зерттелуіне де қатысы бар.

Фразеологизмдердің тек өзіне ғана тән өзгеше белгілері бар. Осы белгілер тілдің бұл категориясын өз алдына жеке сала ретінде қарастыруға итермелейді. Әрі тілдің басқа единицалардан айырмасын айқындайтын негізгі ерекшелік болып табылады. Бұл белгілердің түрі мына төмендегідей:

а) лексикалық мәні;

ә) компоненттік құрамы;

б) грамматикалық категориялардың түрі.

Фразеологияға жататын барлық тіркестердің жалпы атауы ретінде фразеологиялық единица деген термин жиі қолданылады. Бұл терминді әуелде акад. В.В.Виноградов [6] атаған еді.

Акад. В.В.Виноградовта фразеологиялық тізбектер (фразеологические единства) кейде метафоралық тұрақты орамдар (метафорические устойчивые обороты) деп те аталады. Тағы бір жерде бұлар идиомдар болып, оның құрамына мақал-мәтелдер, тұрмыстық қосарлы аттар (составные бытовые названия), қанатты сөздер, үзінді цитаттар, кішіпейіддік формулалар (формула вежливости) т.б. еніп кеткен. Сөз тіркесі түріндегі фразеологияның объектісін таныту үшін, кейбір зерттеушілер «фразема» деген термин қолданып жүр. Бұл термин «лексема», «морфема», «семема» деген атаулармен сәйкес, әрі ұйқас. Ал түрі жағынан сөйлемге бара-бар фразеологазмдерді «тұрақты фраза» («устойчивая фраза») деп атайды. Бұл терминді қолдануға пейіл білдіріп жүрген зерттеушілердің бірі В.Н.Телия.

Қазақ ғалымдарының арасында да тұрақты тіркестердің жалды атауы ретінде осыған ұқсас ғылыми терминді ұстанатындары бар. Мысалы, М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаевтар мынадай пікір айтады: «Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін единица болып, қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп атайды». Авторлардың «фразеологиялық орам немесе фразеологизм» деп отырғандарына енетін тұрақты тіркестер – идиома, фраза, мақал-мәтелдер. Бұған қалыптасқан тиянақгы фразеологиялық сөздердің бір саласы ретінде қос сөздерді де қосады.

В.В.Виноградов фразеологиялық топқа семантикалық анализ жасап, оның мағыналық жіктерін дәл ажыратып классификациялаған. Ең алдымен, ол бұл топтан фразеологиялық тіркестерді (фраз. сочетания) бөліп шығарды да, Ш.Баллидің «единства» деп жүргендерін екіге ажыратты; фразеологиялық түйдектер (тұтастықтар) және фразеологиялық тізбектер (единства) деп. Осының әрқайсысын жеке-жеке талдап көрейік.

С.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақовтың «Тіл білімі терминдерінің орысша-қазақша сөздігі» кітабында фразеологияның бұл терминдерінің бәріне қысқаша анықтама берілген. Мәселен, фразеологиялық түйдектерді (тұтастықтарды) былай түсіндірген: «Түйдекті тіркес ішіндегі сөздердің бір-бірімен лексикалық, грамматикалық берік байланыста болып, бөлініп-жарылмайтын фразалық мағынаның ол сөздердің лексикалық мағыналарымен ешбір жуыспайтын томаға-тұйық тіркестер».

Фразеология жөнінде К. Ахановтың пікірлері көңіл аударарлық. К.Аханов өзінің кітабында [19] фразеологияны біраз талдайды. Ол осы еңбегінде бұларды екі топқа бөліп: оның бірін – еркін тіркес, екіншісін – тұрақты фразеологиялық тіркес деп алады. Мұның алдыңғысын синтаксистің сыбағасына беріп, кейінгісін лексиканың құрамында қарастырады.

Ағылшын тіліндегі фразеологизмдерді зерттеу, оларды аудару мәселесімен айналысқан А.В.Кунин. А.В.Кунин өзінің еңбектерімен ағылшын фразеологиясының және де жалпы фразеологияның дамуына өте көп үлес қосты. А.В.Куниннің бұл салада көптеген еңбектерін атауға болады. Мысалы: «Фразеология современного английского языка», «Англо-русский фразеологический словарь» т.б.

2. Фразеологиялық мағына — сөздің белгілі ғана сөздермен тіркесу арқылы, яғни фразеологизм тіркестерде берілетін лексикалық мағынасы. Сөз өзінің атауыштық мағынасында заттар мен құбылыстарға тікелей бағытталып, қыруар сөздермен тіркесіп айтылуға өте-мөте бейім келсе, Фразеологиялық мағынада кез келген сезбен емес, санамалы арнаулы сөздермен ғана тіркесіп қолданылады. Мысалы, қысыр деген сөз төлдемейтін, бойдақ деген езінің тура мағынасында қысыр бие, қысыр сиыр, қысыр мап деп бірқыдыру сөзбен емін-еркін айтыла береді. Ал қысыр сөз деген тұрақты тіркестің құрамындағы қысыр деген сөз бос, мәнсіз деген мағынаны білдіріп, атауыш (еркін) мағынада емес, Фразеологиялық мағынада қолданылып тұр. Оның мағынасы тек сөз деген сөзбен тіркескенде ғана айқындалады. Қазақ тілінде құлқын деген сөздің тура мағынасы ындын деген ұғымды білдіреді. Осыдан құлқыны құрыды, құлқынның құлы деген фразеологизм тіркестер жасапған. Ал құлқын сәрі деген тұрақты тіркестің құрамындағы құлқын сөзі тура мағынасынан біржола ажырап, өте, тым ерте деген Фразеологиялық мағынада жұмсалып отыр. Құлқын сөзі Фразеологиялық мағынаға тек сәрідеген сөзбен тіркескенде ғана ие болады. Демек, Фразеологиялық мағына тіркесіп айтылған сөздерге тікелей бағынышты болыптурады.

Сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай, даяр қалпында колдану жағынан мақал-мәтелдер фразеологизмдерге ұқсайды. Мақалдар негізінен екі бөлімді болып келеді де, алдыңғысында іс-әрекеттің шарты мен жағдайы айтылып, соңынан сол пікірді түйіндеп қорытындылайды. Я болмаса, екі нәрсені бір-біріне қарсы қойып, салыстырады. Мысалы: Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа. Жаманмен жолдас болсақ, қаларсың уятқа. Сұлу-сұлу емес, сүйген сүлу. Мақал-мәтслдердің фразеологизмдерге жуықтайтын жері тек тілдегі даяр тұрған материал болғандығында ғана емес мақал-мәтелдердің көпшілігінде кейде тұжырымды оймен қатар бейнелі ишарат жатады.

Мақал-мәтелдер жайдан-жай айтылмай белгілі мақсатты ойды жузеге асыру үшін, тындаушының жан сезіміне ерекше әсер ету үшін қолданылады. Фразеологизмдер сияқты мақал-мәтелдер де әбден қалыптасқан, орныққан, орны бекем болады. Бұлардың компоненттерін де өзара алмастыруға немесе басқадай сөзбен езгертуге келмейді. Сонымен қатар сыртқы түрі жағынан яғни өздерінің семантикасы мен құрылым құрылысы жағынан мақал-мәтелдердін, фразеологизмдерден елеулі өзгешеліктері болады. Фразсологизмдердің мағыналары астарлы бейнелеу мәнде келеді. Ал мақал-мәтелдердің көпшілігі игі қасиеттерге үндеу, уағыздау сипатында болады.Мақал мен мәтелдср қаншалықты ауыс мағынада айтылғанымен, құрамындағы сөздер өзінің байырғы лексикалык мағыналарынан қол үзіп, онша тасаланбайды. Мақал мен мәтелдер де мән-мағанасымен қатар құрылым-құрлысы жағынан да сан түрлі болатындығы белгілі.Өзінің құрамы жағынан фразеологизмдерге мақалдан гөрі мәтелдер бір табан жақын келеді.Мақал белгілі бір ұғымды тікелей білдірсе, мәтел белгілі бір ұғымды жамалап,меңзеп,тұспалап атайды. Мақал-мәтелдерде ұғымнан гөрі нақтылы бір ойды түйінден айту басым болды.Сондықтан бұлардың сыртқы құрылым-құрылысы сөйлем ұқсайды.Ал фразеологизмдер керісінше, нақ-тылы бір ұғымды астарлап айтып,сыртқы формасы жағынан жеке сөзге теңесіп тұрады.Фраяеологпзмдер мақал-мәтелдер тәрізді күнбе- күн көбейіп, тез дамып отырмайды.

3.ФЕ (ф. түйдек те, ф. тіркес те) т у ы н д ы мағынаны білдіреді де, сөз т ү б і р мағынаны білдіреді. Осыдан шығатын тағы бір түйін: ФЕ мен сөз бір-біріне баламалық байланыста емес, жанамалық қатынаста болады деген топшылауды қолдаймыз. Яғни белгілі бір ФЕ-нің ішіндегі сөздердің бірде-бірі дербес мағынаның референті бола алмайды. Басқаша айтқанда ФЕ құрамындағы белгілі бір компонент дербес мағынаны білдіре алмайды. Ал, жеке сөз өзінің референттік қасиетін сақтамауы мүмкін емес. Осыдан келіп, біраз ғалымдар ФЕ-нің мағынасын фразеологиялық мағына деп, сөз, еркін тіркес мағынасын лексикалық мағына деп атауды лайық көреді. Бұған келтірер үлкен дәлел: ФЕ тікелей мағынада емес, туынды мағынада ғана жұмсалады».

