Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
112.88 Кб
Скачать

2.Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері.

Қазақстан жерін қола дәуірінде (б. з. д. 2—1-мыңжылдықтар аралығы) Андронов тарихи-мәдени бірлестігіне жататын тайпалар мекендеді. Андрондықтардың сүйектері Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстан жерлерінен көп табылып, зерттелді. Олардың антропологиялық түр-сипатын андрондық тұрпат деп атайды. Бұл тұрпат еуропеоидтіктердің арғы тегінің нәсіліне ұқсас. Олардың бас сүйегі мезокранды (үлкен), бетінің тұрқы дөңгеленіңкіреп келген, мұрны деңестеу. Хакасия жеріндегі Минусин ойпатынан табылған бас сүйектерге ұқсас.

Кейінгі жылдары Ойжайлау қорымынан (Жамбыл облысы) табылған бас сүйектердің біразының беті сопақша, маңдайы шығыңқы, ал Зевакино қорымынан (Шығыс Қазақстан) сопақ басты, ат жақты, көз шарасы ұялы, мұрны құсырыңқы бас сүйектер табылды. Бұл антропологиялық материалдар Қазақстан жерін қола дәуірінің соңына қарай мекендеген тайпалардың Орталық Азия тұрғындарымен жақындығын көрсетеді. Қола дәуірінің Алексеевское қонысынан (Қостанай) табылған әйелдің бас сүйегі Мәскеудегі М.М.Герасимов атындағы зертханада қалпына келтірілген. Бұл бейнеден андрондық тұрпатты көруге болады.Ерте темір дәуірінде Қазақстан жерін сақ, ғұн, сармат, т.б. тайпалар мекендеген. Сақтардың бас сүйегі шағын, ми қауашағы кішірек, беті жалпақтау, көзі ұялы, қабақ сүйегі шығыңқы, мұрны дөңестеу болған. Жалпы, сақтардың бет-пішінінде андрондық тұрпат белгілері бар екендігі байқалады. Дегенмен де сақтардың бет әлпетінде еуропоидтік тұрпаттың көмескілене бастағаны мынадай белгілерден байқалады: бас сүйектің тұрқы қысқарады, беті жалпақтана түседі, маңдайы тайқыланады, көз ұясы шығыңқы бола бастайды.Монғолоидтік белгі Солтүстік, Шығыс Қазақстан сақтарында Орталық Қазақстанды жайлаған сақтарға қарағанда басым болған. Сонымен қатар Қазақстанның оңтүстік өңірлері сақтарында да монғолоидтік сипаттар біршама мол, ал Арал маңын мекендеген сақтарда бұл көрсеткіштер аздау. Б.з.д. V—III ғасырларда Батыс Қазақстанда өмір сүрген савроматтардың кейбір бас сүйектері Жетісу сақтарыдікіне ұқсас, оларда да монғолоидтік сипат бар.Сақтардың бет-пішінінде монғолоидтік нышандар пайда болғанымен, еуропеоидтік нәсілдің белгілері әлі де басым. Ғалымдардың есептеуінше, сақтардың бет пішінінде монғолоидтік нышандар басым болды. Сонымен қатар мына мәселеге назар аудару қажет. Өткен ғасырдың 40—50-жылдарында Қазақстан мен Орталық Азияға монғолоидтік нәсіл тек ғұндардың осы өңірлерге енуімен байланыстырылған, ал XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап Г.Ф.Дебецтің, Т.А.Трофимованың, О.Исмағұловтардың деректері бұл өңірдің лнтропологиялық жағынан монғолдануы ғұндар заманынан бұрын басталғанын көрсетті.Монғолоидтік нәсілді Қазақстан жеріне әкелушілер Орталық Азиядан батысқа қарай қоныс аударған монғол тектес, түркі-монғол тілдес тайпалар еді.Б.з.д. III ғасыр мен б.з. III ғасырлары аралығында Оңтүстік-шығыс және Шығыс Қазақстан жерінде көне үйсін тайпалары өмір сүрді. Жетісу жерінде Сарытоғай, Таңбалытас қорымдарынан табылған кейбір бас сүйектер нәсілдік тегі жағынан таза монғолоидтерге ұқсайды. Үйсін дәуіріне жататын Орталық, Солтүстік, Шығыс Қазақстан жерінен табылған антропологиялық материалдар да монғолоидтік нәсілдің бұрынғыдан да көбейе түскендіғін көрсетеді. Тағы бір айта кететін мәселе, монғолоидтік белгілер ер адамдар бас сүйегінде кездеседі. Орталық Азиядан Қазақстан жеріне осы кезеңде келгендер жаулап алушылар болса керек.Ғұндардың араласуы нәтижесінде жергілікті сақ-үйсін этностық топтардың антропологиясында монғолоидтік нәсіл белгілері күшейе түсті. Сонымен ғұн-үйсін заманында қазақ жерін жайлаған этностық топтардың антропологиялық бет пішінінің мөлшермен 1/4 бөлігі монғолоидтік болды. Жалпы ғұндар Қазақстанның ежелгі тайпаларының антропологиялық тұрпатына ғана емес, сонымен қатар тілінің түркіленуіне де қатты әсер етті. Өкінішке орай, Қазақстан жерінде ғұндардың археологиялық ескерткіштері аз анықталып, нашар зерттелген. Сондықтан антропологиялық материалдар да жоқтың қасы.Қазақстан жерінен табылған түрік заманының антропологиялық материалы бұл заман адамдарының тұрпатында еуропеоидтік және монғолоидтік нәсіл белгілері аралас екендігін көрсетті. Аймақтар бойынша салыстырсақ, Шығыс Қазақстанды мекендеген түріктерге қарағанда, Солтүстік Қазақстан жерін мекендеген түріктерде монғолоидтік нышандар көбірек байқалады. Жетісудан табылған түрік заманының бас сүйектері де еуропеоидтік және монғолоидтік нәсілдердің буданы іспеттес, олар қазіргі қазақтардың тұрпатына жақын. Басқа аймақтардағы сияқты Жетісу антропологиялық материалдарының ішінде аса таза еуропеоидтік немесе монғолоидтік түрлер де кездеседі.Түрік заманында Қазақстан жерін мекендеген халық өзінің алақұлалығымен ерекшеленеді. Бұрын-соңды Қазақстан жерінде антропологиялық бет-әлпетінің осыншама ала-құлалығы кездеспеген. Ерте орта ғасырларда да шығыстан батысқа карай қоныс аударған тайпалардың Қазақстан жеріне соқпай кеткені кемде-кем. Дегенмен де түрік заманындағы жерімізді жайлаған халықтың бет әлпетінде сақ, үйсін адамдарының заңды жалғастығының бар екенін баса айту керек.Сырттан келіп қосылған халықтар сонау сақ дәуірінен бері үздіксіз қалыптасып келе жатқан жергілікті антропологиялық тұрпатты күрт өзгерткен жоқ, тек аздап монғолдандырды. Антрополог О.Исмағүловтың есептеуі бойынша, түрік дәуірінде Қазақстанды мекендеуші тайпалардың антропологиялық тұрпаты 20%-ға монғолданды. Сонымен түркі заманында Қазақстан жерінде тұрандық-оңтүстік сібірлік нәсілдік тұрпат қалыптаса бастады.Монғолдар шапқыншылығы дәуірінде жерімізге азиялық антропологиялық элемент соңғы рет үлкен толқынмен енді. Монғолдар басып алған ғасырларда қазақ халқының бет пішінінде монғолоидтік белгілер айқын байқалғанҚазақ тілі түркі тілдерінің ішінде қыпшақ тіл тобына жатады. Бұл топтың ішінде қыпшақ-ноғай тармағына кіреді. Осы тіл тармағына қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері жатады.

