
«Жастар – тәуелсіз Қазақстанның биік тұғыры»
Еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де солардың мойынында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Жастар – жердің, елдің иесі, қазақ елінің рухани тәуелсіздігінің биік тұғыры. Бүгінгі жастарға айтарым, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.
«Бәсекеге қабілетті ел»
Өмірдің өзі мәңгілік күрес деп ойлаймын.
Бәсекеге қабілеттілік- өміріміздің бағдары.
Оның негізгі кілті- білім.
Адамзаттың жинақтаған тәжірибесін меңгергенде ғана білімді боламыз.
Бәсекеге қабілетті деңгейге көтерілеміз.
Елбасы бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясын қойып отыр.
Бұл меже-қол жететін ақиқат.
Елбасымыздың стратегиясының орындалуына біз өз үлесімізді қосуымыз керек.
Мен сабақты жақсы оқып, жақсы мамандық алып, еліме қызмет етсем деймін. Менің де құрбыларым осындай мақсат қойса, біз, жастар, еліміздің мәртебесін арттырар едік.
«Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс»
Соңғы жылдарда елімізде білім беру саласын жаңғырту үшін маңызды қадамдар жасалуда.
Соның бірі 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білімді дамыту бағдарламасына сәйкес енгізілген Ұлттық электронды оқыту жүйесі.
Менің ойымша, ХХІ ғасырдың қажеттілігіне қарай енгізілген.
Электронды оқыту жүйесі еліміздегі білім саласын жаңа сатыға көтереді деп ойлаймын. Өйткені, бүгінде әлемнің көптеген елдері электронды оқытуға көшкен.
Электронды оқыту білім бағдарламасын толық меңгеруге жол ашады.
Жаңа әдістемелер педагогикалық үрдіске тың серпіліс әкеледі. Яғни оқушының белсенділігі артады. Электронды оқыту жүйесі енгізілген мектептерде оқушылардың білім деңгейі, үлгеріміне қатысты мәліметтердің бәрі компьютерлік базаға енгізіледі.
Ата-аналар кез келген уақытта балаларының білімі туралы интернет арқылы көріп отырады. Бұл, әсіресе, жұмыстан қолы босамайтын ата- аналарға қолайлы деп ойлаймын.
«Отансүйгіштік – әрбір азаматқа керек ұлы қасиет»
Адам баласының өз өмір жолы болады.
Кез-келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің де өз тарихи бар.
Әр мемлекет әр түрлі жағдайды басынан өткізеді.Өркендейді, өседі....
Өркендеу осы бір сөзбен байланысты сияқты.Ол — отансүйгіштік.
Өйткені Отанын сүйетін адам бәріне де дайын.
Отансүйгіштік сезім өрге бастайды.
Бабаларымыз ұлан-байтақ жерді де бізге аман сақтап қалды.
Тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың тәуелсіздік жолындағы еңбегі «отансүйгіш» азаматқа тән.
Отансүйгіштік – әрбір азаматқа керек ұлы қасиет.
Сондықтан Елбасы еңбегін жалғастыратын жастар деп ойлаймын.
«Ел болашағы – білікті маман қолында»
Қазақстанда кез келген адам өзінің қалауымен өмір сүреді.
Мен де өзіме ұнайтын оқу орнында білім алып жатырмын.
Мен сияқты жастар да әр оқу орнында білім алуда.
Менің алға қойған мақсаттарым көп.
Соның бірі- білікті маман болу.
Өйткені өз мамандығыңды жақсы білсең, кез келген жерде жұмыс істей аласың.
Ешкімге тәуелді болмайсың.
Тек өзіңе қызмет істемей, еліңнің дамуына да үлесіңді қосасың.
Мен де білікті маман атанып, өз орнымды тапсам деймін.
Ол үшін ерінбей еңбек ету керек.
«Салауатты өмір салты
Салауатты өмір сүру қазіргі заман талабы.
Салауатты өмір сүру үшін спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтанып, уақытында ұйықтау керек.
Әр адам өз денсаулығына көп көңіл бөлу керек.
Темекі шегу- денсаулыққа зиян.
