Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дин соц ОТВЕТЫ ВСЕ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
124.09 Кб
Скачать

54. Дін социологиясының басқа ғылымдармен байланысы.

Дін социологиясы философия,әлеуметтану,дінтану т.б ғылымдарымен тығыз байланысты.Ғылымдардың түп атасы болып келетін философия барлық осы ғылымдарды ұштастырады. Әлеуметтану мен діннің байланысы қоғам мен діннің яғни қоғамдағы адамдардың арақатынасын,маңыздылығы мен байланысын зерттейді. Мысалға қай қоғам қай дінді ұстанады оның эмпирикалық себептерін әлеуметтік тұрғыда дәлелдейді.Мақсаты дінді әлеуметтік феномен ретінде зерттеу. Ал философия оның философиялық тұрғыда философиялық аспектілеріне сүйенеді.

55. Зайырлы мемлекет және ар-ождан бостандығы.

ҚР Конституциясының 1 бөлімі, 1 бабы: Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. Мемлекеттің зайырлылығы біздің мемлекетіміздің тұрақтылығы мен игілігінің тірегі болып табылады. “Зайырлылық” түсінігін дұрыс түсіндіру керек. Ол дінге қарсы болып табылмайды, дінге қарсы күрес тұжырымын білдірмейді. Қазақстан зайырлы мемлекет болғаннан соң, азаматтар кез келген дінді қабылдай алады. Ата Заңымызда Қазақстанның зайырлы сипаты атап көрсетiлген. Бiрақ қалыптасқан жағдайға орай елде құқықтық және демократиялық мемлекет құру үдерiсiне қарағанда, зайырлы мемлекет қалыптастыру мәселесiне аз көңiл бөлiнуде.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабында «әркімнің ар-ождан бостандығына ќұќығы бар. Ар-ождан бостандығы ќұќығын жүзеге асыру жалпы адамдыќ және азаматтыќ ќұќыќтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеу» жөнінде кепілдеме берілген. Қылмыстық-құқықпен заңмен тыйым салынбаған діни бірлестіктер мен салт-дәстүрді қорғауды қамтамасыз етедіАр-ождан бостандығы адамның кез келген дінге сену немесе сенбеу құқығын, жалпы адамзат нормаларына қайшы келмейтін діни және басқа да көз қарастарды таңдауға, иеленуге және тарату бостандығына деген құқығын білдіреді. Қылмыстың объективтік жағын мына төмендегі кедергі жасаудағы әрекеттері мен әрекетсіздіктері құрайды:

56.Дін, құқық және морал. Дін мен құқық әлеуметтік бақылаудың ортақ жүйесіне кіргенімен,олардың өзіндік айырмашылықтары бар.Егер құқық сыртқы,міндетті,тәртіпті дамытса,дін моральмен,өнегесімен,салттармен бірге қоғамдағы әлеуметтік бақылаудың ішкі терең тәртібін қарастырады.Кез-келген дінде моральдық-рухани бастама бар.Моральдық нормалар сенуші адам үшін дінмен тығыз байланысты.Ислам тұлғаның құқықтың мәртебесіне ерекше назар аударады және оған құранда шамамен 70 аят арналған.Мұсылман құқығының теоретиктері исламды қабылдау,адамдарды олардың әлеуметтік жағдайына,тіліне,тері түсіне қарамастан теңестіреді деп есептейді.Бұл теңдік сонымен қатар барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігін де көздейді.Адамның негізгі құқықтары туралы ислам теориясының бастапқы нүктесі болып,құранның әркім өзінің іс-әрекетіне жауап береді деген 70 сүресі және Мұхаммед пайғамбардың мен адамдарды барлығы бір-біріне ағайын деп жариялаймын деген пікірі қызмет етеді.

57.Г.Зиммел және Д. Лукач және дін.