Қазақ тілі қазақ этносының негізімен бірге Қыпшақ конфедерациясы заманында қалыптасты.

Халықтың этностық, аумақтық, саяси жағынан біртұтас құрылымға айналуы үшін қажетті алғышарттың бірі — оның дербес мемлекеттілігінің болуы. Монғолдар жаулап алғаннан кейін Қазақстан аумағында пайда болған мемлекеттердің — әуелі монғол ұлыстарының, содан соң Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай ордасының құрылуы — қазақ мемлекеттілігінің, этностық аумағының қалыптасуына негіз болды. Сонымен қатар қазақ руларының аталған мемлекеттердің құрамында бөлшектенуі әрі қарай этностық топтасуына да кедергі болды. Қазақ рулары түрлі мемлекеттік құрылымдарға бөлініп кетсе де, бір тілде сөйледі. XIV—XV ғасырларда қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері қалыптаса бастады.

Қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы XV ғасырдың екінші жартысы мен XVI ғасырдың басында дербес Қазақ хандығының құрылып, қалыптасуымен байланысты. Сонымен, халық болып қалыптасудың тағы бір шарты — өз мемлекеттілігінің болуы XV ғасырдың екінші жартысында іске асты.Қазақ хандығында бұрынғы кезде басымырақ болып келген рулықтайпалық сана бірте-бірте әлсіреп, барған сайын қазақ ұғымындағы ортақ халықтық этностық санаға ұласты. Сөйтіп, қазақ жері, қазақ елі, қазақ мемлекеті деген ұғымдар қалыптасты.

Этнос теориясымен айналысушы ғалымдардың пікірінше, этностық бірлестіктің әр заманда қалыптасатын үш түрі болады:

  • 1. Ру-тайпа.

  • 2. Халық.

  • 3. Ұлт.

Осы этностық бірлестіктердің әрқайсысының өзіне тән этностық санасы болады. Этностық сана дегеніміз — адамның өзін-өзі белгілі бір этностық топтың мүшесімін деп түсінуі. Мысалы, "мен қазақпын" деген түсінік — этностық сананың көрінісі.

Рулық-тайпалық жіктелу дәстүрі халық болып қалыптасқанда да, тіпті ұлт болып қалыптасқанда да сақталып қалған қазақ сияқты этностарда этностық сананың осы аталған үш түрі әр замандарда орқалай көрініс тапқан. Әсіресе халық болып қалыптасудың бастапқы кезеңінде халықтық этностық санамен бірге рулық-тайпалық этностық сана басым орын алған. Мысалы, ескікөз қариялар "Қай елсің?" — деген сұраққа бірінші өз руының, одан соң тайпасының, жүзінің атын атаған. Әдетте, "қазақпын" деген атауды тек сырт жұртқа шыққанда ғана айтқан. Өйткені ру тайпасының аты-ақ оның қазақ екенін білдіреді деп есептеген.

Қазақ этнонимінің бастапқы түрі — "Алаш мыңы". Қадырғали би Жалайыри көрсеткен "Алаш мыңының" ру-тайпалық құрамы ұлттық ауқымға көтерілген қазақ қауымынан, әрине, анағұрлым тар. Егер "Алаш мыңы" біртіндеп этностық мазмұнға ие бола бастаған әскери одақты еске салса, "қазақ", өрине, таза этностық ұғым. Бұл екі ұғым — тұтас, өзара тікелей сабақтас екі тарихи кезең. Осы уақытқа дейін Орталық Азиядағы, сондай-ақ татар, башқұрт, ноғай және басқа түрлі түркі халықтардың құрамында шашырап жүрген найман, алшын, дулат және осы сияқты кезінде тұтас рутайпалардың шағын топтары ендігі уақытта біржола ұлттық бірігу жолына тартыла бастайды. Дәл осындай үдеріс қазақ жерінде де жүріп жатты.

"Алаш мыңының" "қазақ" атануы, әрине, бір жылдың, яғни қысқа мерзімнің нәтижесі емес. XV ғасырдың орта тұсында Дешті Қыпшақ жұрты арасында орныққан бұл атауды кейінірек XVI—XVII ғасырларда Орталық Азиядан тыс елдер де қабылдай бастайды. Этнонимнің эволюциясы мынадай бағытта жүрді: Алаш мыңы — Алаш — Қазақ. Біраз уақытқа дейін қазақ жұрты өзін көрші халықтар берген атпен атамай, өз ішінде қабылданған алғашқы тарихи атымен атап келді. Ал оның алғашқы аты — "Алаш мыңы", кейінірек (XV ғ. екінші жартысынан бастап) "Алаш" болатын. Алғашқы этностық одақтың атауы бірден үмытылып кетпей, тіпті бүкіл бір халықтың ұранына айналды. Біз қарастырып отырған мезгілде, яғни XVI—XVII ғасырларда халықтың өз арасында "алаш" және "қазақ" атаулары айналымда қатар жүрді. Осы заманда өмір сүрген қазақ қоғамының белгілі өкілдері, тарихшы Қадырғали би, Шалкиіз және Жиембет жыраулардың туындыларында "қазақ" атауынан гөрі "алаш" атауының нық және жиі аталуы соның айғағы

"Қазақ" атауының (этнонимі) шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар. Бұл мәселенің төңірегіндегі түрлі пікірлер XVIII ғасырдан бері жалғасып келеді, бірақ зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ.

Бүгінгі таңда "қазақ" этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, "қазақ" деген сөз "қаз" және "ақ" деген сөздерден шыққан. "Бұл — қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат", — дейді немесе: "қазақ" атауы "қас" (хас) — нағыз және "сақ" — көне замандағы сақтар атауынан құралған және "хас-сақ" — нағыз сақ деген ұғымды береді", — дейді.

"Қазақ" атауы жазба деректерде қай заманнан бастап кездеседі?" деген мәселе де әлі талас тудыруда. Енисейден табылған VIII ғасырдың түркі жазба ескерткішінде "қазғақ ұғлым — "қазақ ұлым” деген сөз тіркесі кездеседі. Бұл ежелгі түркілерде "бір атаның баласы" дегенді білдірсе керек. IX—X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген үш қарлұқ тайпасының "хасақтар" деген ортақ атауы болған. Ал қарлұқтардың қазақтар этногенезіне тікелей қатысы барлығы белгілі. X ғасырдың орта шенінде Қазақстан жерінің батысынан шығысына қарай көктей өтіп Қытайға барған араб саяхатшысы Әбу Дулафтың түркі тайпаларына арналған "Рисала" деген еңбегінде "Хазлақ" деген ел аталады. Бірақ бұл атаудың арабшадан дұрыс оқылуына кей ғалымдар шүбә келтіріп жүр.

