
- •1. Химияның негізгі түсініктері: атом, молекула, атомдық және молекулалық массалар, жәй және күрделі зат, химиялық эквивалент, моль.
- •2.Химияның негізгі заңдары
- •3.Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары
- •4.Менделеевтің периодтық заңы мен элементтердің периодтық жүйесі, оның құрылымы.
- •5.Атом құрылысының квант-механикалық моделі.
- •6.Электрондық бұлт туралы түсінік.Толқындық функция.
- •8.Орбитальдардың элетрондармен толтыру реті.Энергияның кішіреуі принципі.Паули принципі.Хунд ережесі.Клечковский ережесі.
- •9. Энергетикалық денгейлермен денгейшелердін сиымдылығы.Атомдардын электрон қауыздарынын құрлысы.Периодтық жүйенің атом құрлысымен байланысы.
- •10. Периодтық жүйе бойынша элементтердің өзгеретін және өзгермейтін қасиеттері.
- •11.Иондану энергиясы,электронға тартқыштық, электртерістілік. Иондану потенциалы.
- •12.Химиялық байланыстың табиғаты.Валенттілік теориясы. Тотығу дәрежесі туралы түсінік.
- •13 Коваленттік байланыс
- •14 .П және σ байланыстар . Бай/с ұзындығы мен энергиясы
- •16. Иондық байланыс
- •17.Металдық байланыс.Оның түзілу механизмі.
- •18.Сутектік байланыс.Оның түзілу механизмі
- •Тотықтырғыш
- •20. Әр түрлі топтар мен периодтар элемент атомдарының валенттік мүмкіндіктері.
- •21.Ерітінділер, анықтамасы, жіктелуі. Ерітінділердің концентрациялары туралы түсінік,оларды өрнектеу жолдары.
- •22. Электролиттік диссоциация теориясы.Электролиттік дисссоциалану дәрежәсі мен тұрақтысы. Освальдтың сұйылту заңы.
- •23. Күшті және әлсіз электролиттер.
- •24.Су.Судың иондық күші,сутекті көрсеткіш.
- •25 Акивілік акивтілік коэффицені. Ерітінділердің иондық күші. Активтілік коэффицент пен ерітіндінің иондық күшінің арасындағы байланыс.
- •26 Тұздар гидролизі. Гидролиздену дәрежесімен тұрақысы
- •27Химиялық реакциялардың жылдамдығы.Реакция жылдамдығына температураның әсері.Вант – Гофф ережесі.Аррениус теңдеуі.Реакциялардың молекулалығы мен реті.Активтендіру энергиясы,оның физикалық мағынасы.
- •28 Реакция жылдамдығына реагенттер концентрацияларының әсері.Әрекеттесуші массалар заңы.Химиялық реакция жылдамдығының тұрақтысы,оның физикалық мағынасы.
- •33.Газ электродтары.Сутектік және оттектік электрод/ң потенциал/н есептеу.
- •34.Тотығу-тотығсыздану потенциалдары
- •35Лектро/қ процес/ң/ң кинетикасы.
- •36 Электрод/ң ертіндісі н/е балқымасы арқылы тұрақты ток өткен кезде электродтарда жүретін тотығу-тотықсыздану реакциаларын электрлиз д.А.
- •37 Қоршаған ортаның әсерінен металдың жаңа химиялық қосылыс түзе күйреуін – коррозия дейміз. Коррозияның күнде кездесетін мысалы- темірдің таттануы-темір ауадағы оттекпен тотығып, беті таттанады.
- •38.Коррозияның термодинамикасы мен кинетикасы.
- •39. Металдардың физика-химиялық қасиеттері. Металдарды алудың негізгі әдістері.
- •40.Метал құймалары,қатты ерітінділер және интерметалдық қосылыстар.
1. Химияның негізгі түсініктері: атом, молекула, атомдық және молекулалық массалар, жәй және күрделі зат, химиялық эквивалент, моль.
Атом-химиялық элементтің электр-бейтарапты ең кіші бөлігі. Ол оң зарядталған ядродан және теріс зарядталған электрондардан тұратын, жай және күрделі заттардың молекула құрамына енетін ең соңғы да кіші бөлшек.
Молекула-ол сол заттың химиялық қасиеті бар бірдей және әртүрлі атомдардан тұратын ең кіші бөлшек.
Атомдық
масса-ол
массаның атомдық бірлігімен
өрнектелетін(берілген, өлшенген),
химиялық элемент массасының орташа
мәні.Атомдар массасының мәні өте аз
және оларды пайдалану өте тиімсіз,
сондықтан элементтің салыстырмалы
атомдық массасы шамасы енгізілді.
Салыстырмалы атомдық масса- ол берілген элемент атомының абсолюттік массасы көміртек атомының абсолюттік массасының 1/12 бөлігінен қанша есе көп екендігін көрсететін сан, яғни массаның атомдық бірлігі.Өлшемсіз шама, Ar таңбасымен белгіленеді.
