20Билет
58.Зейнетақы жүйесiнiң реформалаудың кейбiр аспектілерi.Қазақстанның зейнетақы қорлары келесі ерекше аспектілерге ие:зейнетақы қорлары әлеуметтік бағдары бар институт болып табылады;зейнетақы қорлары – тәукелдігі жоғары емес проектілер мен мүмкіндігіне қарай сенімді зейнетақы активтерін инвестициялайтын және зейнетақылық салымдарды қабылдайтын қаржылық институт;зейнетақы қорларына капиталдың жеткізушілері болып елдің барлық жұмысқа қабілетті (жұмыс істеуші) халқы табылады;жинақтаушы зейнетақы қорларында төлемдерді бастау аралығында және де зейнетақыны төлеу мен салымдар түсімдерінің аяқталу мерзімдерінің аралығында ұзақтығы бірнеше жылға созылатын уақытша лагтар әрекет етеді; бұл жинақтаушы зейнетақы қорларына өзінің портфелінің бірталай бөлігін құра отырып ұзақ және қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды іске асыруға мүмкіндік береді;зейнетақы қорлары тікелей және зейнетақы активтерін басқаратын компаниялар арқылы қаржылық нарықтарда қатысады.
59.Зейнетақы шартын жасасу тәртібі.Мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысы мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу үшiн бiр ғана жинақтаушы зейнетақы қорын таңдап алуға және онымен мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға мiндеттi. Мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшысына мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бiр мезгiлде екi және одан да көп шарт жасасуға, сол сияқты салымшының мiндеттi зейнетақы жарналарын iс жүзiнде екi және одан да көп жинақтаушы зейнетақы қорына енгiзуiне, не жарнаны бiр қорға төлеп, жинақталған зейнетақы қаражатының бiр бөлiгiн басқа жинақтаушы зейнетақы қорында сақтауына жол берiлмейдi.Салымшының жинақтаушы зейнетақы қорларыменжасасатын зейнетақы шарты1. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшы арасында мiндеттi зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгi шарттарға сәйкес жазбаша түрде жасалады.2. Мiндеттi зейнетақы жарналары, ерiктi зейнетақы жарналары, ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгi шартты уәкiлеттi орган әзiрлеп, бекiтедi және онда мынадай мәлiметтер мен талаптар қамтылады:1) жинақтаушы зейнетақы қорының атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;2) салымшының тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), әлеуметтiк жеке коды, мекен жайы (егер ол жеке тұлға болса) немесе оның атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi (егер ол заңды тұлға болса);3) шарттың мәнi;4) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi;5) зейнетақы жарналарын енгiзудiң тәртiбi мен шарттары;6) жеке зейнетақы шотының нөмiрi;7) жинақтаушы зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйi жөнiнде есеп беру тәртiбi;8) тараптардың мiндеттемелердi орындамаған жағдайлардағы жауапкершiлiгi;9) шарттың қолданылу мерзiмi;10) шартты өзгертудiң және бұзудың тәртiбi мен ережесi;11) ерiктi зейнетақы жарналарының немесе ерiктi кәсiптiк зейнетақы жарналарының алушысы туралы мәлiмет; 12) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәлiметтер болады.Зейнетақы келісім-шарттарын жасасу тәртібі 6. Міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы зейнетақы келісім-шартын Қор дербес не Қордың Агенті (-тері) арқылы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келісім-шарт жасасуға құқылы жеке немесе заңды тұлғамен жасасады. Келісім-шарт міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары (бұдан әрі – зейнетақы жарналары) есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы үлгі зейнетақы келісім-шарттарына сәйкес жазбаша нысанда жасалады. Келісім-шарт Салымшы/Алушы зейнетақы жарналарын Қорға төлей бастағанға дейін және басқа жинақтаушы зейнетақы қорларынан аударылған зейнетақы қаражаты түскенге дейін жасалуы тиіс. 7. Қордың келісім-шарт жасасқысы келетін тұлғамен Қазақстан Республикасының қазіргі заңдарына сәйкес келісім-шарттың екінші тарабы бола алмайтын жағдайларды қоспағанда, келісім-шарт жасасудан бас тартуға құқығы жоқ. 8. Келісім-шарт бірдей заң күші бар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде екі данада жасалады: бір дана Қорда қалады, екінші дана Салымшыға/Алушыға табыс етіледі.
60. Еңбеке уақытша жарамсыздығы бойынша берілетін жәрдемақы. Еңбекке уақытша жарамсыздықты қызметкердің науқастануына, еңбек жарақатын алуына орай немесе заңдарда әлеуметтік деп танылған өзге де себептер орын алған жағдайда еңбекке қабілетінің жоғалуына немесе төмендеуіне байланысты өзінің еңбек міндеттерін орындай алмауы ретінде түсінуге болады. Еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақыны берудің мақсаты болып еңбекке қабілетті қалпына келтіру, сонымен қатар қызметкердің қызметтестерінің және оның отбасы мүшелерінің денсаулықтарын қорғау мақсаттарында созылмалы аурулардың, қызметкерде қандай да бір аурудың туындауының немесе дамуының алдын алу. Еңбекке уақытша жарамсыздығына б-ты жәрдемақылар төмендегідей жағдайларда тағайындалады және төленеді:-еңбекке қабілетін жоғалтумен б-ты ауру(жарақат)орын алған жағ-да;-жүктілікті жасанды жолмен тоқтатқан кезде;-отбасының науқастанған мүшелерін күту кезінде;-карантин кезінде;-туберкулезбен немесе кәсіптік аурумен ауыруына орай басқа жұмысқа уақытша ауысу кезінде;-өзге де жағ-да. ЕУЖБЖ түрлері: жоғарыда аталғандар + протездік-ортопедтік кәсіпорынға орналастыра отырып протездеу кезіндегі. ЕУЖБЖ тағайындау және төлеу үшін негіз болып белгіленген тәртіпте берілетін еңбекке уақытша жарамсыздық қағазы табылады.
21/22/23-жоқ