X ғасырда өмір сүрген Әбілқасым Фирдоусидің "Шаһнама" атты дастанында Афрасиаб патша Иран шахын: "Көк теңіздің терістігінде отырған қазақ жұртымды жіберіп шапқызамын", — деп қорқытады.X—XI ғасырларға жататын араб деректері және орыс жылнамаларында Кубань жерінде әлкасакия этностық қауымы, Қара теңіздің солтүстік-шығыс жағалауында Касаг қаласы, касогтар елі туралы деректер бар. Біздіңше, бұл деректерде XI ғасырларда, одан да бұрын Дон, Днепр, Қырым түбегіне дейінгі жерлерді жаулап алған қыпшақтар бірлестігінің бір ірі жұрты — қазақтар туралы айтылады, немесе бұл заманда "қыпшақ-қазақ? деген атаулардың бір ұғымды беруі де мүмкін. X ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Византия императоры Константин Багрянородный: "Кавказдың солтүстік-батысында "Казахия елі" бар", — деп хабарлайды. Әзірбайжанның батысында бүгінге дейін касақ (қазақ) деп аталатын үлкен аудан бар.1245 жылы мәмлүктік Египет мемлекетін басқарған қыпшақтар араб-қыпшақ сөздігін жасатқан. Онда "қазақ" деген сөзді "еркін, кезбё" деп аударады. Бұл терминге әлеуметтік мағына беріліп, өз руынан, тайпасынан бөлініп шығып, өзінше еркін өмір сүріп, күн көрген топты атайды."Қазақтар" термині XV ғасырдың 50-жылдарында Шу мен Талас өзендерінің аралығына өзбек ханы Әбілхайырдан бөлініп көшіп барған тайпа топтарына бекітілген. Біртіндеп "қазақ" термині этностық мәнге ие болған.Сонымен, біздің көз алдымызға халықтың қалыптасу кезеңдерін жетерліктей айғақтайтын екі кезеңнің сұлбасы келеді:

  • 1. ХҮ ғасырдың алғашқы жартысы — Өзбекия, яғни Әбілхайыр ұлысы құрамындағы үш сан жұрттан тұратын Алаш мыңы Одағы;

  • 2. XVI ғасырдың екінші онжылдығы — көрші мемлекеттер дербес ел ретінде тани бастаған Қасым хан билігіндегі үш жүзден тұратын қазақ ұлты. Яғни, бұл арада қазақ ұлтының қалыптасу үдерісінің аяқталуы қазақ мемлекеттігінің құрылуына тұтас келеді. Бұл екі кезең үйлесімділік тауып, бірін-бірі толықтыра түседі

3.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.

Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді.

Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сөндай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.

Көтерілістің негізгі себептері:

1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты); 2. Салықтар мен алымдардың кобеюі; 3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі; 4. Ұлттық араздықтың өршітілуі; 5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы; 6. Орыстандыру саясаты.

Көтерілістің қозғаушы күші - өлкенің жекелеген жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына түсіріп алды. Тұтас алғанда Қазақстандағы 1916 жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, кол-онершілер болды.

Көтерілістің барысы. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.

Қазақ даласында патша жарлығына көзқарас әртурлі болды:

1. Феодалдық басшы топтар және жергілікті әкімшілік жарлықты қолдады. 2. Революцияшыл топ өкілдері - Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. 3. Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды.

Көтеріліске қатысушы революцияшыл – демократияшыл зиялылар өкілдері:

1. Жетісуда – Т.Рысқулов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ұ. Саурықов, К.Мәмбетов, А.Қосаков. 2. Төрғайда - Ә. Жангельдин, А.Иманов. 3. Орал облысы мен Бөкей Ордасында – С.Мендешев, Ә.Әйтиев. 4. Маңғыстауда – Ж.Мыңбаев. 5. Ақтөбеде - Ә. Майкотов.

Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтеру, ірі феодалдардың неліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алымсалық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сөйыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті.

Жетісудағы көтеріліс.

1916 жылғы шілде-тамызда Жетісу облысындағы қарулы көтеріліс бұқаралық сипат алды.

Жетісу облысының генерал-губернаторы Фольбаум ұлтаралық қақтығыстар туғызу үшін арандату шараларын қолданды:

1. қоныстанушылар ауылдарындағы орыс кулактарын қаруландырды Қапал, Лепсі, Жаркент, Пржевальск уезд бастықтарынан жергілікті халыққа ойран салуды ұйымдастыруды талап етті. 2. қырғыздардың топтасып, бас қосуын бүлік деп санап, басып – жаныштады. 3. котеріліс басшыларын тұтқындап дала сотына беріп, дереу дарға асуды ұйымдастырды.

Ұлтаралық араздықты күшейту мақсатында Түркістан архиепископы православие халқын қазақ және қырғыз еңбекшілерін жазалауға шақырды.

Осыған қарамастан котеріліс үдей түсіп, Шу озені мен Ыстық көлге жақын бүкіл аймақты қамтыды. 10 мыңнан астам қырғыз және қазақ көтерілісшілері Тоқмақты қоршады.Жаркент уезінде котерілісшілер Таврия, Владислав, Мещеры, Краснодар, Новиков қоныстарын басып алды.

Революцияның ірі ошағы-қарқара аймағы болды. 5мың көтерілісшілер Қарқара жәрменкесін қоршап, Кравченконың жазалау отрядтарын талқандады. 1916 жылы 11 тамызда Лепсі уезінде Масловтың жазалаушы отрядтары 220-ға жуық көтерілісшілерді оққа ұшырды.

Жетісудағы көтеріліс басшыларының бірі Т. Бокин үгіт жұмысына басшылық етіп, соғыстың халыққа қарсы сипатын түсіндірді. Феодалдық тобының сатқындық ролін әшкерелеп, патша жарлыған орындамауға шақырды. Ол 1916 жылғы тамызда революциялық қызметі үшін қамауға алынып, түрмеде Ақпан төңкерісіне дейін отырды. Жетісудағы көтерілісті басуға патша үкіметі жазалау экспедициясын жіберді. 14 батальон, 33 жүздік, 42 зеңбірек, 97 пулемет командасы. Жетісу көтерілісшілері патша әскеріне табандылықпен қарсылық көрсетті, бірақ күш тең болмағандықтан жеңілді.

Көтеріліс жетекшілерінің бірі Бекболат Әшекеевті 1916 жылы 9 қыркүйекте жазаушылар Боралдай асуында дарға асты. Пржевальскіде Қытай азаматтығын алған 400 адам қаза тапты.

Сөйтіп, 1916 жылғы қазан айында Жетісу көтерілісі талқандалды.

Зардаптары: 1)Жетісу губерниясы 53 мың шаруашылыққа кеміді. 2)мал азайып, 1/3 бөлігі ғана қалды.

