Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дин соц ОТВЕТЫ ВСЕ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
124.09 Кб
Скачать

1. Дін социологиясының басқа ғылымдармен байланысы

Елімізде дін социалогиясы ілімдері соңғы жылдары ғана жандана, негізделе бастады. Дін социалогиясының зерттеу тақырыбы адамдардың дінге негізделген әлеуметтік қатынастары. Әлеуметтік қатынастардағы діннің ықпалды рөлін жоққа шығаруға болмайды. Соңғы ғасырларда Батыс қоғамдарында діннің номартивтік күші шектелген сайын діни феномендердің зерттелуі таза телогия мәслелесінен гөрі социология , саясаттану, антропология, құқық, психология сияқты эмирикалық ілімдердің зерттеу нысанына айналған. Сондықтан дін әлеуметтік феномен ретінде социологтар үшін аса маңызды зерттеу объектісі ретінде қарастырылуда.

Діндерді зерттеген Батыс социлогтары діннің эмпирикалық, бірақ құндылық қоюшы емес ғылымнан, эмпирикалық, құндылық қоюшы идеологиядан және эмпирикалық, құндылық қоюшы емес философиядан жоғары қасиеттері бар екенін анықтаған. Себебі, адамдардың діннен туындайтын әлеуметтік қатынастарында дін анықтаған «киелі» және «киеліден тыс» ұғымдар, ұстанымдар, мәмілелердің айтарлықтай маңызды әсері бар. Осы мәліметтер негізінде дін социологиясы мына ғылым салаларымен тығыз байланыста болады: этно-социология, әлеуметтік философия, құқық, дін психологиясы, телогия, әлеуметтік антропология, діндер тарихы және феноменологиясы.

2. Дюркгейм және әлеуметтік факті

Дін социологиясының негізін салушы болып Э.Дюркгейм (1858-1917) саналады. Ол қоғам дегеніміз ерекше түрдегі шынайылық, басқа ешнарсемен араластырмай, социологияның міндеті әлеуметтік шынайылықты оқыту деп айтқан. Шынайылықтың элементі болып, әлеуметтік фактілер саналады. Әлеуметтік факт жеке тұлғаға әсер ететін кез келген іс-әрекет түрі, ол объективті түрде өмір сүреді(ойлау тәсілдері, заңдар, дәстүрлер, тіл, сенім, қаржы жүйесі).

Дюркгейм «әлеуметтік фактілерді» зат деп қарастырады. Бұл дегеніміз: 1) Жеке тұлғалар сыртындағы әлеуметтік фактілер 2) Материалды әлеуметтік фактілер 3)Екі немесе одан да көп әлеуметтік фактілер арасындағы қатынастар қоғамның үздіксіз қызмет ету заңдылықтарын құруға көмектесетін себептер болып табылады.

Әлеуметтік фактілерді үйрену үшін социология: 1)Өзінің әр түрлі идеологиялар және жеке қызығушылықтарымен өз қатынасын үзуі 2)Әлеуметтік фактілерге қатысты жеке тұлғаларда қалыптасқан ойлардан арылу 3)Әлеуметтік фактілердің түпнегізі жеке тұлғалардың ойы және мінез-құлқында емес қоғамда екенін мойындауы керек.

3. Діннің үш элементі діни сана,діни мінажат,діни ұйым

Діннің жүйесі өте күрделі келеді. Ол негізінен үш түрлі элементтерден құралады: діни санадын, діни мінажаттардан және діни ұйымдардан.

Діни сана діннің негізгі элементтердің бірі екені белгілі. Діни сана қоғамдық сананың ежелгі формаларының бірі. Енді осы діни санасының өзіне, оның деңгейлеріне және оның қызметтеріне тоқталайық. Діни сана екі деңдегі құбылыстардан құралады. Бірінші деңгейі діни психология құбылыстары, ал екінші деңгейі діни парасат, ақылой құбылыстары, яғни идеология. Діни психология дегеніміз белгілі бір дінге байланысты адамдардың сезімдерінің, көңіл-күйін, мінез-құлықтарының жиынтығы. Діни идеология дегеніміз белгілі бір тәртіпке, дүйеге келтірілген діни ойлардың жиынтығы.

