Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
s_1201_ra_1179.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
276.48 Кб
Скачать

21.Ерітінділер, анықтамасы, жіктелуі. Ерітінділердің концентрациялары туралы түсінік,оларды өрнектеу жолдары.

Ерітінділер деп еріген зат пен ерікіштен және олардың әрекеттесу өнімдерінен тұратын гомогенді физикалық-химиялық жүйелерді айтады.Ерітіндіні құрайтын заттар компоненттер деп аталады.Еріткіш ерітіндіде концентрациясы басқа компоненттерден көп болатын және ерігенде агрегаттық күйін өзгертпейтін құрамдас.Еріген зат – ерітіндіде аз мөлшерде болатын зат.Агрегаттық күйі бойынша ерітінділер сұйық ,қатты және газ ерітінділеріне бөлінеді.Еріткіштің табиғатына қарай сұйық ерітінділерді сулы және сулы еместерге жіктеуге болады.Еріткіштік –заттың еріткіште еруге қабілеттілігі.Ерітіндінің концентрациясы – ол көлем н/е масса бірлігіне зат н/е масса санының қатынасын көрсететін шама.Ерітінділердің концентрацияларының мынандай түрлері болады:

  1. еріген заттың массалық үлесі (пайыздық концентрация) ─ еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы

  2. молярлы концентрация ─ 1 л ерітіндідегі еріген заттың моль саны,[моль/л]

  3. эквиваленттік молярлы концентрация (нормальдік) ─ еріген зат мөлшері эквивалентінің ерітінді көлеміне қатынасы, [моль/л]

  4. моляльді концентрация ─ еріген зат мөлшерінің еріткіш массасына қатынасы, [моль/кг]

  5. ерітіндінің титрі ─ грамдап алынған зат массасының ерітіндінің 1 миллилимріне қатынасы, [г/мл].

22. Электролиттік диссоциация теориясы.Электролиттік дисссоциалану дәрежәсі мен тұрақтысы. Освальдтың сұйылту заңы.

Электролиттік диссоциация – еріткіштердегі электролит молекулаларының иондарға ыдырауы.

Электролиттік диссоциация теориясының негізгі ережелері:

1.Электролиттер, оларды суда еріткен кезде немесе балқытқан тұста иондарға ыдырайды.Мұны диссоциялану дейді. Иондар – зарядталған бөлшектер: оң зарядталғанды – катион, теріс зарядталғанды – анион дейді. М:

2. Иондар атом құрылысы мен қасиеті бойынша өзгеше келеді:

1s22s22p63s1

Электрондық формуласы

Натрий атомы Na0 3s1-электронын оңай береді де, ионға айналады. Натрий атомдары химиялық тұрғыдан алғанда өте белсенді, ауада тотығады, сумен әрекеттеседі ж/е т.б.

1s22s22p6

Натрий ионының электрондық формуласы

Натрий иондары электронды бермейді, ауада тотыға алмайды, сумен әрекеттеспейді.

3. Ерітінді мен балқымадағы иондардың қозғалысы ретсіз, ал электролиттің ерітіндісі немесе балқымасы арқылы тұрақты тоқ өткізгенде катиондар катодқа (-), ал аниондар анодқа (+) бағытта қозғалады.

4. Электролиттік диссоциация процесі барлық жағдайда да қайтымды болып қалады.М:сулы ерітіндіге сірке қышқылының молекуласы келесідей диссоциацияланады:

Тура реакцияны электролиттің диссоциациясы немесе ионизациясы (шартты түрдегі ыдырауы), ал кері реакцияны – иондардан молекуланың түзілу процесі – ассоциациясы немесе молекулануы дейді.

Электролиттік диссоциацияның толықтығын бағалау үшін диссоциациялану дәрежесі (α) түсінігі енгізіледі.

Диссоциациялану дәрежесі деп иондарға ыдыраған молекулалардың санының электролит молекулаларының жалпы санына қатынасын айтады.

Электролиттік дис-ну процесі диссоциа-у тұрақтысымен сипатталады.

Диссоциациялану тұрақтысының мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым электролит күшті деп саналады да иондарға оңай ыдырайды. Әлсіз электролиттердің диссоциациялану тұрақтыларының мәндері кестелерде беріледі.

Оствальдтың сұйылту заңы(1888ж):Ерітінді неғұрлым сұйытылған сайын, ерітіндегі әлсіз электролиттік диссоциациялану дәрежесі жоғары болады.Заңның математикалық өрнектелуі: Олай болса, α=

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]