Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
латын базa.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
58 Кб
Скачать

1.RH TH CH PH SCH дыбыстар тіркестері, сипаттамасы, қолданылуы.Грек тілінен енген сөздердегі грек аспираттары rh [r] th [t]әріп тіркестеріндегі мәнін мүлдем жоғалтқанh-пен келетін тіркестері арқылы өрнектеледі; екі басқа аспират сүзілмелі (щелевые) ретінде айтылады: ch [h] ph [f]. Бұл жазылу үлкен көлемде жаңа батысеуропалық тілдерге көшті. Мысалы:

Латын Неміс Ағылшын Француз Орыс

chorus Chor chorus choral хор

physica Physik physics physique физика

theatrum Theater theatre theatre театр

rhythmus Rhythmus rhythm rythme ритм

Б.з.б. II ғ. соңы мен I ғ. грек тілінен сөздердің енуі әсерінен ch тіркесі шығу тегі бойынша кейбір латын сөздерінде c [k] орнына қолданыла бастады.Мысалы: pulcerорнына pulcherәдемі, Graccus орнына Gracchus Гракх.Sch тіркесіорыстың [cx] сәйкескеледі, мысалы: schola [shola] мектеп (салыстыр.: схоластика).

2.Етістіктің перфект жүйесі.Перфект уақыт тобына (аяқталған) perfectum(біткен, аяқталған, оның созылуына байл.емес), plusquamperfectum (бір істің алдында болған өткен шақтағы іс), futurumsecundum(келер шақ II) жатады. Перфект жүйесіне кіретін шақтар (perfectum, plusquamperfectum, futurum II) инфект жүйесінің шақтарына параллель болып келеді. Олардың бір түрге жатуы морфологиялық түрде етістік формаларының жасалуының жалпылығымен білдіріледі. Бірақ, инфект жүйесіне қарағанда перфект жүйесі шақтарының актив және пассив формалары аяқтайтын жалағауларымен емес, олардың жасалу принципі бойынша ажыратылады. Осы шақтардың жай (дейсвительный) етістері перфект негізінен синтетикалық жолмен жасалады. Ырықсыз етісі аналитикалық жолмен, participium perfecti passivi жіктелетін етістігі мен esse көмекші етістігінің жіктік формалары арқылы жасалады. Өз алдына participium perfecti passivi супиннен жасалатындықтан, перфект жүйесінде келесілерден жасалатын формалар ажыратылады: а) перфект негізінен; б) супиннен. Қай жіктелу түріне жататынына қарамастан барлық етістіктер перфект жүйесінің шақтарында бірдей жіктеледі.

3.Буынның сандық сипаттамасы.Классикалық латын тілінде әрбір буын өзінің саны бойынша созылмалы не келте болды. Келте дауыстысы бар ашық буын – келте. Қалған барлық буындар - созылмалы (ұзақ). (Келте дауыстысы бар жабық буын созылмалы болады, өйткені оның соңғы дауыссызын айту үшін қосымша уақыт керек). Мысалдар: Vi-ǎжол сөзіндегі vi- буыны келте: оның дауыстысы дауыстының алдында тұр;Pǐ-lǎдоп – pǐ- және -lǎ ашық буындары келте: олардың дауыстылары табиғатынан келте, және ол ˘ белгісімен белгіленген;Pī-lǎ ступка – бұндағы pī- ашық буыны созылмалы: оның дауыстысы табиғатынан созылмалы, және ол ˉ белгісімен белгіленген;Pau-per кедей - pau- ашық буыны созылмалы; оның құрамында дифтонг бар;Scrīp-tor жазушы - scrīp- жабық буыны созылмалы, оның құрамында созылмалы ī дыбысы бар;Sǐl-vǎ орман sǐl- жабық буыны оның ǐ дауыстысының келте болғанына қарамастан созылмалы болып келеді.Соңғы мысалдан жабық буынның созылмалылығы дауыстысының санына әрқашан сәйкес келе бермейтінін көреміз.

4.Сын есімнің күшейтпелі шырайының жасалу жолдары.Көбінің күшейтпелі шырай формасы gen.s. жалғауының -issǐm- жұрнағымен ауысуымен жасалады, оған әдетте I және II склонениялардың –ǔs, -ǎ, -um кәдімгі родтық жалғаулар жалғанғанда (яғни, ж.р. I скл., м. және ср.р. II скл. бойынша септеледі). Altissǐmus (a, um) ең биік, felicissǐmus (a, um) ең бақытты. М.р. nom.s.-да –er-ға бітетін сын есімдер озінің күшейтпелі шырайын сол формаға -rim- (-sim-нен шыққан) жұрнағының және –us, -a, -um родтық жалғауларының жалғануы арқылы жасалады. Pulcherrǐmus (a, um) ең әдемі, celerrǐmus (a, um) ең шапшаң.М. және ж. родтың nom.s. және gen.s.-тарда–ǐlis-ке бітетін, III склоненияның 6 сын есімі күшейтпелі шырайларын соңғы –ǐs болмағандағы gen.s. формасына –lǐm- (-sǐm-нен шыққан) жұрнағының және –us, -a, -um жалғауларының жалғануы арқылы жасалады:

Facǐlis (gen.s. facǐlis) жеңіл -facillǐmus, a, um

Difficǐlis („ „ difficǐlis) қиын -difficillǐmus, a, um

Simǐlis („ „ simǐlis) ұқсас -simillǐmus, a, um

Dissimǐlis („ „ dissimǐlis) ұқсас емес-dissimillǐmus, a, um

Humǐlis („ „ humǐlis) аласа -humillǐmus, a, um

Gracǐlis („ „ gracǐlis) сымбатты -gracillǐmus, a, um

-ǐlis-ке бітетін қалған сын есімдер күшейтпелі шырайларын ортақ ереже бойынша жасайды, -issǐmus, мысалы: utǐlis пайдалы – utilissǐmus.