Діни құрылымның келесі элементі- діни мінәжәт.Діни мінәжәт діндер өмірінде, дінді ұстанушылар өмірінде және қоғам өмірінде үлкен орын алады.Діни мінәжәт дегеніміз белгілі бір объектілерге ықпал етуге бағытталған адамдардың жалбарыну сөздері мен практикалық дене қимылының жиынтығы.діни мінәжәттарды,діни ғибараттарды дін басылары ретімен ұйымдастырып, өткізіп отырады.

Діни құрылымның негізгі үшінші элементі- діни ұйымдар . Діни ұйымдарға ең алдымен шіркеулер, мешіттер,храмдар, синагогалар жатады.Сонымен қатар діни оқу мекемелері, діни мүліктер,діни қозғалыстар т.с.с. жатады. Дінді ұстанатын қарапайым халықтар шіркеулерді, мешіттерді «Құдай үйі» деп атайды, «Құдай үйін» дін иелері архитектуралық тұрғыдан барынша тартымды құрылысқа айналдырып салады

4. Конт және «Позитивті дін»

Конт қоғамды зерттеуде негізі бақылау мен эксперимент болатын рационалды тәсілді табуға тырысқан. Ол бұл тәсілді позитивизмд деп атап қоғамдық жаңа тәтіптің негізін қалауды қамтамасыз етеді деген. Конт позитивизм терминін 5 мағынада қолданған: шынайы, ұйымдастырушы, пайдалы, күдіксіз. Конт жүйесіндеі позитивті ойлаудың орны «Үш деңгей заңы» еңбегі бойынша түсіндіруге болады.

5. Дін және мәдениет

Жаңа адамның рухани дүниесі бай болуы үшін өнердің алатын орны ерекше. Өнер қоғамдық сананың бір түрі. Өнер бізді әсемдік әлемінің заңдарын түсінуге жетелейді, адамға рухани күш береді. Өнердің тәрбиелік және қоғамдық мәні де айрықша. Өнер тарихы дегеніміз адамзат таризы. Өнер адамның әлеуметтік дамуындағы бірденөбір белгі болып табылады. Өнер терминін екі мағынада анықтауға болады: Кең мағынасында өнер адам баласының жасампаздығын білдіреді де ендіру, жасау, құру деген негізден өрбиді. Тар мағынасында өнер деп көркем шығармашылық үдерісін және оның нәтижелерін айтуға болады.Өнер адамның рухани болмысына сезіміне әсер етіп оны талғандыратын суреткер қолынан шыққан шығамшылық үлгісі.

Дін мен өнердің бір-біріне ұқсастығы олардың сезімдік бағалық табиғатының танымдық ақпараттық табиғатынан басыдылығында. Өнер мен діннің ұзақ тарихи дамуы мен өзара байланысы барысында әрбір әлемдік дінде соның жүйесінде басым дамыған өнер түрлері қалыптасты. М, буддизм үшін мүсіндеу өнері, ислам үшін сәулет өнері мен каллиграфия, христиан діні үшін бейнелеу өнері және т.б. тән.

6. Белла және дін типтері

Р.Белла болса, Парсонстың идеяларына сүйене отырып, түпнегізін діни символдардың дифференциациалау дәрежесінің жүйесі құрайтын бес кезеңдік жіктелуді атап көрсетті: қарапайым, архаикалық, тарихи, ерте дамыған және дамыған кезеңі. Р.Белла діннің құрылымы мен функциясын осы бес типтің символикалық жүйесі ретінде талдау жасайды, олардың әлеуметтік салдарын айқындап, әлемнің өзгеруіне алып келетін процессті бақылауға алады.Тұңғыш рет Р.Белла өзінің тұжырымдамасын 1964 ж. “Religious Evolution”1 жұмысында жария етті.