Төрғайдағы көтеріліс. Төрғай облысындағы көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең табанды және билік бір орталықтан жүргізіліп, ұйымдасқан көтеріліс болды. Бұл Төрғайдағы көтерілісінің ерекшелігі еді. Көтеріліс барлық уездерді: Төрғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Қөтеріліске, сондай-ақ Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты.

Төрғай облысының әскери губернаторы М.М.Эверсманға қазақ еңбекшілерінің қару алып, жаппай көтерілгендігі туралы хабарлар күнбе-күн түсіп жатты. Көтерілісшілер почтаға шабуыл жасады, темір жол табанын бұзып, болыс басқармаларын ойрандады, боластарды өлтірді. Көтеріліс бүкіл облысты қамтыды. 1916 жылы Төрғайда болған көтеріліске жүрт арасында танымал халық батыры Аманкелді Иманов басшылық етті. Ол 1873 жылы Төрғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде кедей шаруаның отбасында тұған еді. Әкесінен ерте айрылған Аманкелді байлардың есігінде жүріп, бала күнінен – ақ жоқшылық пен мұқтаждық көріп өсті.

Аманкелді Имановтың ұйымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ айқын көрінді. Оған Төрғай облысындағы уездерден ғана емес, сонымен бірге Сырдары, Ақмола, Семей облыстарынан көтерілісшілер ағылып келіп жатты. Егер 1916 жылы қыркүйекте көтерілісшілер саны – 20 мыңға жетсе, ал 26 қарашада – 50 мыңға жетті.

1916 жылы 22 қазанда Аманкелді басшылығымен 15 мың көтерілісші Төрғай қаласын қоршады. Оған қарсы генерал А.Д.Лаврентьевтің 9 мың адамдық жазалаушы тобы жіберілді. Корпустың келе жатқаны туралы деректер алғаннан кейін көтерілісшілер Төрғайды қоршауды қойып, қарашада Түнқойма почта станциясының маңында подполковник Катоминнің отрядына шабуыл жасады. Көтерілісшілердің негізгі бөлігі Амангелдінің штабына орналасқан Батысқара жазығы мен Аққұм құмының маңына шоғырланып, партизандық күрес әдісіне көшті. 1916 жылғы қарашасы – 1917 жылғы ақпаны аралығында, Аманкелдінің серігі, атақты мерген Кейкі батыр жасағы ерекше ерлік көрсетті. Төрғай даласында А.Имановпен бірге көтеріліске басшылық етіп, оның дүниетанымен қалыптастыруға зор ықпал еткен большевик Әліби Жангелдин (1884-1953 жж.) болды.

Негізгі шайқастар – Татыр, Шошқалы қопа, Күйік қопа, Доғал – Үрпек, Ақшығын маңында болды. Татыр шайқасында 300 көтерілісші, 3 жазалаушы қаза тапты. Жазушы Л.Соболев: «Бұл аңыздар мен ертегілерден шыққандай ғажап әскер еді...Аманкелді ортағасырлық жасақтарымен зеңбіректер мен оққа толы винтовкалары бар жазалаушыларға қарсы шықты» деп жазды. Төрғай көтерілісі Ақпан төңкерісіне дейін созылды. 1917 жылы Төрғай көтерілісі талқандалды.

Салдары: -3 мың адам жауапқа тартылды оның 201-і өлім жазасына кесілді. -161-і каторгаға айналды. -Жүздеген ауылдар тоналып, өртелді, жазықсыз адамдар атылды.

1916 жылғы көтерілістің жеңілуінің себептері:

1. Көтеріліс бытыраңқы болды. 2. Көтерілістің ұйымдастырылуы мен басқарылуы дұрыс жүргізілмеді. 3. Әскери қарудың жеткіліксіздігі. 4. Патша үкіметі жергілікті жердегі руаралық, ұлтаралық діни тартыстар мен қайшылықтарды шебер пайдаланды. 5. Күнібұрын белгіленген жоспардың болмады. 6. Ұлттық зиялылар арасында бірлік болмады. 7. Байлар, феодалдар көтерілісшілер мүддесін сатып кетіп отырды.

Салдары: қазақтардың саны: - Қазақ өлкесінде – 446 мыңға; - Орта Азияда – 121,7 мыңға; - Астрахань губерниясында – 51,8 мыңға; - Россия империясында – 617,5 мыңға азайды.

Көтерілістің тарихи маңызы 1. Қазақ халкының революциялық таптық санасы өсті. 2. Қазақстан халықтары ұлттық мүдделерінің ортақтығын ұғынды. 3. Қозғалыс барасында өкімет құрылымы, қарулы күштер, басқару аппараты құрылды. 4. Россия империясындағы азаттық күрестің шырқау шыңы болды. 5. Қазақ халқының отарлау саясатына қарсы күресе алатын күш екенін көрсетті. 6. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс империяға қарсы көтерілістердің ішіндегі ең ірісі болды. Көтеріліс революцияға алғышарт қалыптастырды.

Билет №11

  1. Монғолдардың Қазақ жерін жаулап алуы

  2. 1822 жылғы Сібір қырғыздары туралы Жарғы

  3. 1959 жылғы Теміртау оқиғалары

1) Шыңғыс хан қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жерлеріне бағытталған. 1211 жылы Жетісуда Шыңғыс ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар ханда өзін Шыңғыс ханның жақтастарымыз деп таныды. Монғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта бастады. Ол жеке басы найманның ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуді өзіне қарату үшін оған Жебе Ноян бастаған әскер тобын жібереді. Жетісуді Шыңғыс хан аса көп қарсылықсыз-ақ басып алады. Монғолдардан қорқып қашып кеткен Күшлік ханның зорлық-зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс ханға бастарын иеді, ал Күшлікті монғолдар Шығыс Түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басын алды. Шығыс Түркістан мен Жетісуді басып алғаннан кейін монғолдарға Оңт. Қазақстаг мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге “Отырар опаты ” деп аталатын жағдай себеп болды. 1218 жылы Шыңғыс хан Орта Азияға өзінің сауда керуенін жібереді, 450 адамы 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді тыңшы деп айыптап, оларды өлтіруге бұйрық береді. Шыңғыс хан Ғайыр ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мұхаммед бұл талапты орындамай, Шыңғыс хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге бұйрық береді. Осының өзі Шыңғыс ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды. 1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай бет алды.Шағатай мен Үгетей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды жаулап алуға бет алды. Ал Сырдарияның жоғарғы бөлігін Шыңғысхан өзі жаулап алып, өзінің кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет алды. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах 2 Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа-Хаджибтің Суфи ханы қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана қақпа арқылы қалаға кірді. Қараджа-Хаджиб өлтірілді. Алайда, моіңолдар Отырарды жаулап алу үшін тағы бір ай керек болды. Қала 1220 жылы ақпанда алынды. Сырдария бойындағы басқа қалаладың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ қаласы еді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан терісіп қарсыласты. Бірақ көп ұзамай Сығанақты да жаулап алады. 1219-1220 жылы арасында бүкіл Сырдария бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қолына өтті. Шыңғыс хан ұлан ғайыр жерін өзінің 4 ұлына бөліп берді. Қазақстан жерінде: Жошы ұлысы – Қазақстанның орталығы, солтүстік-батыс Сырдария мен Арал теңізінің аумағы. Шағатай ұлысы – Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан. Үгедей үлысы – Жетісудің солтүстік – шығысы. Ал кенже баласы Төлейге Монғолия жерін мұраға қалдырды.

