Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор орэт-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
187.81 Кб
Скачать

3. Супергетеродиндік радиоқабылдағыш.

Супергетеродиндік радио-қабылдағыш . Радиоқабылдағыш құрылғы – радиодиапазондағы  электромагнитті толқындарды қабылдауға  арналған құрылғы. Радиоқабылдағыш  құрылғылар радиотехникалық байланыс  жүйесіне, яғни электромагнит толқындар  арқылы ақпарат алмасу жүйесінің  құрамына кіреді.

        Радиоқабылдағыш құрылғы қабылдағыш  антеннадан, радиоқабылдағыштан және  сигналды жаңғыртуға арналған  соңғы құрылғылардан құралады. Сұлба  типіне қарай деторлы, тікелей  күшейту, гетеродинді және супергетеродинді  болып бөлінеді. 

        Супергетеродиндік радиоқабылдағыш (лат. super — жоғары, үстіңгі; getera — бөтен) — қабылданған сигнал жиілігін аралық жиілік деп аталатын белгілі бір тұрақты жиіліктегі тербеліске өзгерту арқылы қабылдаудың техникалық сапасын жақсартуды жүзеге асыратын қабылдағыш. Тікелей күшейтетін қабылдағыштармен салыстырғанда мұндай қабылдағыштардың сезімталдығы, іріктеу қабілеті, күшейту коэффициент айтарлықтай жоғары. Жоғары техникалық талап қойылатын радиоқабылдағыштардың барлығы супергетеродиндік схема бойынша жасалады.

Қолданылуына қарай радиобайланыстық, теледидарлық, радиотаратылымды, радиолокациялық, радионавигационды және т.б. болып бөлінеді. Радиобайланыстық радиоқабылдағыштар негізінен амплитудалы модуляциясы бар бірканалды үздіксіз сигналдарды, бір сызықты және жилікті модуляцияланған сигналдарды қабылдауға арналған. Радиотаратылымды радиоқабылдағыштар амплитудалы модуляциясы бар бірканалды үздіксіз жоғары, орта және қысқа толқындардағы сигналдарды және жилікті модуляцияланған ультрақысқа толқындағы сигналдарды қабылдайды. 

20 ғасырдын басында  Қазақстанда 250 почта-телеграф пункті  болды. Электр байланыстың техника  құралдары мен телевизияны пайдалану  1950—1960 жылдары басталды. 1950 жылы  Алматыда 800 нөмірлік АТС, 1956—1957 жылдары  Алматы, Қарағанды, Өскемен қалаларында тұңғыш телевизия орталықтары салынды. 1960—1975 жылдары қалалардағы АТС-ті автоматтандырудың үлес салмағы 97%-ға жетті. 1966 жылы Қазақстанның батыс және оңтүстік облысы арқылы өткен Мәскеу-Ташкент Байланыс кабелі желісінің құрылысы аяқталды. Бұдан соң Новосибирск—Алматы, Самара—Атырау—Жаңа Өзен кабель магистральдары, 1967 жылы “Орбита” ғарыш қабылдау станциясы іске қосылды, халықаралық телефон байланысын автоматтандыру басталды.

5-билет

1. Периодты ауытқулардың спектрлары.

2. Мәліметтерді коммутациялау. Коммутация әдістері.

3. Клиент – сервер архитектурасы.

1. Периодты ауытқулардың спектрлары.

Техникада және бізді қоршаған ортада бірдей аралық уақытында периодты түрде қайталанып отыратын процестермен кездесуге тура келеді.Осындай процестертербелмелі процестер деп аталады. Табиғаты әртүрлі тербелмелі процестер ортақ заңдылықтарға бағынады. Мысалы, элекрт тізбегіндегі және математикалық маятниктің тербелістері бірдей теңдеумен сипатталады. Механикада айналмалы және берілетін тербелістермен қатар гармониялық тербелістерге де көңіл бөлінеді. Механикалық тербелістер деп бірдей уақыт ішінде қайталанатын дене қозғалысын айтады. Тербеліс жасайтын дене қозғалысының заңдылығы уақытқа тәуелді периодты функци x = f(t) арқылы беріледі. Жай гармониялық тербелістің мысалы болып математикалық маятник немесе серіппеге ілінген жүк бола алады (2.1.1-сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]