Діннің бес типін бөліп шығара отырып, Роберт Белла діннің әрқайсысы осы бес кезеңнен өтуін талап еткен жоқ.Сонымен қатар ертедегі кезеңнің кешегі кезеңмен бір қоғамның ішінде бола алатынын жоққа шығармайды

7. Малиновскийдің алғашқы діндер туралы ойлары

Дін социологиясына үлес қосқан ғалымдардың бірі Бронислав Каспар Малиновский. Ол магия мен діннің арасын ажыратқан алғашқы ғалымдардың бірі. Оның дін туралы зерттеулері М. Вебер зерттеулерімен ұқсас. Оның тұжырымы бойынша, дін магиямен байланысты емес, ал ғылым дами бастаған кезде, ол магияның орнын басады. Өзінің зерттеулерін ол 1926 жылы «Магия, ғылым және дін» кітабында жазды. Ол магия мен ғылым 2 эволюциялық кезең емес, олар іргелес өмір сүреді деп айтқан. Магия мен діннің ұқсастығы – олардың дәлелсіз, белгілі бір нәтижеге жету мақсатында болып табылады дейді.[2]

Кез-келген қоғам, тіпті алғашқы қауымдық құрылыс, дін және магиясыз болуы мүмкін емес. Әрбір алғашқы қоғамда екі анық ажыратылған сфера айқындалады: Сакральды және Әлемдік, басқаша айтқанда, Магия мен Дін сферасы және Ғылым сферасы. [1, 19]

Магия да, дін де – жай ғана доктрина немесе философия емес, жай қана ақыли көзқарастардың жұйесі емес, мінез-құлықтың ерекше типі, ерік, сенім негізінде құрылған прагматикалық нұсқаулар.[1, 26]

Дін тек бір объектіге немесе объектілер класына ғана емес, ол барлығына қатысты бола алады.[1, 38] моногамды некенің қасиеттілігін бекіте отырып, дін адамзат мәдениеті дамуында үлкен үлес қосады. Дін – моральдық бақылаудың жетекшісі, ол өте қырағы және сондықтан да осы күштерге мән беруге мәжбүр. Қоғамда моральдық заң мен тәртіпті сақтау үшін дін керек.

8. Діннің қоғамда атқаратын функциялары

Діннің қызметтері негізінен алты сатыға, алты бағытқа бөлінеді. Діннің қызметтерінің бірінші бағыты-дүниеге көзқарастық қызметі.Дүниеге көзқарас адамдардың, олардың қауымдастықтарын Құдай туралы, дүние туралы және о дүниеден алатын адамдардың орнытуралы жүйеге келтірілген білімдердің жиынтығы.

Діннің қызметінің екініші бағыты бағалаушылық болып табылады. Діни сана, қоғамдық сананың басқа формалары сияқты айталық адамгершілік сана, көркемдік сана, құқықтық саналар сияқты өзінің құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Ол жүйеге ең алдымен –отбасының оның мүшелері мен туған-туысқандардың қадірлейтін бейнелері, принциптері, нормалары жатады. Содан кейін елдің, тайпаның, халықтардың да қасиеті деп есептелетінәдет-ғұрыптары, арғы-бергі ата-бабалардың сайын-қыран ерліктері және өткен тарихтың ұлы тұлғаларының өнеге өсиеттері жатады. Ақыр аяғында одан құндылықтар жүйелеріне тылсым күштер бейнелері, әулие-періште-Құдай бейнелері жатады.