2) “Сібір қырғыздары туралы Жарғы” – қазақ мемлекеттілігін жою және басқарудың жалпы империялық жүйесін құруға бағытталған құжат болып табылады. Александр 1 1822 жылы 22 шілдедегі Жарлығымен күшіне енді. Авторы: Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанский, көмекшісі – Г.С.Батеньков. Жарғының басты мақсаты:

  • Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде әкімшілік, сот, саяси басқаруды өзгерту;

  • Рулық-феодалдық тәртіптерді әлсірету;

  • Орта жүздегі хандық әкімшілік құрылымы.

Орта жүздің әкімшілік құрлымы:

Округ (15-20 болыс)

Басқарушысы – округтік приказ немесе аға сұлтан

Болыс (10-12 ауыл)

Басқарушысы – болыс сұлтаны

Ауыл (50-70 шаңырақ)

Басқарушысы – ауыл старшыны.

Ауыл старшындары мен аға сұлтандар 3 жылға сайланды. Болыс сұлтандары өмірлік мерзімге сайланып, билік мұрагерлікпен беріледі. Егер мұрагер болмаса, інісі немесе облыс басқарма бекіткен туысы сайланады. Болыстық сұлтан ресейлік 12-класстық дәрежедегі шенеунікке теңестірілді. Старшындар Ресейдегі селолық старостарлармен теңестірілді. Аға сұлтандарды тек сұлтандар ғана сайлап, майор әскери шені, 10 жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Жарғы бойынша Орта жүз және Ұлы жүздің бір бөлігінің териториясы “Сібір қырғыздарының облысы ” деп аталады.

  1. 1958 жылы 1 тамыз –Теміртаудағы әлеуметтік жағдайдың ауырлығында қарсы ашық наразылық. Себептері:

  • Тұрғын үймен қамтамасыз етілмеуі;

  • Жаңа табиғи ортаға үйрену қиындығы;

  • Ауыз судың жетіспеуі;

  • Азық-түлікпен қамтамасыз етудегі кемшіліктер.

Жастардың заңды наразылығын қылмыскерлер тобы пайдаланып, 3 күндік тәртіп бұзушылыққа ұластырды. Бұзақылықты басуға әскер шақырылып, жастар арасынд мерт болғандар, әскер мен милиция қызметкерлері қатарынан жаралағандар, мертіккендер болды. Теміртаудағы оқиға басшылықтың қоғамның келешегі туралы қалыптасқан көзқарастарын өзгерте алмады.

Билет №12

  1. Алтын Орда

  2. 1824 жылғы Орынбор қырғыздары туралы Жарғы

  3. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары

1) XII ғ. – Алтын Орда мемлекеті құрылды. Негізін салушы – Батый хан. Аумағы: Алтай тауы – Дунай өзені аралығы. Астанасы – Сарай Бату(Еділ бойы), кейіннен Сарай-Берке. Алтын Орда Жошы ұлысының орнына қүрылған алғашқы мемлекет. XIIғ. 60 ж. дербес хандық болып бөлінді. Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып, Батый хан тұсында мемлекет екіге бөлінді:

  • Оң қанат – Батый хан билігі.

  • Сол қанат – Орда Ежен хан билігі (Жошының үлкен баласы).

Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат құрамына енді. Басқару құрылымы:

Сұлтандар – ханнан кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы тобы.

Құрылтай – ақсүйектердің жалпы империялық жиналысы. Құрылтайда хан жариялау және таққа отырғызу рәсімдері жасалды.

Диуан – ең жоғарғы атқаруш орган. Қаржы, салық мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін атқарды.

Беклербек – әскери істерді басқарушы.

Уәзір – азаматтық істі басқарушы.

Мәлік – азаматтық басқару билігін жүргізушілер (түрік әулетінен).

Даруғалар – салық жинады, халық санағын өткізіп, әскер жинады, байланыс қатынастарын ұйымдастырды.

Басқақтар – басқару қызметін атқард, әскери бақылау жүргізді, салық жинады.

Білікшілер, хатшылар – іс қағаздарын жазушалар.

Нояндар, бектер,әмірлер,баһадүрлер – әскербасылар.

Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу жұмыстарын түрік (ұйғыр) жазуымен жүргізді. XIV ғ. – Алтын Ордда мұсылмандық мемлекетке айнала бастады. XIII – XIV ғ. Алтын Орда күшті мемлекет болды.

2) 1824 жылы – “Орынбор қырғыздарының жарғысы” қаблданды. Авторы: Орынбол генерал-губернаторы П.К.Эссен.

Кіші жүздің әкімшілік құрылымы

Бөліктер (батыс, орта, шығыс)

Басқарушысы – сұлтан.

Дистанция (54, 1831 жыл)

Басқарушысы – ру шонжарлары.

Ауыл

Басқарушысы – ауыл старшыны.

Реформаның салдары:

  • Орталық басқару нығайтылды.

  • Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүміндік туды.

1824 жылы – Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақрылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды.

  1. ы – Бөкей Ордасындағы хандық билік жойылды.

3) 1986 жылы 16 желтоқсан – Қазақстан компартиясының Орталық Комитетінің V пленумында ұйымдастыру мәселесі қаралды. Сол жылы Д.А.Қонаев қызметінен алынып, онын орнына Г.В.Колбин келді. Бұл жағдайдың нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына әкеп соқты. 1986 жылы 17 желтоқсан – Алматыда жаппай толқу басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына таралды. Алматы толқуының себептері:

  • Қордаланып қалған келеңсіздіктер.

  • Қоғамдық-әлеуметтік және мәдени салаларды қамтығмн өрескел кемшіліктер.

  • Ұлт мәселесінің қатты шиеленісуі.

Әміршіл басшылық саяси наразылықты өкімет билігіне төнген қатер деп бағалады. Алматы гарнизонн жауынгерліік дайндыққа келтірілді. 18 желтоқсанда сағат 13-те әскери училищенің жеке құрамасы енгізіліп, Орталық Комитет үйі қоршауға алынды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінін шекара училищесінің курсанттары ерекше қатыгездік көрсетті.

“Бұқарасын-86” атты құпия жедел жоспар жасалды. КОКП Ішкі істер министрі А.В.Власов еліміздің 8 қаласынан Алматыға ішкі істер министрлігі әскерлерінің арнайы бөлімдерін жіберуге шешім қабылдап, заң бұзушылыққа жол берді. Шеруді тарату кезінде сойылдар, саперлік күректер, үйретілген иттер, су шашатын машиналар пайдаланылды. Партия комитеттері мен өкімет тарапынан бақылаусыздыққа жол берілді:

  • 8,5 мыңға жуық адам ұсталып, қаланың сыртына әкетілді.

  • 1720 адам жарақат алды. Ұсталған жастарды аязда бірнеше сағат бойы қар үстінде жатқызды.Жастарды қаладан алысқа әкетіп жұқа және су киімдерімен түнгі аязда ұстады.

