Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1РК полит каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
128.51 Кб
Скачать

Тест тапсырмаларын құрастырған _______________ Абдильдина х.С. Саясаттанудан 1- бақылауға арналған тест сұрақтары

3-нұсқа

1 Қоғамның барлық салаларын толығымен қамтамасыз етіп, билік жүргізеді...

А) Тоталитаризм;

В) Авторитаризм;

С) Демократия;

Д) Монархия;

Е) Діни мемлекет.

2. .......... – көп ұлтты мемлекетте аз ұлт өкілдерінің бөлек мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия құруға ұмтылуы.

3. Мемлекеттің негізгі қызметі адамның әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған түрі:

А) Құқықтық мемлекет;

В) Әлеуметтік мемлекет;

С) Конституциялық монархия;

Д) Республика;

Е) Демократиялық мемлекет.

4. ҚР мемлекеттік билік механизмдерін тарату жүйесінде Әкімшілік қай билік тармағына жатқызамыз.

А) Заң шығарушы;

В) Атқарушы;

С) Сот;

Д) Жергілікті басқару органы;

Е) Сайлаушы орган.

5. Унитарлық мемлекет дегеніміз не?

А) Мемлекет билік органдарының сайлануын қамтамасыз ететін мемлекет түрі;

В) Мемлекеттік билік бір адамның қолында және ол мұрагерлік жолмен ауысуын қамтамасыз ететін мемлекет түрі;

С) Қарапайым құрылымымен және бір Конституциясымен ерекшеленетін мемлекет түрі;

Д) Құрамына кіретін территориялық бірліктердің өз еркіндігін білдіретін, бірақ өз беттерінсіз одан шығуға құқығы жоқтығын білдіретін мемлекет түрі;

Е) Қоғамдағы адамдардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ететін мемлекет түрі.

6. Іс жүзінде деген қай терминнің негізінде жатыр?

А) Де-юре;

В) Де-факто;

С) Абсентизм;

Д) Хартия;

Е) Эклектизм.

7. Мемлекеттің кең мағынада қолданылуы:

А) Тұтас жүйе ретінде;

В) Билік құрылымы ретінде;

С) Мемлекет деген – халық;

Д) Саяси институт;

Е) Билік көзі ретінде.

8. Жеке бастың тұлғалық қасиетіне негізделген билік легитимдігі қалай аталады?

А) Харизматикалық;

В) Дәстүрлі;

С) Заңды;

Д) «Ту ұстаушы»;

Е) «Қызметші».

9. Азаматтық қоғам неге негізделеді?

А) Демократияға;

В) Конституцияға;

С) Құқықтық мемлекетке;

Д) Жариялылыққа;

Е) Сөз бостандығына.

10. Қоғамда қандай саяси режим екенін қандай параметрлер арқылы анықтауға болдады?

А) Билік үшін күрес, саясатқа көпшіліктің қатысуы және саяси құндылықтар;

В) Билік үшін күрес, саяси идеология және плюрализм;

С) Билік үшін күрес, саяси жүйе және саяси үрдіс түрі;

Д) Билік үшін күрес, сөз бостандығы және азаматтық қоғам жағдайы;

Е) Билік үшін күрес, сайлау және адамның құқығы мен бостандығы.

11. Төмендегі көрсетілген нұсқалардың қайсысы саясаттанудың қызметіне жатпайды?

А) Гносеологиялық;

В) Саяси жүйені рационализациялау;

С) Танымдық қызметі;

Д) Саяси әлеуметтендіру;

Е) Болжам жасау қызметі.

12. Тоталитаризмнің негізгі түрлері:

А) Коммунизм, социализм;

В) Коммунизм, фашизм, диктатура;

С) Коммунизм, фашизм, национал-социализм;

Д) Фашизм, социализм, сталинизм;

Е) Фашизм, национал-социализм, сталинизм.

13. Саясаттану қай ғылымдар жүйесіне жатады?

А) Гуманитарлық;

В) Қоғамдық;

С) Жаратылыстану;

Д) Халықаралық;

Е) Жас ғылым.

14. Билік пен саясатты ерекше рух (күш) жаратқан деп түсіндіретін қай парадигма?

А) Әлеуметтік;

В) Рухани;

С) Теологиялық;

Д) Геосаяси;

Е) Психологиялық.

15. Қоғамдағы адамдардың әлеуметтік жағдайы мен оның саясатқа әсер етуін зерттейтін әдіс қалай аталады?

А) Әлеуметтанулық;

В) Антропологиялық;

С) Психологиялық;

Д) Салыстырмалы;

Е) Бихевиористтік.

16. Қазақстанда саясаттану қай жылдан бастап оқытыла бастады?

А) 1989 ж.;

В) 1990 ж.;

С) 1991 ж.;

Д) 1992 ж.;

Е) 1993 ж.;

17. Билік дегеніміз не?

А) Әсер ету;

В) Ықпал ету;

С) Мәжбүр ету;

Д) Пайдалану;

Е) Қорғау.

18. Биліктің объектісі мен субъектісі қай жағдайда орын ауыстырады?

А) Билік ауысқанда;

В) Саяси шешімдер қабылданғанда;

С) Саяси режим ауысқанда;

Д) Демократия кезінде;

Е) Ешқашанда.

19. Ең алғаш қай ойшыл мемлекеттік биліктің тармақтарын көрсеткен?

А) Дж. Локк;

В) Н. Макиавелли;

С) Т. Гоббс;

Д) Ж.Ж. Руссо;

Е) Ш. Л. Монтескье.

20. Демократия толқындары туралы айтқанда қандай негізгі идея бағыт бола алады?

А) Мемлекеттердің болашағы – демократиялық дамуға тығыз байланысты;

В) Демократияның басты жетістігі – оның дамыған саяси жүйе екендігі;

С) Демократияның басты кемшілігі – оның дамымаған саяси жүйе екендігі;

Д) Демократия – қазіргі таңдағы ең тиімді басқару түрі;

Е) Демократия – қазіргі таңдағы ең қауіпті басқару түрі.