Бұл мәселе туралы С. Сатенова сөз бен оған мағыналас фразеологизмдердің қолданыс ерекшелігіне қатысты білдірген пікірінде фразеологизмдердің ойдың астарлы, бейнелі болуына ықпалын айта келіп: «…іші өлген, сырты сау қос тағанды фразеологиялық тіркесін «қайғылы, уайымды, шерлі» тәрізді лексикалық эквиваленттерімен ұйқасын, үйлесімін тауып ауыстырғанымызбен, фразеологиялық тіркес қолданысындағыдай әсерлі, сазды болуы және жаны күйзелген адамның сезім дүниесін соншалықты дәл жеткізуі екіталай болар еді», – деп жазады.

Г. Смағұлова: «Тұрақты тіркестер қазақ лексикасының ең өнімді бай қабатын құрайды. Осындай ұлан-ғайыр тілдік қордың ішінде кездесетін фразеологиялық факторлар табиғи тіл дамуының ажырамас көрсеткіші болуы керек. …Жалпы фразеологизмдердің пайда болуы, жасалуы туралы сөз қозғалғанда осындай образдылықтың адамның жан-дүниесіне әсері, одан шығатын эмоциялық қорытынды үнемі тұрақты сөз тіркестерінің ерекшеліктерін айқындайтын талаптар екенін ескерсек, онда синоним фразеологизмдердің қатарларының өсуі мен кемуінің себептерін те іздеген жөн», – деп жазады. Автор фразеологизмдердің тақырыптық семантикалық түрлерінің ерекшеліктерін айта келіп, осылардың ішінде мағыналас фразеологизмдерді қалыптастыратын көбінесе көңіл-күй, яғни эмоциясы жоғары фразеологизмдер екендігіне тоқталады. Еңбекте ашулану, ұрсу, ұру, төбелесу, жек көру, қызғану, күлу, жылау сияқты тақырыптық семантикалық түрлерінің алты жүзден асатынын дәлелдейтін тілдік фактілердің бар екендігі айтылады. Тіліміздегі адамның көңіл-күйіне қатысты фразеологизмдердің бай қабатының болуы «ұлт тілінің ерекшелігі емес, ұлт болмысының ерекшелігі. Қазақ ұлты тым әсерленгіш, сыншыл. Түрлі теңеулер мен салыстыруларға келгенде қиыспайтын жерде қиысатын логика, ауыспайтын жерде ауыс қолданылатын метафоралық тіркестерден осындай ой түюге болады. Синоним фразеологизмдер арқылы ойымызды дәл, анық жеткізу үшін кей жағдайда мағыналас фразеологизмдердің көмегімен ситуация одан бетер айқындала түседі, айтайын дегенін сипаттау барысындағы дәлдік, бейнелегіштік, эмоциялық әсер әрине, синоним фразеологизмдердің үлесіне тиеді».

5.Түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде алғаш рет 11 мыңға жуық фразеологиялық тіркесті қамтитын Фразеологиялық сөздік 1977 ж. акададемик Қ.Кеңесбаевтың авторлығымен жарық көрген. Сөздікке қазақ халқының сан ғасырлық тұрмыс-тіршілігін, мәдениетін бейнелейтін образды тұрақты тіркестер, жазба әдебиет шығармаларында кездесетін өрнекті сөз орамдары, сондай-ақ ауызекі тілде және мерзімді баспасөз беттерінде кездесетін тиянақты тіркестер тобы енгізілген. Әрбір фразеологизмнің мағынасына түсініктеме беріліп, қолданылу орайы көрсетілген. Сөздікте кездесетін алғыс, қарғыс мәнді, діни мағыналы фразеологизмдерге диалектілік тіркестерге стильдік белгілер қойылады. Фразеологиялық сөздікте тұрақты тіркестердің варианттары мен мағыналас фразеологизмдер арнайы айырым белгімен ерекшеленген. Етістікке бітетін фразеологизм ауызекі тілде, көркем шығармада қалай аталса, өзгеріссіз солай берілген. Етістік тұйық формада емес, көбінесе ашық райда берілген. Мысалы, Жүрегі тас төбесіне шықтыжарық көрді. Сөздікте жалпы ұғымның әр түрлі түсініктері нақтыланатын 3 мыңға жуық . Жүрегі (зәресі) ұшты (шошынды), зәресі кетті. Қатты үрейлену, шошып кетті, қорықты. Менің жүрегім тас төбеме шықты, қалтырап кеттім. (Б.М.) Оқ жыландай ирелеңдеп, жайдың оғы басталды. Жүрегі ұшып Күнайым, Ердің қасын бас салды. (С.М.) Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінен басқа 1988 ж. 2300 фразеологиялық тіркесті қамтитын “Қазақша-орысша фразеологиялық сөздік”, 2002 ж. “Мағыналас фразеологизмдер сөздігі” мысал бар.

6. Фразеологиялық антонимдер - мән- мағынасы жағынан бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын тұрақты тіркестер. Қазақ тіліндегі Фразеологиялық антонимдер негізінен екі түрлі болып келеді:

- тұрақты тіркестердің өз ішіндегі компоненттерді басқа сөздермен алмастыру арқылы жасалады. Мысалы, аты шықты—аты өшті, ат ізін салмады —атізін құрғатлады, ашық мінез — тұйық мінез, әлі кірді—әлі кетті, баққонды— бақ гайды, беделі артты — беделі түсті, бетінен оты шықты — беті Бұлк етпеді, Бұл дүние — о дүние, ер жүрек — қоян жүрек, есіне түсті — есінен шықты, жүрек жұтқан — су жүрек, жолыңа гүл бітсін — жолыңа жуа шықсын т. б.

- құрылымы-құрылысы жағынан мүлде басқа сөздерден жасалады. Мысалы, соры сорпадай қайнады — көзі ашылды, шөлі қанды — қаны кепті, өркенің өскір — желкең қиылғыр, сабыр етті — дегбірі қалмады, салт басты — үйлі-ба- ранды, оң жақ, (босаға) — жат есік, еңкейген шал — еңбектеген бапа, әлі сүйек — еті тірі, аузыңа май — жағың қарыссын, айы оңынан туды — жолы болмады, еңбегі қатпаған — тісі шыққан т. б.

Қазақ тілі фразеологиялық синонимдерге қандай бай болса, фразеологиялық антонимдерге де соншалықты кедей еместігі байқалады. Мұның бұлай болуы тілдегі сан алуан стильдік сөз қолданыстарымен тығыз байланыстылығында деп түсінген жөн.

7. Фразеологизмедрдің семантикалық жүйесі жайында мынаны айтуға болады. Тіл иесі- халфқтфң басынан өткен, өмір шындығына сай туған сан-салалы ФЕ дер әлеуметтік, шаруашылық, діни, т.б. факторлар ауанымен пайда болған. Олардың құрылым жағынан қалыптасуында, компоненттерінің тіркесу амалдарына нақтылы бір заңдылығы болатыны тәрізді ФЕ нің мағына тұрғысынан саралануында да тиянақты тәртіп, жүйе бар. Бұлай болудың себептері өзінен өзі түсінікті. Өйткені олар әлеуметтік жағдайға жанасып, өз заманының талабына лайық туып жатады. Әрқилы этнолингвистикалық, яғни сыртқы факторларға сәйкес туған фразеологизмдермен барабар жынысқа, мекен мезгілге, мінез құлыққа, көңіл күйіне адамдардың өзара қарым қатынасына, жас ерекшелігіне, салт санаға, т.б. байланысты топтастырылатын да фразелогизмдер бар. Соның бірі әйел теңдігі мәселесіне қатысты. Ескі салт сана бойынша ерге шыққан әйел өзінің қайын жұрты адамдарын өз атымен тура атай алмағаны белгілі. Соның салдарынан су екеш судың, қамыстың, бөрінің, қайрақтың, пышақтың бәрі де күйеуінің жақындарына, руластарына қатысы болғандықтан, өз ныспымен атауға тыйым салынған.

8.Фразеологизмдердің жасалу жолдары.

«Тіл-тілдің өзіне тән ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан (ярустарынан) байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді. Тіл байлығын сөз еткенде сөз байлығы (лексикалық қор) деген топқа осы сөздікте қамтылған алуан түрлі фразеологизмдерді жай, жалпылай жатқыза салуға болмайды. Басқаша айтқанда сөз байлығын тексеретін тіл білімі саласын л е к с и к о л о г и я деп атайтын болсақ, фразеологизм байлығын тексеретін тіл білімі саласын ф р а з е о л о г и я деп атау әбден орынды», – деп жазады.

Тілдегі фразеологизмдердің жасалуына сан түрлі құбылыстар, ұғымдар, түсініктер себеп болған. Солардың бастылар:

  1. Көптеген фразеологизмдердің жасалуына адам ойында қорытылған

құбылыстардың нақты бейнесі негіз болған. Мысалы, жауыр болды (әбден мезі қылды, ығыры шықты) деген тұрақты тіркестің негізінде көп мініліп арқасы жара болған аттың бейнесі елестейді. Басында атқа байланысты шыққанымен, қазіргі кезде ол мағынасы ұмытылып, адамға байланысты айтылатын болған. Арс етті (беттен алды, қарсы келді) деген фразеологизмдердің негізінде иттің қарсылық білдіріп айбат шегуі жатыр. Кейіннен бұл мағына адамға қатысты айтылатын болған. От ала келген кісідей асығыс-үсігіс, мұрнына су жетпей жүрген кісіге айтылады. Бұл тұрақты тіркестің о бастағы от ала келу мағынасы ұмытылып, қазір адамның өзіне тікеле қоланылып кеткен.