Діннің қызметінің үшінші бағыты – реттеушілік. Діни сана, қоғамның құқықтық санасы сияқты, адамдардың бірімен-бірінің қатынастарын,яғни, адамлардың туғаннан бастап өлгенге дейінгі барлық қатынастарын реттеп отырады. Ол реттеудің негізінде діни қацымдастықтардың әлгінде айтылған құндылық туралы түсініктері жатады. Сол діни түсініктер адамдардың ьарлық қатынастарын реттеп отыратын ережелерден, нормалардан, принциптерден тұрады. Сол ережелер мен сол нормалар орындалса, «дұрыс» болды деп, ал олар орындалмаса «бұрыс» болды деп есептеліп отырады.

Дін қызметтерінің төртінші бағыты- өтемпаздық қызметттері. Қандай дәуірлерде қоғамдарда болмасын, адамдардың өмірлерінің төрт құбылысы тең бола бермейді.Адамдардың әрқайсысының өмірінде шешілмеген мәслелер болады.Ол мәселелер біреуінде кедейлік, екіншісінде ғашығына қол жетпеу, үшіншісінде ел билеушілік дәрежеге жете алмау, төртіншісінда ауру зорлықтан қорлық көру т.с.с. Сол мәслелерді адам баласы болған соң, оның көңіл құсы құйқылжып, шар тарапқа ұшырап жүоегн соң, әркім де шешуге тырысады. Сол тырысушылық табиғаттан тысқары тұрады деген тылсым күштердің – Құдайдың, әулиенің көмегімен шешуге ұмтылыс туғызады.Дін иелері, дінді ұстанушылар бұл ұмтылысты қолдап отырады. Осылайша діннің қиялы-өтемпаздық қызметтері жүзеге асады.

Діннің қызметінің тағы бір қызметі-топтастыру. Дін, дін иелері діни нанымдағы адамдарды белгілі бір мақсаттар төңірегінде топтастырып, ұйымдастырып жатады. Ол мақсаттан алғашқысында негізінен этностардың өздерін өздері сақтау, басқа этностармен араласып жоқ болып кетпеу сияқты қажеттіліктерінентуындайтыны сөзміз. Содан кейін тарих ғылымы көрсеткендей, ол этностар, ол мемлекеттерін басқа этностарды жаулап алы, олардың жерлерін иеленіп, оларға өздерінің өмір салтттарын тану қызметтерінен де тұратыны белгілі. Діннің мұндай қызметтерінің үдгісі ретінде католик шіркеуінің ең жоғарға лауазым иесі болып табылатын Рим папаларының орта ғасырлардағы христиандық Еуропа елдерінің әскерлерін мұсылман елдеріне қарсы ұйымдастырған 8 крест жорықтарын алуғв болады.Мұсылман елдерінің ислам діни басшыларының қатысуымен ұйымдастырылған «газзовот» соғыстары да осыған жатады.

9.Томас Лукман мен Питер Бергердің еңбектері

Томас Лукман- неміс социологы, әлеуметтанудағы феноменологиялық бағыттың өкілі.Феноменологиялық әлеуметтанулық ілімнің жақтастары болып табылатын Питер Бергер және Томас Лукман. Олардың басты еңбегі болып табылатын « Әлеуметтік конструктивті шыңайылықтар» атты еңбегі тек ғылыми тұрғыға негізделмеген. Ол күнделікті білім,өмірдің шыңайылығына бағытталған. Кітаптың алғашында идеялардың көзі болған әрине Э.Гуссер мен А.Шюцемның феноменологиялық әлеуметтануы туралы айтылған.

Бірақ әрине негізгі кітап идеясы Питер Бергер мен Томас Лукманға тән. «Әлеуметтік конструктивті шыңайылықтар» кітабы жарық көргеннен бастап америкалық және неміс социологияларында өте кең дәрежеге ие. Бұл еңбек америкалық социология мен әлеуметтік психология және неміс философиясы мен социологиясымен дәстүрлі байланысын көрсетеді. Гуссердің феноменологиясынан басқа авторларға философиялық антропологияда негіз болған.Бергер мен Лукманның бұл еңбегі Лукманның «социология тілі» және «протосоциология» еңбектеріне фундамент болды. Бергер үшін де әлеуметтанулық және діни еңбектеріне бастау ретінде фундамент болды.Бергер АҚШ-та көптеген бестселлердің авторы болып келеді. Мысалға «Періштелер туралы әңгіме», «Еретикалық императив», «Капиталистік императив», және социология туралы бірнеше кітабы бар.

