Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дин соц ОТВЕТЫ ВСЕ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
124.09 Кб
Скачать

2.Әділеттілік пен жауапкерші

3.Әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру.

Ислам отбасылық қарым-қатынасты нығайту үшін бірнеше қарым-қатынас үлгілерін белгілейді.

1.Күйеудің әйелмен қарым-қатынасы.

2.Баланың әке-шешесімен қарым-қатынасы

3.Туыстардың құқықтары

65.Орта Азиядағы ғылымның дамуына исламның ықпалы қандай болды?

Осынау орта ғасырларда ғылымның ерекше дамуына Шығыстың, араб елдерінің, Орта Азия ғалымдары әл-Фарабидің, Әбу Әли ибн Синаның, Әбу Рушдтың, Бирунидің, Махмұт Қашқаридың, Жүйнекидің және тағы да басқа ғұламалардың сіңірген еңбегі өте айрықша. Қазақтың Отырар жерінде дүние-ге келген Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед Тархан ибн Узлаг әл – Фарабидің жалғыз өзі 128-дей ғылыми еңбек жазды. Сол дәуірдегі ғалым-дардың қай-қайсы да Жаратқан Иеміздің құді-реті күштілігін мойындады. Әл – Фарабидің аспан денелері, дүние-нің пайда болуы туралы еңбектерінде Ал-лаһ Тағала үнемі бірінші орында тұр. Ол өзінің «Азаматтық саясат» деген трактатында: «Бірінші (Тұлға) жөнінде – бұл Құдіретті Алла деп сену керек» деп жазады.

ҮІІІ – ІХ ғасырда АронРашид әл Мамун ғылы-мының ірі өкілдерінің бірі – Мұхаммед Хорезми тіпті, Бағдатқа шақырылып, сондағы «Даналық үйінің» қай-раткері атанып, «Китаб әл – Мұхтасар» деген кітап жазып, бұл шығарма ХІІ ғасырда Еуропа халықтарының тілдеріне аударылды. Хорезмдік бұл ойшыл үнділердің, парсылар мен римдіктердің математикадағы күрделібелгілерінің орнына сан белгілерін ойлап тауып, алгебраның негі-зін қалады және Евклид пен Птоломей ілімдерін одан әрі дамытты. Хорезмидің «Астрономиялық кесте-сі» теңдесі жоқ еңбек болды. Осы Мұхаммед Хорезмидің арқасында кезінде Бағдатқа Мұха-ммед әл-Ферғани, Ахмед әл-Марвази және жұлдыздар туралы ілі-мнің негізін жасаушы Аббас әл-Жауһарилар келді. ХІІІ ғасырда Ислам ғылымының көптеген салалары латын тіліне аударылып, Батыс Еуропа елдеріне тарады. Олардың ішінде әл-Фарабидің ғылыми еңбектері, музыка, фи-лософия, оптика, геометрия, астрономия, ме-дицина туралы ілімдері кең тараған еді.

66.Мұсылман патшалардың ғалымдарға деген көзқарастары қандай сипатта болған?

Мұсылмандар арасында ғұламалардың қуғынға ұшырағандары болған да шығар. Алайда, Ислам дінінде ғұламаларды жазалау мәселесі жоқ, керісінше, біздің қасиетті дінімізде ғалымдар пай-ғамбарымыздан кейінгі Алла тағала ісін алға апарушылар ретінде бағаланып, оларға құрмет көрсетілді. Мұсылман елдерінде кейбір ғалымдар қуғындалса, бұл Ислам дінінің үкімімен болған іс емес, ол сол елдің билеушілері тарапынан болған адами үкім ғана. Ғалымдар Исламда аса зор, өте маңызды орын алады, өйткені олар арқылы Аллаһ Тағала бұл дінді қорғайды. Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: «Бұл білімді әрбір ұрпақтан әділеттілер[2] алып жүреді. Олар бұл білімді шектен шығушылардың бұрмалауынан, адасқандардың қоспалары мен надандардың түсіндірмелерінен сақтайды» (әл-Бәйхақи 10/209, әл-Хатыб 1/29. Бұл хадис көптеген жолдар арқылы жеткізіледі, әрі әрқайсысы бір-бірін күшейтеді

67. Жер бетінде тіршіліктің дамуы туралы ертедегі көзқарастар туралы айтып беріңіз:

Эволюция деген латын сөзінен тарихи даму, өзгеру, өрлеу деген мағына білдіреді. Эволюция ұғымы уақыт өтуіне байланысты дамудың бастапқы қалпынан бірте бірте күрделене түсу деген ойды білдіреді. Бұл терминді биологияға 1677 ж Хейл алғаш рет енгізген. Ал швейцария жаратылыс зерттеушісі Бонне оны ғылымға кеңінен пайдаланды. Эволюция ілімінің ғылыми негізін салған Дарвин. Ертедегі Грекияда жалпы тіршілік туралы ең алғашқы ой пікірлер айтыла бастады. Көптеген грек ойшылдары Фалес, Анаксимен, Анаксимандр т.б тіршіліктің пайда болуы мен тарихи дамуының сырын ашуға ұмтылды. Көптеген ойшылдар тірі организмдерді зерттей баст. Бұл бағытта грек ойшылы Аристотельдің еңбегінің маңызы зор. Аристотель алғаш рет жануарларды қансыздар мен қандылар деп 2 топқа бөлді.ол өлі табиғаттан белгісіз бір құдырет арқасында пайда болды деген пікірді ұсынды.

68. Мұсылмандардың математика ғылымына қосқан үлестері:

Алғашқы мұсылмандар есеп шығару жүйесімен ертеден ақ таныс еді.Әл Хорезми алгебра саласында «АЛГЕБРА ЕСЕПТЕРІ»кітабын жазып шығарды,еуропалықтар алгебра атуын осы кітаптан алған.Мұсылман ғұламалары жер шарының диаметрі мен радиусын анықтауға қол жеткізді.Осы саладағы ғалымдар Әбу Абдаллах Мұхаммед ибн Жөбир әл Бәттәни және Әбу Райхан Мұхаммед әл Бируни

69. Тарихта мұсылмандардың ғылымға деген көзқарастары қандай болған?

Мұсылман әміршілері мен мұсылман халқы ғылымға орасан зор мән беріп, ғалымдарды өздеріне дос тұтқан және оларды әртүрлі мүмкіндіктермен қамтамасыз еткен. Халифа Мәмүн бұйрығымен ІХ ғ. Бағдатта ғасатхана(обсерватория) құрылған еді. Осы әміршінің дәуірінде ғалым Ахмед Абдуллах әл-Қаббаш жұлдыздардың қозғалыс кестелерін дайындаған. Мұсылмандардың мақтаныш жұлдыздары ибн әл-Ғайсан мен әл-Кинди ағылшын ғалымы Ньютоннан 700 жыл бұрын жердің тарту қуаты туралы кітаптар жазған. Тарих кітаптары мұсылман патшалардың ғалымдарды ерекше құрметтегені жөнінде көптеген мысалдар келтіреді. Әл-Бируни бір естелігінде: «ауырып қалған Хорезм шах мені шақыртыпты. Қасына барғанымда атынан түсіп, менімен жаяу жүргісі келді. Мен: аттан түспей ақ қойыңыз, құрметті әміршім дегеімде, ол маған: ғылым – мәртебелердің ең жоғарғысы, басқа мансап және атақтардың барлығы ғылымнан кейін келеді деді» - дейді. Ұлы Селжүк патшасы Мәлік шах былай деген: «Әміршілердің ең жақсысы – ғалымдарды зиярат етіп, олардың көңілін сұрап тұратыны. Ал ғалымдардың ең жаманы – әміршінің келуіне ынтық болатыны». Аббас ұлдарынан Халифа Мәмүн ғалымдарды аса құрметтеп, оларды зерттеу жасауға ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етіп, ғылыми пікірталастарға жиі қатысатын. Ол бір сөзінде: «Бір соғысты жеңіп алғанша, бір пікірталасты жеңіп алғанды артық көремін» - деген. Сондай ақ Мәмүн Византия патшасы ІІІ Михаильді жеңіліске ұшыратқанда соң, соғыс құны ретінде алтын немесе күміс емес, қолжазба кітаптарды сұраған.

70. Орта ғасырда Ислам дінінің жайылуымен қандай ғылымдар дамыды?