2.Бірқыдыру фразеологизмдер өлшемдік ұғымдардың негізінде пайда болған. Мысалы:

а)Уақыт, мерзім өлшемдері: күн шыға, сәске түсте, тападай тал түсте, шаңқай түсте, түс ауа, күн бата, күн ұясына кіргенде, ел орынға отыра, көз байлана, қас қарая, ымырт жабыла, қызыл іңірде, іңір қараңғысында

ә) көлем өлшемдері: бір топ (ошар) жан, бір тайпа ел, бір қора қой, бір үйір жылқы, бір

қоспақ түйе,бір табын сиыр, бір көген қозы, бір желі құлын, бір айдам жер, бір мая шөп, бір ұртам су

б) ұзындық, қалыңдық, тереңдік өлшемдері: бармақ қазы, бір елі, үш елі, сала құлаш жіп,

қол созымы жер, таяқ тастам жер, бір табан жақын, ат шаптырым, айлық жол, кісі бойы, ат кекілінен;

3.Бірсыпыра фразеологизмдер діни ұғымдар мен ескі әдет ғұрыптарға байланысты

жасалған. Мысалы: ант су ішті, аруақ атсын, бата қылды, бір тарының қауызына сыйғызды, дін мұсылман ағайын, діні қатты, жазмыштан озмыш жоқ, жан берді, жан таласты, жетісін берді, қырқын берді, заманақыр, қылкөпір

4. Кейбір тұрақты тіркестердің жасалуына аңыздар мен түрлі ұғымдар, өткен тарихи оқиғалар негіз болған. Мысалы: Қайда арса да Қорқыттың көрі; Есімханның ескі жолы, Қасымханның қасқа жолы; ердің құны, нардың пұлы; есте жоқ ескі мезгілде, жазған құлда шаршау жоқ, жар салды, сауын айтты, отқа май құйды, жыртысын жыртты, сойылын соқты, шашбауын көтерді, қол шоқпар болды, қол жаулық.

9. Фразеологизмдердің лексика-семантикалық тақырыптары және грамматикалық ерекшеліктері

Фразеологизмдерге тән үш түрлі ортақ белгі болғанымең бұлар бір-бірінен әрдайым ашық ажыратыла бермейді. Бұл белгілер, әсіресе мағына тұтастығы бірінен ап-айқын көрінсе, екіншісінен көмескі, үшіншілерінен өте солғындау болып кездеседі, Сондықтан фразсологизмдерді түр-түрге бөліп топтастыру тіл біліміндегі ең күрделі де қиын мәселелердің бірінен саналады Зерттеушілср бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардыц ара қатысына қарай жіктеп бөлсе екіншілері құрылым-құрылысы жағынан, үшіншілер атқаратын қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады. Орыс тілі білімінде академик В. В Виноградовтын, классификациясын негізге алып бөледі. Бұл классификацияны Отандық тіл - ғылымына басшылыққа алғалы 30—40 жылда уақыт өтті. Қазақ тіл білімінде де осы классификацияны бірден-бір арқау етіп келе жатыр.

Қазақ тіліндегі фразеологизмдер де фразеологиялық тұтастық, фразоологиялық бірлік және фразеологиялық тізбек болып негізінен үш топқа жіктеледі.

Фразеологиялық тұтастық. Бұл топқа фразеологизм құрамын- дағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасьш кеткен олар-дың мағыналық жігін ешқандай ажыратуга болмайтын тұрақты тіркестер жатады. Мәселен, мұрнынан шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді дегеннен қолы тимеді, бүрылуга мүршасы болмады дегенді түсінеміз. Бұл мағына осындағы үш сөздін тұтас жиынтығынан келіп шығады. Түйдек ішіндегі жекелген сөздерге талдау жасап, бірін екіншісінен бөліп алуга көнбейді. Түйені түгімен жүтты дегеннен біреуден ойсырата пара алып, елді қана ды дсген мағына туады. Бұл магынаның жасалуынатүйе, түк жұгу сөздерінің тікелсй қатысы жоқ, соларды бірінен соң бірін тіркеп, жұбын жазбай қолдану арқылы пайда болған. Жағына пышақ, жанығандайдегеннен тарамысына ілінген арық, жүдеу дегенді тусінеміз. Бұл мағынаны жасауга жақ, пышақ жану сөз- дерінің тікелей қатысы болмаган. ‘Иегінен тағалы ат тайып жы- гылгандай дегеннен сақал-мұрттан жұрдай, көсе дегенді ұғына мыз. Мұндя да мағына тұтастықтың бірлігін, айқын байқаймыз. Аттың жалы, түйеніқ қомында дегашен қарбалас шақ, абыр-са-быр уақыт дегенді түсінеміз. Мұнда да тұрақты тіркестегі жеке сөздер мен фразеологиялық мағына арэсында тікелей байланыс-тын болмағандығы бзйқалады. Бір ұрты май, бір ұрты қан де-геннен екі жүзді, залым дегснді ұғынамыз Бұл фразеологиялық мағына тұрақты тірксстердің құрамындағы бір, ұрт, май, қан дегсн сөздердің меншікті магынасымен мүлдем сәйкеспейді. фразеологиялық түтастық жеке сөздердің тұтас жиынтығынан пайда болғанымен, олар іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс-әрекетті, сапа мен белгіні, зат пен кұбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетіп бере алады.

Фразеологиялық бірлік. Бұлар да фразеологиялық тұтастык тәрізді орын тәргібі жагынан өте тиянақты болып келип. Аладайда құрамындағы сөздсрдің мағынагының қаншалыкты тасала-нуы, я болмаса, тасаланбауы жарынан елеулі өзгешеліктер болады. Бұлар ен алғашқы еркін тіркесті_ауыс мағынада колданудан келіп шығады. Мәселен, ескі жараның аузып ашты дегеннен өткенді қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды дегенді түсінеміз. Бұл фразеологиялық мағынаның жасалуына ең алғашкы еркін тіркестегі тура мағынасы негіз болган. Сол магынаға басқадай мән беріп, ауыстырып қолдану арқылы жасалғандығы бірден көзге шалынады. Жатқан жыланнық құйрыгын басты де-ген фраза біреудің кытығына тиіп, жоқ жерде бір пәлеге тап болды дегенді білдіреді, Бір кимыл-әрекетті баска әрекетпен салыстырып қолдану арқылы фразеологизмдерге айнальш кет-кен. Ит байласа түргысыз дегеннен адам түгілі ит екеш ит те тұ-рып болмайды дегснді түсінеміз. Соңгы фразеологиялық мағы-наның жасалуына еркін тіркестегі бастапқы (лексикалық) ма-ғына тірек болғандыгы айқын байқалады. Қөз көрмес, құлак, естімес жер дегеннен аяқ жетпейтін алыс жер, қиыр шет деген фразалық мағына пайда болған. Соңғы мағына мен алгашқы мағынаның өзара байланыстылыры анық сезіліп тұрады.  Тұрақты тіркестің алгашқы заттык мағынасы нерұрлым көмескіленіп, тасалана, күңгірттене бастаса, соғұрлым оның .магына түтастығы да күшейе түспек. Мәселен, қарғы бау деген тұрақты тіркестің үш түрлі мағынасы бар: 1) иттің мойнына тағатын бау, 2) қалың малдың алдына ала берілетін жоралғысы, 3) тамыр-таныстықпен қалап-сұрап алған зат үшін берілетін төлем ақы.

Қарғы бау тәрізді тұрақты тіркестерді жасалу үлгісіне қарап (тамақ бау, балақ бау, аяқ бау, т. б.), күрделі сөздің тобына да жатқызуға болады.

Фразеологиялық соңғы мағына алғашқы заттық мағынадан келіп шыккандығына қарамастан, фразеологиялық тіркестін қай түріне жатқызуға келгенде кереғар пікірлер болуы мүмкін. Мұндағы негізгі басты себеп — тұрақты тіркесгің мағыналарынык» тым көнеленіп, ескіре, күнгірттене бастауымен тығыз байланысты. Демек, тұрақты тіркестін мағына тұтастығы кейде кім қалай түсінумен байланысты шешіледі.

Фразеологиялық тізбек. Бұл да фразеологиялық бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданытан келіп шықкан. Ягни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лекснкалық: мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуға жақындап, күңгірт тарта бастаган. Мұнда ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық калпында, сөздіц тіркесуінен жасалып, сол қалпында, тізбек күйінде қолданылады. Мысалы: бота көз, қоян жүрек,. асқар бсл, тоң мойын, сойдақ тіс, қауға бас, оймақ ауыз, бауыр-сақ мұрын, кем иек, ала қол, кара бет, жел аяк, қарсақ жон, қолаң шаш, мысық мұрт, алтын айдар, жуан жұдырық, қош жауырын, ақ саусақ, балды бармақ, кең қолтық, көк езу, салпы ерін, кер азу, қалам қас, ай қабақ, теке сақал, торсық шеке,-жез таңдай, бір ұрт, қызыл тіл, күміс көмей, қамыс құлақ, шөп желке, қу жақ, қызыл кеңірдек, біз тұмсық, бір төбс, зор кеуде. шер көкірек, аршын төс, қабырга ағайын, көк жұлын, жүйке тамыр, аш бүйір, еркек кіндік, салқын қанды, т. б.

Фразеологизмдер құрылым-құрылысы жағынан екі топқа бөлінеді:

  1. Құрылым-құрылысы сөздердің белгілі бір тіркесі болып келетін фразеологизмдер.

Мысалы: шақша бас, қарақат көз, ашық ауыз, ала қол, бүйрек бет, қамыт аяқ, құба жөн, қалкаң құлақ, мұрты шағылмаған, жауырын құрлы көрмеді, саусақпен, санарлықтай, кең иықты, ат жақты, иығы босады, алақанның аясындай, бармақ казы, езуі жиылмады, тісін басты, қас қарай-ды, кірпік қаққанша, сақалды басымен, ку тілді, кеңірдектен, кслді, тұмсығы батпады, аркасы бар, бүйірі шыкты, мұрынның қанындай т. б.

