
18Билет
52.Мүгедектікке қатысты мемлекеттік саясаттың тиімділігінің критерийлері
Мемлекеттің өз азаматтары туралы реттелген, жүйелі қамқорлығы, ең алдымен, сол немесе өзге топтағы халықтың құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты халықаралық стандарттарды мемлекеттік сақтауға дайындығының деңгейін сипаттайтын нормативтік құқықтық актілер мен бағдарламалық құжаттардан көрінеді.
Қазақстан Республикасында мүгедектерге қатысты ұлттық саясат нормативтік құқықтық актілер мен тұжырымды құжаттарда өз көрінісін тапты. Қазіргі кезде Қазақстанда мүгедектердің әлеуметтік жағдайы мен құқықтарын қорғау мәселелері «Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» ҚР-ның Заңы, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асырау-шысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы»1997 жылғы 16 маусымдағы ҚР Заңы, «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі ҚР Заңы сияқты бірқатар нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.
Алайда,ондаған жылдар бойы мүгедектердің құқықтарының жиынтығын айқындай, мүгедектер мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттей отырып, мәнісі бойынша мүгедектер жөнінде ұлттық құқық қорғау стандартының көрінісі болып табылатын осы заң тиісті түрде халықаралық стандарттарға сай келмеді әрі мүгедектерге тең мүмкіндіктер мен құқықтарды ұсынуда мемлекеттік саясаттың дамуына ықпал етпеді.
Заң денсаулығын сақтау, еңбекке, білімге, тұрғын үйге құқық сияқты мүгедектердің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтарын реттей отырып, азаматтық және саяси құқықтар, оларды іске асыру тетіктері жөнінде ережелерді қамтыған жоқ.
Заң кемтар адамдардың ерекше құқықтары мен қажетілік мәселелерін де қамтымады. Сол уақытта осындай нормативтік құқықтық актінің аясында бірінші кезекте мүгедектердің барлық қызмет саласындағы аса мұқтаждықтары мен нақты қажеттіліктері орын алуға тиіс.
Заңда мүгедекетердің негізгі құқықтарын іске асыру тәртібі айқындалса да, олардың орындалмағаны үшін жауапкершілік көзделсе де, осы нормативтік құқықтық актінің көптеген талаптары әлі күнге дейін түрле себептерге байланысты мойындалмайды. Қойылған талаптарды, мысалы, мүгедектердің көпшілік пайдаланатын орындарға, қалалық инфрақұрылым объектілері мен қоғамдық көлікке кедергісіз кіруі үшін тиісті жағдай жасауға қойылған талаптарды сақтамағаны үшін кез келген меншік нысанындағы субъектілерге әкімшілік сипаттағы санкциялар болса да әлі күнге мүгедектер үшін қол жетпейтін күйінде қалды. Осылайша, мүгедектерді құқығы тұжырымдамасының негізгі қағидаты – құқықтарды пайдаланудағы тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету бұзылады.
Заң ережелерінің тиімсіздігінің негізгі көрінісі - мүгедектердің қоғамдағы тіршіліктің барлық салаларына бейімделуін ынталандыруға бағдардың болмауында. Осыған байланысты, мүгедектердің жағдайын түбірімен жақсартуға ықпал ететін мүгедектердің құқықтарын әлеуметтік қорғау туралы бұрынғысынан да жаңа, үздік құқықтық актіні әзірлеу қажеттігі де туындады.
Осылармен қатар мүгедектерге қатысты ұлттық саясатта жаңа амалдарды көрсететін басқа да құжаттар бар. Бұл – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 маусымдағы № 886 қаулысымен бекітілген Халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1758 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді оңалтудың 2002-2005 жылдарға арналған бағдарламасы.
Қазір ынтымақты да, дербестендірілген жүйені де, міндетті және ерікті сақтандырудың да элементтерін қамтитын аралас әлеуметтік қорғау жүйесі қалыптастырылуда. Ол адам өмірде тап болуы мүмкін негізгі қатерлерден халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Азамат еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда бюджет қаражатының есебінен жәрдемақы, әлеуметтік сақтандыру жүйесінен төлем мен сақтандыру компаниясынан төлем алуға құқығы бар. Бұдан басқа, сақтандыру компаниясы протездеуге, емделуге және оңалтуға, еңбек қабілеттігін қалпына келтіруге және зиян шеккен адамның басқа да мұқтаждықтарына кеткен шығыстарды жабуы тиіс.
Ұсынылып отырған әлеуметтік қорғау жүйесі үш деңгейден тұрады:
негізгі деңгей деп аталатын кепілдік берілген әлеуметтік қорғаудың
- бірінші деңгейі - әлеуметтік қорғауға жататын мән-жайжар туындаған жағдайда барлық азаматтарды кепілдік берілген төлемдермен қамтамасыз ету үшін мүгедектерге арналған мемлекеттік жәрдемақы;
-екінші деңгей - әлеуметтік қатердің үш түрі бойынша әлеуметтік сақтандыру қорына жұмыс берушілер мен қызметкерлер аударымдарының есебінен қаржыландырылатын және төленген жарна деңгейіне байланысты қызметкерлерді қосымша қорғауға арналған міндетті әлеуметтік сақтандыру.
