Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
s_1201_ra_1179.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
276.48 Кб
Скачать

3.Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары

Оксидтер-екі элементтен тұратын және оның біреуі оттек болып келетін күрделі заттар.Қазіргі кезде 3 элементтің:гелий,неон,аргонның оксиді алынған жоқ.Жалпы формуласы:ЭnOm. Тұз түзетін,тұз түзбейтін болып бөлінеді.Тұз түзбейтіндер:4:CO,CaO,SO3,N2O5 Тұз түзетіндер:негіздік,қышқылдық,амфотерлік.

Негіздік оксидтер-қышқылдармен немесе қышқылдық оксидтермен әрекеттескенде тұз түзетін оксидтер:CuO,MgO,HgO,Ag2O,Na2O,K2O.Тек металдардың оксидтері.

Қышқылдық оксидтер-негіздермен немесе негіздік оксидтермен әрекеттескенде тұз түзетін оксидтер:N2O5,CO2,SO3,N2O5,B2O3,Mn2O7

Амфотерлік оксидтер-қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттескенде тұз түзетін оксидтер:ZnO,Al2O3, ,H2O

Негіздер-молекуласы металл атомымен бір немесе бірнеше гидроксилдік (-OH) топтан тұратын күрделі зат.NH4OH-аммоний гидроксиді.Жалпы формуласы Ме(ОН)Х Гидроксил тобының саны б/ша ж/е судағы ерімталдығы б/ша.Гидроксил тобының саны б/ша:бір қышқылдық:NaOH,екі қышқылдықCa(OH)2,үш қышқылдықFe(OH)3. Суда ерімтал (СІЛТІ):NaOH,LiOH,KOH,RbOH,CsOH,Ca(OH)2,Sr(OH)2,Ba(OH)2 ж/е суда ерімейтін:Cu(OH)2,Fe(OH)2,Fe(OH)3.

Қышқылдар-құрамында қышқыл қалдығы және металл атомымен алмаса алатын бір немесе бірнеше сутек атомдары болатын күрделі зат.Жалпы формуласы:Нх(Ас) Негізділігі б/ша:бір негізді,екі негізді,үш ж/е одан көп негізді ж/е қышқыл молекуласындағы оттек атомдары бша:оттекті,оттексіз.

Тұздар-металл атомдары мен қышқыл қалдығынан тұратын күрделі заттар:орта,қышқылды,негізді.бинарлы(қос),кешенді.

4.Менделеевтің периодтық заңы мен элементтердің периодтық жүйесі, оның құрылымы.

Менделеевтің периодтық заңы:жай заттың қасиеті сол сияқты элементтер қосылыстарының қасиеттері мен пішіні атом ядросының зарядына (реттік нөміріне) периодтық тәуелділікте болады.(1869ж)

Перодтық заң негізінде Д.И.Менделеев химиялық элементтердің периодтық жүйесінің бірінші нұсқасын құрастырды.Жүйені өрнектей көрсетудің негізгі екі нұсқасы бар:бәздің елде кеңінен таралған қысқа түрі және батыс елдерінде жиірек қолданылатын ұзын нұсқасы.Қысқа нұсқа 7 период пен 8 топтан тұрады.

Период-элементтер реттік нөмірінің өсу реті бойынша орналасқан элементтердің көлденең қатарын атады.Бірінші, екінші, үшінші периодтар бір горизонталь қатарынан тұрады да кіші периодтарға, ал төртінші-жетінші периодтар – үлкен периодтарға жатады.Период нөмірі атомның энергетикалық қауызындағы энергетикалық деңгей санын көрсетеді.Әрбір периодта солдан оңға қарай элементтердің металдық қасиеттері әлсіреп, бейметалдық қасиеттері мен олардың салыстырмалық электртерістілік мәні артады.1-ші период s-элементтерден тұрады,2,3-ші - s- және p- элементтерден, 4-7-ші периодтарда - s-, p-,d-элементтер және 6,7-ші периодтарда s-, p-,d-, f- элементтер орналасқан.

Сыртқы қауыздық қабаттағы максималды электрон санына сәйкес жүйеде 8 топ бар.Топ-элементтердің тік қатары, ол элементтерде бір типтегі электрондық құрылым және химиялық ұқсас болады.Әрбір топ топшалардан тұрады.Негізгі топшаларға (А топшалары)кіші және үлкен периодтардың элементтері кіреді (s-,p-элементтер,металдар мен бейметалдар), ал қосымша топшалар (В топшалар) үлкен периодтардың d- және f-элементтерінен тұрады(тек металдар).Топтардағы элементтердің металдық қасиеттері жоғарыдан төменге қарай күшейеді, ал бейметалдық қасиеттері әлсірейді. Топ нөмірі қосылыстағы элемент атомының жоғары тотығу дәрежесі мен берілген элемент атомындағы валенттік электрондар санын көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]