Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
112.88 Кб
Скачать
  1. XVIII ғ. Қазақ батырлары.

Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлы (1978-1775)- бүкіл қазақ жасақтарының қолбасы, батыр, дипломат. Оның жасақтары Жайық казактарымен, жоңғарлармен, цин империясының әскерімен шайқасқан.

Қаракерей Қабанбай (Ерасыл) Қожағұлұлы (1703-1781) – қолбасшы, халық батыры. Түркістанды қорғауды, Алакөл, Бұланты. Аңырақай, Шығанақ шайқастарында найман жасағын бастаған Абылай хан оны «Дарабоз» д.а.

Шақшақ ұлы Жәнібек – қолбасшы, мем. Қайраткері, дипломат. Қазақ – орыс қатынастарыннығайтуға белсене қатысты.

Көкіұлы Есет (1667-1749!) – қолбасшы, дипломат. Шайқастарда жасақтардың ірі бөлімшесін басқарып, найзагершілігімен ерекшеленген батыр.

Хангельдіұлы Райымбек – Ұлы жүздің албан тайпасы, әлжан руынан тарап, он бесінде – «ат құлағында ойнап», он алтысында «орда бұзар» атанғанбатыр. Ойрантөбе шайқасында Райымбек бастағанқазақ әскерлері жоңғарларға күйрете соққы берді. Жоңғар шапғыншылығы кезінде қаза тауып, қазіргі Алматы жерінде жерленген.

Наурызбай Құттымбетұлы (1706-1781)- Ұлы жүздегі шапырашты тайпасының асыл руынан тараған батыр. Абылай ханның ту ұстаушы батырының бірі. 1729 ж. Қалмақ батырлары Шашалғанмен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтірген қас батыр.

3-билет

  1. Қазақстан қола дәуірінде

  2. Оғыз қанағаты

  3. ,1783-1797 ж. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс

  1. Қола дәуірі(б.з.д. 2800 ж.-б.з.д. 900 ж.). Бұл дәуірдешығу тегінен ұқсас өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеген. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіштері Оңт. Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андронов селосынан табылды. Сондықтан андрон мәдениеті деген атау алды. (1914 ж. Археолог А.Я.Тугарин)

Андрон мәдениетінің аумағы: Орал – Енисей өзендері – Батыс Сібір – Памир тауы. Бұл мәдениетті зерттеуші қазақстандық ғалымдар – Әлкей Марғұлан, Ақышев, Максимова, Черников, Оразбаева. 1927 ж. – архелолог Грязнов андрон мәдениетінің ескерткіштерінің Б.Қазақстаннан тапы.

Негізгі қогыстанған ауданы: Орт.Қаз. Бұл өңірден 30 дан астам қоныс, 150 дей оба зерттелді. Солт. және Б.Қаз-да 80 нен аса қоныс зерттелді.Ең ежелгі қаласы – Арқайым. Академик Алексеев: «Олар мұрынды, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен келген, кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым жігерлі келбетті адамдар.

Басты кәсіптері: мал бағу, кетпенді-теселі егіншілік, балық аулау.Егіншілік құралдары: диірмен, тесе, мыс пен қола орақтар. Андрон мәдениетінің негізгі сипаты саз балшықтан ыдыс жасау.

Баспаналары: жартылай жертөле, жер бетіне салынған үйлер. Қоныстар өзен – көлдердің жағасына орн. Қоныстар 5-10 үйден, кейде 20 үйден тұрды. Ежелгі андрондық дөңгелек баспаналар негізінде киіз үй жобасы пайда болған.

Діні мен наным-сенімдері: олар табиғат күштеріне табынған. Қайтыс болған адамдар келесі дүниеге айысады деп ойлаған.Кейінгі қола дәуірінде Орт. Қаз-да пайда болған жаңа мәдениет – Беғазы – Дәндібай мәдениеті. Ерекшеліктері:

  • Жерлеу орындарының көпшілігі – обалар.

  • Үйлер мен жерлеу орындарының құрылысы өте ірі, тас қашау өнері жетілген.

  • Қорғандар ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып биік болған.

Сурет өнері: Тастағы суреттерде жиі кездесетін бейне жабайы – бұқа. 49 соғыс арбасының суреті табылған.

Зергерлік өнері. Алтын білезік – Айбас сағасындағы Алакөл қабірінен табылған. Екі сырға – Мыңшұқыр қабірінен табылған. Самай сырға – бір жарым орамды алтын сырға.

Қоғамдық құрылымы: рулық тайпалық құрылым. Қоғамның негізгі тобы – жауынгерлер. Абыздар да жоғары бағаланған. Меншік түрі: малға жеке меншік, жерге қауымдық, рулық меншік.

  1. Оғыз қағанаты. Өзегі Жетісуда қалыптасқан. Құрылу тарихы 7 ғ. Батыс Жетісуда мекендеген Түрік қағанатының құрамында болды. Қарлұқтардың қысымынан Сыр бойына көшкен. 9 ғ. соңы 10 ғ. басы – Оғыз мемлекеті құрылды.Сырдарияның орта және төменгі ағысы. Астанасы – Янгикент(Жаңа Гузия). Билеушісі – жабғу. Орынбасары – күл –еркін, әскербасы – сюбасы. Басқарушылардың ұрпақтары – иналдар.

