
Паренхималық дистрофиялар
Судан-3 - Бауырдың майлы дистрофиясы (Dystrophia lipoidea hepatis). Кiшi және үлкен көрiнiстерде гепатоциттердiң цитоплазмасындағы сарғыш түске боялған май тамшыларын тауып олардың суретiн салыңыздар. Бөлiктiң шет жақтарында iрi май тамшылары көрiнсе, оның ортасында ұсақ май тамшылары байқалады. Бауырдың бөлiгiнiң суретiн салыңыздар.
9/НЕ - Асқазанның шырышты карциномасы. (Carcinoma mycoides ventriculi). Кiшi көрiнiсте асқазан қабырғасының құрылымы өзгерген. Оның барлық қабаттарында iсiк жасушаларының өскенiн көремiз. Бұлшық ет қабатында көптеген шырышты ошақтар, ал онда цитоплазмасы ашық, ядросы шетке ығыстырылған “сақина” тәрiздi жасушалар байқалады.
185/НЕ және Кармен Бест. Қантты диабет ауруына тән бүйрек эпителиіндегі гликогенді анықтау. Бүйрек өзекшелерінің эпителиінің қою қызыл боялған гликоген түйіршектерді анықтаңыз.
Стромалық қан тамырлық дистрофиялар
261/Wg. Көк бауыр қабырғасының гиалинозы. (Gialin capsuli liens). Кiшi көрiнiстегi көк бауыр тiнiн тауып, оның суретiн салыңыздар. Оның қабырғасы қалыңдап, қызыл түстi бiртектi гиалин тәрiздi затпен сипатталған. Көк бауыр тiнi қалыпты, жасыл түске боялған
87/Н. Конго Рот. Бүйрек амилоидозы (Dystrophia amyloidae renis). Кiшi және үлкен көрiнiсте қоңыр түске боялған бүйрек тiнiн тауып, суретiн салыңыздар. Шумақтардағы капиллярлар эндотелийiнiң астындағы өзекшелердiң негiзгi мембранасындағы қан тамырлары эндотелийiнiң астындағы қызыл түске боялған амилоидқа назар аударыңыздар.
5/НЕ. Бүйрек қан тамырларының қабырғасындағы фибринойдты некрозы. Кіші көріністе бүйректегі үлкен қан тамырды тауып, оның қабырғасының гомогенді ядролары жоқ эозинофильді зат түзілуіне назар аударыңыз.
АРАЛАС ДИСТРОФИЯЛАР
Өкпе гемосидерозы-induratio fusca pulmonum. Перлс бойынша боялған. Кіші көріністе сұр түске боялған өкпе тінін тауып суретін салу. Үлкен көріністе қалыңдаған альвеолла аралық перделерге көңіл аударып,альвеолалардың,бронхтардың саңылауларында және альвеола аралық перделерде орналасқан, көк түске боялған гемосидерин түйіршіктерін тауып, суретін салу.
Бауырдың қоңыр атрофиясы- induratio fusca hepatic. 5/НЕ . Микроскоптың кіші көрінісінде бауыр бөліктерін анықтау, Диссе кеңістігінің кеңеюіне көңіл аударыңыз. Гепатоциттерде сары түске боялған липофусцинді анықтау.
Көздің меланомасы. 257/НЕ боялған. Кіші көріністе көздің құрылысын анықтау, үлкен көріністе көздің нұрлы қабығынан өскен ісік элементтерін табу, қара қоңыр түске боялған меланин дақтары көрінеді.
МИНЕРАЛДЫ ДИСТРОФИЯЛАР
Бүйректегі әкті метастаздар. 305/НЕ бойынша боялған. Кіші көріністе бүйрек стромасындағы өзекшелермен шумақтардың саңылауындағы қою көкшіл түске боялған кальций тұздарын тауып, суретін салыңыз.
Коронарлы артерия қабырғасының кальцинозы. 285/НЕ боялған. Кіші көріністе атеросклероздық табақшалардың нәтижесінде қан тамырлардың қалыңдағанын, көкшіл түсті шөккен кальции тұздарын көреміз.
НЕКРОЗ
Миокард инфарктісі-Infarctus miocardii.
166/НЕ және Конго қызыл бояуымен боялған. Кіші көріністе өзгермеген бұлшықет талшықтарымен бірге ядросы жоқ некрозға ұшыраған ошақтар көзге көрінеді. Бұл екеуінің арасында шекаралық аймақ орналасады, ол аймақ көптеген қанға толған қан тамырларынан және лейкоциттердің жиналуымен сипатталады.
Некроздық нефроз. 3/НЕ боялған. Кіші көріністе бүйрек тініндегі өзгермеген шумақтар айналасында ядролары жоқ яғни некрозға ұшыраған өзекшелерді көреміз.
ҚАН АЙНАЛЫМ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Жұпар жаңғақ тәрізді бауыр. 19/НЕ бойынша боялған. Кіші көріністе бауыр бөліктерін тауып, кеңейген және қанға толған орталық венаға көңіл аударамыз. Үлкен көріністе бауыр бөлігінің ортасындағы эритроциттер диапедезіне көңіл аударамыз. Бауыр үштігі өзгермеген.
Миға нүктелі қан құйылу. 21/НЕ боялған. Кіші көріністе ми тінін тауып, ондағы тамыр айналасында орналасқан эритроциттерді көреміз.
Өкпенің қабыну гиперемиясы. 70/НЕ боялған. Кіші көріністе өкпе тінін көріп, қуысы серозды геморрагиялық эксудатқа толған альвеолардың бөлігін табамыз. Осы бөліктерде қанға толған тамырларға көңіл бөліп, суретін саламыз.