Медицина. Мұсылмандар медицина ғылымымен шұғылдана бастаған кезде грек медицинасын қамтыған кітаптарды алғашқы болып араб тіліне аударған Хамид ибн Язид ибн Мұғауя еді. Мұсылмандар медицина мәдениетіне көңіл бөліп, эксперименттер мен тәжірибелерге сүйенетін жаңа медицинаның негізін салды. Хижраның ІІІ ғ. Медицина ғылымында аты шыққан мұсылман ғұламалар әл-Кинди мен әбу-Бакр әл-Рази. әл-Рази қолданбалы медицинаның алғашқы болып негізін салушы. Оның мәшһүр кітаптарының бірі 30 томнан тұратын «әл Хауи фит Тадауи» атты кітабы. Ол кітап Американың қазіргі университеттерінде танымал. Дәрігерлердің әміршісі Ибн Сина тарихтағы парасатты ұлы ғалым тұлғалардың бірі болған. «Медицина саласындағы заңдылық» кітабы танымал. Сонымен шығыс елдерінде жылжымалы госпиталь, ал қалалар мен астаналарда орнықты емханалар көбейді. мұсылмандар физика ғылымына да назар аударды. әл-Хасан ибн әл-Хайсам осы саладағы үлкен ғұламалардың бірі болды. Ол көз құрылысын зерттеп, оның анатомиялық сипаттамасын жасады. Жарық сәулелерінің көзге қарай жүгіру процессін баяндады. Әл-Хазин Әбілмансұр әбу әл-Фатых жылжу барысында жарық жарық сәулелерінің ортасынан аяғына қарай сынатындығын алғашқы болып айтты. Америкалық энциклопедияда әл-Хазинның күн тұтылуын қарауға және суретке түсіруге арналған аппарат ойлап тапқандығы жазылған. Мұсылмандар химия ғылымымен де таныс болған. Бұл саладағы танымал ғалымы – Халид ибн Язид ибн Мұғауия. Бұл ғылымның дамуы омаяттар ғасырында, кейін аббасидтер ғасырында Андалусия(Испания) елдерінде арта түсіп, олар жарылғыш және ядро атып лақтыратын оқ дәрілерді жасап шығара бастады. Оған қоса көптеген өндірістерде, баспаханада, тері илеуде, металл өңдеуде қолданылды. Алғашқы мұсылмандар есеп шығару жүйесімен де таныс болды. Әл-Хорезми алгебра саласында «Алгебра есептері» кітабын жазды. Еуропалықтар алгебра атауын осы кітаптан алған. Мұсылман ғұламалары жер шарының диаметрі мен радиусын анықтаған. Осы ғылым саласы ғалымдарына әбу Абдаллах Мұхаммед ибн-Жабир әл-Баттани және әбу-Райхан Мұхаммед әл-Бируни жатады. Ол жер координатарын өлшеп, жердің шар тәрізді екенін дәлелдеген және планеталар мен жұлдыздарды бақылайтын цилиндрлік аспап ойлап тапты. Ислам мемлекеті аударма саласында үлкен роль атқарды. Олар парсы, грек, үнді жазбаларын аударды.

71. ­Құранда күн мен түннің ауысу мәселесі және бұлар туралы не айтылған?

Құран аяттарында тек діни білім ғана емес сонымен қатар адамның қабілетін жоғарылататын ізгі амалға жетелейтін адамзат баласына пайда әкелетін бүкіл ғылым салалары қамтылған.

Құранда әлем туралы көптеген мәліметтер кездеседі. Әлем жаратылысы туралы аяттардан басқа астрономияға қатысы бар 40тан аса аяттар бар. 6 сүреде жұлдыздардың жер мен теңіз қараңғысында жол көрсеткіш екені айтылған. Құранда күнді жанып тұрған шырақ десе, айды жарық беруші аспан денесі деп береді. Күн сияқты жарық шығаратын аспан денесі жұлдыз сөзі Құранда 30 рет кездеседі. Бұл жарық көрсеткіш болатын және көзге көрінетін аспан денесі дегенді білдіреді(86 сүре 1,3 аяттар). Күн мен түннің ауысуы жайында аяттар: 36 сүре 37 аят, 31 сүре 29 аят, 39 сүре 5 аят. Күн мен түннің ауысуы мәселесін айтқанда тағы бір нәрсені ұмыт қалдыруға болмайды. Ол батыс пен шығыс сөздерінің көпше түрде келуі. Мысалы: 70 сүре 40 аят, 55 сүре 17 аят. Күннің шығуы мен батуы процессін мұқият зерделеп, оқып жүретін адамдар әр жыл мезгілдеріндегі күннің батуы мен шығуының, батыс пен шығыстың түрлі нүктелерінде болатынын біледі. Осы жағдайды білетін болсақ, мұндағы көпше түрде айтылған батыс пен шығыс сөздерінің мағынасы ашылады.