2) Құрылым-құрылысы жағынан сөйлемге тең фразеологизмдер. Мысалы: бір қолын екі ете алмады, екі иыгынан дем алды, ойда жоқ, ел бетін көрместей болды, табанын жерге тигізбеді, аузына ақ ит кіріп, кара ит шықты, ішкен асы бойына тарамады, көзіне көк шыбын үймелетті, көрер таңды көзімен атырды, ашса алақанында, жұмса жұмырығында, ішкен асын жерге қойды, аяқ-колын бауырына алды, басы ауырып, балтыры сыздады, бұтын бұт, қолын қол кылды, қасынан бір елі тастамады, жеңген иттің желкесінен алды, көңілі су сепкендей басылды, қашпаған кара қашардың уызына қарайтын, кой үстіне боз торғай жұмыртқалады, т. б.

10. Тілдегі фразеологизмдердің стильдік ерекшеліктері. Лексикалық бірліктердің қатарында фразеологизмдердің стилдік қызметі, олардың әдеби тілдік стильдік тармақтарға бөлінуі, лексикографиялық деректер негізінде жіктелуі, фразеологиялық деңгейдегі тілдік құралдардың мәнерлегіштік мүмкіндіктері, олардың стилистикалық мәні мен бояулары, түрлі жағдайдағы қолданыс аясы, фразеологиялық бірліктердің қолданылуының коммуникативтік заңдылықтары, олардың бейнелік және метафоралық белгілерінің негізгі заңдылықтары мен тенденциялары және т.б. байланысты қарастырылады. Фразеологизмдер бір-бірінен экспрессияға негізделген стильдік реңк, бояу құрамында қолданылу аясына қарай ерекшеленіп тұрады. Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің көтеріңкі, ренжу, қиналу, жақындық мәндегі, дөрекілік, кекесін, мысқыл мәнде т.б. стильдік реңктерді таңбалайтын экспрессивтік тұлғаларда (бірліктерде) денотативті әрі коннотативті сөз семантикасы сақталып отырады. Олар затты, құбылысты екінші номинация ретінде атап, бағалайды.

Экспрессивті стилистикалық тұрғыдан тілдегі ең негізгі өнімді жұмсалатын бірліктер – фразеологизмдердің куммулятивті қызметі айрықша. А.Ф.Лосев фразеологизмдердің ерекше күш-қуатқа ие болып келетін болмысына, әсерлілігіне ерекше назар аударады . Ол сөздің энергиясын, күш-қуатын эйдос деп атайды, ал жандүниенің ішкі мәні сөздің әлеуетін белгілейді деп көрсетеді. Тілдегі синоним фразеологизмдер бір-бірінен стильдік қолданылуы мен экспрессивті әсері жағынан ерекшеленеді. Бұларды стильдік синонимдер деп атауға болады. Фразеологиялық синонимдер – қандай стильдік сатыда қолданылса да, экспрессивтілігі жағынан сатыланатын тұрақты тіркестер. Фразеологизмдердің синонимдік қасиеті олардың кез келген контексте бір-бірінің орнына еркін қолданыла беруінен байқалады. Фразеологиялық синонимдерді бір-бірінің орнына ауыстырып қолданудың өзіндік шарттары бар. Синоним фразеологизмдердің сыңарлары логикалық реттілік пен заңдылық арқылы байланысқан белгілі бір жүйе құрайды. Фразеологиялық синонимдер ұғымы жағынан бірі мен бірі сатылап байланысып, экспрессивті қызметі өсіп, күшейіп отырады.

Фразеологиялық антонимдердің көпмағыналылығы тілдің семантикалық құрылымдарының тереңдігін білдіреді. Сонымен қатар, көп мағыналы фразеологизмдердің сөз қолданудағы мол қорын дәлелдейді.

Фразеологизмдердің авторлық қолданыста өзгеріп, жаңа стилистикалық қызметте келуі екіұшты пікірдің бір сөйлем ішінде берілуі арқылы контаминация тәсілімен жүзеге асады (Семіз сөйлеп, арық шықпасақ екен).

Тұрақты тіркесте берілген образдық мағынаға тура мағына беру де фразеологизмдерді ұтымды қолдануда пайдаланылатын стилистикалық тәсіл (Отпен ойын (Солтүстік Кореяның өзінде ядролық қару бар екенін ресми түрде мәлімдегені туралы)). «Ойыннан от шығады» мәтелі сырттай өзгергенмен, оның төркінін түсінуге болады. Бірақ бұл контекст жағдайында ол тура мағынасын меңзеп тұр. Сол сияқты Күлін көкке ұшырды, Төбеден жай түсірді (С.Мұқанов), Екі аяғымды бір етікке тығып алып, ізіне түсе қуа бердім (Қырық өтірік) деген тіркестерде де негізінен ауыспалы бейнені суреттейтін фразеологизмдер тура мағынадағы оқиғаны, суретті бейнелеп тұр. Алдыңғы мысалда оқиғаны дәл суреттеу үшін, ал соңғы сөйлемде комика туғызу үшін (себебі ол орындалмайтын өтірік) қолданылған.

11. Фразеологизмдердің қалыптасуына ұлттық ұғым түсініктердің және ұлт менталитетінің әсері

Бірқыдыру фразеологизмдер өлшемдік ұғымдардың негізінде пайда болған. Мысалы:

а)Уақыт, мерзім өлшемдері: күн шыға, сәске түсте, тападай тал түсте, шаңқай түсте, түс ауа, күн бата, күн ұясына кіргенде, ел орынға отыра, көз байлана, қас қарая, ымырт жабыла, қызыл іңірде, іңір қараңғысында

ә) көлем өлшемдері: бір топ (ошар) жан, бір тайпа ел, бір қора қой, бір үйір жылқы, бір

қоспақ түйе,бір табын сиыр, бір көген қозы, бір желі құлын, бір айдам жер, бір мая шөп, бір ұртам су

б) ұзындық, қалыңдық, тереңдік өлшемдері: бармақ қазы, бір елі, үш елі, сала құлаш жіп,

қол созымы жер, таяқ тастам жер, бір табан жақын, ат шаптырым, айлық жол, кісі бойы, ат кекілінен;

3.Бірсыпыра фразеологизмдер діни ұғымдар мен ескі әдет ғұрыптарға байланысты

жасалған. Мысалы: ант су ішті, аруақ атсын, бата қылды, бір тарының қауызына сыйғызды, дін мұсылман ағайын, діні қатты, жазмыштан озмыш жоқ, жан берді, жан таласты, жетісін берді, қырқын берді, заманақыр, қылкөпір

4. Кейбір тұрақты тіркестердің жасалуына аңыздар мен түрлі ұғымдар, өткен тарихи оқиғалар негіз болған. Мысалы: Қайда арса да Қорқыттың көрі; Есімханның ескі жолы, Қасымханның қасқа жолы; ердің құны, нардың пұлы; есте жоқ ескі мезгілде, жазған құлда шаршау жоқ, жар салды, сауын айтты, отқа май құйды, жыртысын жыртты, сойылын соқты, шашбауын көтерді, қол шоқпар болды, қол жаулық.

12.13.14.Қазақ  ұлтының  мәдени  өмірінің  көрінісі - фразеологизмдер. Соныме бірге, фразеологизмдер -  халық өмірінің айнасы. Бұл айнада ұлт менталитеті көрінісі тұтастай  қамтылады десек, асыра айтпағандық болар.

     Әр ұлттың мәдени  ағымындағы  тілдік  құбылыстар тамырланып,

қалыптасуы үшін оның көптеген алғы шарттары  мен салалары  болу керек. Фразеологизмдердің мәдени ақпар көздерінің түсініктері қандай мәдени негізде пайда болып, жасалынады деген сауалдарға мынадай  ғылыми жорамалды ұсынар едік.

       Қазақ халқының ең маңызды мәдени ұлттық ерекшеліктерінің бірі - жан-жақты қамтылған дәстүрлі мәдениет үлгілеріндегі дағдылы ұлттық рәсімдері. Халық ұғымында мұндай ұлттық рәсімдер түрлерінің әбден сақталып қалғандығы ғана бүгіндері ұлт төл құжатындай көрінеді жөне өзге ұлттардан бөлек мәдени айырмашылықтарын айқындайды.

      Ұлттық рәсімдерге әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер жатады. Қай ұлттың болмасын өзінің өмір сүрген дәуіріне қарай, күн-көріс тұрмыс-тіршілігі, сол ұлтқа ғана тән әдет-ғұрыптары   мен   салт-дәстүрлері,   мәдениеті   бар.   Ежелден мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігінің бізге жеткен үлгілері сан түрлі. Күні бүгінге дейін жер бетіндегі басқа ұлттардан ажыратып көрсететін қазақтың салт-дәстүрі туралы айту - қазақтар туралы айту деген сөз.

     Ғасырдан ғасырға ұласып, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып, көне заманнан келе жатса да байырғы бедерін жоғалтпай, сонылығын сақтаған алуан айшықты, терең мазмұнды тұрақты сөз тіркестері ана тіліміздің асыл қазынасы іспетті. Бейнелі сөз орамдары дөп тигізіп айтар дәлдігімен, ерекше көркемдігімен кімді болса әрдайым баурап алады. Сөз шеберлерінің тіл кестесін бейнелі сөз тізбектерінің алуан үлгілерін кездестіреміз де, «әрі қысқа әрі нұсқа» ондай өрнектерді ара-тұра өзіміз де қолданып отырамыз.

     Айталық, тілімізде салы суға кетті, қызғыштай қорыды, тайға таңба басқандай, шашбауын көтерді, ер басты болды т.б. тұрақты тізбектер ұқсатып айтудан пайда болған, әр түрлі құблыстардың неге бұлай айтылатыны алақандағыдай айқын, өзінен өзі түсінікті де. Кей-кейде тұрақты сөз тізбектерінің мағынасын жыға танып, әсерін айрықша сезе білгенімізбен, олардың түпкі төркіні көбімізге жұмбақ.