«Әлеуметтік конструктивті шыңайылықтар» атты шығарма Бергер мен Лукманнің басқа еңбектерінен стильдік және мазмұндық жағынан өзгеше болып келеді. Бұл кітапта философиялық анализ, шыңайы мысалдар көрсетілген. Еңбектің басты тақырыбы: адам қалай әлеуметтік шыңайылықты тудырады және бұл шыңайылық адамды қалай тудырады.Бергер мен Лукман феноменологиялық социология өкілдері болса да, және екеуіде Шюцтың оқушылары болсада олардың кейбір өзгешеліктері байқалады. Егер Лукман феноменологияға берік болып оның «протосоциология» және т.б еңбектерінде де оның методологиясын байқауға болады.Ал Бергерді эмпирик сөзінің жақсы мағынасында айтуға болады. Ол теория методологиялық принциптерден нақты структуралар мен институттарға көшеді.Және ол тек қана Гуссер мен Шюцтың феноменологиясына ғана сүйінбейді, ол кейде Вебердің социологиялық, философиялық теориялары мен методтарын пайдаланады. Сондықтанда «Әлеуметтік конструктивті шыңайылықтар» еңбегінің кейбір тараулары Лукманның жазғанын онда «типизация» түсінігін кең мағынада қолданғанын байқаймыз. Ал социологиялық категория материалдары көбінде Бергерге тән. Бірақ кітап біртұтас жемісті синтезбен абстрактілі теория мен эмпирикалық білімге негізделген.

Бергер мен Лукман «әлеуметтік конструктивті шыңайылықтар» еңбегінде авторлардың теориясы,процестері мен механизмдері ұштасқан.

Бергер мен Лукманның социологиялық білімінің басты назарындағы түсініктер «күнделікті өмір» және « символикалық универсумдар». Бұл түсініктер арқылы Лукман дінді « универсумдардың символикалық институционализациялығы» ретінде қарастырады. Бұл бір жағынан күнделікті өмірді,ал екінші жағынан өзге өмір яғни трансцендентттік өмірге сілтейді.

Бергер Питер Людвиг-оның басты еңбектері феноменологиялық социологиялық білімге,дін социологиясына әдебиет проблемалары мен отбасы проблемаларына және тағы да басқаға арналған.

«Періштелер туралы әңгіме» атты еңбегіндегі іштегі секуляризм кризисімен күресі және сенімнің дінсіз өмірде пайда болуы туралы айтылған. Іштегі кризистен шығу діни шыңайылықтың индуктивті қадамы мен интерпретациясын қажет ететіндігі баяндалған. Модернизация проблемалары,социалды өзгерістер Бергердің мына жұмыстарында байқалады. «Құрбандар пирамидасы», «Капиталистік революция», « Шығыстық-Азиаттық модельдер дамуын іздеу жолы»