5.Дауысты дыбыстардың редукциялануы.Кез-келген орта ашық буындағы қысқа дауысты одан кейін r болмаса, қысқа ǐ-ге айналады. Бұл өзгеру латын тілінде классикаға дейінгі кезеңнің болғанын көрсетеді, яғни алдыңғы буынды айтудағы белгілеуі. Осыған байланысты жақын орналасқан дауысты редукцияланады (қысаңданады). Осы заң ě д-ң етістіктерінде, приставкалармен пайда болған етістіктерден байқалады (mittǐ-te жіберіңдер mittě-te). Мысалы: cǎpio - аламын, бірақ accǐpio – қабылдаймын (ǎ>ǐ); těneo - ұстаймын, бірақ contǐneo - ұстап қаламын (ě>ǐ). Бітеу орта буындағы қысқа ǎ қысқа ě-ге ауысады. Осындай құбылыс күрделі/көпбуынды сөздің соңғы буынында байқалады (егер ол дауыссызға немесе дауыссыздар тобына бітсе).Мысалы:Cǎpio аламын – cǎptum, бірақ приставкасымен accěptum;Fǎcio істеймін – fǎctum, бірақ perfěctum;Соңғы буынында:Tibicěn флейтист, tibī-cān-нан шыққан.Princepsбірінші, prim-cāp-s-тан шыққан.Artǐfěx шебер, суретші artǐ-fǎc-s-тан шыққан.

6. Есімдік, жіктеу есімдігі.Есімдіктің (pronomina)келесі категориялары ажыратылады: личные (personalia), возвратное ( reflexivum), притяжательные (possessive), указательные ( demonstrative), определительные( determinative), относительное ( relativum ), вопросительные ( interrogative), неопределенные ( indefenita) , отрицательные ( negativa).Жіктеу есімдігі (pronominal personalia)

Үндіеуропалық тілдердегі жіктеу есімдігінің шығу тегі бірдей. Салыстыр: лат.ego Русск.я Нем.ich Ағыл.I: Лат.tu Русск.ты Нем.du Англ.you.

Сонымен қатар үндіеуропалық тілдерден қалған тағы бір нәрсе мұра Атау және барлық басқа септіктердің жіктеу есімдігінің І жақ жекеше түрде суплетивті формаға ие болуы. Мысалы: лат.ego, mei Русск.я,меня Нем.ich,meiner, Англ.I, me Фр.ye, moi

зд

7. Дауыссыздардың ассимиляция заңы. Дауыссыздың регрессивті ассемиляциясы

Егер d және t s-тың алдында тұрса, ол еселеніп s-ке айналады. Мысалы: cedo=cedo+si=cessi.. Concutio=concutio+si= concussi...Dot=dot+si=doss.

Анық естілетін қатты g және b әріптері s-тың алдында тұрса әлсіз нашар естіледі.

Мысалы: rego: reg-si=recsi/scribe: scrib-si=scripsi

Қатты d әрпі c,g,p,f,t,r,l әріптерінің алдында тұрса толық ассемиляциаланады.

Мысалы: acado=ad+cedo/aggredior=ad+gradior/appona=ad+pono/affero=ad+fero

8. Үстеу, жалпы сипаттама .Латын тілінде үстеудің 2түрлі категориясы бар:А) дара (самост) үстеулер: fere почти,ubi где, sempen всегда и д.р.В) сын есімнен жасалған туынды үстеулер.Туынды үстеулер сын есімнің gen.s. формасындағы жалғаудың жұрнақпен ауысуы арқылы құрылады. ІІ типті септелудің сын есімделген үстеулер, сөздің gen.s. формасындағы –I жалғауы -e жұрнағына ауысады.

9. Реттік сан есімдер. Реттік сан есімдерде primus бірінші, secundus / alter екінші осылардан басқа барлық сан есімдер есептік сан есім формасынан түзіледі. Сан есімдердің көпшілігі (18-ден бастап) -esim- жұрнағы және us, a, um жалғаулары арқылы жасалады: duodevicesimus он сегізінші, undevicesimus он тоғызыншы, vicesimus жиырмасыншы, centesimus жүзінші, millesimus мыңыншы. Мысалы: primus, secundus, tertius, quartus, quintus, sextus, septimus, octavus, nonus, decimus, undecimus, duodecimus, tertius decimus, quartus decimus, quintus decimus, sextus decimus,septimus decimus, duodevicesimus, undevicesimus, vicesimus, (30-90) tricesimus, quadragesimus, quinquagesimus, sexagesimus, septuagesimus, octogesimus, nonagesimus (100-900) centesimus, ducentesimus, trecentesimus, quadringentesimus, quingentesimus, sescentesimus, septingentesimus, octingentesimus, nongentesimus (1000-10000) millesimus, bis millesimus, ter millesimus, quinquies millesimus, decies millesimus 100000 centies millesimus.

10.Латын алфавиті әріптерінің айтылуы.Латын тілі алфавитінде 25 әріп бар. Батыс еуропа елдеріндегі фонетикалық процесстерге орай латын әріпінің айтылуы өзгерді. У әріпі тек грек тілінен енген сөздерде қолданылып, (у) деп оқылды, ал(і) деп айтылу орыс тілінің ықпалынан п.б. Басында V және I әріптері дауысты да дауыссыз болып келді. К әрпі ерте жойылды, тек кейбір қысқартылған сөздерде сақталды. Мысалы : К және KAL- kalendae (kalende) әр айдың бірінші күнінде белгіленген. У жәнеZ грек тілінен енген сөздерде қолданылған.

