Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор орэт-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
187.81 Кб
Скачать

2. Әр түрлі максаттағы радиотаратқышта радиосигналдарды құру тәсілдері

Дәлме-дәл уақыт радиосигналы — дыбыстық нүктелер мен тирелер сериялары түріндегі сигналдар. Оларды орбір тәуліктің қатаң белгіленген соттеріндс бүкіл дүниежүзілік уақыт бойынша отандық және шетелдік уақыт қызметтері берсді. Дэлме-дәл уақыт радиосигналы астрономиялық бойлықтарды анықтау, хронометрлердің дәлме-дәл түзетулері үшін, азимуттармен ендіктерді, гравиметриялық және тағы басқа анықтауда қолданылады. Дауыс зорайтқыш — төменгі жиілікті электрлі сигналдарды дыбыстық жиілікке түрлендіретін құрылғы; радиоқабылдағыштамагнитофондаэлектрофонда, дыбыс күшейткіш жүйеде сөзді, музыканы, басқада дыбыстарды] қатты жаңғырту үшін қажет. Түрлендіру әдісіне қарай ол электродинамикалық, электроакустикалық т. б. түрлерге бөлінеді. Сигналдардытүрлендіру үшін электрлі тербеліс көзіне қосылған жылжымалы катушкадағы төкпей тұрақты магнит өрісінің өзара әсерін пайдаланатын электродинамикалық түрі көп тараған. Катушкамен оған қатаң бекітілген диффузор дауыс зорайтқыштың қозғалмалы жүйесін құрайды

3Желі архитектурасы.

Желі – жіберу құрылғысы мен мәліметтерді өңдеуді жасаушы объекттер жиынтығы. Архитектура – желідегі жұмыс станцияларының өзара әрекеттестігінің функциясы мен құрылымын, анықтайтын байланысты концепция. Желі дегеніміз – бұл жіберу құрылғысы мен мәліметтерді өңдеуді жасаушы объекттер жиынтығы. Халық аралық стандарттаушы кәсіпорындар есептеуіш желіні – бір бірімен тәуелсіз байланысқан құралдардың арасында мәліметті бит-бағдарланған тізбек ретінде жіберу деп қарастырады.. Желі топологиясыбұл оның геометриялық пішіні немесе компьютерлердің бір-біріне қатысты физикалық орналасуы. Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді. Топологияның үш негізгі типі бар: жұлдызша, сақина, шина. Желі архитектурасы желі элементтерін анықтайды және оның жалпы логикалық ұйымдастырылуын, техникалық бағдарламалық жабдықталуын және кодтаудың әдісін сипаттайды. Архитектура функционалдану принциптері мен қолданушы интерфейсін анықтайды.Архитектураның 3 түрі:

  • терминал архитектура – бас компьютер;

  • біррангілі архитектура;

  • клиент-сервер архитектурасы.

Терминал архитектурасы – бас компьютер Терминал архитектурасы – бас компьютер (terminal – host computer architecture) – бұл мәліметтерді өңдеудің барлық үрдістері бір компьютерде немесе басты компьютерлер тобында жүзеге асатын ақпараттық желі концепциясы.Архитектура 2 типті құрылғыларды қарастырады:

Бас компьютер, мұнда желіні басқару, мәліметтерді сақтау және өңдеу функциялары атқарылады .

Терминалдар, мұнда сеанстарды ұйымдастыру және тапсырмаларды орындау, тапсырманың орындалу нәтижесіне қажетті мәліметтерді енгізу командаларын басты компьютерге жеткізу функцияларын атқарады.Басты компьютер мәліметтерді беру мультиплексорлары арқылы терминалмен өзара байланысады.Басты компьютер архитектуралы желінің классикалық мысалы ретінде жүйелі желілік архитектураны келтіруге болады (System Network Architecture - SNA).

26-билет

1. Фазаландырылған антендік торлар. Белсенді антенналар.

2. Радиотарату құрылғыларының негізгі көрсеткіштері.

3. Телетарату және бейнежазылым стандарттары.

1. Фазаландырылған антендік торлар. Белсенді антенналар.

Антеннаның сәулеленуі электронды түрде басқару жүзеге асырылса антенна торларын фазаландырылған антенна деп атайды .Антенна — радиотелехабар толқындарын тарататын және қабылдайтын құрылғы. Антеннаны (латынша antenna – діңгек, сырық) жасау теориясы мен әдістері 1889 ж. неміс физигіГенрих Герц жариялаған қарапайым электрлік вибратордың толқын таратуы теориясына негізделеді. Кез келген антенна бірнеше қарапайым вибраторлардың жиынтығы. Симметриялы емес вибратор түріндегі алғашқы антеннаны тәжірибе жүзінде 1895 ж. орыс өнертапқышы Александр Попов ұсынды.

Таратқыш антенна радиотаратқыштың шығардағы тербеліс тізбектеріне жинақталатын жоғары жиіліктіэлектр магниттік тербеліс энергиясын тараған радиотолқын энергиясына айналдырады. Ал қабылдағыш антенна радиотолқын энергиясын қабылдағыштың кіреберістегі тербеліс тізбегіне жинақталатын энергияға түрлендіреді. Антенналар: таратылатын (қабылданатын) радиотолқындардың диапазонына, жиілік қамтуына (жиілікке тәуелсіз, ауқымды және тар ауқымды), тарату немесе қабылдау бағыттылығына (бағытталмаған, сәл бағытталған, дәл бағытталған), әсерлік принципі мен құрылымына (кесінді сым, металл айналар, рупорлар, спиральдар, саңылаулар, рамалар, дипольдар, диэлектрлікстержень комбинациялары түрінде) қарай ажыратылады. құрылғы         Антенна кез-келген радиоқабылдағыш және радиотаратқыш  құрылғының басты, әрі қажетті элементі болып табылады.       Радиотаратқыш антенна (таратқыш антенна) жоғарғы жиілікті токты энергия бөліп шығаратын электромагниттік толқындарға ауыстыру үшін арналған. Радиоқабылдағыш антенна (қабылдағыш антенна) қабылданған электромагниттік толқындарды жоғарғы жиілікті энергия тоғына ауыстыру үшін арналған. Процестер сипаттамасы қабылдағыш және таратқыш антеннаның принциптік мүмкіншілігі тек бір ғана антенаны қолдануда емес, сонымен қатар оның негізгі параметрлерін таратуда және қабылдауда да сақталады. Бұл жоғарғы практикалық көрсеткішке ие. Сонымен байланысқа арналығын көптеген қозғалысты радиостанцияларда қабылдағыш және таратқыш тек бір ғана жалпы антеннасы болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]