  • 99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырдыы (46-сы кейін ақталды)

  • 2 адам ату жазасына кесілді.

  • 83 адам – 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас-бостандығынан айырылды.

  • 52 адам партия қатарынан шығарылды.

  • 787 адам комсомол қатарынан шығарылды.

  • 1138 адам комсомолдық сөгіс алды.

  • 246 студент оқудан шығарылды.

  • Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан шығарылды.

Желтоқсан құрбаны – Қайрат Рысқұлбеков. Оған “жасақшы С.Савицкийді өлтірді” деген айып тағылды. Қайраттың өлім жазасына кесілуі дүниежүзілік қауымдастықтың наразылығын тудырды. 1988 жылы оған берілген ату жазасы 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды. 1988 жылы мамырда қайтыс болды.

Билет№13

  1. Моғолстан

  2. Қазақ хандығының құрылуы

  3. 1989 жылғы Жаңа Өзен оқиғалар

1) XIV ғ. ортасы – Шағатай ұлысы ыдырады:

  • Ұлыстың шығысында Моғолстан мемлекеті құрылды.

  • Ұлыстың келесі бөлігі – Мәуереннахрдың батысында Әмір Темір мемлекеті құрылды.

Моғолстанның негізін салушы – дулат тайпасының басшысы Әмір Поладшы. Билеушісі – Тоғылық Темір хан. Аумағы – оңтүстік-шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Астанасы – Алмалық. Орталық аймағы – Жетісу.Халқы: дулат, қаңлы. Керей, арғын, бұлғшы. Дулаттар –ең қуатты тайпа. Билеушісінің титулы – хан. Моғолстанның

алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігін нығайту үшін ислам дінін тірек етті. Мұсылман дінін мемлекеттік дін ретінде қабылдады. 1361 жылы Мәуереннахрды түгел басып алып, Ілияс Қожаны билеушісі етіп қойды. 1365 жыл – Ілияс Қожа Мәуереннахрға жорыққа аттанып, Сырдария бойында, Ташкент түбінде Темір әскерін жеңді. 1365 жыл 22 маусымда – Батпақ шайқасында Ілияс Қожа Әмір Темірді жеңді. Сол кездері өзара қырқысу соғыстары басталып, Моғолстан бірнеше бөлікке бөлінді:

  • Дулат әмірі Камарад-дин – Жетісуды.

  • Шамс ад-дин – Іле мен Тарбағатайды биледі.

Қамар ад-дин билеушісі Қызыр Қожа отырды. XVI ғ. Моғолстан мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары Қазақ хандығының құрамына еніп, қазақтың Ұлы жүзін қалыптастырды.

2) XV ғ. орта кезінде Әбілхайыр хандығының саяси дағдарысқа ұшырау себебінен қазақ сұлтандары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр ханның қатал саясатына қарсы шығып, одан бөлініп Моғолстан жеріне қоныс аударады. Керей мен Жәнібек сұлтандарын Әбілхайыр хандығынан бөлініп кетудегі негізгі 2 себеп болды:

  • Хандықтың ішіндегі әлеуметтік-экономикалық қайшылықтар;

  • Жетісу жеріндегі қазақ тайпалары бірге отырып, дербес мемлекеттік құру мақсаты.

1465-1466 жылы Керейді Қазақ хандығының алғашқы ханы деп сайлайды. 1470 жылы Керей мен Жәнібек Оңт.Қазақстандағы Созақ, Сауран, Сығанақ қалаларын қазақ хандығына бағындырады. XVI ғ. Соңында Қазақ хандығымен Шайбанилер арасындағы Сырдария қалалары үшін болған 100 жылдық соғыс ақыр соңында Қазақ хандығының жеңісімен аяқталды. Қазақ хандығының Моғолстан мемлекетімен қарым-қатынасы XVI ғ. 1 ширегінде Таһир ханның тұсында нашарлай бастайды. Ал XVI ғ. 50 ж. бастап Хақназар (1548-1580) Қазақ хандығы өрлей бастайды. Қазақ хандығының күшейген кезі XVI ғ. соңы мен XVII ғ. 1 ширегі болып табылады. Бұл кезде Шығай ханның баласы Тәуекел (1583-1598) мен Есім (1598-1613) хандар билік жүргізген. Тәуекел хан жоңғарларға шабуыл жасап отырған. Алайда Тәуекел ханның 1594 жылы Мәскеуге жіберген елшлігі Қазақ хандығы нығайып алғандығын, Тәуекел ханның інісі Шах Мұхаммед қалмақтардың бір бөлігін билеп отыр деген хабары Қазақ хандығы қалмақтардан басым болғандығын көрсетеді.

3) Алматыдағы желтоқсан оқиғалары партия басшылығының жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерді шешудің тәсілдері мен жолдарын іздестіруге мәжбүр етуі тиіс еді. Осындай шешімін таппаған түйінніә бірі – 1989 жылғы маусымдағы Маңғыстау олысының Жаңа Өзен қаласының ірі толқу. Толқудың себептері:

  • Жергілікті тұрғындар арасындағы жұмыссыздық;

  • Орталық ведомстволардың жұмыс қолдарын вахталық әдіспен сырттан әкелуі;

  • Тұрғын үй алу және балабақшаға орналастыруда бұрмааушылыққа жол берілді;

  • Сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің жұмысындағы ірі кемшіліктер;

  • Үй бөлудегі, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын бөлудегі әлеуметтік әділеттік ұстанымдарының жиі бұзылуы. Әлеуметтік жағдайлар шиеленісуі ұлтаралық қатынастарыныңшиеленісумен (жергілікті тұрғындар мен кавказдықтар) ұштасты. Бұл жанжал құқық қорғау орындары мен арнайы тапсырмалы әскерлердің көмегімен тоқтатылды. Бірақ көптеген мәселелер бұрынғысынша шешілмей қалды.

№14 билет.

1.XV-XVIIIғ Қазақ хандығының саяси және әлеуметтік құрылымы

XVғ хандар сайланып қойылатын болған. Хан –азаматтық, әкімшілік, сотық және әскери билікті қолына жинақтаған мем басшысы. Әскери құрылымы:

біріккен әскер, басқарушысы –жоғары қолбасшы –хан

ұлыс әскері,басқарушысы-ұлыс әскерінің басшысы

рулық –тайпалық жасақ, басқарушысы –жасақ басшысы, рубасы

қазақ хандығының әкімшілік құрылымы ірі ұлыстарға бөлінді. Ұлыс аумағы –жұрт. Ұлыстарды басқарушылар –сұлтандар. Қалаларды басқарушылар –уәзір , уәкіл, хакім, даруға . Қазақ қоғамы негізгі екі әлеуметтік топтан тұрды; 1.Ақсүйектер – Шыңғыс ұрпақтары мен қожалар

2.Қарасүйектер –Мүліктік жағдайына қарамастан қоғамның қалған топтары.

Сұлтан –ұлыс бмлеушісі, хан болып сайлануға құқылы.

Билер –ру және тайпа басшылары, заң ілімін меңгерген, сот қызметін атқарушылар, әскери билік жүргізушілер.