11.Етістіктің жіктелмейтін формалары. Инфекттің системасына тағы да келесі етістіктің формалары кіреді. 1)Infinitivus praesentis activi;2) infinitivus praesentis passivi; 3)participum praesentis activi; 4)gerundivum;gerundium; 1)Infinitivus praesentis active-инфинитив осы шақта действ.етіс; 2) infinitivus praesentis passive-инфинитив осы шақта страд.етіс. Инфекттің негізіне жұрнақ –ri-дің жалғануымен жасалады. Яғни етістіктің 1,2,4 септелуі үшін, ал жұрнақ- i етістіктің 3септелуіне жалғанады. I-orna-ri(украшаться, быть украшаемым); II-mone-ri(убеждаться, быть убеждаемым); III-mitt-i(посылаться, быть посылаемым); III-cap-i(браться); IV-audi-ri(слышаться, быть слушаемым); 3)participum praesentis activi-есімше осы шақтағы действ.етіс. Инфекттің негізіне nt-жұрнағының жалғануымен және етістіктің I-II септелуіне; ал III-IV спр- ent –жұрнағының жалғануымен жасалады. Nominativus singularista -та сигматикалық болады ж/е соңында фонетикалық өзгерістерге байла-ы nsens-ке аяқталады. Морфологиялық жағынан бұл причастиялар сын есімнің IIIскл бір ғана жалғау яғни sapiens сияқты. Бірақ abl.sing-та олар e-ге аяқталады. Participum praesentis activi-орыс тіліндегі есімшеге ұқсайды. Мысалға: orna-ns- укращающий, укращая; mone-ns -убеждающий, убеждая; mitt-ens-посылающий, посылая; capi-ens-берущий, беря; audi-ens- слушающий, слушая; Gen.sing- orna-nt-is; mone-nt-is; mitte-ent-is; capi-ent-is; audi-ent-is; 4)Gerundivum – отглсын есім, инфекттің негізіне-nd етістіктің I-II-спр үшін, end-III-IV спр үшін ж/е сын есімнің I-II сеп.жалғауы үшін жалғанады. Мысалға: orna-nd-us; mone-nd-us; mitte-end-us; capi-end-us; audi-end-us; Gerundium-отгл.зат есім. Өтіп жатқан іс-әрекеттің прцесін береді. Бұларда сол жұрнақтар мен жасалады герундий сияқты. Тек қана жанама толықтауыштың жекеше түрде 2скл формасын береді. Мысалға:gen: orna-nd-i; dat-abl: orna-nd-o; Acc: orna-nd-um;

12. Латын алфавитіндегі K, Y, Z әріптерінің сипаттамасы, айтылуы К әрпі ерте жойылды, тек кейбір қысқарған сөздерде сақталды, мысалы : К немесе KAL- kalendae [kalende] –әр айдың бірінші күні белгіленеді. Латын тілінде бастапқыда К әрпі болған . Оған дәлел неміс тілінің Kirshe сөзі, латын тілінен cerasum [kerasum] шие дегенді білдіреді. Ал Yжәне Z әріптері грек тілінен енген сөздерде ғана қолданылады. Мысалы syllaba буын, symphonia үндестік.

13.Предлогтар. Латын тіліндегі предлогтар тек қана 2 септікте қолданылады. Яғни: аккузативте ж/е аблятивусте. 1)Предлог in-в, на и sub под-для орынды(место) анықтау үшін аккузатив пен қолданылады, егерде предлогты сөйлемдер қайда(куда?) Деген сұраққа жауап берсе ж/е аблятивпен егерде қайда(где?). 2 септікте аналогиялық қолданылу орыс тілінде в,на ж/е под предлогтарын береді. Салыстыратын болсақ: in aquam (acc)в воду(вин,п,) in aqua(abl) в воде (предл,п) sub aquam(acc) под воду(вин,п)sub aqua (abl) под водой(твор,п); 2) Предлогтардың шамалы бөлігі аблятивусте қолданылады: a, ab-от; de-от,из,о; e,ex-из; cum-с(кем,чем); sine-без; pro-за,вместе; prae-перед,впереди; из-за,вследствие,от(негізінде болымсыз сөйлем/е қолды.) 3) Ал қалған предлогтар аккузативусте қолданылады. Көбірек қолданы/ы: ad- к,до,у; ante- перед, раньше; apud- у,при,около; circum- вокруг; contra- против; inter- между,среди; ob-вследствие, из-за; post-позади, после; trans-через,по ту сторону; Предлогтардың қызметі аблятивустың қатып қалған(застывшие) имен Iспр causa-по-причине, из-за, ввиду; gratia-из-за, ради родит.падежде өздері тіркесетін сөзден кейін қолда/ы: amicorum causA-из-за друзей; exempli gratia-ради примера;

14.Латын тілінде сан есімнің есептік(cardinalia),реттік(ordinalia),бөлшектік(distributiva) ж/е үстеуден жасалған сан есім(numeralia adverbia) деген түрлері бар. Есептік сан есімдер 1ден 10ға дейін(unus, duo, tres, quattuor, quinque, sex, septem, octo, novem, decem) 20(viginti) 100(centum) 1000(mille)-негізгі сан есімдер, ондытар мен жүздіктердің атауы-туынды ж/е қалыптасқан. Ал қалған сан есімдер(ондық/ң, жүздік/ң, мыңдық/ң атауы). –күрделі құрмдас деп аталады. 1)11-17ге дейінгі сан есімдер негізгі сан есімге –decim (decem-нен): undecim, duodecim, tredecim. 2)30-90 ға дейінгі сан есімдер-ginta: triginta, quadraginta, quinquaginta жалғауымен жасалады. 3)200-900ге дейінгі сан есімдер centi(centum): ducenti, trecenti немесеgenti: quadringenti, quingenti. 4)18,19,28,29 сан есімдер қысқартылу арқылы жасалады. Олар екі(бір)20дан; екі(бір)30дан; duodeviginti, undeviginti.duodetriginta, undetriginta 5) Ондыққа және жүздікке 1-7ге дейінгі жалғанатын: а) бірлік саны 10дықтан кейінгі сандар. М: viginti tres; Б) бірлік саны ең бірінші айтылады: ал содан соң союз et қосылады. М: tres et viginti

16.Muta cum liquidaтіркестері, сипаттамасы, қолданылуы. Дауыссыз дыбыстардың арасында естілмейтін( немые) және созылыңқы( плавные) дыбыстар бар. Ертедегі грамматиктер естілмейтін дыбысты ( немые) muta терминімен, созылыңқыны liquida деп атады. Естілмейтін дыбыспен созылыңқы дыбыстың тіркесуін латын сөздері muta cum liliquida деп атау қабылданған.