Дені сау адамның –жаны да сау.
Дені сау адамның өмірге көзқарасы да өзгеше.
Отанымыздың келешегі жастардың қолында.
Сондықтан жастар салауатты өмір салтын сақтау керек.
Дені сау халық- бай халық, халықының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз.
Салауатты өмір салтын сақтау -әр Қазақстандықтың борышы деп ойлаймын.
«Қазақ елінің патриоттары
Қазақ елінің патриоттары- жүрегі елім деп соққан ерлер.
Қазіргі кезде елінің патриоты деп «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысының төрағасы Мұхтар Шахановты айтуға болады.
Ол Мемлекеттік тілдің маңызын жан-жақты түсіндіре отырып, қоғамдық өмірдің барлық саласында қолданылуы қажет екенін айтып жүр.
Үнемі шындықты айтады.
Адамгершілікті жоғары қою керектігін де айтады.
Қысқасы ұлттық мүдде жолында күресіп жүр.
Өз елінің мұндай азаматтары аз емес.
Бұрын «халық жауы» атанып кеткен азаматтарымыз да қаншама.
Жүрегі елім деп соққан әрбір азамат -өз елінің патриоты деп ойлаймын.
«Уақыт алтыннан қымбат
Уақыт- шынында да алтыннан қымбат.
Өйткені уақытты тиімді пайдалану керек.
Егер уақытты дұрыс пайдаланбасаң еш нәрсеге үлгермейсің.
Ерте тұру керек. Көп ұйықтауға болмайды.
Өз күніңді жоспарлау керек.
Уақытында тамақтану керек. Өйткені адам үшін ең бастысы- денсаулық..
Денің сау болса,қажетті іспен, өзіңе ұнайтын іспен айналыса аласың.
Әр нәрсенің өз уақыты бар.
Сондықтан алтыннан қымбат уақытымызды бос өткізгім келмейді.
«Мінез – адам сыны
Мінез -адам сыны
Мінез-адамның табиғи қалпы.
Мінез адамның ой-толғамына, талғам-сезіміне, көңіл- күйіне тікелей қатысты.
Менің ойымша, өзгермейтін мінез болмайды
.Негізінен мінез отбасында, ата-ана үлгісінде қаланады.
Одан соң адамдармен қарым-қатынастың, қоғамдық ортаның әсерімен тұрақты мінез қалыптасады.
Ең бастысы- адамның ұяты болуы.
Ұят – арлы мінез.
Адам әдепті, ұятты, намысты болса, айналасындағы адамдарға қолайлы болады деп ойлаймын.
Өйткені ондай адамдармен қарым-қатынаста болу кімге болса да ұнайды.
Мен өзім жақсы мінезді адам болуға тырысамын.
Қазақстанның бүгінгі жетістіктері
Қазақстанның ең үлкен жетістігі – ұлтаралық келісім мен бейбіт өмір.
Қазақстан мемлекеті – Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі.
Қазақстанның өз армиясы бар.
Біздің елімізде Жер шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар.
Қазақстан дамыған елдердің қатарына жатады.
1991 Жылы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
Біздің туымыз- тәуелсіздік, тілегіміз- бейбітшілік, тыныштық.
Еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін, халықтарымыздың жарастығын аман сақтау- әрбір азаматтың борышы.
Біздің елімізде газеттер 11 тілде шығады, теледидарды 12 тілде көріп, радионы 6 тілде тыңдап жүрміз.
Қазіргі таңда Қазақстан көп нәрсеге қол жеткізді.
. «Білім мен тәрбие – егіз»
Мен «білім мен тәрбие – егіз» дегенге келісемін
.Өйткені кез келген адам білім ала отырып, тәрбие де алады.
Бала ,әрине, ең бірінші отбасында тәрбие алады.
Тәрбиенің екінші кезеңін балабақша мен мектептен алады.
Өйткені бала уақытының көбін балабақшада, мектепте өткізеді.
Сондықтан мұғалім білім беріп қана қоймай тәрбие де береді.
Осы кезеңде мұғалім мен ата-ананың бірігіп жұмыс істегені жөн деп ойлаймын.