Батыр –қазақ жасақтарын бастаған қолбасшылар , кәсіби әскерилер , жаумен жекпе-жекке шығатын ержүрік адамдар.

2. Қазақстан тарихындағы белгілі оқиғалардың бірі - дүнгендер мен ұйғырлардың қоныс аударуы. Маньчжур –Цин әулетінің өктемдігіне қарсы 1862- 1877ж ұйғыр, дүнген халықтарының азаттық күресіне қырғыз, өзбек, қазақтар қатысты. Көтеріліс барысында Қоқан хандығынан барған әскери басшысы Якуб бек жеңіске жетіп, Қашқар, Үрімші қалаларының дүнгендік одағы басшылық еткен ұйғыр мемлекеті құрылды (Жетішар). Көтеріліс басылғаннан кейін ұйғыр, дүнген халықтарына қысым көрсету кушейді. Қоныс аударудың басты себебі осыған байланысты. Ұйғыр, дүнген халықтарының тарихында ерекше орын алатын оқиға – 1881ж күзінен 1884ж дейінгі кезең аралығында басқа аймақтар мен Жетісу өлкесіне қоныс аударуы ірі миграциялық құбылыс болды. Алғашында 45мыңнан астам ұйғыр, 5мыңдай дүнгеннің басты орын тепкен аудандары – Жетісу өлкесі мен Солт.Қырғыстан өңірі болды. Жетісудағы ұйғырлар мен дүнгендердің шаруашылық өмірінде де көзге түсерлік құбылыстар қалыптасты. Мал шаруашылығымен көбіне бай ұйғырлар айналысты.

3. Қазақстан 1917ж Қазан төңкерісі.

1917ж 24-25 қазанда Петроградта большевиктер қарулы көтеріліс арқылы билікті жеңіп, Қосөкімет жойылды. Буржуазиялық Уақытша үкімет орнына , Кеңес үкіметі келді. Кеңес үкіметі алғаш рет Перовск қаласында орнайды. 1917ж 15-22 қараша Түркістанда "Түркістан халық комиссарлар кеңесі" орнады. Кеңес құрамына 14 өкілдер болды. Төрағасы – Ф.Колесов. 1917ж 22 қараша Қоқанда Бүкілтүркістандық төтенше 4 сьезд ашылды. Қаралған мәселе :

  • Түркістан автономиясы құрылды. Президенті – М.Шоқай.

  • Ислам мем,дін деп танылды.

№15 билет.

  1. Ортағасырлардағы Қазақстан ұлы ғұламалары

Әбунасыр әл- Фараби (870-950)- философ, математик. Отырарда туып- өскен. Дамаск қаласында қаза болды. Әскери отбасынан шығып, Отырар медресесін үздік бітірді. Негізгі шығармалары: "Музыка туралы үлкен кітап", "Даналықтың жауһарлары". 150- ден астам трактаттар жазды.

Жүсіп Баласағұни (11ғ)

Құтты білік дастанын дайындауға 30 жылын арнап, жарым жылда жазып шығады (1069ж). Дастанда- өмір шындығы , қоғамдық түсінік пен саяси тұжырымдар берілген.

Махмұт Қашқари (11ғ)

1072- 1074 ж жазған "Диуани лұғат ат- түрік" атты еңбегі тілтану ғылымына үлкен үлес қосты. Түркі халқының тұрмыс – тіршілігі , әдет – ғұрпы, тілі туралы дерек. Бұл еңбек А.Егеубаевтің аударуымен 1997- 1998ж қазақ тілінде жарық көрді.

Қожа Ахмет Иасауи (12ғ) Сайрамда туып, Йасыда өмір сүрген. Ұстазы Арыстан бабтан тәлім алып, уағыздаушы – сопы болған. "Диуани хикмет" шығармасы – тарихи, этнографиялық дерек. "Пақырнама" және "Мирет ул- Кулуб" еңбектері бар.

Сүлеймен Бақырғани (12ғ) Хакім ата болған. Ахмет Йасауидің шәкірті. 1104ж Йассыда туып, 1186ж Бақырғанда қайтыс болды. "Дүниенің ақыры" еңбегінде тәңірге сенуді уағыздап, рухани тазалыққа үндейді.

Әбу Райхан әл – Буруни (10-11ғ) 973-1050ж өмір сүрген. Астроном, математик, географ, тарихшы, ақын. 150 еңбегі бар: "Астрономияның кілті" , "Ежелгі халық хронологиясы" 600- ден астам қала координаталарын анықтады.

  1. Қазақстанда кеңес билігінің орнауы

Қазақстанда кеңес билігінің орнауы 2 жолмен жүрді:

  1. Темір жолға жақын жұмысшылардың басымы онт-солт бейбіт жолмен басымен

  2. Сібір, Орал, Жетісу казактары, офицерлер контрреволюциялық күш басым жерде қару- күрес жолмен

Қазақстан өлкесінде кеңес билігі алдымен темір жол бойындағы қалаларда орнады:

Ақмола, Ертіс бойындағы шайқастарды басу үшін Семей большевиктеріне көмекке Новосибирден өкілдер келді. 1917ж қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық көтеріліс жасап, өкімет билігі казактардың яғни әскери үкіметтің қолына көшті. 1917ж атаман Дутовтың казактар тобы Алашорда үкіметі, меньшевиктерге қарсы бірікті. Оларға қарсы күрес жүргізді. 1918ж Қостанайдағы кеңес съезінде бүкіл уезде Кеңес үкіметін орнату туралы шешім қабылданды. ТОрғайда кеңес үкіметі орнады. 1918ж Жетісуда орнады. 1917-1918ж Кеңес үкіметі бүкіл өлкеде орнады. Большевиктердің шаралары: Бүкілресейлік төтенше комиссия органы құрылды. Контрреволюцияға іш тартқаны үшін бас бостандығынан айыру, лаңкестік жасап, кепілдерді ату. 1918ж наурызда Кеңестің Ақмола уездік съезі Алашорда үкіметін теріске шығарған қарар қабылдады. Қазақ газеті жабылды. 1918ж 20 сәуір- 1мамыр Ташкентте Түркістан өлкелік кеңесінің 4 съезі өтті. Қаралған мәселелер: Түркістан автономиялы кеңестік соц. Респ жариялануы. Респ.құрамына Сырдария, Жесағтісу обл кірді. Қазақ, ұйғыр, орыс қатынастарын реттеу жөнінде коммисия жұмыс істеді. 8сағ жұмыс уақыты енгізілді, 3,5 десятина жер кедейлерге берілді. 1918ж Торғайда кеңестер съезі өтті. Онда жеке саудаға тыйым салу, саудагерлер тауарларын тәркіленді. Қазақ АКСР құруға әзірлік жұмыстар жүргізіліп , Жангелдин Қазақстанда Кеңес Құрылтай съезін шақыруды әзірледі. Алайда ол шетел инвестициясы мен Азамат соғысының әсерінен тоқтап қалды.