Жердің айналу бағыты жайында: Нәміл сүресі 88 аят: Тауларды көріп, оларды жылжымай тұр деп ойлайсын. Ал олар болса бұлттардың көшуі тәрізді жылжуда. Құранның бұл аяттарында жердің тек айналуы емес, айналу бағыты да айтылып кеткен(батыстан шығысқа).

72. Ш.Құдайбердіұлы мен Ғұмар Қараштың тіршілік туралы ойларына тоқталыңыз:

Ш.Құдайбердіұлы Үш анық еңбегінде:осы дүниеде көзге ілінбейтін кішкентай жаныдлардан бастап адамдарға дейін бәрі хәм нәсілдер өсіп өнуге қам қылады. Бұны барлық таласы деп айтатындығын ерекше атап көрсеткен.Мұндағы барлык таласы деген ұғым тіршілік үшін күрес д.м.б. Ғұмар Қараш «Тіршілік таласы» деген арнайы мақала жазып онда тірі организмедр арасында үнемі болып жататын тіршылык үшін күресте жан-жақты талдау жасаған. «Жан жануарлар арасында тоқтаусыз жалғасып келе жатқан таласты ғалымдар тіршілік таласы деп атайды» деп өз ойын қорытындылаған.

73. Қазақ халқының ойшыл қайраткерлерінің тіршілік туралы ойларын әңгімелеп беріңіз

Ш.Құдайбердіұлы Үш анық еңбегінде:осы дүниеде көзге ілінбейтін кішкентай жаныдлардан бастап адамдарға дейін бәрі хәм нәсілдер өсіп өнуге қам қылады. Бұны барлық таласы деп айтатындығын ерекше атап көрсеткен.Мұндағы барлык таласы деген ұғым тіршілік үшін күрес д.м.б.Ғұмар Қараш «Тіршілік таласы» деген арнайы мақала жазып онда тірі организмедр арасында үнемі болып жататын тіршылык үшін күресте жан-жақты талдау жасаған. «Жан жануарлар арасында тоқтаусыз жалғасып келе жатқан таласты ғалымдар тіршілік таласы деп атайды» деп өз ойын қорытындылаған.

74. Ш.Құдайбердіұлы мен Ғұмар Қараштың тіршілік туралы ойларына тоқталыңыз:

Ш.Құдайбердіұлы Үш анық еңбегінде:осы дүниеде көзге ілінбейтін кішкентай жаныдлардан бастап адамдарға дейін бәрі хәм нәсілдер өсіп өнуге қам қылады. Бұны барлық таласы деп айтатындығын ерекше атап көрсеткен.Мұндағы барлык таласы деген ұғым тіршілік үшін күрес д.м.б.Ғұмар Қараш «Тіршілік таласы» деген арнайы мақала жазып онда тірі организмедр арасында үнемі болып жататын тіршылык үшін күресте жан-жақты талдау жасаған. «Жан жануарлар арасында тоқтаусыз жалғасып келе жатқан таласты ғалымдар тіршілік таласы деп атайды» деп өз ойын қорытындылаған

75. Еуропаның әрбір саласындағы Ислам мәдениетінің маңызды роліне тоқталыңыз.

Мұсылмандар білім үйренгісі келген христиандарға медреселерде сабақ үйреткен. Ежелгі шығыс мәдениетінің және антикалық дәуір ғылымдарының батысқа келуіне мұсылмандар себепші болды. Университтерінде ХІІ ғ соңғы жылдарынан бастап медицина сабақтарының тақырыптарын ибн сина мен ибн рушдтың еңбектерінен алды. Фараби, Ибн Сина, Ғазали сияқты ислам философтарының шығармаларын еуропада латын тіліне аудару арқылы батыс әлемі өзге ғылымдармен де шұғылдану керктігін байқады.