Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дин соц ОТВЕТЫ ВСЕ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
124.09 Кб
Скачать

14. Діни модернизм

Діни модернизм (лат. modernus —қазіргі ) - діни сенімнің, діни ғибадаттың, шіркеудің құрылымын мәдени және әлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты, қазіргі заманның талабына сәйкес жаңаруын қалайтын, теологиялық бағыт. Оған қарсы пайда болған бағыт діни фундаментализм. Діни фундаментализм (лат. fundamentalis — негіз) - әлеуметтік-саяси құрылымы консерватизмге жақын болуы себебінен догмалардың өзгерместігіне, қасиетті кітаптардағы жазбаларды тура мағынада түсіндіруге негізделген, діни сананың нұсқауы. Христиан дініндегі модернизм идеяларына тоқталсақ, Фундаментализмге қарсы діни модернизм ортодоксалдық сеніммен қарым-қатынасын бұзып, оның көптеген негіздерін соның ішінде Құдайдың идеясын, табиғи емес діни концепцияларды қайта ойға салады. Өзгерiстiң және жаңа шарттарға дамудың қажеттiгiн түсiне, модернизм дiни дәстүрдi, догманы қазіргі адам тәжірибесі мен заман талабына лайық қылдырып түрлендiредi. Конфессиялық айырмашылықтарға орай модернизм шiркеудiң әлеуметтiк және саяси позицияларының өзгерiс әрекеттерiне байланысты және де діннен табиғаттан тыс құбылыстарды алыптастаудан бастап белең ала бастады. Жаңа дiни догматиканы iздестiруді батыл жүргiзген протестантизмде болды, әсiресе мықты модернизм үрдiстерi: К.Барттың «диалектикалық теологиясы», Р.Бульманның “жаңа өсиеттiң демифологизациясы”, П.Тиллихтың “әмбебап теологиясы”, Р.Нибурдың “эсхатологикалық теологиясы” М.Шретердың«революция теологиясы», Д.Бонхоффердің “өлi құдай” теологиясы және Р.Шоклдың«қазiргi экуменизм» теологиясы. Католицизмдегі модернизмнің жеңісін II.Ватикандық шiркеумен(1962-1965 жылда) байланыстырады. «Фундаменталисттер» мен «модернисттер» арасындағы қарама-қайшылықтарға қарамастан көптеген маңызды шешімдерді екіншілері өз пайдасына шеше білді. Шiркеуге адамдардың сенiмiн орнықтыруға және әлеммен католик шiркеуiн жақындастыру, басқа христиан шiркеулерi мен христиан емес дiндер және де зайырлы идеологиялар және қозғалыстармен өнiмдi диалог жүргізу мiндеті қойылды. Католик шiркеуi жаhанданған және секулеризацияланған әлемнiң динамикалық өзгерiсi күшiне өз қызметiн модернизациялауға мәжбүр болды. II Ватикан шiркеуi байқамауға мүмкiн емес өзгерістерді алып келеді: әлеммен және басқа дiндермен жан-жақты диалог, өзге конфессияларға және діндерге деген қатынастың түбегейлі өзгерiсi, адам құқықтары проблемаларын шешу мәселелерін талқылауға араласу, аборт және клондау мәселелері, коммунистiк идеология, кедей елдердің бай мемлекеттерге қарызы, әйел жағдайын қарастыру, сонымен бiрге елеулi оппозицияны дiни тәжiрибенi реформалауға шақырған. Бұның барлығы католик шiркеуiнің әлеуметтiк өмiрдің эпицентріне енгенін аңғартады.