М.Қашқари: оғыз одағында 24 тайпа болған. Әл-Марвази: оғыз одағында 12 тайпа болған. Боз оқ – қағанның оң жағы, үш оқ – қағанның сол жағы. Жабғуды сайлағанда боз оқтың артықшылығы болған.

Мем-тік құрылымы: Тайпалық одақ – ел. 12 аймаққа бөлінген.

Саяси жағдайы: «оғызнама» деректерінде батысқа жасалған жорықтар баяндалған.

Сыртқы саясаттағы мақсаты: Оғыздар Еуразияның саяси өміріне араласқан. 965 ж. – Киев Русінің князі Святославпен одақтасып, Хазарияны талқандады. 985 ж. – князь Владимирмен одақтасып, Хорезмді жаулады. 1043 ж. Шахмәлік салжұқтардың қолдарынан қаза тапты. Ол оғыздардың соңғы билеушісі.

Оғыз мем-нің әлсіреу себептері: Сежұқтармен ұзаққа созылған соғыстар; ішкі тартыстар; Қыпшақ тайпаларының шабуылдары. Қыпшақтар оғыздарды сырдарияғағ Арал бойынан ығыстырды. 11 ғ. басы –оғыз одағы ыдырап, қыпшақ мем-тің құрамына кірді.

Шаруашылығы: мал шаруашылығы: жартылай көшпелі, жартылай отырықшы. Қалалары: Сырдарияның төменгі ағысы-Жанкент, Жент, Жуара. Сыдарияның орта ағысы-Қарнақ,Сүткент, Фараб, Сығанақ, Сауран.

  1. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі. (1783-1797). Көтерілістің басты қозғаушы күші-шаруалар, старшындар, билер, ру басшылары. Көтеріліс аумағы: Еділ-Араб теңізі.

Көтерілістің басты мақсаты: орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату. Нұралы ханмен оның сыбаластарының озбырлығына шек қою.

Көтерілістің басшысы-Байбақты руының старшыны, батыр және шещен Сырым Датұлы (1742-1802)

1778 ж. – орал казактарымен шайқаста Сырымның балалары қайтыс болды.1783ж. күзде Орал казактарымен шайқас басталды.1783 ж. Желтоқсан-Сырымды оралдық казактар тұтқынға алынды. 1784 ж. Көктем- Нұралы хан оны тұтқыннан босатты. 1784 ж. маусым – Сырымның орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды. 1784 ж. Қараша – Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті. 1785 ж. 17 ақпан – көтерілісті басу үшін генерал – майор Смировтың тобы жіберілді.(300 казак, 2000 башқұрт) 1785 ж. наурыз – көтерілісшілерге қарсы 1000 – нан астам казак тобымен старшина Калпаков және Пономарев аттанды. Жем өзені бойында шоғырланған көтерілісшіер саны 7 мыңға жетті. 1785 ж. наурызы – майор Назаровтың басқаруымен 405 орал казактары Табын руына шабуылдады. Сырым тобы Сахарная бекінісіне шабуылдады.1785 ж. жаз-Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. Қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды. Нұралы Орал әскери шебіне қашып, паналады. 1786 ж. Уфава жер аударылды. 1790 ж. қайтыс болды.

Игельстром реформасы – генерал губернатолық – шекаралық сот – ауылдық буындар.

2-ші Екатерина бұл жобаны уақытша қабылдады. 1786 ж. – орынборда Шекаралық комиссия құрылды. 1787 ж. – Кіші жүзде патшаның әкімшілі билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды. Бұл тұста Сырым патша үкіметін қолдамады. Игельстром реформасы тоқтатылды. Көтерілістің қайта өрлеуіне түрткі болған оқиға – орал казактарының қазақ тарға қарсы шабуылы. Императрица 2-ші Екатерина 1790 ж. 21 қазанда және 5 қарашада бейбіт ауылдардың тынышын алмау туралы нұсқау шығарды. 1791 ж.Ераланы хан (91-94) етіп сайлауы, 1792 ж. Сырым Ресей империясына қарсы ашық күрес жариялады, көтерілістің жаңа кезеңіне шығуына әсер етті. 1794 ж. Ералы хан қайтыс болды. 1797 ж. Айшуақты хан етіп сайлады(1797-1805). 1797 ж. Сырым Хиуа хандығына өтіп кетті. 1802 ж. қайтыс болды.

Жеңілу себептері: Көтерілісшілердің нашар дайындалуы, қару-жарақтың аздығы, Сырым көтерілістің әр кезінде мақсаттарын өзгертуі. Қазақ өкесіндегі ең ұзақ соғыс 14 жылға созылды.

Көтерілістің нәтижесі: 1801 ж. 11 наурыз – патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді.

