Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор орэт-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
187.81 Кб
Скачать

2. Телекоммуникациялық желілердегі дестелік коммутациялаудың ерекшеліктері.

Коммутация(switching) - құрылғыларды бір-бірімен ауыстырып қосу арқылы керекті байланыстарды іске асыру; құрылғыларды сұрыптау және олармен байланыс орнату. Қашықтағы терминалды компьютерге жалғастыру (қосу). Коммутация (лат.commutatioөзгеріс, алмасу)— тілдін екі танбасынын — тілдік танбанын көрінісі мен мазмұнынын сәйкестігінен туатын қатынас. "Коммутация" ұғымын глоссематикада тіл таңбалары арасындағы парадигматикалық катынасты анықтау үшін, 1935 ж. Л. Ельмслев (Дания) енгізген. Ол шағын тіл элементтерін көрінісі мен мазмұны жағынан ерекшелеп көрсету үшін Коммутациялық тест жасаған. Мысалы: заттын сандык мөлшерін білдіретін моль-ноль, ноль-нуль сөздері көрінісі жағынан роль-руль сиякты бір-бірінен ерекше. Бірак олар мазмүны жағынан эр түрлі катынаста: моль-ноль, роль-руль жұп сөздері көрінісі мен мазұн сәйкестігі жағынан бір-бірімен Коммутациялык катынаста, ал ноль-нуль жұбы—тек бір танбанын варианттары ғана, онда Коммутациялық қатынас Ж°К. Коммутациялық тест тілдік танбалардын көрінісі мен мазмұнын аныктау мақсатында тілдік талдаудың барлық деңгейіндеде (мыс.синкретизм құбылыстарында) қолданылады.

Дестелерді коммутациялау желілері (орыс. Сети с коммутацией пакетов; ағылш. packet switching network) — мәліметтері (коммутациялау түйіндерінде әзірше сақтауға болатын) дестелер түрінде тасымалданатын қатынастық желі. Ақпарат бір ортақ ағында тасымалданатын азғантаи мөлшерлі үзінділерге (дестелерге, дейтаграммаларға) бөлінеді. Әрбір дестеде алушының (қабылдаушының) адресі көрсетіледі. Бағдарлауыш осы мәліметті пайдалана отырып, әрбір десте үшін бағдар тандайды. Мысалы, қазіргі Internet желісінің технологиялық негізі болып саналатын ARPAnet желісі.

Дестелік коммутациясы бар желілер – терминологиясында таратудың келесі режимдері болады:

PTP (Point –To-Point-Services) «нүкте» - «нүкте» тарату режимі.

PTM (Point To Multipiont Services)-«нүкте-көпнүкте» тарату режимі.

PTP CLNS-қосылудың орнатылуынсыз «нүкте-нүкте» тарату режимі.т.б.

3. Антенна – фидерлік құрылғылар.

Антенна — радио, телехабар толқындарын тарататын және қабылдайтын құрылғы. Антеннаны (латынша antenna – діңгек, сырық) жасау теориясы мен әдістері 1889 ж. неміс физигіГенрих Герц жариялаған қарапайым электрлік вибратордың толқын таратуы теориясына негізделеді. Кез келген антенна бірнеше қарапайым вибраторлардың жиынтығы. Симметриялы емес вибратор түріндегі алғашқы антеннаны тәжірибе жүзінде 1895 ж. орыс өнертапқышы Александр Попов ұсынды. Таратқыш антенна радиотаратқыштың шығардағы тербеліс тізбектеріне жинақталатын жоғары жиіліктіэлектр магниттік тербеліс энергиясын тараған радиотолқын энергиясына айналдырады. Ал қабылдағыш антенна радиотолқын энергиясын қабылдағыштың кіреберістегі тербеліс тізбегіне жинақталатын энергияға түрлендіреді. Антенналар: таратылатын (қабылданатын) радиотолқындардың диапазонына, жиілік қамтуына (жиілікке тәуелсіз, ауқымды және тар ауқымды), тарату немесе қабылдау бағыттылығына (бағытталмаған, сәл бағытталған, дәл бағытталған), әсерлік принципі мен құрылымына (кесінді сым, металл айналар, рупорлар, спиральдар, саңылаулар, рамалар, дипольдар, диэлектрлікстержень комбинациялары түрінде) қарай ажыратылады.

