Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
s_1201_ra_1179.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
276.48 Кб
Скачать

39. Металдардың физика-химиялық қасиеттері. Металдарды алудың негізгі әдістері.

Жауабы: Металдардың жалпы қасиеттеріне кристалл торларының ерекше құрылысы себепші болады. Металдардың барлығына тән қасиет - металдық жылтыр. Металдар сондай- ақ радиотолқынын да шағылыстыра алады. Металдар- электр мен жылуды жақсы өткізгіштер. Металдардың электрөткізгіштігі мен жылу өткізгіштігі Hg –нан Ag-ға қарай артады:

Hg,Pb,Fe,Zn,Mg.Al,Au,Cu,Ag

Мыс пен алюминий электрді жақсы өткізетін металдар болғандықтан, оларды электрөткізгіштер ретінде пайдаланады.

Металдар атомдарының химиялық реакция кезінде валенттік электрондар беріп, оң зарядты ионға айналуы олардың ең жалпы химиялық қасиеті болып табылады, яғни металдар реакция кезінде тотықсыздандырғыш болып келеді. Металдр электртерістігі күшті галогендермен, оттегімен, күкіртпен қуаттырақ әрекеттеседі.

Бұл реакцияларда сәйкес келетін бейметалдар тотықтырғыш болып табылады. Металдар, сондай- ақ сутегі иондарымен де, басқа металдар иондарымен де тотыға алады.

Li, K, Ca, Na, Al, Zn, Cr, Fe, Ni, Sn, Pb, H, Cu, Ag, Pt, Au

Бұл қатар металдар кернеуінің электрохимиялық қатары деп аталады. Мұндай қатардағы ең актив элемент литий екен.Кернеудің электрохимиялық қатарындағы солға қарай тұрған металл оңға қарай орналасқан металл тұзының ерітіндіснен немесе балқымасынан металды ығыстырып шығара алады.Кернеудің электрохимиялық қатарына сондай -ақ сутегі де енеді. Бұл металдардың қайсысы қышқыл ерітіндісінің сутегіні ығыстыра алатынына қорытындыжасауға мүмкіндік береді.

Металдады алу әдістері

Активтігі жоғары металдар (Na,K, Ca, Mg) электролиз әдісімен алынады. Активігі аз металдарды оладың оксидінен көмірмен, көміртегі оксидімен неме алюминий оксидімен тотықсыздандырады, ал металл сульфидтерін алдымен өртейді.

40.Метал құймалары,қатты ерітінділер және интерметалдық қосылыстар.

Металдар таза түрінде сирек пайданылады. Көбінесе металдардан түзілген,бірақ сол металдардың металдардың қасиеті сақталмайтын құймаларды қолданады.

Құймаларды алу балқытылғанметалдардың бірінің бірінде еруіне негізделген.Балқыған металдарда кейбір бейметалдар да ериді, Құймалар құрамы және құрылысы бойынша ажыратылады.Солардың маңыздыларын қарастырып көрейік.

1,балқыманы салақындатқан кезде біртекті кристалдар түзіледі. Олардың кристал торларының түйіндерінде әртүрлі метал атомдары болады. Мұндай жағдайда қатты ерітінді түзіледі.

2. Балқыманы салқындатқан кезде жеке металдардың кішкене кристалдары бөлінеді. Мұндай жағдайда құйма металдардың қарапайым қоспасы ғана болады да қатты ерітінді түзілмейді.

3. Металдар өзара еріген кезде олардығ атомдары өзара әрекеттесіп метал аралық қосылыс түзіледі. Балқыған металдарда бейметал еріген кезде химиялық реакция жүруі мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]