Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дин соц ОТВЕТЫ ВСЕ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
124.09 Кб
Скачать

22. Христиандық және демократия

Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни халықбилігі деген мағынаны білдіреді. Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Діни демократия жалпы демократия тарихында жаңа дәуірді ашады. Христиандық демократия - христиандық тәртіпке бағынатын, әлеуметтік және идеологиялық көзқарасы қалыптасқан қазіргі консерватизмнің бір түрі. Христиандық демократия өзінің даму жолында бірнеше өтпелі кезеңдерден өтті. XIX ғасырда либерализм мен азаматтық ұлтшылдықтың өсуі нәтижесінде Католик шіркеуінің халықаралық орны күрт төмендеді. Халықтың сенімін өзіне қайтарып алу үшін шіркеу реформаларды, жаңа әлеуметтік доктринасын және христиандық демократияны жария етті. Бірінші Дүниежүзілік Соғысқа дейін шіркеу саяси католиктік партиялардың құрылуын мақұлдамады.Ал соғыстан кейін Ватикан елі оған өз келісімін берді, алайда шын мәнінде осы партиялардың құрамында басқа да көптеген христиандық конфессиялардың өкілдері кірді. Екінші Дүниежүзілік Соғыстан кейін бұл құбылыс стихиялы түрге ауысты және көптеген Батыс Еуропа елдерінде билік басына христиандық демократтар келді. Бүгінгі таңда көптеген халықаралық ұйымдардың құрамында христиандық-демократиялық қозғалысы басым партиялар да бар. Жалпы қысқаша айтатын болсақ, сол кезде орын алып отырған Рим-католик шіркеуінің Папалары өздерінің реформаларын жүргізе отырып, демократияны пайдаланып халықты өзіне қаратқысы келді. Алайда христиан діні мен демократия тез арада байланысы орнықпаған еді, ол үшін көптеген жылдар мен беленді өзгерістер керек еді. Христиан шіркеуі халықаралық дәрежесін көтеру мақсатында олар ерте кезде қалыптасқан доктрина мен догмалардың дәрежесін төмендетті,сол арқылы қазіргі кездегі христиандағы демократия қалыптасты.

23. Исламдағы әлеуметтік әділдік және кәміл адам

Алланың алдында ешкім үстем бола алмайды. Тек Ол ғана тірілтеді, өлтіреді. «Билік иесі, Аллаһ, қалаған құлыңа билік бересің, қалаған құлыңды биліктен айырасың, қалаған құлыңды үстем қыласың, қалаған құлыңды қор қыласың. Жақсылық Сенің қолыңда, және әлбетте әр нәрсеге құдыретің жүреді.(имран 26)

Ислам адамдардың жаратылуын, ақиретке оралуын, өмір сүруін, ажал жетуін, дүние мен ақиретте Алланың алдындағы құқықтары мен міндеттерін де тең қылды. Артықшылық тек ізгі амалдарға ғана беріледі. Сондай ақ, тақуалар ғана ардақталады. Ислам нәсілшілдік, ұлтшылдыққа жол бермейді.ислам қол жеткізген теңдіккеғ қазіргі заман өркениеттерінің ешқайсысы жете алған жоқ. Теңдік әлеуметтікәділдікті басқарады. Жамағатпен қылатын намазға қарасақ, парқыр мен байдың, басшы мен қызметшінің қатар тұрғанын көресің, олардың барлығы Аллаға бастарын иіп, оны пәктеп жаттыр.

24. Томас Лукманның діни көзқарастары

Философиялық антропология идеясынан бас тартатын Лукман пікірінше биологиялық адам табиғатының шығу шегі-трансценденттік бұл процесс конструктивті универсумның мағынасы.

Универсум түгелімен «күнделікті өмірдің шыңайылығынан» тыс жатқандықтан, мұндай конструктивтік әрқашанда діни мінезге ие.