     Әдетте әділ, турашыл адам жөнінде ерекше әсермен айтқымыз келсе, қара қылды қақ жарған тәрізді бейнелі сөз тізбегінің бірін қолданасыз. Сырт қарағанда тіркес құрамында түсініксіз сөз жоқ. Ал «неге бұлай айтылған?» деген сұрақтың жауабын әркім әрқилы ұғындыруы мүмкін. Бәлкім, кейбіріміз: «қылдың өзі көзге ілінер-ілінбес нәзік нәрсе, оны тапса тілегендей етіп, қақ жарудың қиындығы ақ-қараны ажыратумен бірдей емес пе?»- дей отырып, тіркестің түп-төркінін бейнелеп айтудан, немесе ұқсатудан іздейді.

     Бірақ, бұл тіркестің шығу төркінінде образды фон жатқан жоқ. Фразеологизмнің бұлай айтылуына ерте кездегі ескі салт (этнографизм) негіз болған. Баяғыда шешімі қиын даумен би алдына жүгініске барған кісілер қылдан ескен жіп ала баратын. Егер дауласқан екі жақ та би шешіміне тоқтаса, жіпті қақ ортасынан қидырады. Бұл – билік айтқан адамның қара қылды қақ жарған әділдігіне риза болғандықтарының белгісі.   Бұндай фразеологиялық тіркестерді М.Дулатов шығармаларынан да кездестіруге болады.

                Қақ жарған қара қылды билер шығып,

                Топ жарған шешендер бар осы шақта [2, 12].

Ақын сол кездегі ақылсыз надандардың сөзге тоқтауын қақ жарған қара қылды билер бар деп өз ойын жеткізеді.

                Сен қара қылдай өрмек анау тұрған,

                Мен едім,  азаптанып соны құрған. [3, 76].

А.Байтұрсынов бұл фразеологиялық тіркесте  халықтық қолданыстағы қара қылды қақ жару тұрақты тіркесінің  кейбір компоненттерін алып тастап (қақ жару), қара  қылдай өрмек деп, окказионалды тұрғыдан тіркестер құрып, бастапқы мағынасына қосымша мән үстеген.

     Билікке байланысты айтылатын би сөздерінің бірі – айттым, бітті, кестім – үзілді. Осындағы «кестім-үзілді» деу де әуеліде дауласушы екі жақтың арасындағы жіпке (қылға) орай айтылған.

     Тіл - өмір шындығы. Сол шындықты уақыт қалдырған қатпарлардан аршып ала білсек, шежіредей сыр шертіп тұрады. Өмірде болған нәрсе тілде де із тастамай кетпейді.      

      Қазіргі кезде мүлдем ұмытылған ескі наным-сенімге байланысты пайда болған тұрақты сөз тіркестерінің де саны едәуір. Келелі ой, кең мазмұнды сөз орамдарының астарында халықтың өмірден түйген терең мағыналы пайымдауы жатады.

Сармантай, Жантас, Байжомарт

                                         Кем болмаған адамнан.

                                        Елу жылда – ел жаңа,

                 Жүз жылда қалмас қазаннан. [4, 154].

       Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда – қазан. Сөз мерекесінде отырған кәрі құлақ қария сөз орамының астарлы «түйінін» былай деп таратқан еді: «Елу жыл өткен соң туған еліңе барсаң, өзгерген өмірді байқар едің. Қатар-құрбың сирексіп, балаң, тіпті,  балаңның баласымен жасты жаңа ұрпақты көрер едің. «Елу жылда ел жаңа» деген осы емес пе? Ал «жүз жылда - қазан» дейтіні – ескі көзден кім қалды? Ескі орнын тауып, жаңа ұрпақ салтанат құрады» [1, 41].

       Қазақтар өмірінің сан ғасырлық тарихы әдетте ана тілімен  тығыз байланысты. Барлық өмір салты туған тілінде әртүрлі номинативті атауларынан, әсіресе,фразеологизмдерінен көрініс тапқан.

Мысалы: бесікке салар, тұсау кесер,қырқынан шығару, құда түсу рәсімдері,қыз ұзату, үйлену тойы, ас беру т.б. толып жатқан ұлттық дәстүр, әдеп-ғұрып түрлерінің атаулары тілде сақталмаған болса, онда рухани мәдениет үлгілерінің мазмұны да кеми бермек. Еншісі бөлек, ені басқа - бұрынғы уақытта малға таңба салынып, ержеткен азамат балаларына арнап тиісті мал-мүлік үлесін бөлу. Қазақ салты бойынша енші ұл балаларға бөлінеді. Осыдан әрі қарай енші алу/беру/ тіркесі - өзіне тиісті сыбағасын алу /беру/ мағынасында айтылады.

Фразеологиялық тіркестердің ұлттық-мәдени маңызы бар деректер түсінігіне жататын қазақ - тіліндегі ұлан-ғайыр паремиологиялық қор - мақал-мәтелдер. Жалпы қазақ мақал-мәтелдері мәдениет тұрғысынан зерттеліп, өз бағасын әлі алған жоқ. Күні бүгінге дейін қазақ мақал-мәтелдері тек тағлым тұрғысынан ғана талданып келеді. Ал ондағы халық даналығынан басқа да сол ұлт менталдылығынан хабардар ететін, аз сөзбен көп түйін түйіп жеткізген тіркестер ұлт тілінің ерекшелігі ретінде әлі танылған жоқ...

     Фразеологизмдердің мәдени ұлттық түсініктер дерегінің тағы бір қайнар көзі - тілдегі сөз символдар, символдық мән алатын сөздер мен сөз тіркестері. Қазақ тілінде символдар туралы көп пікірлерден соңғы ғылыми тұжырым жасаған ғалым Р.Сыздықованың айтуында: "символ" -идеяның заттық (болмыстық) нышаны, астарлы образы.

      Қазақ дүниетанымындағы діннің рөлі, дінге қатысты ой толғамдар, оның адамгершілік, адамды сүю, құрметтеу, мораль, этика үлгілерін танытатын сөз тіркестері фразеологиялық материалдардың деректерін қамтиды.

           Наным-сенім мазмұнын аңғартатын   фразеологиялық тіркестер А.Байтұрсынов шығармаларында молынан көзге түседі.

                       Ала қоржын арқалап,

                       Шар кітабы қойнында,

                       Демі тағдыр мойнында [4, 3]. 

     Бастапқыда діни салтқа байланысты қолданыла келіп, мазмұны мен мағына өрісін кеңейткен сөздер мен тұрақты тіркестер халық тілінде аз кездеспейді. Шаруа адамы байырғы кезде «Таң намазы шағында, памдат уақытында деп сөзді шаруашыылық ыңғайына бейімдеп айта берген » Падат (памдат) сөзін халықтың көне жырларынан да кездестіреміз.Халық  арасында уақытты бес уақыт намаз деп те айтып жүрген.

                         Бес уақыт намаздан

                         Тоқталып мойын бұрмаған [4, 28].

       Рухани мәдениет адамдардың қоршаған дүниеге көзқарасы, діни танымы, наным-сенімі, мінез-құлқы, қабілеті т.б. ұғымдар арқылы танылады. Адамның рухани болмысының қалыптасуында тіл мен діннің маңызы зор. «Діни лексиканы зерттеу - дінді зерттеу емес, ол тіл арқылы халықтың ертедегі рухани байлығын жан-жақты қарастыру, байымдау болып табылады. Қазақ даласына араб мәдениеті тараған соң қазақ халқының рухани өміріне үлкен әсер етті.

      Лингвомәдениеттану пәнінің  негізгі фундаменті болып этнолингвистиканың тіл арқылы мәдениеттанудағы рөліне арналады.

      Діни наным сенімнің, дүниетанымның материалдық мазмұны, халықтың рухани мәдени өмірін сипаттайтын сөздер мен тұрақты тіркестері қазақ тілінде көптеп кездеседі. Бұл фразеологизмдер арқылы тілді жасаушы халықтың бір кездердегі ой санасының, жан дүниесінің, сәулесі деп түсіну керек.

15.22. Түркі тілдеріндегі фразеологизмдерді жан-жақты зерттеудің алдағы міндеттері жайлы, соның ішінде тарихи фразеологияны қолға алу төңірегінде сөз қозғай отырып, өзінің төл еңбегінде академик І. Кеңесбаев төмендегідей пікір айтады: «Көптеген тіркестер теориясын тарихқа байланыстыра тексергенде ғана фразеологизмдердің туу жолдарын толық біле аламыз. Ол – түсінікті де. Тіркес этимологиясын ашу үстінде өзге тілдерге де қатысты ортақ құбылыстардың басы ашылмақ. Құрылымы бір немесе құрылымы бҿлек тілдердің ортақ жҽне айырма қасиеттеріне ұластыра, жүйелі талдау фразеологизм үшін де мейлінше қажет. Басқасын былай қойғанда, бірнеше ортақ нақтылы бір фразеологизмнің өзі бірде тұлғасы ортақ, мағынасы бҿлек, енді бірде керісінше болып келетін реттерін ескере отырған мақұл».

