Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билетке жауап 24 мамыр 2013 жыл.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
92.24 Кб
Скачать

17Билет

49.Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының бастаулары

Халықты әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік қорғау мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты басымдықтарының бірі болған және болып қала береді, ол халықтың әл-ауқатын әлеуметтік қамсыздандырудың көпдеңгейлі жүйесін, міндетті әлеуметтік сақтандыруды, кедейлікті төмендету тетіктерін, халықтың әлеуметтік жағынан алғанда осал топтарын әлеуметтік қолдауды енгізу жолымен көтеруге бағытталған.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі зейнетақы жүйесін, мүгедектік пайда болған кездегі, асыраушысынан айырылған жағдай бойынша, жасы бойынша әлеуметтік қамсыздандыруды, әлеуметтік көмек көрсету жүйесі мен әлеуметтік қызмет көрсетулер жүйесін қамтиды. Оның қатысушылары арасындағы ынтымақтастықсыз қамсыздандырудың жалғыз түрі жинақтаушы зейнетақылық жүйе болып табылады.

ҚР Конституциясымен Қазақстан Республикасының азаматына жалақы мен зейнетақының ең төменгі мөлшеріне, жасы келгенде, ауырған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылғанда және өзге де заңдық негізде әлеуметтік қамсыздандыруға кепілдік беріледі. Конституцияның 28 бабында «Қазақстан Республикасының азаматтарына жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айрылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгіжалағы мен зейнетақының мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермелеп отырады»,-делінген.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздері өз жүйесіне ие, ол әлеуметтік қамсыздандыру құқығының барлық заңдарының біртұтас кешенде орналасу құрамын, өзара байланысын және кезектілігін білдіреді.

Әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздерінің түсінігі тура мағынада әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларына бастау беретін-әлеуметтік қамсыздандыру туралы құқықтық нормалардың мазмұнын анықтайтын қасиетті білдіреді, сол себепті әлеуметтік қамсыздандыру құқығы қайнар көздерін әлеуметтік қамсыздандыру құқығының нормаларынан тұратын, кұзыретті органдардың жазбаша актілері ретінде сипаттауға болады.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі бұл нормаларды, жүріс-тұрыс ережелерін мемлекеттің арнайы органдары анықтайды. Яғни, әлеуметтік қамсыздандыру құқығы кайнар көздерінің түсінігі мемлекеттің уәкілетті органдарының құқықты қалыптастыруға, оған заңдар, жарлықтар, қаулылар және өзге де нормативтік құқықтық актілер нысанын беруге байланысты тікелей қызметімен байланысты. Бұл жерде біз құқық қайнар көздері түсінігінің формальды немесе заңды мағынасын байқаймыз.

Сонымен, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері ретінде мемлекеттің кұзыретті органдарының зейнетақы және өзге де қоғамдык қатынастарды реттеу саласындағы құқық шығармашылық қызметінің нәтижелерін түсінуге болады. Басқаша айтар болсақ, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының қайнар көздері - бұл әлеуметтік қамсыздандыруды реттейтін нормативтік құқықттық актілер.

50. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері.

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдеріне жинақтаушы зейнетақы қорларында жинақталған зейнетақы қаражаты бар мына адамдардың:

1) елу бес жасқа толған адамдардың;

2) мүгедектердің;

3) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгілнген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы төлемдері:

1. Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдеріне:

1) елу жасқа толған;

2) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен және кету ниетін немесе кету фактісін растайтын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құжаттарды табыс еткен адамдардың құқығы пайда болады.

Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы қаражаты бар адам қайтыс болған жағдайда олар ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

51.Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесі

Мүгедек – бұл өмірлік қызметіне шек келітірп, оның әлеуметтік қорғалуын қажет ететін ағза қызметінің бұзылуы, аурулар, жарақаттар, олардың зардабынан болған дефектілері бар денсаулығы бұзылған тұлға.

Қазастан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау - мүгедектерге әлеуметтiк көмек көрсету, оңалту, сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуы жөнiндегi шаралар кешенi. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау әлеуметтiк көмек көрсету, медициналық, әлеуметтiк және кәсiптiк оңалту, бiлiм беру және олардың қоғам өмiрiне басқа азаматтармен бiрдей қатысуына мүмкiндiктер жасауға бағытталған өзге де шаралар арқылы қамтамасыз етiледi.

2003 жыл 31 желтоқсан «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты:

- мүгедектікті алдын алуға;

- әлеуметтік қорғауға, соның ішінде мүгедектерді оңалтуға;

- мүгедектерді қоғамға жақындастыруға бағытталған.

Мүгедектерге көрсетілетін әлеуметтік көмектердің түрлері:

Мемлекеттік жәрдемақы, өтемақы және басқа да төлемдер

Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қосымша әлеуметтік төлемдер

Жұмыс берушілердің көрсететін қосымша әлеуметтік көмек түрлері

Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы оларға әлеуметтік , медициналық және әлеуметтік , кәсіби жарамдылығын арттыру , білім беру сияқты бағыттағы қоғамдық өмірге оралтуға байланысты өткізілетін шаралармен жүзеге асады .

Сонымен бірге , еңбекке жарамсыз болған жағдайдағы міндетті сақтандыру төлемдері заңмен қарастырылған . Ауру , жарақат алу , мертігу салдарынан болған әлсіздікті жою бағытында диагностикалық , емдеу және қалыпқа келтіру сияқты медициналық сауықтыру шаралар жүргізіледі .

Мүгедектерді әлеуметтік сауықтыру мүгедектердің әлеуметтік статусын , олардың әлеуметтік - тұрмыс және әлеуметтік - орталыққа үйрету мақсатында жүргізіледі . Оған мүгедектерді әлеуемттік , техникалық көмек құралдарымен , көлік және рекреакциялық құрылымдармен , ақпараттық ортамен қамтамасыз етілуін және материалдық , әлеуметтік - психологиялық қолдау көрсету кіреді .

Қосымша көмек қажет ететін мүгедектердің әлеуметтік қамтамасыз етілу жүйесіне республикада мед - әлеуметтік мекемелердің , әлеуметтік қорғаудағы территориялық орталықтардың және үйде жеке көмек көрсету сияқты мүмкіндіктері кіреді . Интернат - үйлерінде тұратын мүгедектер мен қарттарға медициналық , әлеуметтік - тұрмыс жағынан , әлеуметтік адаптация , еңбекке жарамдылығын арттыру , білім беру сияқты көмектер көрсетіледі .

Республикамызда мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік көмек көрсететін , медицналық , әлеуметтік және кәсіби даму , мүгедек - балаларға білім беру бағдарламасын жасау , моральды - психологиялық жағынан қолдау көрсету , олардың хұқықтары туралы ақпарат беретін 6 территориялық орталықтар бар .

Заңға сәйкес мүгедектер сауықтыру бағдарламаларына орай протез - ортопедтік көмекпен , қозғалуға байланысты әлеуметтік жабдықтармен , сурдо - тифложабдықтармен және басқа да техникалық құралдармен , сонымен қатар мемлекеттік бюджеттен бөлінетін мемлекеттік тапсырыс бойынша сауықтыру - курорттық емдеу шаралымен қамтамасыз етіледі .