10. Зайырлы мемлекет және ар ождан бостандығы

Зайырлы мемлекет дегеніміз – мемлекетті шіркеуден бөлу нәтижесінде пайда болған, қо­ғам­дық қатынастар діни нормалар негізінде емес, азаматтық негізде реттелетін, мемлекеттік ор­гандардың шешімдері діни тұрғыдан шыға­рыл­майтын мемлекеттің сипаты.  Зайырлы мемлекеттің заңнамасы толықтай немесе ішінара діни нормаларға сәйкес келуі мүм­кін, оның зайырлылығы діни түсініктерге қара­ма-қайшылықпен емес, одан азат болуымен анық­талады. Зайырлы елде әрбір адам ешқан­дай діни институттарға қатыссыз өмір сүруге құ­қылы. Мысалы, некені тіркеу және әділ сот жүйесі мемлекеттің айрықша құқығы болып та­былады. Сол сияқты зайырлы елде барлық кон­фес­сия өкілдері заң алдында бірдей. Діни ме­рекелер халықтың дінге сенуші бөлігіне қо­лай­лы жағдай жасау мақсатында демалыс күні ретінде бекі­тіл­ген. Көптеген мұсылман елдері зайыр­лы­лық қағи­даларына сай келмейді. Мы­са­лы, Сауд Ара­биясы мен Иран теократиялық ел болса, Ма­лай­зия зайырлылықтан біртіндеп бас тартуда (ді­ни по­лиция құрылды), ал Түркия мен ТМД-да­ғы мұ­сылман елдері зайырлы болып есептеледі.

Ой-пікір мен ар-ождан бостандығы - бәрінен бұрын, кез келген идеологиялық бақылаудан азат болатын, әркімнің өз еркімен өзі үшін рухани құндылықтар жүйесін таңдау құқығын білдіретін адамның негізгі жеке құқықтарының бірі.

Ар-ождан және діни наным бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі жасау – ҚР ҚК 149-бабы.Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабында «әркімнің ар-ождан бостандығына ќұќығы бар. Ар-ождан бостандығы ќұќығын жүзеге асыру жалпы адамдыќ және азаматтыќ ќұќыќтар мен мемлекет алдындағы міндеттерге байланысты болмауға немесе оларды шектемеу» жөнінде кепілдеме берілген. Қылмыстық-құқықпен заңмен тыйым салынбаған діни бірлестіктер мен салт-дәстүрді қорғауды қамтамасыз етеді. Атап өту керек, Бұрын Қаз КСР қылмыстық кодексінің 130, 131-баптарында жауаптылық қарастырылған екі іс-әрекет Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ар-ождан құқығы мен бостандығы үшін жауаптылық қарастыратын 149-бабына біріктірілді. Талданып отырған қылмыстың объектісі ар-ожданға деген конституциялық құық болып табылады. Ар-ождан бостандығы адамның кез келген дінге сену немесе сенбеу құқығын, жалпы адамзат нормаларына қайшы келмейтін діни және басқа да көз қарастарды таңдауға, иеленуге және тарату бостандығына деген құқығын білдіреді.

11. Парсонс және қоғамда әлеуметтік жіктелу

Американдық әлеуметтанушы Т. Парсонс қоғамда әлеуметтік жіктелуді

факторларын 3 топқа топтастырған.

Біріншісі – адамның туа біткен табиғи белгілеріне байланысты факторларды: этникалық тегі, жыныстық, жастық ерекшеліктері, туыстық байланыстары, дене бітімі мен интеллектуалдық қабілеті.

Екінішісіне – қызмет түрі., мамандығы және кәсіби деңгейін жатқызған.

Үшінші топқа – меншік, материалдық және рухани құндылықтар мен артықшылықтарды жатқызады.