«Фразеологизмдердің қалыптасуында семантикалық жағынан негізгі ұғымды білдіріп, басқа сҿздерді өз айналасына топтап, идиомаландырып тұратын сөздер болады. Бір кездерде фразеологизмдердің тууына түп қазық, тірек болған сөздерді фразеологиялық ұйытқы сөздер дейміз. Кез келген сөз фразеологизмге ұйытқы бола алмайды. Тілдің лексикалық құрамының негізін қалаған, халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан байырғы сөздері ғана фразеологизмге ұйытқы бола алады» демекші байырғы сөздер ұйытқы болған тұрақты тіркестер қазақ тілінде көптеп кездеседі.Төмендегі мысалдардан біз қазіргі қазақ тіліндегі фразеологизмдердің құрамындағы жеке сөздердің бүгінгі қазақ тілінде сирек қолданылатын пассив сөз ретінде келетінін байқадық. Ал керісінше бұл тұрақты тіркес құрамындағы жеке сөздердің қазіргі түрік тілінде фразеологизмдер құрамында емес, күнделікте өмірде қолданылатын актив сөздер болып келетінін байқап жатырмыз. Мысалы:

Шырқын бұзу – берекені кетіру, сҽнін кетіру, сүйкімсіз ету деген тұрақты тіркестің құрамындағы çirkin – көзге, құлаққа жақсы келмеген, сүйкімді болмаған деген мағынада қазіргі түрік тілінде актив сөз ретінде қолданылады.

Қазіргі қазақ тілінде толас таппады – бөсеңсімеді, толастамады деген мағынаға сайса, оның құрамындағы dolaşmak түрік тілінде қыдыру, айналып қайту мағынасындағы актив сөз.

Борша-боршасы шықты – быт-шыт болды, күл-талқаны шықты. Бұндағы борша деген сөз түрік тілінде parça ретінде кездеседі. Parça – заттың бір бҿлігі. Осыдан біз жоғарыдағы борша-боршасы шықты деген тұрақты тіркестегі борша сөзінің қай мағынаны білдіретінін табамыз.

Дембел денелі – орта бойлы толықша келген адам. Осындағы дембел қазіргі түрік тілінде басқаша мағынада кездеседі. Мысалы, tembel – жұмыс істеуді қаламайтын, артық шаршамауды қалайтын еріншек адам.

Сес көрсету – дауыс шығарды, қоқан-лоқы көрсетті. Ses – қазіргі түріктілінде дауыс, дыбыс деген мағынада қолданылатын актив сөз. Сонда сес көрсету дегендегі сестің мағынасын туыс тілдегі мағынасынан айқын кҿріп таба аламыз.

16. Түбір сөз - сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін ең түпкі негізі. Бұл түпкі негіз сөздің құрылысының да, мағынасының да негізгі ұйтқысы болып есептелінеді. Өйткені түбір морфема сөздің негізгі лексикалық мағынасын білдіреді. Түбір морфема қатыспаса, қосымша морфеманың бір де біреуі яки бірнешеуі қосылып та ешқандай мағынаны білдіре алмайды.

Түбір морфема өздігінен жеке тұрып семантикалық жағынан да, қызметі жағынан да дербес сөз бола алады. Мұндай жағдайда түбір морфеманың мағынасы мен сөздің мағынасы бірдей болып шыға береді. Мысалы, бас, тіл, жол, кел, жүр морфемаларын алсақ, олардың әрқайсысы әрі түбір морфема, әрі жеке сөз бола алады.

Туынды сөз – сөзжасам саласының негізгі ұғымы. Қазақ тілінің сөздік құрамында қолданылып жүрген қазіргі атау сөздердің бәрі дерлік туынды атаулар. Қазіргі қазақ тіліндегі бір буынды ат, ақ, су, жақ, тау, т.б. атаулардың өзі Туынды сөз ретінде танылады. Бұл сөздер тұлғалық жағынан өзгермегенмен, мағыналық құрылымы семантикалық сөзжасам негізінде дамыған. Сондықтан да бұл атаулар іштей көпмағыналылыққа, антонимдік сыңарлар мен синонимдік қатарларға жіктеледі.

19. Диалектілік тұрақты тіркестер халық тілінің жемісі. Олар да әбден екшелген, қалыптасқан тіркестер, ұтымдылығы мен экспресситік бояуы жағынан әдеби фразеологиядан кем емес, айырмашылығы – әдеби тілдің фразеологиясы жалпыхалықтық қолданыстағы тіркестер де, диалектілік фразеологизмдер – белгілі бір аймақ көлемінен аса алмаған, тек жергілікті халық тілінде қолданылып жүрген тіркестер. Диалектілік фразеологизмдердің стильдік қолданысын зерттей келе, олардың шығарма көркемдігіне ешбір нұқсан келтірмейтіндігін, керісінше, образдылық жағынан шығарма жетістігін арттыра түсетінін аңғардық. Сондықтан тілімізде әдеби фразеологизмдер тұрғанда, жазушы неге диалектілік фразеологизмдерді қолданған деуге болмайды. Мысалы, Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романы балықшылар өмірінен жазылған шығарма болғандықтан, кейіпкердің тілінде балық шаруашылығына байланысты диалектілік фразеологизмдер орынды қолданылған. «Қайығым желге өрлеп тұрғанда, о тәйірі, неден тайынайын. Тартынбадым».Осында ісі оңға басты деген мағынаны жазушы «қайғы желге өрлеу» тіркесімен өте орынды берген. « – Еркем, шайың кесіліп қалыпты ғой, енді демдеп әкелген аққұманнан құярсың», – деп сыбырлады да, сыртқа шығып кетті». Шайдың қызылы кесілуі – шайдың ағарып кетуі, батыс қазақтарының тілінде әлі күнге қолданылады. Автор өз кейіпкерлерін жергілікті тіл ерекшеліктерімен сөйлете отырып, шығарма шыңдығын арттыра түскен.

Жалпы жинақтай келгенде айтарымыз – көркем шығарма тілінде диалект сөздер мен диалектілік фразеологизмдердің қолданылуына бір тұрғыдан қарауға болмайды. Диалектілік сөздердің әдеби тілде, жалпы халықтық қолданыста мағыналас атаулары бар. Сондықтан олар жазушының мақсатына қарай кейде орынды, кейде орынсыз қолданылып жатады. Ал диалектілік фразеологизмдердің қолданысы – мүлде басқа мәселе. Диалектілік фразеологизмдер алдымен бейнелі, эмоциялы-экспрессивті тіркестер, осы жағынан, олардың көркем шығармада қолданылуы негізінен орынды,- деп те ойлаймыз.

20. І.К.Кеңесбаев, М.К.Қаратаев, М.Б.Балақаев, Ғ.Ғ.Мұсабаевтардың зерттеулерінде осы мәселе тұрғысында біраз пайымдаулар жасалған. Қазақстанда аударма теориясын жасауға мейлінше зор еңбек сіңірген аудармашы ғалымдарымыз болды. Олар - С.О.Талжанов пен Ә.Сатыбалдиев. Аударма ғылымының теориясын жасауда бұлардан да басқа ғалымдардың үлесі мол. М.Жанғалин, Қ.Сағындықов, К.Шәріпов, I.Жарылғаповтардың ғылыми ой-пікірлері қазақ аударма ғылымының қалыптасып, дамуына едәуір ықпалын тигізді. И.Ландау, С.Қоспанов, Бектемісов, З.Тұрарбеков диссертациялық еңбектерінде де фразеологизмдерді аудару жайында аракідік айтылған пікірлер бар.

М.Балакаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаевтар «Қазақ тілінің стилистикасында» фразеологияның аудармасына арнайы тоқтаған. Мұнда авторлар мәселенің қиындығын айтып қарап отырмай, фразеологизмдерді аударудың әртүрлі жолдарын қарастырады. Үш түрлі тәсіл болуы ықтимал екенін дәлелдейді. Ол қандай тәсілдер:

Біріншіден, «фразеологазмдерді аударуда оның жалпы мағынасы беріледі».

Екіншіден, «фразеологизмдерді аударуда олардың өзара мәндес келетіндігі ескерілетінін» айтады. Тіл-тілдегі фразеологизмдердің өзара сәйкес, мәндес келуі, шынында да аударманың жатық, түсінікті болуына септігін тигізеді. Мұның аударма жұмысын едәуір жеңілдететіні сөзсіз.

Үшіншіден, «көптеген тұрақты сөз тіркестері бір тілден екінші бір тілге сөзбе-сөз аударылады». Бұл тұста авторлар тұрақты сөз тіркестерінің басқа түрінен идиомдарды бөліп алады. Мақал-мәтел, қанатты сөздердің сөзбе-сөз аударуға тезірек көнетінін мысалдармен көрсетеді.

Сонымен фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді аударудың тәсілдерін мынадай үш топқа жинақтап айтуға болады. Біріншіден, мақал-мәтел құрамындағы сөздердің заттық мағынасын түгел беріп, дәл аударуға болады. Екіншіден, кейбір сөздердің заттық мағынасын өзгертіңкіреп аудару керек. Үшіншіден, аударылатын тілдегі фразеологизмдер, мақал-мәтелдерді пайдалану қажет. Макал-мәтелдерді аударудың осы типтес қағидасы орыс тілінде қалыптаса бастаған. Біз ұлттық ажары айқын аңғарылып тұратын фразеологазмдерді мұндай формулаларға салмаймыз. Бұлардың жөні бөлектеу.

21. Ә.Болғанбаев: «Анатомиялық атаулар негізгі сөздік қорға жататындықтан, көп мағыналы, туынды жаңа сөз жасауға соншама бейімділігімен ғана сипатталмайды, сонымен бірге тұрақты тіркестер жасаудағы белсенді қызметімен де айрықша көзге түседі»,-деп, соматизмдердің фразеология жасаудағы маңызын айтады. [5, 107б].

Адам – күрделі де, айрықша құбылыс. Адам баласы басынан небір күйлерді кешіреді, олар қуанады, шаттанады, күледі, ашуланады, күйінеді, ренжиді, жақсы көреді, жек көреді. Бір сөзбен айтқанда адам бойындағы қасиеттер әр түрлі. Осындай қасиеттер қазақ тіліндегі соматикалық фразеологизмдерден де мол көрініс табады.