Лукман бойынша трансценденттік-фундаментальды діни процесс және адам өмірінің ажырамас бөлігі. Бұл Лукманның идеясы М.Шеллердің идеясымен пара-пар. Бірақ Шеллер трансцендент ұғымын теологиямен байланыстырады.Ал Лукман метафизикадан алшақтау. Лукманның идеалистік концепциясы «адам құндылығы». Вдам әуел бастан діни және дінсіз өмірді тану мүмкін емес және мүмкін бола алмайды деген. Сонымен дінилық бұл адам табиғатына тән қасиет. Лукман бойынша кез-келген дүниетаным өмірді біртұтас көру амалы, яғни діни мінезге тән. Әрине, даусыз діни дүниетаным социалдық функцияны атқарады,және қоғамның дамуымен өзгеріп отырады. Сонымен қоса Лукман социологиялық тіл,тілге түсініктің әсері,социальдық структуралардың құрылымымен айналысты.

25. Христиандық дін адамдарының демократияға қосқан үлестері

Ватикан либералды демократияның басымдылықтарын көрді.Біріншіден,қоғамдық қауымдастықтықтардың бостандығын кепілдік берілді.Екіншіден,көпшіліктің ерік-жігерін қорғады.1944 жылы Пий XII өзінің рождестволық халыққа деген сөзінде либералды демократияны христиандыққа сай келетін саяси форма деп атап өткен болатын.

1970 жылдарға дейін христиандық-демократиялық партиялар Италия мен ФРГ саяси өмірінде билі жүргізді.Сонымен қатар Бельгия,Нидерланды,Люксембург, Австрия және Швейцарияда кеңінен таралды.Олардың жасап жатқан саясаты шың мәнісінде правоцентристік болды.Христиндық партия күштері 1970 жылдары олардың позициясы әлсіреді,бірақ 1980 жылдары қайтадан күшейді. Христиан-демократ саясаткерлері Робер Шуман мен Альчиде де Гаспери Еуропалық одақтың құрылуына негіз болғандар.

II Ватикан соборының «Gaudum et Spes» жолдауында Ватиканның тәелсіз шіркеу екенін атап көрсетті.Жолдау бойынша шіркеу өзін саяси,эконмикалық жүйесіне алшақ екенін жариялады,бірақта өздерінің болып жатқан істерге бағасын бере алатындығын айтты.Мемлекет пен шіркеу арасындағы қарым-қатынас тек екі автономды құрылыс ретінде қарастырылады.

1980 жылдардың соңында 1990 жылдардың басында христиандық демократтар Шығыстық Еуропа мен Латын Америкасында парламенттік демократияның қалыптасуына үлкен ықпалын тигізді.Олардың партиялары Словакияда,Венгрияда,Чилиде,Польшада болған сайлауларда партиялар үлкен жетістіктерге жетті. «Centesimus Annus»деген энцикликасында («Сотый год», 1991) папа Иоанн Павел II шіркеудің демократия идеалдарына және құқықтық мемлекетке жақын деп пайымдады. Оның пікірі бойынша әр адам шың мәнінде сенген дінге қызмет етуі керек.Зерттеушілердің айтуы бойынша христиандық демократия әлі де өзіндік даму жолында алға басады.Жартысы оның социал-демократияға қосылады десе, екіншілері оның секулярлы консерватизм жаққа дамиды деседі.

26. Спенсер еңбектеріндегі дін

Спенсерге Дарвиннің эволюция теорриясы әсер етті. Ол қоғамды биологиялық организмдермен, қоғамның жеке бөлімдерін дене мүшелереімен салыстырды. Қоғамдағы экономикалық өмір организмдегі зат алмасу процессіне, өкімет ми жүйесін, сауда қан айналым жүйесіне ұқсайды деген.

Спенсер социологияда ең алғаш функция және құрылым түсініктерін пайдаланған. Қоғам қарапайым жағдайдан дамиды деген идеясы жемісті болды. Спренсер дін дегеніміз:

1.отбасылық қатынастарды нығайтып, отбасын әлеуметтік топ сатысына көтереді. Жерлеу және ата-бабаны дәріптеу культі арқылы.