Зиммел, Георг (1858—1918) — неміц пәлсапашысы, әлеуметтанушысы. Зиммел өміп пәлсапасы ағымының өкілі ретінде мәдениет пәлсапасының мәселелерін қарастырды. Зиммелдің танымы бойынша «өміп» ұғымы шығармашылық қалыптасу процесі, оған ішкі толқыныс, сезім қуаты мен рационалды құралдарды қолдану арқылы жетуге болады.Өмірдің күрделі толқыныстары мәдениеттің әрқилы формасында көпініц табады. Зиммельдің өміп туралы, дара тұлғалардың ролі туралы көзқарасы Гете, Рембрант, Кант, Шопенгауер, Ницше туралы еңбектерінде, басқа да мәдениеттің тарихы мен пәлсапасы туралы көптеген эсселерінде көпініц тапты. Зиммел мәдениетті рухани және практикалық еңбектің нәтижесі ретінде, өміп формасының саналы, нәзік көпініці деп таниды.Зиммел үшін мәдениет — өміп сүру формасы. Мәдениет пен өмірдің арасында түрлі саяси және мәдени қозғалыстарға ықпал етіп, қозғалысқа түціпеп қайшылық бар. Зиммель пікірі бойынша шығармашылық бұлағы — тұлға, және оның таным қуаты. Сол таным, шығармашылық көру қуатына сәйкес түрлі мәдениет «әлемі» қалыптасады: дін, пәлсапалық ғылымдар, өнер, т.б. Оның барлығы өзінің ерекшелігімен мәдениеттануда көпініц табады.

Зиммелдің мәдениеттану туралы толғаныстары, оның негізі «Мәдениеттану ұғымдары мен трагедиясы» (1911 — 1912), «Қазіргі мәдениеттегі конфликт мәселесі», «Мәдениет трагедиясы туралы ұғым», т.б. еңбектерінде көпініц тапқан «Әлеуметтік шиеленіс» деген терминді алғаш рет ғылыми айналымға енгізген неміс ғылыми Г.Зиммель болды. Г.Зиммель шиеленісті қоғам өмірінің қалыпты және маңызды формасы ретінде қарастырған.

... Г.Зиммельдің бұл бағыттағы ғылыми көзқарастарын XX ғ. 20 –жылдары Чикаго мектебінің көрнекті өкілдері Роберт Парк, Эрнст Бюрджесс және Альбион Смолл қолдады. Олар «әлеуметтік өзара ықпалдасу теориясын» негіздеді. Бұл теория бойынша шиеленіс еркін бәсеке, бейімделу ассимиляция, әлеуметтік өзара ықпалдасудың түрлері ретінде қарастырылған.

58.Христиандық және демократия.Демократия – сөзі (гр. demos – халық және гр. kratos – билік) деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіредіДемократия' теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада – заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Рим-католик шіркеуінің Папалары өздерінің реформаларын жүргізе отырып, демократияны пайдаланып халықты өзіне қаратқысы келді.Алайда христиан діні мен демократия тез арада байланысы орнықпаған еді, ол үшін көптеген жылдар мен беленді өзгерістер кере еді. Христиан шіркеуі халықаралық дәрежесін көтеру мақсатында олар ерте кезде қалыптасқан доктрина мен догмалардың дәрежесін төмендетті,сол арқылы қазіргі кездегі христиандағы демократия қалыптасты.

59.Зайырлы мемлекет және ар ождан бостандығы.Секуляризация - [лат. saecularis - зайырлы] - саясаттың діннен азат етілуі, оның табиғи-тарихи үрдіске айналуы. Биліктің секуляризациялануының нәтижесінде саяси ұйымның құндылықтары, беделі, қызметтері өзінің сакралды, табиғаттан жоғары, тылсым күштік мазмұнын жоғалтады.  Конституцияның 22-бабындағы «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар», 14-бабындағы «дінге көзқарасына» байланысты «ешкімді кемсітуге болмайды» деген қағидаларына сәйкес мемлекет:

  • азаматтардың дінге қатынасына, дін таңдауына, балаларының да дін таңдауына араласпайды;

  • мемлекеттік органдардың жұмысын діни бірлестіктерге жүктемейді;

  • діни бірлестіктерді қаржыландырмайды;

  • діни бірлестіктердің жұмысына, егер ол заңға қайшы болмаса, араласпайды;

  • әр түрлі діндегі немесе дінге сенбейтін адамдардың, діни бірлестіктердің өзара сыйластықта, төзімділікте болуына ықпал етеді.

Ал діни бірлестіктер:

  • мемлекеттік биліктің қызметін атқармайды және мемлекеттік органдардың жұмысына араласпайды;

  • саяси партиялардың жұмысына қатыспайды, оларға қаржылай қолдау көрсетпейді;

  • мемлекеттің заңнама талаптары мен хұқық тәртібін сақтауға міндетті. Осыған сәйкес мемлекетіміз "зайырлы" қағидасын есепке алады.