12. Исламдағы тұлғаның құқықтық мәртебесі

Исламдағы тұлғаның құқықтық мәртебесіне ерекше назар аударады және оған құранда шамамен 70 аят арналған. Адамның негізгі құқықтары туралы ислам теориясының бастапқы нүктесі болып, құранның әркім өзінің іс-әрекетіне жауап береді деген 70 сүресі және Мұхаммедтің: Мен адамдардың барлығын бір-біріне ағайын деп жариялаймын,- деген пікірі қызмет етеі. Бұл мұсылман мемлекетінен өзінің негізгі құқықтарын талап етуге құқылы дегенді білдіреді. Исламды зерттеушілер құқыққа сенушілер біркелкі тең деп санайды, олардың құқықтарына намыс бостандығымен қоңам мен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы жатады. Арабтың диафах әдеті қонақжайлылықты білдіреді. Бұл әдет Арабияның қатал жағдайларында жалпыға көмек көрсету қажеттілігі ретінде пайда болған. Диафахтың кейбір элементтері гректің проксениясына ұқсас болып келеді. Білуімізше, гректің проксениясы екі аспектіге ие болған: бұқаралық және жекелік. Бұқаралық проксения қонақжайлылық. Ежелгі Грецияда белгілі бір грек қаласына ұлттық мейрамдар мен жәрменкелерге қатысуға келген шетелдіктерге көрсетілетін сый. Жекелік проксения дара енлген жат елдіктердің мүдделерін қорғауға және олардың мүдделерін сот отырыстарында білдіруге бағытталған. Ислам құлшылық пен қарым-қатынастың, сенім мен шариғаттың, дін мен мемлекеттің, рухани әрі материалдық құндылықтардың, дүние мен ақиреттің, жер мен көктің араларын біріктіруші дін. Оның заңдары, парыздары, бағыттары, жазалары, билік пен қаражат саясатының ережелері, құқықтары, міндеттері осы теңгеруші сипатқа негізделеді. Ислам әділет принципін тұрғызды. Мүмкіндіктерді адамдардың арасына тең үлестіріп, олардың бір-бірлерінен тек қана жігерлікті, еңбекқорлық, ойланулары арқылы артық етті. Ислам адамдардың жаратылуын, ақиретке оралуын, өмір сүруін, ажал жетуін, дүние мен ақиретте Алланың алдындағы құқықтары мен міндеттерін де тең қылды. Артықшылық тек ізгі амалдарға ғана беріледі. Тақуалар ғана ардақталады. Ислам нәсілшілдік ұлтшылдыққа жол бермейді. Теңдік әлеуметтік әділдікті басқарады. Жамағатпен оқылатын намазға қарасақ, пақыр мен байдың, басшы мен қызметшінің қатар тұрғанын көреміз, олардың барлығы Аллаға бастарын иіп, оны пәктәп жатыр.

13. Дюркгейм және социологиялық тұжырымдамалары

Дін социологиясының негізін салушылардың бірі француз социологы Э.Дюркгейм( 1858-1917 ) саналады. Ол қоғам дегеніміз шынайылық, социологияның міндеті әлеуметтік шынайылықты оқыту деп айтқан. Шынайылықтың элементі – әлеуметтік фактілер. Әлеуметтік факт – жеке тұлғаға әсер ететін кез келген іс-әрекет. Э.Дюркгейм әлеуметтік фактлерді зат деп қарастырады. Бұл: жеке тұлғалар сыртындағы ә.ф; материалды ә.ф; екі н/е оданда көп ә.ф арасындағы қатынастар қоғамның үздіксіз қызмет ету заңдылығын құруға көмектесетін себеб б.т. Дюркгейм Конттан кейінгі қоғамды татулық пен бірліктің сферасы деп қарастырған. Татулықтың екі типі бар: механикалық және органикалық. Механикалық- дамымаған, архаикалық( көнерген ) қоғамдарға тән. Мұнда жеке тұлға қоғамға тәуелді болады. Органикалық- әр жеке тұлға қоғамнан тәуелсіз, бөлек болады. Дюркгеймнің діни тұжырымдамасы коллектив түсінігімен байланысты. Діни өмірдің қарапайым формалары атты еңбегінде зерттеудің үш деңгейі анықталған: қоғамның жалпы теориясы; діннің арнайы социологиялық теориялары; дін этнологиясы (австралиялық аборигендердің дінін түсіндіруші теория). Австралиялық аборигендеоді зерттей отырып, дін- қоғамның моральді бірлігін сақтайды деп айтқан. Діннің негізгі функциялары: реттеуші, тәртіпке салу; қоғамды біріктіру; репродуктивті; эйфорлық функция. Дюркгеймнің Конттан айырмашылығы барлық дінде ақиқат элементі бар деп санаған.