Соматизмдерді метафоралы қолдану Мәшһүр Жүсіп фразеологизмдерінде де бар. Олар көз, құлақ, іш, ауыз, тіл соматизмдерінің қатысуымен жасалады. Көзіңнің бір қарап қой ұшыменен, Сырты түгіл үйірілсін ішіменен; Кем-кетік, жоқ-жітікке қайырылысып, Қаріп пенен қасерді көзіңе іл; Көзге түс, ауызға ілін, майданға кел; Бірі боп көзге күйік, жүрмей-ақ қой; Ғылым мен ақылды бердім бұған, Бәрің бұған боласың құлақ кесті; Құмырсқа қыбырлайды, о да жүрсе, Жұрт құлағын салады ит те үрсе; Нашарға жаның ашып, ішің күйсе; Мұнымен түсті жастар жұрт алдына, Бос сөзге бейпіл ауыз желдей есіп; Бой тоқтатып өз аузын баға алмайды; Тілің ұзын болғанмен, қолың қысқа және т.б.

36. Фразеологиялық оралымдар — кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы бір тұтас, құрамы мен құрылымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірліктер. Олардың қатарына, мысалы, қазақ тілінде қас қаққанша, көзді ашып жұмғанша, қас пен көздің арасында, ит арқасы қиянда, ит өлген жерде, тайға таңба басқандай, үріп ауызға салғандай, ат үсті қарау, мидай дала, ата жау, су ми, су жүрек тәрізді тұрақты сөз тіркестері енеді. Бұл фразеологиялық оралымдардың әрқайсысы сөздердің бір-бірімен тіркес жұмсалуынан жасалғанмен, мағынасы жағынан біртұтас, құрамы мен құрылымы жағынан тұрақты бірлік ретінде ұғынылады. Фразеологиялық оралымдарды фразеология зерттейді. Тіл арқылы қатынас жасау процесінде сөздер, әдетте, жеке дара күйінде емес, бір-бірімен тіркесіп қолданылады.

Фразеологиялық оралымдарды сөзден де, еркін сөз тіркесінен де ажырату үшін оған тән басты белгілер мен қасиеттерді айқындап алу қажет. фразеологиялық оралымдар өзінің табиғаты жағынан – екі жақты құбылыс. Фразеологиялық оралымдардың екіжақтылығы, бір жағынан, оның дара сөздерге ұқсас, екінші жағынан, еркін сөз тіркесіне ұқсас болып келуінен көрінеді. Осыған орай, фразеологиялық оралымдардың белгілері де екі бағытта қызмет атқарады. Анығырақ айтқанда, фразеологиялық оралымдарды сөзбен жақындастыратын белгі фразеологиялық сөз тіркесін еркін сөз тіркесінен ажырататын белгі ретінде, ал фразеологиялық оралымды сөзбен жақындастыратын белгі ретінде қызмет ете алады.

34. Фразеологиялық тіркес — құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келетін мағынасы ерікті сөздердің тіркесі, фразеологизмдердің түрлері, топтары. Фразеологизмге тән үш ортақ белгі мағына тұтастығы, тіркес тұрақтылығы, қолданылу тиянақтылығы айқын болғанымен, бұлар әр фразеологизмде бір-бірінен әрдайым анық ажыратыла бермейді. Кейбір белгілер әсіресе, мағына тұтастығы бірінде анық, айқын көрінсе, екіншісінде көмескі, үшіншісінде мүлде солғындау байқапады. Сондықтан фразеологизмді түр-түрге беліп топтастыру тіл білімінде ең күрделі қиын мәселелердің бірінен саналады. Фразеологизмдерді зерттеушілер В. Виноградовтың дәстүрлі топтастыруын негізге ала отырып, бірде тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың арақатынасына қарай жіктеп бөлсе, кейде құрылым- құрылысы жағынан, атқаратын синтаксистік қызметі мен стильдік мәні жағынан топтастырады. Қалай дегенімен де фразеологизмдерді сыңарларының мағына тұтастығына қарап, Фразеологиялық тутастық, Фразеологиялық бірлік, Фразеологиялық тізбек деп үш топқа бөледі. Фразеологиялық тұтастықта (идиом) фразеологизмді құрастырушы сөздің бір-бірінің лексика-семантикалық мән- мағынасына ешбір қатысы болмай мүлде басқаша мағына береді. Мысалы, мурнынан шаншылу — қолы тимеу; жүрегі тас төбесіне шығу — (қатты қорқу) нағыз идиом мағынасындағы (Фразеологиялық тұтастық) тіркестер. Бұларды басқа тілге сөзбе-сез аударуға келмейді, беліп жаруға болмайды. Идиом терминін қазақ тілінде Фразеологиялық түйдектер (I. Кеңесбаев), фразалық тұтастықтар (К. Аханов, Ә. Болғанбаев) деп атаған.

32. Фразеологиялық сөйлемше. Фразеологиялық оралымның бұл түрі мағынасы ерікті сөздердің тіркесінен күралады да, бірақ құрамы мен қолданылуы тұрақты болып келеді. Мысалы; Айдағаның екі ешкі, ысқырығың жер жарады. Шегірткеден қорыққан егін екпес; Көрпеңе қарап көсіл; Бас білген өгізге өк деген- өлім; соғыс өртін тұтандырушылар; жоғарғы оку орны; социалистік жарыс және т.б./3/.

Фразеологиялық оралымдардың ішінде құрылымы жағынан да, мазмұны жағынан да тілдің коммуникативті единицасы- сөйлемге сәйкес келетіндері бар. Бұлар мақалдар мен мэтелдер жэне қанатты сөздер. Мақалдар мен мәтелдер жэне қанатты сөздер фразеологизмдердің қатарына жатқызылғанда, олардың сөйлеу кезінде тыңнан жасалынбай, даяр қалпында жұмсалынатыны; құрамының тұрақтылығы ескеріледі.

Мақалдар көбінесе екі бөлімді болып келеді, алдыңғысында шарт немесе жалпы пайымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтылады. Мысалы; Кең болсаң, кем болмайсың; Әзіл айтсаң да әділ айт; Түз астың дәмін келтірсе, макал сөздің дәмін келтіреді; және т.б.

31. Мағыналас фразеологизмдер дегеніміз фразеологизмдердің бір-біріне мағына жағынан жуықтауы немесе сәйкес келуі. Мысалы: біреуден, бір нәрседен қашты мағынасындағы: азар да безер болды – ат- тонын ала қашты – аш бәледен қаш бәле. Тыныштық бермеді мағынасындағы: бас көтертпеді – бет қаратпады – көз ашқызбады. Осы сияқты фразеологизмдер мағыналас фразеологизмдердің тобын жасайды және олар фразеологизмдердің ішіндегі ең көлемдісі. Мағыналас фразеологизмдердің жақындағы шындық өмірдегі бәріне ортақ ұғымдарды білдіретін тірек сөздер арқылы анықталады. Тірек сөздің мағынасы мағыналас фразеологизмдердің тобын, қатарын түзуге негіз болады. Тілдегі мағыналас фразеолдогизмдердің бәрі де тірек сөздер арқылы анықталған, тірек сөздер мағыналас фразеологизмдердің сөздігін жасауға мүмкіндік береді.

24. Көнерген фразеологизм

Тілімізде тек қана көнерген сөздер ғана емес, сонымен қатар көнерген сөз тіркестері де бар. Фразеологизмдердің құрамында архаизмдер де, историзмдер де кездеседі. Сондықтан оларды фра-зеологиялық архаизмдер мен фразеологиялық историзмдер деп екі түрлі атау орынды сияқты.

Фразеологиялық архаизмдерге тілдің даму процесінде жалпы-лама қолданудан шығып қалған кейбір тұрақты сөз тіркестері жатады. Бұл топтағы фразеологизмдер көбінесе діни ұғыммен және салт, әдет-ғұрыппен байланысты сөз тіркестерін қамтиды.

Діни ұғыммен байланысты келетін сөз тіркестеріне бесін намаз, сегіз жұмақ, жеті тамық, қыл көпір, ақыр заман, топан су, құрбан айт, құрбан шалу, құрмалдық айту, көк қошқарың болайын, жерге түскен жеті эліп, ғайып ерен қырық шілтен, әулиеге ат айтып, қорасанға қой айтып т. б. жатады Салт, әдет-ғұрыппен байланысты сөз тіркестерне жататындар: қырық жеті, отыз жеті, ұрын бару, ірге көру, отқа май құю, шашу шашу, қол ұстатар, бет ашар, шаш сипатар, бауыздау құда, өлі-тірісін беру, қос қатын алу, тоқал алу, төсек жаңғырту, сүйек жаңғырту немесе ат-шапан айып, үйірімен уш тоғыз, заманың қалай болса, бөркіңді солай ки, аузы -қисық болса да бай баласы сөйлесін, құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас, әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа, байтал шауып бәйге алмас, шынжыр балақ шүбар төс, алтын басты әйел-ден бақа басты ер артық т. б.

Фразеологиялық историзмдерге тарихи бір кезеңде зат не құбы-лыс туралы ұғымды білдіріп, қазір онша көп қолданылмайтын тұрақты сөз тіркестерін жатқызуға болады.

Историзмдерге жататын тұрақты сөз тіркестері: бай баласы, жарлы баласы, ата баласы, қара шаруа, қара шекпен, басы бай-лылық, кедей теңдігі, әйел теңдігі, өз ара салық, тап жауы, халық, жауы, кедейлер комитеті, жер аудару, төре аға, жүз басы, ; өкімет, қызыл отау т. б. Ал кейбір фразеологиялық историзмдердің бір компоненті жаңартылып қолданылады.