17.Сын есімнің салыстырмалы шырайы. Genetivus sing-тың қосымшасы ( - I у прилагательных 2-скл., -is у прилагательных 3-скл.) мужской және женский родта - ior- ға, средний родта –ius-қа ауысқан кезде жасалады. Nom.sing. салыстырмалы шырайда – асигматикалық. Мысалдар:

Positivus Comparativus

Nom.sing. Gen.sing.

Altus- высокий alti altior-более высокий,-ая, выше, altius.

Miser-несчастный miseri miserior, miserius.

Pulcher-красивый pulchri pulchrior, pulchrius.

Celer-быстрый celeries celerior, celerius.

Facilis-легкий facilis facilior, facilius.

Felix-счастливый felicis felicior, felicius.

18.NGU дыбыстар тіркесінің сипаттамасы, қолданылуы.Дауыстыдыбыстың алдында Nguтіркесі [ngv] деп айтылады: lingua [ lingva] тіл; suтіркесі [sv] болып айтылады : suadeo [svadeo] советую, suesco [ svesko] привыкаю, suavis [ svavis] приятный.

19.Етістіктің инфект жүйесі. Инфект жүйесіне кіретін шақтар ( praesesns, imperfectum, futurum 1) аяқталмаған іс-әрекетті білдіреді және морфологиялық тұрғыдан айтарлықтай ортақтығы бар: олардың барлығы бір негізден (основа) жасалады және жіктік жалғаулары(личные окончание) бірдей. Олар жұрнақтың жоқтығымен ( praesens indicativi) немесе бар болуымен (барлық басқа инфект жүйесінің шақ формалары) ажыратылады. Латын тіліндегі бұл инфект жүйесі ағылшын тілінде 3 шақты біріктіретін Indefinite жүйесіне сәйкес келеді: Present Indefinite, Past Indefinite, Future Indefinite.

20. Латын тілі q дыбысыныңсипаттамасы, қолданылуы.Q дыбысы тек u дауысты дыбысымен тіркесіп қана қолданылады, qu тіркесі [ kv] болып оқылады: agua [akva]су , quinque[kvinkve] бес.

21.Сын есімдер, сын есим шырайлары. (NOMEN ADJECTIVUM). Морфологиялық тәуелділігіне қарай латын тіліндегі сын есімдер 2 топқа бөлінеді: 1) І және ІІ типтік септелу (склонение) сын есімдері; 2) ІІІ типтік септелу сын есімдері.Сын есімнің шырайлары (GRADUS COMPARATIONS). Латын тілінде сын есім шыраның 3 түрі бар: жай шырай (gradus positivus), салыстырмалы шырай (gradus comparatives), күшейтпелі шырай (gradus superlativus). Жай шырайда І және ІІ типтік септелу сын есімдері және ІІІ типтік септелу сын есімдері бөлектенеді. Салыстырмалы шырай gen. s. Формасындағы жалғаудың суффикспен алмасуы (ІІ типтік септелуде -і, ІІІ типтік септелуде -ІІІ типтік септелуде -is) нәтижесінде пайда болады: мужской родтағы және женский родтағы есімдерге -ior, средний родтағы есімдерге -ius. Салыстырмалы шырайдың Nom. S.-сы ассигматикалық.

Мысалдар:

Positivus Comparativus

Nom. Sing. Gen. sing.

Altus – биік alti altior – более высокий, -ая; биігірек

Altius – более высокое; биігірек

Miser – бақытсыз miseri miserior – более несчастный, -ая; бақытсыздау

Miseries – более несчастное;

Pulcher – әдемі pulchri pulchrior – более красивый, -ая; әдемірек

Pulchrius – более красивое;

Celer – тез celeris celerior – более быстрый, -ая; тезірек

Celeries – более быстрое;

Facilis – жеңіл facilis facilior – более легкий, -ая; жеңілдеу

Facilius – более легкое;

Felix – бақытты felicis felicior – более счастливый, -ая; бақыттылау

Felicius – более счастливое.

Күшейтпелі шырай, көп жағдайда, сын есімдердің gen. S. жалғауының орнына –issim- жұрнағы жалғанады, ал олардан соң сәйкесінше І, ІІ тптегі септелудің –us, –a, -um жалғаулары жалғанады (сәйкесінше женский родта І типтік септелу, мужской және средний родтарда ІІ типтік септелу бойынша септеледі).Латын тәлілінде кейбір сын есімдердің шырайы суплитивті әдіс бойынша, яғни (восполняющие) бірін-бірі толығтырып тұратын әр түрлі негіздерден жасалады.

Жай шырай түрінде –us-пен аяқталғанда, оның алдында дауысты дыбыс барсын есімдердің салыстармалы шырайы синтетикалық әдіспен емес, сипаттамалы әдіспен жасалады. Салыстырмалы шырай более үстеуі, ал күшейтпелі шырай более всего, наиболее үстеулер арқылы жасалады.