60.Малиновский және діннің қоғамда алатын рөлі.Бронислав Каспар Малиновский – ағылшан социологы, анотропологы. Функционализмнің негізін салушы ғалым ретінде танымал. Дін туралы зерттеулерін өзінің «Дін, магия және ғылым» кітабында жазды. Ол дін мен магияның, магия мен ғылымның, дін мен ғылымның ара қатынасын, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын зерттеуге ерекше мән берді. Магия мен діннің ара жігін ажыратқан ғалымдардың қатарына жатады. Кез-келген қоғам, тіпті алғашқы қауымдық құрылыс, дін және магиясыз болуы мүмкін емес. Әрбір алғашқы қоғамда екі анық ажыратылған сфера айқындалады: Сакральды және Әлемдік, басқаша айтқанда, Магия мен Дін сферасы және Ғылым сферасы. Дінсіз қоғам жок болғандықтан, дінсіз мәдениет те жоқ. Ол сонымен қатар алғашқы діни сенімдер ретінде анимизм, тотемизм, магияны есептеп, олар туралы өз зерттеулерінде айтып өтеді. Малиновский Фрезердің зерттеулерін ары қарай жалғастырушы болып саналады. Ол дінді адамның өлім алдындағы қорқыныштарынан құтқарушы ретінде есептейді. Оның дін туралы зерттеулері жазылған еңбектері: «Магия, ғылым және дін» және «Алғашқы қоғамдағы миф». 61.Қоғам және әйел.Мұсылман қоғамында әйелдің алар орны ерекше.Ислам адамгершілікті дін туын көтере отырып,ер мен әйел арсындағы теңдікті жариялады.Ислам қыз баланы тірідей көму үрдісіненің түбіне балта шауып,оған қатаң түрде тыйым қойды.Қыз бала ардақты болып өсіп жетілуі үшін ислам оның тәлім –тәрбиесіне көңіл бөлді.Ислам діні келгенге дейін қоғамда әйел орны төмендетілген жайттар кездескен.Жаһиле дәуірінде қыз балалардың дүниеге келуі кейбір арабтар арасында сүйекке басылған таңба саналған.Қанша әйел алуға да тыйым салынбаған. 62.Ислам және қарайласу.Ислам мұсылман қоғамындағы байларды өз жерлеріндегі пақырларға қарайласуға үйрету үшін зекетті парыз еттіп,оны мызғымас тірегі етті. Зекет (араб.: زكاة‎ – тазарту) – мұсылмандардың бес парызының бір, яки мұсылмандықтың төртінші шарты, қоғамдағы кедейлерге берілетін міндетті садақа. Шариғат бойынша, кәмелетке толған ауқатты мұсылмандар ғана жылына бір рет малының, дүние-мүлкінің, дәулетінің қырықтан бір бөлігін Зекет ретінде беруге міндетті. Құран Кәрімде айтылғандай, Зекет сегіз түрлі кісілерге: кедейлерге, міскіндерге (қолында түгі жоқ тақыр кедейлерге, жетім-жесірлерге), Зекет жинаушыларға, жаңа мұсылмандарға, құлды азат етуге, борыштыларға (қарызын төлеуге шамасы келмейтіндерге), мүсәпірлерге (үйіне жете алмай, жолда қалғандарға) таратылуға тиіс. Зекет беруші Зекетті берген уақытта Зекет үшін беретіндігін ниет етуі, яғни ішінен ойлауы шарт. Ал Зекет алушының Зекет екендігін білуі шарт емес. Зекетті бергеннен кейін міндетсу немесе ренжітіп, кемсітіп беру, сондай-ақ, мақтан үшін беру Зекеттің қайыр-сауабын зая кетіреді. 63.Белла және дін типтері.Р.Белла діни символдардың дифференциациалау дәрежесінің жүйесі құрайтын бес кезеңдік жіктелуді атап көрсетті: қарапайым, архаикалық, тарихи, ерте дамыған және дамыған кезеңі. Р.Белла діннің құрылымы мен функциясын осы бес типтің символикалық жүйесі ретінде талдау жасайды, олардың әлеуметтік салдарын айқындап, әлемнің өзгеруіне алып келетін процессті бақылауға алады.Тұңғыш рет Р.Белла өзінің тұжырымдамасын 1964 ж. “Religious Evolution”1 жұмысында жария етті.Діннің бес типін бөліп шығара отырып, Роберт Белла діннің әрқайсысы осы бес кезеңнен өтуін талап еткен жоқ.Сонымен қатар ертедегі кезеңнің кешегі кезеңмен бір қоғамның ішінде бола алатынын жоққа шығармайды.Дамудың негізі діни символдардың дифференциациалау дәрежесінің жүйесіне байланысты болғандықтан Белла діннің шығу тарихын “діндар адамның ” дамуы, тарихи сабақтастықтағы діни институттардың эволюциясы ретінде емес, ауыспалы және алуантүрлі символикалық жүйе ретінде қарады.