2.адамдар мінез-құлқын, тәртібін басқаруда негізгі қызмет атқарады.

3.ұлттық бірлікті нығайтады.

4.жеке меншікті жоғары қояды.

Спенсер дінді бірлікке, интеграцияға, координацияға жету жолы деп есептеген. Қоғамда қандай да болсын дінге орын болуы керек деп есептеген.

27. Діни фундаментализм

Діни фундаментализм (лат. fundamentalis — негіз) - әлеуметтік-саяси құрылымы консерватизмге жақын болуы себебінен догмалардың өзгерместігіне, қасиетті кітаптардағы жазбаларды тура мағынада түсіндіруге негізделген, діни сананың нұсқауы.

Діни фундаментализмді зерттей келе оның қазіргі кезде барлық жерге тарап жатырғанын айтып кеткен дұрыс. Оның көріністері исламда, христиандықта, иудаизмде, индуизмде тіпті буддизмде білінеді. Бұқаралық ақпарат құралдары идеологиялық себебі осы фундаментализм болатын оқиғалар мен фактілерді әрдайым көрсетуде. Осыған сүйенсек фундаментализм догмаға сүйеніп оның тіршілік етуі үшін өз өмірін құрбан қылуға дайын адамдар тобын көреміз. Фундаментализмді ұстанушылардың ақиқатты сақтаушы әрі басқарушы, Діни ілімге түсінік беруші, алғашқы сакралдылықты сақтаушылар ретінде өздерін анықтайтынын көреміз. Бұл солай, алайда барлық жағдайда солай емес.

Өмірдің қиындауының және жаңаруына қарсылық білдірудің формасы ретінде, маңызды, алайда жоғалып кеткен діни дәстүрді қайта ойлау процесіне негізделген діни-мәдени құрылымның яғни діни фундаментализмнің көкейкестілігінің артуы байқалады. Діни фундаментализмнің пайда болуы, оның дамуы немен түсіндіріледі? Әлеуметтік психологияның түсіндіруі бойынша адам өзінің алғашқы, бастапқы негізіне ұмтылуының себебі, оның дамып отырған әрі күннен күнге қиындай түсетін әлеуметтік өмірдің сынақтарына шыдай алмау себебінен болады. Тепе-теңдік бұзылған кезде, жаңа құндылықтар ескілердің орнын баса бастаған кезде белгісіздік пайда болады. «Белгісіздіктің тарихи уақытында діни фанатизмнің артқаны байқалады. Физикалық болмыстың орнықсыздығы төзгісіз болып кеткен жағдайда адамдар белгісіздікке шыдай алмай, құтқарылу жолын діннен іздейді. Адамдар қоршаған дүниенің экономикалық белгісіз түйіткілдерінен құтылу үшін адамның құтқарылуына кепiлдiк беретін дiннiң әлемiнде олар өздеріне қорғаныш іздейді».

28. Зиммель және «таза форма» принципі

«Түсінуші әлеуметтанудың» негізі Зиммельдің «таза форма» принципі болып табылады. Таза форма –жеке тұлғалар арасындағы белгілі бір мақсатты көздеу, басқа психологиялық актілерден басқа қарым-қатынастарды білдіреді. Зиммель былай дейді:

  1. Нақты бір тұрмыстық өмірден идеал құндылықтар әлемі жоғары тұрады

  2. құндылықтар әлемінің материалдық өмірден ерекше өз заңдылықтары бар

  3. әлеуметтанудың мақсаты осы құндылықтарды «таза форма» ретінде зерттеу

Зиммель көптүрлі құбылыстардағы діннің таза типін табуға тырысты. Ғалымның ойынша, бұл тұрмыстағы діни іс әрекеттерді іске асыру жолындағы іс-әрекет. Діни өмір әлемге басқаша рең беріп, тұрмыс тіршілікте көрініс табады. Зиммель қоғамдағы қақтығыстарға апаратын түрлі қарама қайшылықтарды реттеуде діннің рөлі зор дейді. Мысалы, жеке тұлға қоғамда басқалармен бақталастықта өмір сүретун болса, діни адам рухани тыныштық тауып, басқа дүниауи нарселерге умтыла бермеиді. Зиммелт дінді жеке өмірдің бір бөлігі ретінде қарастырып, әлеуметтену процессіндегі тұлғаның қалыптасуында діннің рөлін көрсетеді. Оның негізгі еңбектері «дін» «қазіргі замандағы мәдениеттегі жанжалдар»

29. Қазіргі таңдағы дін мен саясат арақатынасы

Дін және саясат - қазіргі таңда, әлемде, оның ішінде түбегейлі бет-бұрыс жасап, демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан әлемде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Яғни, саясат ол - әлеуметтік күрделі құбылыс болып саналады. Өйткені, бүгінгі күні ешбір адам өзін саясаттан тыспын деп айта алмайды. Саясат - қоғамның саяси саласы. Саясат қоғамның басқа да салаларын қамтиды және сол салалармен байланыста болады. Мәселен, "саясат және дін", онда діннің саясатпен байланысын кәреміз. Тіпті, ең алғашқы кездегі саясаттың өзі де діни тұрғыда болған. Қоғамның саяси өмірінде дін айтарлықтай орын алады. Адамзат тарихында мемлекет пен діннің ара қатынасы үш түрлі шешіліп келеді:

  1. Мемлекеттік билікті діннің орталығына айналдыру;

  2. Мемлекеттік діни мекемелерге бағындыру;

  3. Мемлекет пен діннің одағы. Қазір ол екі түрлі шешіледі:

  • 1) мемлекет пен діннің имандылық негізінде;

  • 2) мемлекет пен діннің бәлінуі, бір-бірінің ісіне араласпауы.

Алайда өз қызметін толық атқару үшін мемлекетке дін қажет. Өйткені дін қоғамда этикалық қызметтерді атқарып, имандылық ережелерін қалыптастырады. Дін әділетті, қайырымды болуға, кісі ақысын жемеуге, өтірік айтпауға, туыстарын, үлкендерді сыйлауға, ұрлық-қарлық жасамауға және т.с.с. үйретеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабына сәйкес әркімнің ар-ождан бостандығына сай әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар. Ол әркімнің дінге көзқарасын дербес белгілеуге, діннің кез келгенін уағыздауға, ұстануға немесе ұстанбауға құқығы бар екендігін білдіреді.

30. Ерте ғасырлардағы «әлеуметтану» түсінігі

Әлеуметтік фактыларды ғылыми бақылау мен топтастырып жіктеудің алғашқы әрекетгері біз үшін Платонның "Республикасы" мен "Заңдарында" және Аристотельдің "Саясатында" сақталып қалды, бірақ олардың бәрі тек алғашқы талпыныстар болған еді.Алайда, осынау шығармаларда тұтас алғанда коғам азаматтық қауымға немесе мемлекетке ұйымдасу ретінде қарастырылады, ал Рим империясы заманында, орта ғасырларда және Ағартушылық ғасырларында әлеуметтік құбылыстарды барлық ғылыми зерттеулер тым узік-узік болды. Бұл зерттеулердің кебіреулері экономикалық, енді біреулері - заңгерлік, үшіншілері - шіркеулік, төр-тіншілері - саяси сипатта болды. Ешкім де ассоциация мен әлеуметік ұйымды толық күйінде сипаттауға талпынған жоқ; ешкім де нақты емір тұтастығын түсінуге ми қатырған жоқ. Тек ағымдағы ғасырда ғана ғылыми әдістер бұл ауқымды міндетті шешуге жуйелі қолданыла бастады, және де ол колданылғанан кейін зерттеуде басқа салаларындағы секілді, қоғамды зерттеуде, ол әдістер өзін білімнің ортақ жиынтығына елеулі үлесімен молынан марапаттады.Қазіргі кезде біздің қолымызда әлеуметтік қатынастар жөнінде сыннан өткен және ой елегінен өткен, тез ұлғайып келе жатқан білім қоры бар. Енді біздің қолымызда тұтас күйінде қарастырылған қоғамды суреттеу және түсіндіру деп анықтама беруге болатын әлеуметтану бар деп кесіп айту тым қауіпті емес. Ол әлеуметтік құбылыстар туралы ортақ ғылым.