-үшінші деңгей - еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру. Сақтандыру оны мен сақтандыру ұйымының арасында жасалған сақтандыру шартының талабы бойынша жұмыс берушінің сақтандыру ұйымына міндетті аударымдары есебінен жүзеге асырылады.
53.Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі
Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының жүйесі - бұл белгілі бір, ғылыми негізделген кезектілікте орналасқан, объективті түрде өзара байланыста болатын құқықтық институттар мен нормалардың жиынтығы. Бұл жүйенің элементтері болып мыналар табылады: құқық нормасы, институтішілік құрылым, институт, кешенді институт, салашық. ӘҚ құқығының негізгі институттары болып мыналар табылады: еңбек стажы, зейнетақылар, жәрдемақылар, жеңілдіктер, өтемақылар, әлеуметтік қызмет көрсету. Аталған институттар құқықтық нормалардың аса ірі бірлесулері болып табылады және өз кезегінде, әлдеқайда ұсақ құрылымдық бірліктерге - институтішілік құрылымдарға бөлінеді. Мысалы жәрдемақылар институты өз ішінде келесі құрылымдардан тұрады: балалары бар тұлғаларға берілетін жәрдемақылар, еңбекке уақытша жарамсыздығына берілетін жәрдемақы және т.б.
«Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы» оқу курсының жүйесі - бұл 3 бөліктен (жалпы, ерекше, арнайы) тұратын құқықтық нормалардың ғылыми негізделген түрлері және құрылымы.
ӘҚ құқығының жалпы бөлімі ӘҚ құқығы саласының пәнін, әдісін және міндеттерін, ӘҚ саласындағы құқықтық қатынастарды, қағидаларын, жүйесін және қайнар көздерін сипаттайтын нормалар жатады.
ӘҚ құқығының ерекше бөлімі осы құқық саласының келесідей жекелеген институттарын зерттейді: еңбек стажы, зейнетақымен қамсыздандыру, жәрдемақылармен қамсыздандыру, жеңілдіктер, өтемақылар және т.б.Ерекше бөлім азаматтарға әлеуметтік қамсыздандырудың әртүрлі түрлерін, ұсынудың жағдайлары мен тәртібін, олардың мөлшерін реттейді. Ерекше бөлімнің нормалары жекелеген институттарды құрайды.
54.Жәрдемақы мөлшері, төлеу кезеңдері
Жәрдемақы — азаматтарды әлеуметтік қорғаудың бір түрі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының 5 түрі бар. Олар
- мүгедектігі бойынша
- асыраушысынан айырылуына байланысты
- жасына байланысты берілетін жәрдемақы
-жүктілігіне және босануына байланысты
- арнаулы
Бұл Жәрдемақыларды Қазақстанның әрбір азаматы, сондай-ақ, азаматтығы жоқ адамдардың алуға құқығы бар. Бір мезгілде әр түрлі мемлекеттік әлеуметтік Жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға, олардың таңдауы бойынша бір ғана Жәрдемақы тағайындалады.
2013 жылғы 1 қаңтардан күнкөріс деңгейінің және айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне сәйкес мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылуына байланысты және жасына байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, бала бiр жасқа толық толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері көбейтіледі.
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 1731 теңге; жеңілдіктердің орнына арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар үшін АЕК – 1763 теңге.
Жәрдемақының мөлшерін қайта қарау жыл сайын республикалық бюджет туралы заңмен бекітілетін айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне, сондай-ақ мүгедектік тобының өзгеруіне байланысты жүргізіледі.
2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Жәрдемақы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгерісін ескере отырып төленеді.
Әлеуметтік жәрдемақылар міндетті әлеуметтік қамсыздандыруға жататын тұлғалардың негізгі жұмыс орны бойынша, келесі кезектілікпен төленеді:
мемлекеттік мекемелермен – тиісті ерекшеліктер бойынша, бұл ретте есеп беру кезеңінен есептелген әлеуметтік салық сомасы ҚР-ның заңдарына сәйкес, осы кезеңге тағайындалған еңбекке уақытша жарамсыздығына, жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақылардың сомасына азайтылады;
өзге жұмыс берушілермен - өз қаражаты есебінен, яғни жиынтық жылдық табысы салық төлеушілердің уақытша жарамсыздыққа, жүктілігіне және босануына байланысты жәрдемақыларды төлеуге кеткен шығындарының сомасына дейін азайтылады.
ҚР-ның әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңдарында жәрдемақылардың мөлшерін анықтаудың бірнеше тәсілдері көзделген.
1-тәсіл – жәрдемақының мөлшерін негіздік сомада анықтау.
2-тәсіл – жірдемақының мөлшерін өмір сүру деңгейінің ең төменгі мөлшеріне немесе кедейліктің шегіне қарай анықтау.
3-тәсіл – бұл жәрдемақының мөлшерін оны алушының жалақысына қарай анықтау.