3.Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы

1991ж 16 қарашада Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастыққа енуі басталды. 1991ж соңына дейін 18 ел таныды: Туркия, АҚШ, Қытай, Германия, Пәкістан. 1992ж 2наурызында БҰҰ мүшелікке қабылданды. 1992ж 25мамырда Мәскеуде Ресеймен достық, көмек туралы шарт жасасты. Қытаймен 50шақты келісім шарттар жасалды. 1996ж 26сәуірде Шанхай келісіміне қол қойылды. 1999ж желтоқсанда Қазақстан – АҚШ келісімі бойынша Болашақ бағдарламасымен АҚШ, Франция қазақ студенттерін оқуға қабылдай бастады. 1996ж БҰҰ мүшесіндегі 129 ел ядролық қару таратпау туралы келісімге қол қойды. Қазақстанның сыртқы саясатында басты үш мәселе ерекше назар аударды:

-ТМД, Азия, Еуропа елдері, АҚШ, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету.

-Мәдени - экономикалық байланысты күшейте отырып, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.

-Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, ядролық қаруды қолданбау, дүниежузілік соғысты болдырмау. Қазақстанның сыртқы саясатында назар аудартатын мәселе - ең жақын және ірі көрші мемлекеттермен , солт- Ресеймен, шығ - Қытаймен ойдағыдай қарым қатынас орнату.

№16 билет

  1. XVI-XVII ғ тарихи шығармалар

Тарих- и Рашиди. Мұхаммед Хайдар Дулатидің 1541-1546ж Кашмирде парсы тілінде жазған еңбегі Тарих- и Рашиди Моғолстан мен оған іргелес аймақтардың тарихы жөнінде жазылған құнды шығарма. Онда орта ғасырлардағы қазақ тарихы, Дешт Қыпшақ оқиғалары, Моғолстанның құлауы туралы мағлұматтар берілген. Бұл шығармада Жәнібек пен Керейдің Өзбек хандығынан бөлініп көшу себептерін тұңғыш рет айтылады. Мұхаммед Хайдар Дулати араб, парсы жетік білген.

Жылнамалар жинағы. Қадырғали Қосымұлы Жалайыридің 1600- 1602ж жазған еңбегі. Қадырғали Жалайыри Сырдария бойын мекендеген жалайыр тайпасынан шыққан. Жалайыри тұтқында отырып жазған Жылнамалар жинағы атты еңбегін достықтың белгісі ретінде Борис годуновқа сыйға тартып, оның қамқорлық жасауын өтінді. Шығарма құрылымы мен мазмұны жағынан 3бөлімге бөліп қарауға болады. 1бөлімі Борис годунов патшаға арналған. 2бөлімі Жамиғат – тауарих атты еңбегінің негізі бойынша жазылған. 3бөлімі қазақ халқының тарихына арналған.

Шыңғыснама. XVI ғ орта шенінде жазылған шығарма. Бұл тарихи шығарманын авторы Өтеміс қажы . бұл еңбектегі кездесетін аса бір құнды хабар- өлімі аңызға айналған Жошы хан туралы дерек. Бұл шығарма Дешті Қыпшақ халқының мал өсіруге байланысты мерзімді көш і қон мәселесіне назар аударылған.

Әбілғазы шежірелері. Әбілғазы еңбегінің алғы сөзінде үш түрлі өнерді меңгергендігі жазылады. Біріншісі әскери өнер, екіншісі ақындық өнер, үшінші тарихшы.

2.Аңырақай шайқасы

1729ж көктемде Балқаш көлінің оңтүстігінде Әбілқайыр басшылығымен үш жүздің әскері қалмақтарға күйрете соққы берді. Бұл ұрыста Әбілмәмбет пен Барақ сұлтандар да жеке жасақтарды басқарып қатысты. Тарихи маңызы; Жоңғарлар Іле өзенін бойлап, еліне қарай шегінді. Кіші жүз бен Орта жүз жерлерінің көп бөлігі азат етілді. Қазақ жерін түгел азат етуге мүмкіндік туды. Үш жүздің бірігуінің маңыздылығын көрсетті. Алайда Болат ханның қазасынан кейін Әбілқайыр пен Барақ сұлтан хандыққа таласып, алауызыдық пайда болады. Нәтижесінде Әбілқайыр өз әскерін Кіші жүзге , ал Барақ сұлтан өз әскерін Орта жүзге алып кетеді. Осыған байланысты Ұлы жүз әскерлері қайта оралған қалмақтардың жаңа күшіне қарсылық көрсете алмады. Сондықтан жеңіліп Оңтүстік Қазақстан жоңғар өктімдігінде қалып қойды.

3.Жаңа экономикалық саясат

Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет.  1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. ЖЭС тің белгілері: азық - түлік салығы; сауда еркіндігі; жерді жалға беру; еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті қолдану.  И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды. Жаңа экономикалық саясаттың жалпы қорытындысы: 1. Жаңа экономикалық саясат кезінде нарық енгізілді. 2. Ауыл шаруашылығы дамымай қалды. 3. Бұл саясат аяғына дейін жеткізілмеді. 4. Өнеркәсіп артта қалды, дамымады. 5. Жаңа экономикалық саясат бұрмаланды. 6. Саяси өмірде демократия бұрмаланды. 7. Еркіндік мүлде болмады. 8. 1921-1922 жылдардағы ашаршылық 1921 жылы жазда қуаншылық болып, малдың 80%-ы қырылып қалды. Елде аштық басталды.Ашығушылар саны барша қазақ халқының 1/3 бөлігін қамтыды.

№17 билет.

1.Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары. Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары. Әмір Темір – барлас тайпасынан шыққан Тарагай бектің баласы. Ол 1336-1405ж аралығында өмір сүрген. 1370ж Мауараннахрды басып алады. Алдымен ол Ақ орданы басып алуды көздейді. 1380ж Ақ орданы жаулап алып Тоқтамысты билеуші етіп жариялайды.Енді Тоқтамыс Әмір Темірге тәуелділіктен бас тартады. Оны жазалау үшін Әмір Темір 1391ж 200мың әскермен оған қарсы жорыққа аттанады. Құндызша деген жерде Тоқтамыстың әскерлерін қирата жеңеді. Бірақ ұрыста Тоқтамыс қашып құтылады.1395ж ТОқтамысқа қарсы тағы жорық жасайды. Бұл шайқаста Тоқтамыс жеңіліп, Темір қаланың байлығын тонайды. Алтын Орданың экономикасы қатты ойрандалды.

Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған жорықтары. Әмір Темір 1371-1372ж Моғолстанға жорыққа аттанды. ОЛар Алмалықтың жанына жетіп, қалаларды тонайды.Моғолстанға 1372 жылдан 1390 ж дейін он шақты жорыққа шықты. Моғол әмірінің Темірге қарсы күресінен ешбір нәтиже шықпады. Ақ орда мен Моғолстан билеушілері Темірге карсы 1380ж одақ құруға әрекет жасайды. Бұл одақтан нәтиже шықпады, өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір 1384-1391ж Алтын орда мен Моғол жеріне бірнеше жорық жасайды.1390ж жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толықтәуелділікке түсті. Темірдің жорықтарының зардабы: елдер арасында байланыс үзілді. Мәдениеттің дамуына зардабын тигизди.