4 – билет

  1. Қазақстан темір дәуірінде. Сақ тайпасы.

  2. Түргеш қағанаты.

  3. 1836-1838 ж. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

Жауабы:

1.Қазақстан темір дәуірінде. Сақ тайпасы

Темір дәуірінде Қазақстанды мекен еткен тайпалардың бірі –сақтар. Б.з.б 7-4ғ сақ тайпалары Орта Азия мен Қазақстан жерін мекендеді. Сақтар туралы мәлімет беретін алғашқы жазба дерек Геродоттың "Тарих"атты шығармасы. Парсының Бехистун ескерткішінде сақтарды "құдіретті еркектер" д.а. Сақтар 3тайпаға бөлінд: Тиграхауда (шошақ бөріктілер) ; Парадарайа (теңіздің ар жағынан келгендер); Хаомаварга (хаома сусынын қайнатушылар). Парадарайа сақтарын сонымен қатар дайоар, аргипейлер, исседондар д.а. Страбонның "Жағрафия" еңбегінде , Қытайдың "Хань" кітабында сақтар туралы мәліметтер кездеседі.

3 Көтеріліс басшылары: Исатай Тайманұлы(1791-1836ж.ж.) мен Махамбет Өтемісұлы(1804-1846ж.ж.). Көтерілістің басты мақсаты: Хан озбырлығына ше қою. Шаруалар жағдайын жақсарту. 1836 ж. 17 наурыз –Жәңгір хан Қарауылқожағакөтеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды. 1836 ж. қазан – Исатай маңына қосымша 20 ауыл көшіп келеді.1837 ж 3 қазан – Атаман Покатиловтың 200 казактан тұратын тобымен Исатайды қамауға алу әрекеті іске аспады. 1837 ж 15қазан – Теректіқұм шайқасы. 1837 ж 24 қазан – Исатай 1500 сарбазымен хан аулына қауіп төндірді. Исатайдың 1000 адамдық қолы Жиделі түбінде Меркуловтың әскеріне шабуыл жасады.1837 ж 15 қараша – Тастөбе шайқасы . 60 сарбаздан айырылған Исатай тобы бірнеше топқа бөлінді. 1838 ж 12 шілде – Ақбұлақ шайқасы. Зеңбіректер оғынан шегінген көтерілісшілер екі жақты қоршауда қалды. 1838 ж 23 шілде – Махамбет тобы Нұртазғали және Табылды сұлтандарының ауылдарына шабулдады. Ол 1846 ж қазанда хан жендеттернің қолдарынан қайтыс болады. Исатай көтеріліс б/ша жазалау ісін басқару негізінен Гекеге тапсырылды. 1836-1838 ж көтерілістің жеңілу себептері: Қару жарақтың теңсіздігі, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі, үстм тап өкілдеорінің опасыздығы. Нәтижесі: Салық мөлшеріне шек қойылды, Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын болды. Тарихи маңызы 19 ғ. 30 жылдарындағы ірі әлеуметтік ұлт-азаттық көтеріліс.19 ғ. Өлкедегі ең ірі азаттық үшін болған көтеріліс.

5-билет

  1. Ғұн мем.

  2. Қарлұқ қағанаты.

  3. 1837-1847 жж Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

3. 1837-1847 жж Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді.

Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен би, батырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті.

Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұрт, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті. 1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды. Ол Қазақстандағы ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып, алға алып барушы ретінде шықты. Кенесары жасақтарының белсенді әскери іс-қимылы 1838 жылдың тамыз айында басталды. Ол Ақмола бекінісіне таяу ірі елді мекенді алты күн бойы қоршауда ұстап, өртеп жіберді. 1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Сөйтіп Қазақ хандығы қалпына келтірілді. Патша үкіметі бұл жайсыз хабарды өте өкініш сезімімен естіп-білді. Кенесары 20 мың сарбаздан тұратын әрі жауынгерлік қабілеті күшті тұрақты әскер жасақтай алды. Кенесары әскері жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. 1842 жылы Сотниковтың отряды Кенесарының ауылына қарақшылық шабуыл жасады. Жазалаушы отряд қыруар көп малды айдап әкетті, он адамды тұтқынға алды. Тұтқынға алынғандардың қатарында Кенесарының әйелі Күнімжан да болды. Кейінірек қазақтар ханның басқа ауылдарына да шабуыл жасай бастады. Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздің ықпалды биі Сыпатай жасақтарының кенеттен шегініп кетуі көтерілісшілердің жағдайын қиындатып жіберді. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 30-дан астам сұлтанымен және аз ғана сарбазымен күші басым қарсыласымен ерлікпен шайқасып, тұтқынға түсті. Көтерілісшілердің шағын тобы қоршауды бұзып шығып қашып құтылды. Қырғыз манаптарының бас қосқан жиынында қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлім жазасына кесу ұйғарылды. Тұтқындағы хан манаптарды күш біріктіріп, Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске шақырды. Бірақ қырғыздар ханның сөзіне құлақ аспады.Кенесары мен оның інісі Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тапты.

Билет 6.