Анайы дін екі символикалық құрылыс – ритуал мен миф арқылы жойылады. Бұл этапта діни ұйымдастық әлі шыға қоймаған еді.Мифтер шынайы өмірдің бөлшектерімен байланысқан және өзімен тұрақсыз “шынайы өмірдегі түс”, “қиялдар” түрлерін көрсетеді. Расымен де адамдарға діни рәсім кезінде арман-қиялға, шынайы өмірдегі қияли түске кіріп кету тән болады.

Оның қысқаша мазмұндамасы “Дін социологиясы” тарауында Р.Белланың Парсонсты шақыруымен және Парсонстың басшылығымен, үлес қосуымен“Американская социология сегодня. Проблемы, перспективы, методы”1972 ж. Мәскеу қаласында шығарылған кітабында жазылған. [1]

Американдық социолог (1927- ? ) Белла Роберт Ниллидің пікірі бойынша қазіргі қоғамдағы дін бара-бара әркімнің дербес таңдау ісіне айналуында секуляризация үдерісінің басты себебін көреді.Ол 60-жылдары шығарылған “азаматтық дін”концепциясының авторы ретінде аса танымал.”Азаматтық дін”- сеніміне,институционалды символдар мен ритуалдар негізінідеконфессионлады қажеттіліктерге қарамастан, америка қоғамының барлық мүшелерін біріктіретін дін. Ол наным-сенімнің ,символдар мен ритуалдардың жүйесінде америкалықтардың құдайшылдық қалауында және жалпы қоғамдық құндылықтарды нығайту мақсатында көрініс тапқан америкалық өмір сүру дәстүрінің өлшемі.[4]

“Жүрек дағдысы” атты кітабының оқырмандарға ұсынылған тарауында(1985 ж.) “азаматтық қоғам” терминінің орнына америка қауымының өмірімен тығыз байланыста “республикалық” “библиялық”термині қолданылады.Бұл кітап бесжылдық дала зерттеулерінің нәтижесінде Р.Белланың өзі жетекшілік еткен және бес әлеуметтанушымен жүргізген анализ қорытындысы есебінде пайда болды. Ең басты қойылған мәселе-индивидуализм жайлы және Америка Құрама штатында индивидуализмнің жойқын көрінісіне позитивтік жақтарын сақтап қала алатын дәстүрлер мен социалды дағдыларының барлығын айқындау. Автордың ойынша дін-америка қоғамының алдағы дамуына әсер ететін күштердің бірі.Бұл кітап социологтар, теологтар,политологтар арасында жақсы бағаға ие болып,оқырмандар арасында үлкен сұранысқа алып келді. 1989 жылы осы кітаптағы мәселелер әрі қарай қозғалатын “Жақсы қоғам” еңбегі жарыққа шықты. 64.Исламдағы отбасы.

Отбасы бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы.Балалар тәрбиесін жүзеге асырып басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді қажеттіліктерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.Отбасының қоғамдағы маңыздылығы зор болғандықтан Ислам оны мығым негіздердің үстіне тұрғызады:

1.Біртектілік.Отбасының мүшелерінің тегі біреу.Бұл жайлы Құранда Әй,адамдар,сендерді бір адамнан жаратқан Раббыларыңнан қорқындар,әрі одан жұбайын жаратып,ол екеуінен қырыуар еркектер мен әйелдерді жаратты.(Ниса1)