Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор орэт-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
187.81 Кб
Скачать

1. Тар жолақты және кеңжолақты сигналдардың антенналары.

2. Әр түрлі максаттағы радиотаратқышта радиосигналдарды құру тәсілдері

3. Желі архитектурасы.

1. Тар жолақты және кеңжолақты сигналдардың антенналары.Антенна — радиотелехабар толқындарын тарататын және қабылдайтын құрылғы. Антеннаны (латынша antenna – діңгек, сырық) жасау теориясы мен әдістері 1889 ж. неміс физигіГенрих Герц жариялаған қарапайым электрлік вибратордың толқын таратуы теориясына негізделеді. Кез келген антенна бірнеше қарапайым вибраторлардың жиынтығы. Симметриялы емес вибратор түріндегі алғашқы антеннаны тәжірибе жүзінде 1895 ж. орыс өнертапқышы Александр Попов ұсынды.Таратқыш антенна радиотаратқыштың шығардағы тербеліс тізбектеріне жинақталатын жоғары жиіліктіэлектр магниттік тербеліс энергиясын тараған радиотолқын энергиясына айналдырады. Ал қабылдағыш антенна радиотолқын энергиясын қабылдағыштың кіреберістегі тербеліс тізбегіне жинақталатын энергияға түрлендіреді. Антенналар: таратылатын (қабылданатын) радиотолқындардың диапазонына, жиілік қамтуына (жиілікке тәуелсіз, ауқымды және тар ауқымды), тарату немесе қабылдау бағыттылығына (бағытталмаған, сәл бағытталған, дәл бағытталған), әсерлік принципі мен құрылымына (кесінді сым, металл айналар, рупорлар, спиральдар, саңылаулар, рамалар, дипольдар, диэлектрлікстержень комбинациялары түрінде) қарай ажыратылады. Антеннаның негізгі параметрлері мен сипаттамалары [өңдеу]Антеннаның негізгі параметрлері мен сипаттамалары: бағыттық әсер коэффициенті, бағытталу диаграммасы, қамтитын тиімді ауданы (бірден бірнеше мың м2-ге дейін жетеді), таратудағы кедергісі (көбінесе 100 Ом шамасы), толқынның полярлану түрі (сызықтық, шеңберлік, эллипстік), т.б. Антеннаның толқын тарату бағыттылығы толқынның таралу бағытындағы толқын өрісі кернеуін жоғарылатады.Сөйтіп, таралған толқынның қуатына шамалас толқын қуаты пайда болады. Антенна — радиотаратқыштан шыққан электромагниттік тербелістің радиотолқыны ретінде эфирге таралуын, сондай-ақ радиоқабылдағыштың эфирден радиотолқынды қабылдауын қамтамасыз ететін құрылғы. Антеннаның түрлері көп. Олар бірбірінен тарататын (қабылдайтын) толқын ұзындықтарымен, жиілік диапазонымен (жиіліктік тәуелсіздікті, кең жолақты және тар жолақты), толқынды тарату (қабылдау) бағыттылығымен, әрекет ету және құрылымдық түрімен (сым кесіндісі, металл айна, рупор, спиральрама, дипольдер жиынтығы, саңылау, диэлектрлік өзек түрінде және т.б.) ерекшеленеді. Антеннаның негізгі параметрлері мен сипаттамалары: бағыттық әрекет ету коэффициенті, бағытталғандық диаграммасы, тиімділік алаңы (бірден бірнеше мың шаршы км-ге дейін), сәуле шығару кедергісі (көбіне 100 Ом шамасында), толқынды поляризациялау түрі (жазық, дөңгелек, эллипстік) Антенді күрылғының күрамына антеннаның өзінен баска тағы да фидерлі сызык та көрінеді. Ол кабылдағыш антенна мен беруші антеннаның арасындағы бөгеуліктерді азайту максатында колданылады. Дүрыс эффект үшін фидерлерге антенналық қасиеттер, яғни қабылдау және беру тән болмауы керек.

Антенналар деп таратушы станцияларда радитолқындарды шығаруға, ал кабылдаушы станцияларда радиотолқындарды қабылдауға қолданыдатын жүйені атаймыз. Баскаша айтқанда антенналар жоғарғы жиілікті ток энергиясын радиотолқындар энергиясына және сондай-ақ, қарама-қарсы процесті жүзеге асыруға қолданылады.Беруші кашыктығын арттыру масатында біліктің жоғарғы шетіне жүлдызша немесе метелка бекітіледі. Ол антеннаның сыйымдылығын және ондағы токтың бағытын өзгертеді. Антеннаның жоғарында жүлдызша болмаса, онда өзекшенің жоғарындағы ток түйіні ( 1=0 ) болады. Ал егер жүлдызша болса, онда түйін жүлдызшаның шетіне жылжиды, яғни штырьдің аяғындағы ток пен сәуле шығару нольге тең болады.Штырьлі антеннаның бір қолайсыздығы оның корпусының темірден жасалуында, яғни ол өте ауыр болып табыладыАнтенна фидерлі құрылғы         Антенна кез-келген радиоқабылдағыш және радиотаратқыш  құрылғының басты, әрі қажетті элементі болып табылады.       Радиотаратқыш антенна (таратқыш антенна) жоғарғы жиілікті токты энергия бөліп шығаратын электромагниттік толқындарға ауыстыру үшін арналған. Радиоқабылдағыш антенна (қабылдағыш антенна) қабылданған электромагниттік толқындарды жоғарғы жиілікті энергия тоғына ауыстыру үшін арналған. Процестер сипаттамасы қабылдағыш және таратқыш антеннаның принциптік мүмкіншілігі тек бір ғана антенаны қолдануда емес, сонымен қатар оның негізгі параметрлерін таратуда және қабылдауда да сақталады. Бұл жоғарғы практикалық көрсеткішке ие. Сонымен байланысқа арналығын көптеген қозғалысты радиостанцияларда қабылдағыш және таратқыш тек бір ғана жалпы антеннасы болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]