Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
29.01.2020
Размер:
112.88 Кб
Скачать

1 билет.

1.Қазақстан тас ғасырында. Тас ғасырының хронологиясы.

2. Түрік қағанаты.

3. 17-18 ғ. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күресі.

Жауабы

  1. Тас ғасыры (б.з.д.2,5/2,6 млн –б.з.д. 3 мыңжылдықта. Тас дәуірі 3 кезеңге бөлінеді: палеолит, мезолит, неолит. Палеолит (ежелгі тас дәуірі) б.з.д. 2,5/2,6 млн- б.з.д. 10/12 мың жылдықта аяқталады. Мезолит(ортаңғы тас дәуірі) б.з.д. 10/12 мың жылдан-б.з.д. 5/7 мың жылдықта аяқталады. Неолит (жаңа тас дәуірі) б.з.д. 5/7 мың жылдан- б.з.д. 2/3 мың жылдықта аяқталады.

Палеолит өзі 3 кезеңге бөлінеді: Ерте, орта, соңғы палеолит. Ерте палеолит(олдувай кезеңі) б.з.д. 2,5/2,6 млн ж.-б.з.д. 800 мың жылдықта аяқталады. Орта палеолит(ашель-мустье) ашель-б.з.д. 800-б.з.д. 140, мустье-б.з.д. 140- б.з.д. 40 жылдықта аяқталады. Соңғы палеолит б.з.д. 40- б.з.д. 12 мың жылдықта аяқталады.

  1. Түрік қағанаты.

552 ж.-Бумын 50 мың әскерімен (авар) жужань мем-н талқандады. 552 ж.- Түрік қағанаты құрылды. Алғашқы қағаны –Бумын. 542 ж.- «Түрік» атауы алғаш рет қытай деректерінде кездеседі. 545 ж. –Қытай елшісі Түрік қолбасшысына келіп, бейбіт қатынас орнатты. Бумын қағанның ізбасарлары Қара Еске және Мұқан қағандар тұсында мем-т Орталық Азияда саяси үстемдік етті.

Қара Еске қаған Букрат тауларында аварларды екінші рет жеңді. Мұқан қаған 552-554 ж.ж. жужандарды түпкілікті жеңді. Түріктер: ұлы даланың қожасы болды, Қытай билеушілері оларға жылына 100 мыңға тең жібек маталарын жіберіп отырған.

Истеми қаған 10 түмендік күшпен соғдылықтарды жаулады. Алтайдың теріскейіндегі тайпаларды бағындырды. 555 ж. Түріктер Арал теңізіне дейін жетті. Түріктер Қытайдан Әмударияға дейін, Ташкенттен Сырдарияға дейінгі аралықты жаулаған. Түріктердің Орта Азияны алудағы басты қарсыласы эфталиттер болды. 561-563 ж.ж.-түріктер эфталиттерге қарсы Иранмен яскери одақ құрды. 563-567ж.ж.- эфталиттерді бағындырды.

«Теле» сөзінен «түрік» сөзі шыққан. Түрік қағанатында 30-дан астам теле тайпасы болған. (қырғыз, оғыз, ұйғыр, дулу, үйсін). Түрік қағанаты 10 ұлысқа бөлінген. Мемлекет басшысын қаған немесе хан болған. Оны ақ киізге отырғызыр хан сайлаған. Одан кейінгі адамды «жабғу» деп атаған, ол ханның бас уәзірі. Мем-тің ірі лауазымдарына қаған әулетінің мүшелері сайланған. Тақ мұрагері «тегін» д.а. Билігінде жер-суы бар ханзада «шад» д.а.

581 ж.-қағанат ішінде соғыс басталды. Осы ауыр жағдайды пайдаланған Қытай империясы шапқыншылық бастады. 603 ж.- қағанат екіге бөлінді: 1. Батыс Түрік қағанаты. 2. Шығыс Түрік қағанаты. Қазіргі Қазақстан территориясы Батыс Түрік қағанаты құрамына енді.

  1. Жоңғар шапқыншылығы

Қазақ жеріне қауіп төндірген – жоңғар мем-і. Жоңғар қонтайшыларының басты мақсаты :

  • Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, өзіне бағындыру.

  • Қазақ жерін иемдену.

1718 ж. –Аягөз шайқасы. Қаракерей Қабанбай мен Жаушағар батырлардың басшылығымен алғашқы екі күнде жау талқандады. Шайқастың үшінші күні Әбілқайыр мен Қайып соғыс қимылдарын келісіп жүргізбеді. 1723 ж. –Цеван Рабдан бастаған 70 мыңға жоңғар әскері 7 шепке бөлініп қазақ өлкесін талқандады(Жетісу-Қаратау-Талас алқабы).

1723-1727 ж. – «Ақтабан шұбырынды, алакөл сұлама, ақ мешін» апаты. Ел басынан кешкен осы қасірет «Елім-ай» әнін туғызды. Қатты ойрандалған жер- Жетісу. Қазақ жерінде ерекше қаталдық көрсеткен жоңғар қонтайшысы – Цеван-Рабдан.

1725 ж. –жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті жаулады. Қазақ батырлары туған жерді азат етуге бірікті: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай , Есет, Саурық, Малайсары, Баян, Жәнібек, Райымбек, Наурызбай, Қарасай, Жауғашар.

1726-28 ж – «Бұланты шайқасы» (Сарысудың орта ағысы, Бұланты өзені маңы, Торғай даласы) «Қара сиыр деген жерде 60 мың қазақ-қырғыз әскері күшімен қалмақтар талқандалды. Бұл жер кейін «Қалмақ қырылған» д.а.

1726 ж – Ордабасы жиыны(Түркістанның Оңт.Шығысы) Әбілқайыр бастаған 3 жүздің әскерлері бірігіп соққы беру жөнінде келісімге келді. 1729-1730 ж – Аңырақай шайқасы(Балқаш көлінің оңт.). Болат ханның қазасынан кейін Әбілқайыр мен Сәмеке(Шахмұхамед) аға хандыққа таласып, алауыздық пайда болды.

Нәтижесінде: 1.Әбілқайыр өз әскерін Кіші жүзге қарай алып кетті. 2.Сәмеке хан әскерін Орта жүзге қарай жорып кетті. Осы себептен Ұлы жүз әскері қалмақтарға қарсылық көрсете алмады. Жоңғар қаупінің жойылмауы билеушілерден сыртқы қауіптен құтқаратын жол іздеуді талап етті.