Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Патан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
19.89 Mб
Скачать

Орын толтыру, бейімделу үрдістері

36/НЕ Грануляциялы тін. Микроскоптың кіші көрінісінде арасында көптеген жасушалық элементтер орналасқан, бірнеше жаңадан түзілген жұқа қабырғалы, әр түрлі кеңдіктегі қан тамырларға көңіл бөліңіз. Ал үлкен көріністе тіннің макрофактардан, лимфа және плазмоциттерден, эпителиодты жасушалардан, фибробластардан, лейкоциттерден тұратын жасушалық құрамын көріп, суретін салыңыз.

90/НЕ Эндометридің безді гиперплазиясы. Кіші көрінісінде жатырдың шырышты қабатының қалыңдауы, эндометридің бездер санының көбеюі, олардың әр түрлі пішінді және әр түрлі көлемді болуына байланысты. Ара тәрізді, штопр тәрізді кистозды кеңейген бездер кездеседі.

65а/Пикрофуксин ван Гизон бойынша боялған. Кардиосклероз. Кіші көріністе гипертрофияға ұшыраған, көк түске боялған кардиомиоциттерді табыңыз. Склероз ошағын тауып, оның пішініне, көлеміне көңіл аударыңыз. Бұл ошақтың түсі қызыл, суретін салыңыз.

ЭПИТЕЛИ ІСІКТЕРІ

Терiнiң папилломасын микроскоптық көрiнiсi бойынша анықтау - Papilloma cutis, 47 препарат, гематоксилин - эозинмен боялған.Кiшi көрiнiсте терi деңгейiнен жоғары көтерiлiп тұрған емiздiк тәрiздi iсiк анықталады. Үлкен көрiнiсте iсiктiң көп қабатты эпителийден (қабаттар саны көбейген) тұратыны және оның өзiндiк мембранасының сақталғаны байқалады. Iсiктiң аяқшасы борпылдақ талшықты тiннен және қантамырларынан құрылған. Тiндiк атипизм белгiлерi байқалады.

Мүйiзденген жалпақ жасушалы карциномасын зерттеп, суретiн салу - Carcinoma planocellulare keratades, 50 препарат, гематоксилин - эозинмен боялған.

Көп қабатты эпителийден дамыған iсiк жасушалары астындағы тiндi бұзып өсiп, аралшықтар құрайды. Жасушалар арасында домалақ пiшiндi, қызғылт түстi, көп қабатты құрылымдар - “iсiк маржандары” көрiнедi. Үлкен көрiнiстiң астында жасушалармен олардың ядроларын (көлемiн, пiшiнiн, боялуын) зерттеу.

Асқазанның аденокарциномасын микроскоппен зерттеп, суретiн салу - Adenocarcinoma ventriculi, 51 препарат, гематоксилин - эозинмен боялған.

Кiшi көрiнiсте iсiктi зерттеп, оның көлемi және пiшiнi әртүрлi бездерден құрылғанын және асқазанның қабырғасына енiп, оны бұзып өсетiнiн байқауға болады. Үлкен көрiнiсте - жасушалық атипизм белгiлерiн (жасушалар мен ядролардың көлемi мен пiшiнi, олардың боялуы) анықтап, бездердiң iшiнде емiздiк тәрiздi құрылымдар.

Мезенхималды ісіктер

Бауырдың каверналық гемангиомасы. 4/Гематоксилен-эозинмен боялған. Кіші көріністе бауыр тінінідегі ісікті тауып,анықтау. Оның қанға толған, көлемі мен пішіні әр түрлі өуыстардан құралғанына назар аударыңыздар. Үлкен көріністе қуыстарды астарлап өскен эпителий жасушаларын және ісіктің стромасы мен ісікті бауыр тінінен бөліп тұрған дәнекер тіндік капсуланы анықтау.

Хондрома . 142/Гематоксилен-эозинмен боялған. Кіші көріністе ісіктің жалпы түрін байқап,

үлкен көріністе гиалин шеміршегінің жетілген жасушаларының біртекті орналаспай, гомогенді базафильді негізгі затпен қоршалып, жатқанын байқауға болады.

Вилмс ісігі. 22/Гематоксилин-эозинмен боялған. Кіші көріністе бүйрек тінін және ісіктің жалпы көрінісін көреміз.Үлкен көріністе -ісік тінін тауып, солитарлы алаң немесе ядролары овальды немесе дөңгелек кейбір жерлерде түтік тәрізді атипиялық жасушалардан тұрады.