22.Классикалың кезеңде латын тілінде С барлық жағдайда да [k]дыбысын білдірді. Бұны, мысалы, неміс тіліндегі әлі күнге дейін классикалық кезеңмен байланысты латын тілінің cerasum [kerasum] сөзінен шыққан Kirschе – шие, cellarium [kellarium] сөзінен шыққан Keller – бөлме сөздері дәлелдейді. Б.з. 4-5 ғасырларынан бастап латын тілінде е мен і-дің алдында [k] дыбысы [ts] аффрикатына ауысыуы байқалады; осыдан кейін бұл құбылыс кеңінен тарап кетеді. Ол француз және ағылшын тілдеріндегі С әріпінің оқылуына септігін тигізді, ал неміс тілінде латын тілінен шыққан сөздерге байланысты болды: k – антикалық дәуірде шыққан сөздерде, z – орта ғасырларда кітаптардан алынған сөздерде.Қазіргі таңда С әріпін оқудың екі түрі бар: классикалық – барлық жағдайда да k болып оқылады, және дәстүрлі – кейінгі латын тілінде пайда болып, жаңа тілдерде сақталған айырмашылық бойынша оқылады. E, i, y, ae, oe-нің алдында орыс тіліндегі ц [ts] әрпі сияқты оқылад, қалған жағдайларда орыс тіліндегі к әрпі сияқты оқылады.

24.Латын календари. ІІІ. Римдік күнтізбе

Жылдар, айлар, ай күндері

§479. Ертедегі римдік күнтізбе бойынша жыл он айдан тұрған, сонымен қатар бірінші ай болып наурыз есептелген. Б.з.д. VII-VI ғасырлар аралығында Этрурияда қаңтар мен ақпан айлары желтоқсаннан кейін болған және 12 айдан тұрған күнтізбе қолданылды. Римдік күнтізбедегі айлардың атаулары (сын есім-анықтауыш mensis-месяц) мынындай болды:

mensis Martius наурыз (март – Марс құдайдың құрметіне)

m. Aprilis сәуір (апрель)

m. Maius мамыр (май)

m. Junius маусым (июнь – Юнона құдайдың құрметіне)

Келесі алты ай атауларымен өздерінің жылдың басынан санағанда нешінші екенін көрсетіп тұрды:

m. Quintilis, кейіннен Julius (бесінші; б.з.д. 44 жылдан бастап – июль, Юлий Цезарьдің құрметіне

m. Sextilis, кейін Augustus (алтыншы; б.з. 8 жылдан бастап – август, рим императоры Августаның құрметіне

m. September қыркүйек (сеньтябрь – жетінші)

m. October қазан (октябрь – сегізінші)

m. November қараша (ноябрь – тоғызыншы)

m. December желтоқсан (декабрь – оныншы)

Содан кейін:

m. Januarius қаңтар (январь – Янус құдайдың атына)

m. Februarius ақпан (февраль – тазартылған ай, februare – тазарту, жыл соңында құрбандық шалу).

§480. Б.з.д. 46 жылы Юлий Цезарь египет астрономы Сосигеннің кеңесімен Египетте болған үлгі бойынша күнтізбенің түпкілікті реформасын жүргізді. Қазірге дейін сақталып қалған бірқалыпсыз айлар ұзақтығымен төрт жылдық күн айналымы (365 + 365 + 365 + 366 = 1461 күн) құрастырылды: 30 күн (сәуір, маусым, қыркүйек, қараша) және 31 күн (қаңтар, наурыз мамыр, шілде, тамыз, қазан, желтоқсан), ақпанда 3 жыл бойы 28 күн және төртінші жылы 29 күн. Цезарь жылдың басын осы күні консулдар жұмысына кірісіп, римдік шаруашылық жылы басталатын болғандықтан бірінші қарашаға қойған.

§481. Римдіктердің айларды санмен белгілеу ондағы алғашқы ай фазасының өзгеруімен байланыстырылған үш басты күндерді ерекшелеуге сүйенді:

  1. Әр айдың бірінші күні – календалар, Kalendae немесе Calendae (қысқ. Kal., Cal.); бастақыда айдың тууының бірінші күні (calare шақыру етістігінен шыққан, осы кезекте айдың тууы туралы хабарлау үшін).

  2. Айдың 13-і немесе 15-і күні – идалар, Idus (қысқ. Id.); бастапқыда толық айда айдың ортасы, айдың толуы (римдік ғалым Варронның айтуы бойынша эторыстың iduare бөлу деген сөзінен шыққан).

  3. Айдың 5-і немесе 7-і күні – ноналар, Nonae (қысқ. Non.), айдың бірінші тоқсанының күні (nonus, a, um тоғызыншы реттік сан есімінен шыққан, нон күнін қоса санағанда идалардың алдындағы 9-шы күн).

Наурызда, мамырда, шілдеде, қазанда идалар 15-іне, ноналар 7-ісіне келген, ал басқа айларда – идалар 13-іне, ноналар 5-іне келген. Тарихта белгілілері, мысалы, наурыздағы идалар – б.з.д. 44 жылғы 15 наурыз – Юлий Цезарьдің өлген күні: Idus Martiae. Бұл күндердің атаулары (календалар, ноналар, идалар) ablatives temporis-те күнді белгілеуде қойылды: Idibus Martiis наурыз идаларында, Kalendis Januariis қаңтар календаларында, яғни 1 қаңтарда.Календалардың, ноналардың, идалардың алдындағы күндер табыс септігімен pridie – қарсаңында сөзімен белгіленген: pridie Idus Decembres желтоқсан идасының қарсаңында, яғни 12 желтоқсан. Қалған күндер алдағы негізгі күнге қанша күн қалғандығымен белгіленді; сонымен қоса санаққа белгіленіп отырған және жақын арадағы негізгі күн кірді. Мысалы, 24 тамызды латынша белгілеу керек делік, Тамыщдық идалар (13 тамыз) өтіп кетті, келесі негізгі күн – қыркүйектегі календалар, яғни 1 қыркүйек. Санаймыз: 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31 тамыз, 1 қыркүйек – сонда 9 күн шығады. Осыдан, 24 тамыз былай деп белгіленеді: ante diem nonum Kalendas Septembres қыркүйектің календаларына 9 күн қалды; әдетте қысқартылып a. d. IX Kal. Sept. деп жазылды. Ерекше грамматикалық құрылым мынандай көріністен шықты die nono ante Kalendae Septembres (қыркүйектің календаларының алдындағы 9-ы күні); ante шылауы бірінші орында анықталып отырған күннің атауы табыс септігінің формасын қабылдайтын болғандыұтан тұр: ante deim nonum Kal. Septembres. Ante Diem тіркесі кей кездерде түсіп қалуы мүмкін.