15. Секуляризация

Секуляризация - [лат. saecularis - зайырлы] - саясаттың діннен азат етілуі, оның табиғи-тарихи үрдіске айналуы. Биліктің секуляризациялануының нәтижесінде саяси ұйымның құндылықтары, беделі, қызметтері өзінің сакралды, табиғаттан жоғары, тылсым күштік мазмұнын жоғалтады. Саясат - қоғамдық өмірдің табиғи нәтижесі. Саясат мемлекет органдарымен дайындалатын құқыққа бағынады. Дамыған демократиялық қоғамдарда саясатпен адамдар айналысады, ол өзінің қасиеттілігінен айрылады. Заңдарды дайындайтын адамдар, ал адамдар заңға бағынулары керек. Бірақ қоғамдық үрдістерді тиімді түсіндірулерге қарамастан XX ғ. саясаттағы тиімді емес, түсіндіруге мүмкін емес жағдайлар қалып отыр. Демократия идеологтары зайырлы биліктің кемшіліктерін бейтараптандыру мақсатында табиғи тетіктер ұсынды: сайлау, жариялылық, құқық үстемдігі, билікті бөлу қағидаты, т.б. Батыс елдеріндегі секуляризацияға тоқталатын болсақ, Секуляризация - негізінен батыс елдерінде көрініс тапты. Библиядағы қағидаларды ұстана отырып, мемлекетке қарсы шыққан азаматтар болған. Қазіргі уақытта Еуропаның ¾ бөлігін христиандар құрайды. Оның ішінде 50 миллион католиктер Италияда, 30 миллион католиктер Францияда шоғырланған. Франция өзін зайырлы мемлекет ретінде жариялаған, яғни дін мемлекет ісіне, мемлекет дін ісіне араласпайды. Францияда саны 6 миллион құрайтын мұсылмандар өмір сүреді. Олардың 88% рамазан айында ораза ұстаса, 43% бес уақыт намаз оқиды. Ал Германияда 2.6 миллион мұсылмандар өмір сүреді олар ұлты жағынан 75% түріктер. Демек , Еуропа елдерінің өздерінің ұстанатын діндерінің христиан діні болса да мұсылмандарға дұрыс көзқараспен қарайтындарының бір көрінісін осы елдерде мұсылмандардың санының көптігінен көруге болады.Ал Еуропадағы христиан дініне кіретін католик-46%, провославие -36%, протестантизмнин-18% үлесі. Еліміздегі секуляризацияға келктін болсақ, Бiзде секуляризация деген батыстан келген ұғымды дұрыс түсiнбеу, дұрыс қолданбау жүрiп келедi. Сондықтан кеңестiк дәуiрдегi дiн мемлекеттен, дiн мектептен бөлек деген қате ұғым қазiрге дейiн жүзеге асырып келе жатыр. Мемлекеттi де, мектептi де өркениет негiзiнен бөлуге болмайды. Қазiр әлемдiк саясатқа да дiннiң әсерi күшейiп келе жатыр. Секуляризацияның мақсаты – дiндi мемлекеттен бөлу емес, дiни ұйымдарды билiктi қалыптастыру саясатымен ғана институционалды бөлу екенiн түсiну керек. Мысалы, Германияны алсақ, сол секуляризация болған мемлекет, бiрақ, Германияда салық органына тiркелгенде сiзден қай дiннiң өкiлiсiң, христиан ба, католиксiң бе, протестансың ба деп сұрайды, жыл сайын христианмын деген адам дiн салығын төлеп тұрады. Бұл қаржы шiркеулерге барады. Дамыған елдерде тарихты, өркениеттi, мәдениеттi оқығанда мiндеттi түрде өз дiнiнiң тарихын оқиды. Оларда жоғары бiлiмi бар, зиялы қауым, интеллектуалдар өз дiндерiнiң тарихын, философиясын жақсы бiледi. Еуропаның бiраз елiнде өздерiнiң ресми дiндерi бар. Конституцияда жазылған, мiне сондықтан оның артықшылығы мектептен басталады. Мектепте өз өркениетi негiзi ретiнде дiн тарихы мен негiзгi қағидалары оқытылады. Исламның негiздерi де Қазақстанда мектепте берiлуi керек. Ең басты артықшылығы осы болу керек. Дiн – өркениеттiң рухани өзегi. Әсiресе, мораль тұрғысынан. Сондықтан ол тазалық, адалдық, әдiлдiк, қайырымдылық, құндылықтарын қалыптастырады. Мысалы, Норвегияда евангелистiк дiн – конституцияда мемлекеттiк деп бекiтiлген.