Молекулалық масса-массаның атомдық бірлігінде өрнектелген молекуланың массасы;ол молекула құралған, барлық атомдар массасының қосындысына тең. М:H3PO4 : 1,008*3+30,973+15,99*4=97.957=98
Салыстырмалы
солекулалық масса-ол молекуланың орташа
массасының атомдық бірлігіне қатынасы.Бұл
шама өлшемсіз және Mr
таңбасымен белгіленеді.
Салыстырмалық молек-қ массаны молекула құрамына енетін барлық атомдардың салыстырмалық массаларын қосп есептеуге болады.
Жай зат-бір ғагна элементтің атомдарынан тұратын молекула. О2, H2, O3
Күрделі зат-әртүрлі элементтердің атомдарынан тұратын молекула.H2O, HCl
Химиялық эквивалент-химиялық реакциядағы сутек атомының 1 молімен қосылыса немесе сутек атомының соншама санын алмастыра алатын сан.
Эквивалент-берілген тотығу-тотықсыздану реакцияларында бір электронға, ал алмасу реакцияларында – бір протонға сәйкес келетін нақтылы немесе шартты бөлшек.
Элементтің
химиялық эквивалентін мына формула
бойынша есептеуге болады:
А-элемент атомының массасы
А)Қышқылдың
эквиваленті:
Молярлық массасының металл
атомымен орын алмаса алатын сутек
атомының санына
қатынасы.
Б)Негіздің
эквиваленті:
Молярлық массаның гилроксид
ионының санына немесе металл валенттілігіне
қатынасы.
В)Тұздың
эквиваленті:
Молярлық массасының металл атомының
саны мен оның зарядының көбейтіндісіне
қатынасы.
Г)Оксидтің эквиваленті:Оттек және онымен қосылған элемент эквиваленттерінің қосындысы.Эоксид=Ээем+Эоттек Эоттек=8
Моль-ол
массасы 12 г
көміртекте қанша атом болатын болса,
берілген заттың да сонша құрылымдық
бөлшегі болатын зат мөлшері.0,012 кг
көміртекте осы элементтің 6,02*1023
атомы
болатындығы дәлелденді, яғни 1 моль кез
келген затта 6,02*1023
құрылымдық бөлшек бар.
2.Химияның негізгі заңдары
Массаның сақталу заңы: химиялық реакцияларға түскен заттардың массасы, реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең.(М.Ломоносов,1947)
Энергияның сақталу заңы: энергия өздігінен пайда болмайды және із-түссіз жоғалып кетпейді.
Эйнштейннің энергия мен массаның эквиваленттік заңы:жылу бөліну массасының азаюына, ал сіңіруі-көбеюіне байланысты Е=mc2(1905)
Заттардың құрам тұрақтылық заңы:қандай жолмен алынған болса да, таза химиялық қосылыстардың сапалық және сандық құрамы әрдайым тұрақты болады.
Дальтонидтер-қандай әдіспен болса да құрамы сапалық және сандық тұрақтылықта болатын қосылыстар.
Бертолидтер-алу әдістері мен оны алу жағдайына тәуелділікте болып, құрамы айнымалы болып келетін қосылыстар.(француз ғалымы Ж.Пруст 1801ж)
Еселі қатынас заңы:екі элемент бір-бірімен бірнеше қосылыс түзетін болса, ол қосылыстарда сол элементтердің біреуінің бірдей етіп алыған салмақ бөлігіне екіншісінің сай келетін салмақ бөліктерінің өзара қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасындай болады.(Джон Жальтон,1803)
Көлемдік қатынастар заңы:реакцияласушы және реакциядан шығатын газдардың көлемдерінің өзара қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасындай болады.(Ж.Гей-Люссак,1808)
Авогадро заңы:бірдей жағдайда алынған әртүрлі газдардың бірдей көлемдеріндегі молекулалардың саны дща бірдей болады.Екі салдар:1)бірдей жағдайдағы әртүрлі газдардың бірдей молекула саны бірдей көлемде болады, яғни кез келген газдың 1 молі бірдей жағдайда да бірдей көлемде болады; 2)кез келген газдың 1 молі қ.ж. 22,4 л көлемде болады. Бұл көлемді молярлық көлем Vm деп атайды.л/моль V= Vm*n; V= Vm*m/M; Vm=V/n (А.Авогадро,1811)
Эквивалент заңы:элементтердің және күрделі заттардың бір-бірімен әрекеттесетін мөлшерлері олардың химиялық эквиваленттеріне пропорционал болады.m1/m2=Э1/Э2
Менделеевтің периодтық заңы:жай заттың қасиеті сол сияқты элементтер қосылыстарының қасиеттері мен пішіні атом ядросының зарядына (реттік нөміріне) периодтық тәуелділікте болады.(1869)