§482. Циклдың төртіншіжылы 24 ақпаннан кейін қосымша күн қойылды, яғни наурыз календасының алдындағы 6-ы күннен кейін (24, 25, 26, 27, 28 ақпан және 1 наурыз – 6 күн), және ол ante diem bis sextum Kalendas Martias (наурыз календаларының алдындағы қайталанған алтыншы күні) деп аталды. Қосымша күні бар жыл bi(s)sextilis (қайталама алтыншы күні бар) деп аталды, осыдан орыс тіліне високосный атауы енді. Жылдың үлгісі Kalendarium (осыдан календарь – күнтізбе) деп аталды, осылай қарыз кітабы да аталған ( пайыздарды календа кезінде төлеген).

25. Латын тілі септіктер жүйесі.Септік (Casus).Классикалық латын тілінде септіктің 6 түрі бар.Nominativus (атаулы)-бастауыш және атаулы бөліктегі құрама баяндауыш.Genetivus (ілік)-қиысусыз анықтауыштан тұрған септікDativus (барыс)-жанама толықтауыштан тұратын септік.Бұл түрдің кімге көрсеткенін анықтайды.Accusativus ( табыс )-тура толықтауыштан жасалады.Ablativus-айырушы,бөлуші.Латындық аблятивте 3 септік қарастырылған.Олар өздігінен бола алмайды. Ablativus бұл жерін ,қайда болғанын анықтайды.instrumentalis және locativus боліан жерді білдіреді. Ablativus сонымен қатар іс-әрекет түрін,себебін, уақытын,жерін,орындаған адамын анықтай алады.Vocativus (шақырушы)-қаратпа сөз.Бұл орыс тілінде болмайды.Ертеде ескі славян тілінен енген.Арнайы жағдайларда қолданылады:боже,отче,сыне,княже.Украин,беларусь тілдерінде әлі де сақталған.М:друже (от друг) сынку (от сынок). Латын тілінде бұл атаумен сәйкес келеді.

26.Ұзақ және Қысқа дауыстылар.Классикалық латын тілінде көптеген ежелгі үнді-еуропалық тілдер секілді ұзақ және қысқа дауысты дыбыстар бар.Ұзақ дауысты дыбысты жол үсті таңбасымен а̅ ,ал қысқа дауыстыны ӑ таңбасы арқылы ажыратамыз.Ұзақ дауысты қысқаға қарағанда 2есе созылыңқы.Дауыстылардың саны(созылыңқылығына байланысты-ұзақ немесе қысқа ) мағыналарының айырмашылықтарына қызмет еткен (li̅ber бос, lĭber кітап, se̅ro кеш,sĕro мен отырамын),грамматикалық тұрғыда (vĕnit ол келеді, ve̅nit ол келді )және көптеген жағдайда екпін арқылы ажыратамыз.Қазіргі біздің кітаптарда дауысты дыбыстардың саны тек сөздің түрін анықтағанда,мағыналарының айармашылығын тапқанда және екпін қоятын кезде қолданылады.Грамматикалық тұрғыда (фонетика және морфологияда) дауысты дыбыстардың саны (түбір,жұрнақ,флекцияның )анықтамасы және әдеттегі фонетикалық өзгерістерді білдіреді.

27.Етістік етістіктің жақ, шақ, рай, етіс котегориялары.Латын тіліндегі етістік грамматикалық тұрғыдан келесі категорияларға бөлінеді:жақ,шақ,рай және етіс.Латын тілінде етістің 2 түрі бар:негізгі етіс (действительный) genus activum және ырықсыз етіс genus passivum (страдательный).Райдың 3 түрі бар:ашық рай (изъявительное) modus indicativus, бұйрық рай (повелительное) modus imperativus , шартты рай (сослагательное) modus conjunctivus.Ашық рай мен бұйрық райдың мағынасы орыс тілімен бірдей болып келеді,ал шартты райдың мағынасы мен қолданылуы систаксистік тарауда айтылады. Латын тілінің етістіктерінің шақтары ежелгі үнді-еуропалық тілдерінің қимылдарының созылыңқылығы бойынша бөлінеді,көп жаідайда сонымен қатар іс-әрекеттің аяқталуы бойынша сипатталады. Совершенного және несовершенного түрлері бойынша етістік 2 түрге бөлінеді:инфект және перфект. Инфект (аяқталмаған шақ ) уақытының тобына praesens (осы шақ), imperfectum (өткен шақ несовершенного вида) және futurum primum (1ші келер шақ, ол тек қана болашақта болатын іс-әрекетке ғана қатысты) кіреді.Перфект (аяқталған шақ) уақытының тобына perfectum (созылыңқылығына қарамастан, аяқталған іс-әрекетті білдіреді),plusquamperfectum (келесі іс-әрекет орындалмас бұрын орындалған өткен шақтағы іс-әрекет),futurum secundum (2ші келер шақ, ол болашақта басқа іс-әрекет орындалмас бұрын орындалған іс-әрекет)кіреді.

