
- •Түрік қағанаты.
- •2 Билет.
- •XVIII ғ. Қазақ батырлары.
- •1.Қыпшақ хандығы.(XI-xiiIғ.Басы)
- •2.Қимақ мемлекеті(Ixғ.Соңы-Xiғ.Басы)
- •2.Ұлы Жібек жолының қалыптасуы және тарихи маңызы.
- •3.Түріктердің рухани және материалдық мәдениеті.
- •2.Абылай тұсындағы Қазақ хандығы.
- •2.Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері.
- •2.Әскери коммунизм (1918–1921 жж.)
- •3.Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
- •1.Әбілқайыр хандығы
- •3.XX ғ 20-30ж қазақстандағы индустрияландыру бағыты
- •1."Қазақ" атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы
2.Әскери коммунизм (1918–1921 жж.)
Азамат соғысы жылдарындағы қалыптасқан қиындықтармен байланысты Кеңес өкіметі 1918 жылдың орта кезінде елдегі барлық материалдық ресурстармен, адам күштерін барынша жұмылдыру, қалаларды, өнеркәсіп жұмысшыларын, Қызыл Армияны азақ-түлікпен қамтамасыз ету, елде қатал еңбек тәртібін орнату мақсатында «әскери коммунизм» саясатын енгізді. Бұл төтенше саясат экономикалық күйзеліс, Кеңес мемлекетін шетел интервенттері мен ішкі жаулардан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әскери коммунизм» саясаты негізінде азақ-түлік мәселесін шешу үшін төтенше шара азық-түлік салығы енгізілді. Ол бойынша елдегі байлар мен кулактардың қолындағы тауарлы астықтың көп бөлігі ешқандай қайтарымсыз алынды, бұқара халықты азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету көзделді, ауыл шаруашылық өнімдерін өз еркімен сатуға тиым салынды.
«Әскери коммунизм» саясаты бойынша елде жаппай еңбек ету міндеттілігі талап етілді. Қазақстанда «әскери коммунизм» саясаты негізінде өнеркәсіпті кеңес органдарының қолына шоғырландыру, оны Қызыл Армияны қару-жарақ және жабдықтармен қамтамасыз етуге жұмылдыру шаралары жүргізілді. Бүкілресейлік Атқару Комитетінің 1918 жылғы мамырдағы жарлығымен әскерге өз еркімен бару ісі жалпыға бірдей міндетті әскери борышты орындаумен алмастырылды. 1918 жылдың жазында өлкеде Қызыл Армияның құрамында ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастады.
3.Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
Компартия 1927ж өткен 15съезі ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады. Негізгі ұстанымдары: еріктілік, дербестік, материалдық мүдделілік , ұжымдастыру сатыларына кезең кезеңмен өту. ҚАКСР – де ұжымдастыруды 1932ж көктеміне қарай аяқтау белгіленді. 1929ж екінші жарт бастап республикада колхоз құрылысы жедел дамытылды. Алғашқы МТС – тер (машина – трактор станциялары) құрылды. (жымдастыру мен отырықшыландыруды жаппай жүргізу үшін ауылдар мен қоныстарға 8 мың жұмысшы және 1204 жиырма бес мыңдықшылар жіберілді. Ұжымдастыру даярлықсыз, көбіне әкімшілік – күштеу арқылы жүргізілді. Ұжымдастыру бағытында жіберілген қателіктер: қатал жаппай қуғындаумен террорға негізделді; даярлықсыз , жергілікті жағдайлар ескерілмеген жүргізілді.; шаруашылық базасын жасау, тұрғын үйлер , мәдени тұрмыстық объектілер салу жоспары орындалмады. Мал шаруашылығы күйзелісті шығынға ұшырап , 1930-1932 ж аштық жарияланды. Ұжымдастыру қарсаңында -40,5 млн.мал болса, 1933 ж 1 қаңтарда 4,5млн.мал қалды. Бұл жағдай өлкеде аштық қасіретін туғызды
№18 билет.