Октябрь төңкерісі — Октябрь революциясы, кеңес өкіметі — Совет өкіметі, кеңес үкіметі — Совет үкіметі, партия ұясы — партия ұйымы, қызыл тақта — құрмет тақтасы, қызыл керуен — авто-машиналар керуені т. б.

Фразеологизмдер ертеден халықпен бірге жасасып келе жатқан бейнелі сөйлеу үлгілері болғандықтан, онда көнерген граматикалық формалар да кездеседі. Мысалы: “ат жақсысы қартады, негізіне тартады” немесе “жақсы сылаумен жариды, жаман сылаумен кәриді” дегендегі “кәриді”, “қартады” формалары — көне фор-малар. Бұлар осы күнгі Қазақ тілініқ грамматикалық формасы бойынша “қартаяды”, “кәртейеді” түрінде айтылуы керек еді ‘.

25.

26. Авторлық фразеологизм

Фразеологизмдер тек жалпы халықтық формада ғана қолда-нылмайды. Сонымен қатар өзгертіліп, өңделіп те жұмсалады, бұл тәсіл — көбінесе ақын-жазушыларға тән.Жалпы халықтық қордағы, тұрақты сөз тіркестерін көркемдік мақсатта өңдеп пайдаланудын, мына төмендегідей жолдары бар:

1 Фразеологизмдердін, мағынасы кеңейіп, экспрессивті бояуы айқындала түседі.

Бар жазам — күштілермен жарысқаным.

Жыртқаным сорлы жұрттық намыстарын

(С Сейфуллин).

Немесе:

Сол күресте сен дағы

Тобыңмен сойыл соғасың

Ойыңа алган жеріңе

Жалықпай ертең жетесіқ (С. Мұқанов) болып бұрыннан белгілі “жыртысын жырту”, “сойылын соғу” сияқты қарапайыы тұрақты сөз тіркестерінің мағыналары кеңінен әлеуметтік мәнде қолданылған.

2. Жалпы халықтық формадағы тұрақты сөз тіркесін өзгертіп қол-дану арқылы жаңа мағына беріледі. Мысалы, “берекелі болса ел, жағасы жайлау ол бір көл” деген мақалдың желісі былай пайдаланылған.

Абайда:

Кең жайлау — жалғыз бесік жас балаға

Алла асыраған пендесі аш бола ма?

Ер жеткен соң сыймайсың кең дүниеге,

Тыныштық пен зар боларсың баспанага.

М. Әуезовта:

Көлбай жатқан бел ме, бұл күтіп тұрған жағасы жайлау жақсы дүние ме? Әйтеуір алдында енді мақсат ететін өріс бардай.

С. Мұқановта:

Жолында ұлы көштің талай қыр бар,

Қырда шың, шыңда жылан жүрмес жым бар

Солардан коммунизм жайлауына

Ленинсіз жеткізетін батыр кім бар?

Бұл мысалдарда әр автор өзінің суреттеп отырған құбылысына, беретін бағасына қарай “жағасы жайлау” сөз тіркесіне әр түрлі рең беріп, түрлендіре ажарландырады, мағыналылығын арттырады.

3. Тұрақты сөз тіркесінің кұрылысы өзгертіліп қолданылады. Мысалы: Абай “Бір аспанға бір тосқан” деген мәтелге сүйеніп, өлеңді былай құрған:,’

Бір ғылымнан басқаның

Кеселі көп асқанға.

Одан үміт кім қылар,

Жол табар деп сасқанда.

Сөйтіп асқан жолығар

Кешікпей-ақ тосқанға…

Немесе:

Жас жүрек жайып саусағын

Талпынған шығар айға алыс(Абай).

С. Мұқанов “Есектің күші — адал, еті — арам” деген халық мақалын былай пайдаланады.

1.Күшің адал болса да,

Тұрмысыңда кем болдың.

2. Адал күшің арам боп

Байларға иттей талаттың.

Мұнда фразеологизмдердің эмоционалды бояуын арттырып, су-реттелетш затты, құбылысты әсерлі түрде бейнелейтіні айқын се-зіледі.

4.Жалпы халықтық тұрақты сөз орамы шешендік сөз үлгісінде-құрылып, оның бұрынғы мағынасы толықтырылып дамытылады. Бұл тәсіл көбінесе М. Әуезовтің стиліне тән. Оған мынадай мысалдар дәлел:

“Арыстан айға шауып мерт болғанмен, артынан жортқан баласы арыстандық етпей қоймас. Ақ сұңқар ауға шырмалғанмен, ұясынан ұшқан балапан сүңқарлың етпей қоймас”

2. Сұлу қыз бен келіншек — елдің сәні

Сұлу кеткен елдің де болмас мәні.

Сұлу қыз тоғайлы өзен бұлбұлындай,

Бұлбұл кетсе, тоғайдың жоғалды эні.

(“Гүл өссе — жердің көркі, қыз өссе — елдіц көркі” деген ма-қалдын, құрылысы пайдаланылған).

5) Тұрақты сөз тіркесінін, бір компоненті өзгертіліп, жаңа маз-мұнда қолданылады:

Дүние кірін жуынып

Көрініп ойға сөз салар (Абай).

Абайдың өлеңінде, “дүние кірі” жаңа дүниені, жаңа өмірді аң-сау ‘мағынасын білдірсе, С. Мұқановта “көңіл тоты” әлеуметтік теңсіздіктің зардабын бейнелейді. Бұл екі түрлі сөз қолданыс та “көқіл кірі” (қайғы, мұң деген мағынада, тар шеңберде жұмсалған) сөз тіркесінің моделімен жасалган.

“Қөңіл кірі” сөз тіркесінің халықтық қолданылу үлгісі төмен-дегідей:

Көңілде жатқан кіріңді

Оттай ыстық сөз жояр (мақал).

Аспанда ай болмаса адасады

Көңілді көтермесе, кір басады(Халық өлеңі).

Бұрын осындай тар шеңберде қолданылып келген “көңіл кірі” сөз тіркесін С. Мұқанов өзінше өзгертіп, оны терен, саяси мағынада пайдаланады.

Еңбекші әйел тобы көрген күндік

“Ленинді, деп шулайды, біз де білдік”,

Көрсеткен көзіне әкеп теңдік таңын

Ұстар ма өліп кетсе жолын кір ғып. •

6. Фразеологизмдер көбінесе ауыс мағынада жұмсалып, тілімізде бейнелегіш мәнерлілік қызмет атқаратыны белгілі. Бірақ сти-листикалық тәсіл ретінде тұрақты сөз тіркестері тура мағынада да қолданылады.

7. Акын-жазушылардың стиліне тән тағы бір ерекшелік ол — бұрыннан белгілі тұрақты сөз тіркесінін, үлгісімен жаңа сөз орам-дарын қалыптастыру. Мысалы“сырты жылтырауықтың іші қал-тырауың”— деген мәтелдін, үлгісімен сөз орамдары жасалған….

Сөйтіп, фразеологизмдер әр түрлі жолмен жұмсалады. Қейде жалпы халықтық форма авторлық өңдеумен өзгеріп те қолданыла-ды. Фразеологизмдерді қолданудағы бұл тәсілдер әр түрлі стильдік мақсатты көздейді. Сонымен қатар әр ақын-жазушы тұрақты сөз тіркесінің жаңа үлгісін жасап, фразеологиялық қорды байытуда өздерінің үлесін қосады.

28. Фразеологиялық тізбек. Бұл да фразеологиялық бірлік сияқты сркін тіркесті ауыспалы мағынада қолдатдан ксліп шықкан. Ягни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалы: мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуға жақындап, күңгірт тарта бастаған. Мұнда ерікті мағынасындағы сөзбен фразеологиялық қалпында, сөздіц тіркесуінен жасалып, сол қалпын-да, тізбек күйінде қолданылады. Мысалы: бота көз, қоян жүрек,. асқар бсл, тоң мойын, сойдақ тіс, қауға бас, оймақ ауыз, бауырсақ мұрын, кем иек, ала қол, кара бет, жел аяк, қарсақ жон, қолаң шаш, мысық мұрт, алтын айдар, жуан жұдырық, қош жауырын, ақ саусақ, балды бармақ, кең қолтық, көк езу, салпы ерін, кер азу, қалам қас, ай қабақ, теке сақал, торсық шеке,-жез таңдай, бір ұрт, қызыл тіл, күміс көмей, қамыс құлақ, шөп желке, қу жақ, қызыл кеңірдек, біз тұмсық, бір төбс, зор кеуде. шер көкірек, аршын төс, қабырга ағайын, көк жұлын, жүйке тамыр, аш бүйір, еркек кіндік, салқын қанды, т. б.

Фразеологиялық тізбектің құрамындагы срікгі (тура) мағынадағы сөз сан алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеологиялық туынды мағынадагы сөз бірді-екілі сөзбен ғана шектеліп колданылады. Мәселен. көк бет, қысыр сөз, қасқа жол деген фразеологиялық тізбектердің кұрамындағы бет(жалпақ бет, дөңгелек бет, сопақ бет), сөз (аз сөз, көп сөз, дұрыс сөз, бұрыс сөз), жол (үлкен жол, кара жол, сокпак жол) деген қыруар сөздсрмен тіркесіп қолдана берсе, фразеологиялы; мағынадағы көк сөзі бет сөзімен, сөз қысыр сөзімсп, жол қасқа сөзімен ғана тіркеседі,

Фразеологиялық тізбектің сыңарларының бастапқы мағынасы онша ашық та айқын болмағанымен, солғын тартып, сезіліп, , ұрады. Мысалы: көз ұшында, көз жеткісіз, көзін тырнап аш қалы, көзі тірісінде, көз шалым жер, көз барда, көзімдсй көр, көзі жоғалды, көзі ілінді, көзі жетті, т. б. Фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөздің қолдану шеңбері шектеулі болады,