"Әлеуметтану" сөзін тұнғыш рет Огюст Конт озінің "По­зитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ре­тінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да кажетті элементтерді бір уғымға біріктірді. Пла­тон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылы-мын саясат өнеріен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ға­сырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола бытыстырылып жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлык түрлерінде зерттеген жоқ, жэне, Конт: барышна қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік уғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді.

31. Мұсылман социологтары және еңбектері

Мұсылман елдерінде дин социологиясы бойынша зерттеулер пайғамбар дәуірінен кейцінгі ғасырларла ақ пайда болған. Әл-Бируни көптеген жылдар бойы үндістан жерін аралап, ондағы халықтардың діни нанымдарын зерттеген. Ол «Китаб-ұт тахқиқ мә ли-л-һинд» (үндістанды зерттеулер туралы кітап) және «батенжел әл-һинди» (үндістанның Патанжали кітабы) еңбектерінде үнді халықтарының діни ұстанымдары мен қоғамдық өмірі туралы құнды мәліметтердікелтірген. Ірі ғалым Әбу Мұхаммед Әли Хазмұлы «Әл Миләлуә-н ниһәл» еңбегінде көптәңірлі және біртәңірлі діндерді жан жақты зерттеп, дін социологиясы тұрғысынан аса құнды мәліметтерді сыныптайды. Тарихшы, әлеуметтанушы, философ тбн Халдуналғашқы әлеуметтанушылардың бірі ретінде саналады. Хилми зия Үлкенді – «Әлеуметтану», «әлеуметтік доктриналар тарихы», «әлеуметтануға кіріспе», «дін социологиясы»

Сабри Улгенер, амиран билгисевен(ислам социологиясы туралы құнды еңбектер жазды)

32. Дін социологиясының зерттейтін объектілері

1. діннің пайда болуының социологиялық жағдайлары

2. социологиялық жүйенің дамуы мен қызметіндегі діннің орны мен ролі

3. діннің дамуы мен қызмсетінің социологиялық заңдылықтары

4. діннің социологиялық құрылымы мен элементтерінің өзара қатынасы

5. социологиялық жүйенің жалпы дамуындағы діннің қызметі мен дамуының социологиялық заңдылықтары

Қоғамдық жүйенің басқа да элементтерінгің дінге және діни жүйеге әсері

33. Дін және қоғам

Дін қоғамның ажырамас бір бөлігі болып табылады. Сондықтан тарихтағы дінге қарсы күресуге жасалынған мүмкіндіктердің барлығы сәтсіз аяқталды деп айтсақ болады. 

Қоғам көп қырлы бірлік ретінде өне бойы даму үстінде болады.Қоғамдық формациялар өзгеріп, тұтас өркениеттер дүниеге келеді және жоғалып жатады. Қоғамдық өмірдің бір бөлшегі ғана болып қалмай, дін әлеуметтік үрдістен оқшауланып қалмайды. Дін өмір әлемге басқаша рең беріп, тұрмыс тіршілікте көрініс табады. Қоғамдағы түрлі қақтығыстарға апаратын әртүрлі қарама- қайшылықтарды жеңуде діннің көмегі зор. Мысалы жек тұлға қоғамда басқалармен бақталастықта өмір сүретін болса, ал діни адам рухани тыныштық тауып, басқа дүниауи нәрселерге көп ұмтыла бермейді.