28. Ротацизм заңы.Интервокальдық s әріпі ұяңданудың нәтижесінде r әріпіне айналып кетті (бұл ротацизм заңы деп аталады) инфинитивті етістік esse және кез-келген етістіктін түрлерін салыстырғанда мысалы:laudare бірінші жағдайда инфинитивтің жұрнағы -se (түбірі es+se=esse)екінші жағдайда -re екендігі көрініп тұр.Инфинитивтің тарихи жұрнақтарына және дұрыс етістіктерге негізінен –se арналған,бірақ дауыстылардың арасында s әріпі r ге айналып кетті;laudare мақтау audire тыңдау т.б. осы жағдайдан пайда болған түрлер.Имперфекте және келер шақта I esse түбірлі етістікке басқа да мысалдар келтірілген:es-a-m>eram, eso > ero және т.б.

29.Зат есім,оның категориялары. Латын тілінде 2число бар.Жекешк және көпше,бұл сонымен қатар орыс тілінің ережелеріне де сәйкес келеді.Көпше түрдегі сөздердің мағынасы,кейде жекеше түрдегі создердің мағынасынан ерекшеленеді:copia-обилие,запас; copiae-войско. Аналитикалық мағына кей сөздерде орысша болып келеді: colour-цвет, colours-знамя. Кей сөздер кішкене топтарды қурайды,бірақ тек копше түрде ғана.Мысалы: arma-қару-жарақ, castra-лагерь.Жаңа тілдерде қайшышалбар және т.б. фр:les moeras,les tenebres,ағыл:the scissors, the trousers,нем: die Trummer,die Ferien. Латын тілінде зат есімдер грамматикалық жағынан муж.р,ср.р,жен.р болып бөлінеді.Мағынасы бойынша муж.р жаққа және жануарлардың жынысы, табиғат,өзен атауларымен байланысты болады.

30.Латын әдебиеті мен тарихынан:қазіргі тілдер мен лексикасының қалыптасуында латын тілінің орны. 1. Латын тілінің таихынан қысқаша мәлімдеме. Латын тілі – үндіеуропалық тілдер семьясына жататын славян, балтық, герман, үнді, иран, ескі және жаңа грек және т.б. тілдер тобы секілді осы семьяға жататын тілдердің бірі. Ежелгі осск және умбр тілдерімен қатар латын тілі үндіеуропалық тілдер семьясының италиялық бұтағына жатқан. Ежелгі Италтияның тарихи өзгерістеріне байланысты латын тілі басқа италиялық топқа жататын тілдерді шеттетіп, уақыт өте келе Жерорта теңізінің батысындағы басты тілдердің қатарынан орын алды. Салыстырмалы-тарихи зерттеулердің нәтижесінде үндіеуропалық тілдер семьясында латын тілінің басқа тілдермен байланысының бар екені анықталды. Үндіеуропалық тілдер бір тілден негіз құрап пайда болғаны дәлелденді; латын тілінің негізгі сөздік құрамын жаңа еуропалық тілдермен салыстыру барысында, яғни сөздерді жалпылама алғанда бір-біріне мағыналарының сәлдеу болсын жақындығын байқауға болады.Салыстыратын болсақ, мысалға: Латын, орыс,неміс, ағылшЫН Frater-аға браТ, bruder, brother Mater-ана, mutter mother мать, Mors-өлген ,мертвый mord, murder Tres-үш три drei three Est- бар ест ist is.

31.Фонетикалық заңдылықтар(жалпы сипаттама).Классикалық латын тілінде негізгі фонетикалық заңдылықтар бар. Олар морфологиялық жүйені түсінуге оңай болады. Атап өтер болсақ мыналар:1.Дауыссыздардың регрессивті ассимиляциясы2.Ротацизм заңы3.Жіңішке дауысты дыбыстардың редукциялық заңы.Орта ашық буында аі дифтонгі і болып өзгереді.Мысалы:caeda>caido. occido>occaido.Ал au дифтонгі u болып өзгереді.causa-себеп, accusо-кінәлау .Сонгы жабық буында қысқа о дыбысы u айналады.М: mittu-nt-жібереді,mitto-nt. Бул жазу б.з.б 3ғасырдағы римдік архивтерде сақталған.Мысалы: классикалық :consentiunt-consentiont,lupos-lupus,lupom-lupum.bellom-bellum. Қысқа і дыбысы орта буында ротацизм ықпалымен қысқа е айналады.М: capi-se>cape-re.Соңғы қысқа і әріпі е әріпіне айналады:capi>cape.Кейбір жағдайларда i мүлдем түсіп қалады

32.Зат есімнің 2септелу жүйесі.Екінші септеуге муж.р-ң nom.sing –us, -er және ср.р-ң –um жұрнағына бітетіндері жатады.2ші септеу үндіеуропалы –о сәйкес келеді, бірақ фонетикалық өзгерістер нәтижесінде соңғы түбір септелу формасының орнында болады.

