- •§481. Римдіктердің айларды санмен белгілеу ондағы алғашқы ай фазасының өзгеруімен байланыстырылған үш басты күндерді ерекшелеуге сүйенді:
- •37. Латын тілінің дауыссыздар жүйесі Согласные(Consonantes)
- •38. Зат есімнің бірінши септелу түрі.
- •Септелу үлгісі
- •39. Латын тілінің буынға бөліну жүйесі Слогораздел
- •Количество слога (Буын саны)
37. Латын тілінің дауыссыздар жүйесі Согласные(Consonantes)
Дауыссыздардың оқылуында төмендегідей ерекшеліктер бар:
1.Классикалық дәуірдегі латын тіліндегі с барлық жағдайларда [k] дыбысын берді. Оған дәлел ретінде классикалық дәуірден бері белгілі неміс тіліндегі сөздер мысал бола алады: Kirsche лат. Cerasum [kerasum] шие, Keller лат.cellarium [kellarium] бөлме, кладовка.
Латын тілінде б.з 4-5ғасырынан бері e және i әріптерінен бұрын келген [k] дыбысы [ts]африкатына өткен; уақыт өте бұл құбылыс көп таралған. Бұл құбылыс француз және ағылшын тілдерінің айтылуына әсер етті, ал неміс тіліндегі лат.тілінен енген сөздерге 2түрлі әріп берді: k-антикалық дәуірдегі сөздерге, z- орта ғасырларда пайда болған сөздерде.
Қазіргі кезде c әрпінің оқылуының 2 жолы бар: «классикалық» деп аталатын, яғни c барлық жағдайда k деп оқылады және дәстүрлі деп аталатын, соңғы латын тілінде пайда болған және жаңа тілдерде қалыптасқан айырмашылықты көрсетеді. Мына кітапта латынша c әрпінің 2 түрлі оқылуы бар: e,i,y,ae,oe алдарында кездескен c әрпі орыс тілінің ц [ts] әрпі секілді оқылады; ал қалған жағдайларда (яғни a,o,u әріптерінің алдарында, дауыссыздар алдарында және сөздің соңында кездескенде) орысша к[k] деп оқылады.
Бұл ережені төмендегі кесте бойынша есте сақтау оңай:
Латын |
Француз |
Ағылшын |
Неміс |
Орысша |
Caput бас, елорда [kaput] |
capital |
capital |
Kapital, Kapitel |
Капитальды |
Color түс [kolor] |
couleur |
Colo(u)r |
kolorieren |
Колер, колорит |
Бірақ: centum жүз [tsentum] |
Cent, centaine, pour-cent |
Cent, centenary |
Zentimeter, Prozent |
Цент, процент |
Civis азамат [tsivis] |
civil |
civil |
zivil |
цивилизация |
2. s дауыстылар арасында [z] деп оқылады, ал қалған жағдайларда [s] деп оқылады: rosa [roza] раушан , accuse [akkuzo] кінәлаймын.
Бірақ: solus [solus] жалғыз, servus [servus] құл, scribo [skribo] мен жазамын.
3. I әрпін жіңішке айту керек ( неміс және француз тілдеріндегідей)
4. q әрпі тек дауыстылар алдында u әрпімен қолданылады, qu әріп тіркестері [kv] деп оқылады: aqua [akva] су, quinque [kvinkve] бес.
5. ngu тіркесі дауысты алдында [ngv] деп оқылады: lingua [lingva] тіл; su тіркесі [sv] деп оқылады: suadeo [svadeo] кеңес беремін, suesco [svesko] бауыр басамын, suavis [svavis] жағымды.
6. ti тіркесі классикалық дәуірде барлық жағдайларда [ti] деп оқылған. 4-5 ғғ.өзінде-ақ дауыстылар алдында [ti] [tsi]-ге жұмсарған, ол қазірде де сақталған: ratio [ratsio] ақыл (салыстыр: рациональды), initium [initsium] басы (салыстыр: инициалдар)
Бірақ ti дауысты алдында sti,xti,tti тіркестерімен [ti] болып оқылады: bestia [bestia] жануар, mixtio [mikstio] араласу, Attius [Attius] жалқы есім.
7.Грек тілінен енген сөздерде, грек аспираттары (придыхательные согл) h тіркесімен қолданылады, ол rh [r] және th [t] тіркестерінде өз дыбыстық мағынасын жоғалтқан; басқа 2 аспираттар : ch [h] , ph [f] деп оқылады.
Бұл жазу сонымен қатар жаңа батыс-еуропа тілдеріне де өткен. Мысалы:
Латын |
Неміс |
Ағылшын |
Француз |
Орыс |
Chorus |
Chor |
Chorus |
Choral |
Хор |
Physica |
Physik |
Physics |
Physique |
Физика |
Theatrum |
theater
|
Theatre |
Theatre |
Театр |
rhythmus |
rhythmus |
rhythm |
rythme |
ритм |
8. sch тіркесі орыс тілінің [cx] тіркесіне сәйкес келеді. Мыс: schola [shola] мектеп.
Дауыссыздар арасында немые (смычные) және плавные деген түрлері бар. Көне грамматиктер смычный-ды muta терминімен, плавный-ды liquida терминімен белгілеген. Немой(смычной) мен плавный-дың бірігуін латынша muta cum liquida «немая с плавным» деп атаған.
Мүмкін деген muta cum liquida тіркестеріне : bl,br; pl,pr; dl,dr; tl,tr; gl,gr; cl,cr жатады.
