Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дин соц ОТВЕТЫ ВСЕ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
124.09 Кб
Скачать

16. Парсонс және оның еңбегі

Парсонс Талкотт (1902-1979) - белгілі американ әлеуметтанушысы. Парсонс адамдық шындықтың барлық жағын қамтитын теориялық жүйені қалыптастыруға тырысты. Қоғамды сақтау мен тұрақтылық жағдайларын талдады. Кез келген жүйенің сақталуын қамтамасыз ететін негізгі төрт қызметті анықтады: бейімделу, мақсатқа жету, ықпалдасу мен модельді қолдау. "Әлеуметтік стратификация теориясына талдамалы көзқарас" атты еңбегінде қоғам туралы функционалдық ұғымды теориялық тұрғыдан негіздей бастайды. Әлеуметтік жүйе деңгейінде бейімделу функциясын - экономикалық бөлік, мақсатқа жету функциясын - саяси, ықпалдасу функциясын - құқықтық институттар мен дәстүр, модельді қолдау функциясын - наным жүйесі, мораль және әлеуметтендіру ұйымдары (отбасы, білім беру институттары, т.б.) қамтамасыз етеді. Парсонс пікірінше, әлеуметтік жүйені талдауда үш деңгей бар: Құндылықтар; Қалыптасқан заңдар; Ұжымдық ұйымдар.

Талкотт Парсонс неғұрлым кейінірек жазылған еңбектеріңде өзінің функциялық теориясын нақты айтқанда, "жүйелі проблемалары" дейтін төртінші эволюциялық келешекпен байланыстырды, Бұл оның жеке кітаптарында баяндалған. Ол биологиялық организмдер секілді қоғамның алуан түрлері өздерін қоршаған ортаға "жалпы көндігу қабинетінің" арқасыңда игерілді деген пікір білдірді. Бұған негізінен құрылымдық дифференция процестері арқылы қол жетеді. Яғни, барған сайын өсе беретін нақты мүқтаждықтарды канағаттаңдыру үшін кажет әлеуметтік функцияларды жүзеге асыратын мамандандырылған институттарды дамытудың арқасында болады. Алайда, барған сайын өсе беретін мұндай күрделілік неғүрлым нақты жаңа элементтерді үйлестіріп мақсатыңда жаңа әдістерін талап етеді. Бұған "кибернетикалық иерархия" принципін - жеңілдетілген ақпарат алмасу немесе білім көлемін үлғайту принципін қолдану жолымен ғана қол жетеді. Осыдан кейін дәстүрлі қоғамның осы заманғы қоғамға айналуы орын алады, ал прогресс бюрократиялық ұйымдастыру, ақша және базар комплекстері, стратификация және ортақ әмбебап нормалардың туындауы секілді эволюциялық әмбебаптықты дамыту (құрылымдық дифференциялау) жолымен жоспарлана алады. Осы факторлардың әркайсысы қоғамдық ортаға неғүрлым тиімді мүмкіндік береді. Бұл көзкарастың сыншынары былай дейді: абстракциялаудың бұл деңгейіңде Парсонс теориясы таксономияның жай ғана кеңейтілген нұсқасы, демек кәдеге жарай қояр ма екен, мұның үстіне онсыз да анық нәрседен асып ештеңе жарытып айтпайды. Американдық әлеуметтанушы Т. Парсонс қоғамда әлеуметтік жіктелудің факторларын 3 топқа топтастырған. Біріншісі – адамның туа біткен табиғи белгілеріне байланысты факторларды: этникалық тегі, жыныстық, жастық ерекшеліктері, туыстық байланыстары, дене бітімі мен интеллектуалдық қабілеті. Екінішісіне – қызмет түрі., мамандығы және кәсіби деңгейін жатқызған. Үшінші топқа – меншік, материалдық және рухани құндылықтар мен артықшылықтарды жатқызады.

17. Малиновскийь және діннің қоғамда алатын рөлі

Дін социологиясына үлес қосқан ғалымдардың бірі Бронислав Каспар Малиновский. Ол магия мен діннің арасын ажыратқан алғашқы ғалымдардың бірі. Оның дін туралы зерттеулері М. Вебер зерттеулерімен ұқсас. Оның тұжырымы бойынша, дін магиямен байланысты емес, ал ғылым дами бастаған кезде, ол магияның орнын басады. Өзінің зерттеулерін ол 1926 жылы «Магия, ғылым және дін» кітабында жазды. Ол магия мен ғылым 2 эволюциялық кезең емес, олар іргелес өмір сүреді деп айтқан. Магия мен діннің ұқсастығы – олардың дәлелсіз, белгілі бір нәтижеге жету мақсатында болып табылады дейді. Кез-келген қоғам, тіпті алғашқы қауымдық құрылыс, дін және магиясыз болуы мүмкін емес. Әрбір алғашқы қоғамда екі анық ажыратылған сфера айқындалады: Сакральды және Әлемдік, басқаша айтқанда, Магия мен Дін сферасы және Ғылым сферасы. Магия да, дін де – жай ғана доктрина немесе философия емес, жай ғана ақыли көзқарастардың жүйесі емес, мінез-құлықтың ерекше типі, ерік, сенім негізінде құрылған прагматикалық нұсқаулар. Дін тек бір объектіге немесе объектілер класына ғана емес, ол барлығына қатысты бола алады. Моногамды некенің қасиеттілігін бекіте отырып, дін адамзат мәдениеті дамуында үлкен үлес қосады. Дін – моральдық бақылаудың жетекшісі, ол өте қырағы және сондықтан да осы күштерге мән беруге мәжбүр. Қоғамда моральдық заң мен тәртіпті сақтау үшін дін керек. Магия сияқты, дін де эмоционалды күйзеліс кезінде туындап, жұмыс жасайды. Магия сияқты, дін деэмпирикалық шешімі жоқ жағдайлардан ритуал мен жоғарғы тылсым күшке сену арқылы шығуды ұсынады. Сонда магия мен діннің айырмашылығы не деген сұрақ туындайды? Практикалық магияның шектелген техникасы бар: дуа, рәсім, орындаушының болуы – өзінше бір магиялық Үштік болып табылады. Дін, өзінің күрделі аспектілерімен және мақсаттарымен мұндай қарапайым техникаға ие емес, ол сенім мен ритуалға негізделеді. Магия – тек магтың немесе сиқыршының айналысатын ісі болса, дін – барлық адармдарға ортақ. Малиновский теология немесе догмалар интерпретациясын көрсетті: Мамандардан шыққан ортодоксалды түсіндірмелер; Ұйымның көпшілік мүшелерімен қабылданған, кең тараған ортақ нұсқаулар; Жеке спекуляция мен гипотезалар.