1.Әбілқайыр хандығы
Әбілқайыр 1428ж хан сайланады. Жошы ханның 5 ұлы Шайбани ханның ұрпағы. Ұлыстың басым көпшілігі қыпшақтар болғандықтан Қыпшақ хандығы деп аталаған. Бірақ Әбілқайырдың 40жылдан астам хан болуына байланысты Әбілқайыр хандығы деп атаған. Әбілқайыр хандығы 92 ру – тайпадан тұрған. Әбілқайырды көптеген ру – тайпалар қолдаса да, хандықтың ішінде әлі де жер үшін , ел үшін талас тартыстар күшейді. 1431ж Тоқа – Темір ұрпақтарына қарсы шайқас Екіретүп деген жерде болып, Әбілқайыр хан жеңіске жетеди. Көптеген дүние мүлік олжалайды. Одан кейін Батый ханның астанасы болған Орда – Базарды бағындырып, өзінің астанасы етеді. 1446ж Әбілқайыр Атбасар маңында Мұстафа ханды тас талқан етеді. Әбілқайыр 1456-1457ж Сығанақ түбінде Үз – Темір тайшы бастаған ойраттармен жеңіліп қалады. Хан бұл аймақты тастап Дешті Қыпшақ жеріне кетуге мәжбүр болады. 1568ж Моғол хандығына қарсы жорыққа шығады. Жорық кезінде Әбілқайыр хан Аққыстау деген жерде қайтыс болады. Жорық нәтижесіз аяқталып, хандық мүлдем әлсірейді.
2.XV-XVI, XVII-XVIII ғ қазақ жыраулары
Сыпыра жырау 14ғ . Қазақстанның батысында өмір сүрген жырау қазақ пен ноғайға ортақ тұлға. Жырау есімі Ер Тарғын, Едіге жырларында кездеседі.
Сүйінішұлы Қазтуған 1420ж Астраханьдағы Қызылжар деген жерде омирге келген. Жыраудың бізге жеткен үш жыры белгілі. Солардын бірі Алаң да, алаң, алаң жұрт .
Доспамбет 15ғ 90жылдарында Дон өзенінің төменгі ағысының Азау қаласында дуниеге келген. Жырларында жастарды батыр, батыл болуға , елін , жерін қорғауға шақырады. "Айнала бұлақ басы жоқ", "Тоғай, тоғай, тоғай су", "Азау, азау дегенің" тағы басқа жырларының мазмұны отанды қорғауға бірлік пен берекеге үндейді.
Шалкиіз 1465-1560ж Жайық өзенінің шығыс жағалауында дүниеге келген. Жырларында көбіне әскери жорықтар жайында жазылады.
Жиембет Бортоғашұлы 16ғ 17ғ аралығында өмір сүрген. Сақталған жырларының мазмұнына қарағанда Есім ханның әскербасы қызметінде және кеңесшілірінің бірі болған. Есім хан жайында "Әмірің қатты Есім хан" деген жыры бар.
Марғасқа жырау да Есім ханның ең жақын жорық жырауы болған. Жыраудың туған өлген жылдары белгісіз. Есім ханға арналған "Еңсегей бойлы ер Есім" атты жеті мың жолдық тарихи жыры белгілі.
Ақтамберді Сарыұлы 1675-1768ж Оңтүстік Қазақстан Қаратау бойында дәулетті отбасынан шыққан. Орта жүздің ру басы ақсақалдарының бірі болды. Жырау 93жасында Семей өңірінде Жүректі деген жерде қайтыс болды.
Тәттіқара ақын Қостанай аумағының Сарыкөл маңында туып – өскен. Шаруа отбасы өзініңн жырларындаан шыққан. Абылай ханның жақсы көретін адамы болса керек. Жыраудың өзіне тән бір ерекшелігі ол өзінің жырларында қазақ батырларының қай рудан екенін баяндап отырады. Қамыстың Басы майда, түсі сайда атты жыры бар.