Үнемі білім мен тәрбие қатар жүреді.
Менің ойымша, білімді бала – тәрбиелі бала.
Сондықтан білімді де тәрбиелі болуға тырысайық.
«Бабалар аңсаған азаттық
Тәуелсіздік - біздің бақытымыз!
1986 Жылғы желтоқсан оқиғасы.
«Қазақстанды неге қазақ басқармайды?» деп алаңға лап қойған қазақ жастарының ерлікке толы тарихы мен тағдырын еске алайықшы.Осының бәрі біздің тарихымыз.
Ел таңдауы да, халықтың қалауы да - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды.
Азғана уақытта Елбасы ел сенімін ақтады.
Бабалар аңсаған азаттық туын жанына жалау етті.
Тәуелсіз Қазақстан атын әлемге мойындатты.
Әлемнің алпауыт мемлекеттерімен терезесі тең әріптестік орнатты.Менің ойымша, бүгін біздің Қазақстанымыз көш басында.Біз, жастар да, болашақта Тәуелсіз еліміздің көркейуіне үлесімізді қосамыз.
«Мен үшін қазақ тілін білу – мәртебе»
Тіл адамға өмір бойы керек.
Ғалымдар дүние жүзінде бес мыңдай тіл бар деп есептейді.
Казіргі уақытта көп тіл білу- өмір талабы.
Көп тіл білетін адамды полиглот деп атайды.
Біздің республикамыздың мемлекеттік тілі- қазақ тілі.
Қазақ тілі түркі тілдер тобына жатады.
Қазақ тілі- өте бай, көркем тіл.
Кісі көп тіл меңгерген сайын табыстары арта түседі.
Ал қазақ тілін білу- мен үшін үлкен мәртебе. Өйткені ол менің -ана тілім.
Ол менің ана сүтімен бойыма дарыған туған тілім.
«Өнердің түрлері»
Әрбір халықтың өнері сол халықтың өзімен бірге өмір сүретін құбылыс.
Өнердің түрлеріне музыканы, театрды, сәулет өнерін, әдебиетті жатқызатын болсақ, халық тарихының әр кезеңінде олар дамып отырған.
Халықтың өзімен бірге келе жатқан ежелгі өнерлерінің бірі – ән өнері.
Біржанның, Ақанның, Абайдың, Мәдидің, Иманжүсіптің әндері алғашқы ұлттық авторлық әндер.
Халқымыздың өнер тарихында әнмен бірге күйдің де орны ерекше.
Күй өнері ертедегі Қорқыт ата заманынан басталады.
Күй – қазақ халқының айрықша өнері. Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Тәттімбеттің күйлері – классикалық өнердің үлгілері.
Қазақ киносы жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары дүниеге келді.
Алғашқы қазақ кинотуындысы – «Аманкелді» көркем фильмі.
Бұл фильмнің сценариін Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов жазған.
Ұлттық өнер – жалпы халықтың рухани дамуы мен жаңғыруының көрінісі. Сондықтан әр кезеңде ол жаңа қырынан көрініп, дамып отырады
«Басшы қандай болу керек?»
Басшы - белгілі бір жүйемен жұмыс істейтін топты бастаушы, жол көрсетуші.
Жан – жақты басшылық қызметке дайын болу үшін қандай ерекшеліктер адам бойынан табылуы тиіс? Басшы кәсіпкерлікке бейім болуға тиіс.Кәсіпкерлік – іске кірісе кету, нақты шешімге келу, батылдық, динамизм, ынталылықтан бастау алады. Кез-келген іске бел шешіп кірісетін адам, алдымен, жұмысы үшін қажетті шарттарды дайындауға бейім тұрады. Сондай – ақ ол - бақылаушы, зерттеуші, келешекпен байланысты болжамдар да жасай алады. Тез тіл табыса кетумен бірге жоғары және төменгі қызмет сатысындағы адамдармен бірдей қарым – қатынасты сақтайды. Басшылық қызметті мұрат тұтқан жастар өзгені сыйлай білуі, мәдениет қағидаларын орындап, батыл да дұрыс қадам жасай білулері қажет.