Антеннаның негізгі параметрлері мен сипаттамалары: бағыттық әсер коэффициенті, бағытталу диаграммасы, қамтитын тиімді ауданы (бірден бірнеше мың м2-ге дейін жетеді), таратудағы кедергісі (көбінесе 100 Ом шамасы), толқынның полярлану түрі (сызықтық, шеңберлік, эллипстік), т.б. Антеннаның толқын тарату бағыттылығы толқынның таралу бағытындағы толқын өрісі кернеуін жоғарылатады. Сөйтіп, таралған толқынның қуатына шамалас толқын қуаты пайда болады. Тарату қуатындағы эквиваленттік ұтымдылықты санмен бағалау үшін бағыттылық әсер коэффициенті (БӘК) енгізілген. Антенна бойындағы толқын қуаты кеңістікке түгелдей таралмайды. Толқын қуатының біршама бөлігі антенна сымы мен оқшаулағышқа (изоляторға) және антенна бекітілген құрылымға кетеді. Тараған толқын қуатының антенна сымдарына кететін қуатына қатынасын антеннаның пайдалы әсер коэффициенті дейді. Ал БӘК-тің пайдалы әсер коэффициентіне көбейтіндісі күшейту коэффициенті (КК) деп аталады. Кез келген антеннаның бағытталу диаграммасының пішіні, БӘК-і мен пайдалы әсер коэффиенті қабылдау режимінде де, тарату режимінде де бірдей. Ұзын толқында радиохабар таратуда ( Т, Г әріптері тәрізді антенналар қолданылады) толқындық кедергіні азайту үшін антенналарға көлденеңінен және тігінен бірнеше қатар сым қосады. Орта толқында радиохабар қабылдауға рама тәрізді антенна, магниттік антенна, сондай-ақ рама тәрізді антенна мен симметриялы тік вибратордан тұратын композициялық антенна қолданылады. Қысқа толқын таратуға арналған антенналар тарату қашықтығына лайықталып жасалады. Қысқа қашықтықтағы байланыс (бірнеше ондаған км-ге дейінгі) жер бетімен көлбеу таралатын толқын арқылы жүзеге асады. Мұндай қашықтыққа антенна ретінде орта және ұзын толқындарға арналған вибраторларға ұқсас симметриялы емес және симметриялы тік вибраторлар пайдаланылады. Алыс қашықтықтағы байланыс (50 – 100 км және онан да алыс) ионосферадан бір немесе бірнеше рет шағылысып, қайтқан радиотолқын арқылы жүзеге асады. Қысқа толқынды алысқа таратқанда байланыс желілеріне БӘК-і жоғары антенна қолданылады. Мұндай антеннаға симметриялы вибраторлардан тұратын жазық торлы синфазалық (бірнеше антенналардан тұратын жүйе) антенна жатады. Тарату аясы кең болу үшін антенналар жерден 100 – 300 м және онан да биік діңгек немесе мұнараға орнатылады.

3-билет

1. Радиобайланыс жүйесінің құрылымдық сұлбасы.

2. Дестелі коммутациялау желілеріндегі ағындарды басқару туралы түсінік

3. Фурье түрлендіруі.

1. Радиобайланыс жүйесінің құрылымдық сұлбасы.

Радиобайланыс — радиотолқын көмегімен ақпарат алмасу. Радиобайланыс жүйесінің ақпарат беруші жағында радиотаратқыштан және таратушы антенналардан тұратын радиотарату құрылғысы, ал қабылдаушы жағында қабылдау антенналары мен радиоқабылдагыштан тұратын радиоқабылдау құрылғысы орналасады. Таратқышта қоздыратын тасымалдаушы жиіліктегі тербеліс берілетін ақпарат сигналының заңына сәйкес өзгертіледі , ал қабылдаушы жақта кері процесс жүргізіледі. Байланыс біржақты және екіжақты болуы мүмкін. Радиобайланыс қозғалмайтын объектер мен жылжымалы объект арасында, сондай-ақ жылжымалы объектілер арасында байланыс орнатудың бірден бір тәсілі.

Іс жүзіндегі GSM желілері арқылы жоғары жылдамдықпен деректемелерді тарату үшін GPRS (General Packet Radio Service) технологиясы, яғни радиоарна боынша дестелік тарату қызметі әзірленді. GSM-де бар GPRS технологиясы TDMA негізіндегі радиоинтерфейсті деректерді жоғары жылдамдықпен тарату үшін қолданады және үшінші буынды жүйелерді құру үшін аралық қадам болып табылады. GPRS технологиясын қолдайиын жүйелер 2G+ деген атауға ие болды. GPRS-тің базалық спецификацияларын ETSI 1998 жылы деректердің дестелік радиотаратуын жүзеге асыратын GSM фаза 2+ стандартты технологиясы ретінде қабылданды.

GPRS GSМ сияқты сол жиіліктік ауқымды, және оның туындыларын, (мысалы GSМ 1870, РСS 1900) физикалық арналарды қалыптастыру үшін сол TDMA/FDMA құрылымын қолданады. Абоненттік дестелерді және әр түрлі сигналды ақпараттың дестелерін радиоинтерфейс арқылы тарату үшін GPRS желісінде логикалық арналар ұйымдастырылады. Бұл логикалық арналар GSМ-нің жалпы жиілктік-уақыт ресурсынан GSМ үшін бөлінген физикалық арналарда орналасқан. GSМ-де бір жиіліктік арнада 8 физикалық арналар GPRS-те ақпаратты тарату (цифрлық радиосигналдарды тарату) минималды жылжуы бар Гаустық манипуляцияны қолданумен (GМSК) 270.822 кбит/с жылдамдықпен жүзеге асырылады. GSМ-дегідей кодаланған тізбектіліктің бір символы бір модуляцияланған символға сәйкес келеді. теориялық тұрғыдан GPRS бір пайдаланушыға бір тасушыда SТ S –ті бөлуге мүмкіндік береді, бұл кезде деректемелерді таратудың максималды жылдамдығы 172,2 кбит/с болады. Алайда, деректемелердің басқаратын хаттамаларының блоктарын және қателіктерді түзетумен кодалар артықтығын таратылуын есепке алумен нақты жылдамдығы 115,2 кбит/с (бір арнаға 14,4 кбит/с) құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]