Муж.род сред.род

Падеж

lupus

қасқыр

түбірі lupo

puer

ұл

түбірі puero

ager

жер

түбірі agro

vir

күйеу

түбірі viro

verbum

сөз

түбірі verbo

Nom жекеше

Gen

Dat

Acc

Abl

Voc

Lupus

Lupi

Lupo

Lupum

Lupo

lupe

Puer

Pueri

Puero

Puerum

Puero

Puer

Ager

Agro

Agro

Agrum

Agro

Ager

Vir

Viri

Viro

Virum

Viro

Vir

Verbum

Verbi

Verbo

Verbum

Verbo

Verbum

Nom көпше

Gen

Dat

Acc

Abl

Lupi

Luporum

Lupis

Lupos

Lupis

Pueri

Puerorum

Pueris

Pueros

Pueris

Agri

Agrorum

Agris

Agros

Agris

Viri

Virorum

Viris

Viros

Viris

Verba

Verborum

Verbis

Verba

Verbis

33. Латын тілі екпіні, екпін қою ережелері. 1) Латын тілінде екпін сөздің соңғы буына түспейді; 2) Сол себепті, екі буыннан тұратын сөздерде екпін алдыңғысына түседі; 3) Екі немесе одан да көп буыннан тұратын сөздерде екпін соңғы буынның алдында тұрған буынға, ол созылыңқы болған жағдайда, түседі. Ал ол қысқа болғанда, оның алдындағы буынға, яғни соғынан санағанда үшінші буынға түседі. Осылайша, латын тілінде көп буынды сөздерде екпінді анықтау үшін соңғының алдындағы буынның санын білу қажет. Мысалы: fi-li-a дочь, sci-en-ti-a білім – екпін соңынан үшінші буынға түседі, себебі соңынан санағанда екінші буындары дауысты дыбыстың алдында ашық, яғни қысқа болып тұр. Ma-gis-ter мұғалім, fe-nes-tra терезе, per-fec-tus аяқталған, in-dig-nus лайықты емес сөздерінде екпін соңынан санағанда екінші буынға түседі, себебі ол бітеу, яғни созылыңқы болып табылады. ( дауысты дыбыстардың санына байланысты емес).Na-tu-ra табиғат, or-na-re сәндеу сөздерінде екпін соңынан екінші буынға түседі, себебі олардың дауыстылары табиғатынан созылыңқы болып табылады.In-su-la арал, li-qui-dus сұйық сөздерінде екпін соңынан үшінші буынға түседі, себебі соңынан екінші ашық буын табиғаты бойынша қысқа болып келеді.

34. Зат есім үшінші септеу жүйесі. Үшінші септікке 3 жыныстың (родтың) genetivus sing-та –is- жалғауына аяқталатындары жатады. Тарих бойынша, үшінші септікке екі түрлі түбір біріккен: дауыссыз дыбысқа және дауысты i дыбысына аяқталатын. Бірінші топты үшінші дауыссыз септік, ал екінші топты үшінші дауысты септік құрайды. Ерекше топқа түбірлері - i- дауысты дыбысына аяқталатын зат есемдер жатады. Үшінші дауыссыз септікке 3 родтың барлығы кіреді, genetivus sing.-та nom.sing.-қа қарағанда бір буынға артық болған жағдайда. Мұндай сөздер теңқұрылмаған сөздер деп аталады (неравносложные). Үшінші дауыссыз септелі типіндегі сөздерде соңғы дауысты дыбыстан кейін дауыссыз дыбыс тұрады. Яғни, үшінші дауыссыз септелу типіне соңы бір ғана дауыссызға аяқталған теңқұрылмаған сөздер жатады. Үшінші дауыссыз септеудегі сөздердің соңы кез-келген дауыссыз дыбысқа аяқталады және nom. sing. формасын құрағанда бірқатар фонетикалық өзгерістер болады. Үшінші септеуде Атау септігінің жекеше түрі әр түрлі жалғауларға бітеді. Мысалы: -or, -os, -as, -us, -es, -x, -o, -io, -en. Бұл сөз негізінің әр түрлі болуына байланысты. Бірақ морфологиялық тұрғыдан ол екі типке тоқталады. Nom.sing: 1. Нулевое-жалғаусыз, 2. Сигматикалық.Средний родтың зат есімдері соңғы дауыссыз дыбысына қарамастан nom.sing-та жалғаусыз болып келеді (нулевое окончание). Үшінші типті септелуде атау септігінде сөздердің қалай құралатынын түсінсек, басқа септіктерде сөздердің қалай түрленетінін түсіне аламыз.Үшінші дауысты септелу типі (негізі - i-). Бұған nom.sing-та –e, -al, -ar-ға аяқталатын сред. родтың зат есімдері кіреді. Бұдан біз сред. родтағы nom.sing әдеттегідей жалғаусыз екенін көреміз, ал дауыстының соңғы – i- әрпі фонетикалық өзгерістердің кесірінен nom.sing.-та түсіп қалғанын байқаймыз (е-ге ауысады немесе түседі). Мысалы: негізі mari- nom.sing mare теңіз i>e. Негізі animali- nom.sing animal жануар, і түсіп қалған.

35. Латын алфавиті. Латын тілі алфавитінде 25 әріп бар. Батыс Европа елдеріндегі фонетикалық процесстерге орай латын әрпінің айтылуы өзгереді. Уу әрпі тек грек тілінен енген сөздерде қолданып, [y] деп оқылады, ал [i] деп айтылуы орыс тілінің ықпалынан пайда болды. Басында V және I әріптері дауысты да дауыссыз болып келеді. К әрпі ерте жойылды, тек кейбір қысқа сөздерде сақталған. Мысалы: К немесе KAL- kalendae [kalende] әр айдың бірінші күні белгілінеді.Y және Z грек тілдерінен енген сөз-де қолданыладың.

36. Латын тілінің дауыстылар жүйесі. Классикалық латын тілінде, көптеген ежелгі үнді-европа тілдеріндегіндей қысқа және созылыңқы дауыстылар ажыратылады. Созылыңқы дауыстының үстін сызықшамен, ал қысқа дауыстыны ирек сызықпен белгілейді. Дауыстының ұзақтығы сөз мағынасын ажыратуға көмектеседі, мысалы: liber – еркін, liber-кітап дегенді білдіреді және грамматикалық форманы ажыратады мысалы: venit (е қысқа) ол келеді, venit (e созылыңқы) ол келді және сөздегі екпіннің орнын анық. қызм. етті. Қазіргі кезінде дауыстының ұзақтығы оқылған кезде қатты байқалмайды.