Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор орэт-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
187.81 Кб
Скачать

2. Ауытқуларды детектірлеу.

Детектірлеу – электр және басқа тербелістерді модуляциялау заңын тағайындау мақсатында олардың модуляцияланған тербелістерін түрлендіру.

Детектор – радиоқабылдағышта, өлшейтін құралдағы, электр тербелісін өзгертуіне қызмет атқаратын құрылғы, мұның арқасында төменгі жиілікті құралғыш бөлінеді. Жиілік ауытқуы – жиілік модуляция кезінде орташа мәнінен жиіліктің ауытқуы.

3. Ақпарат, хабар.

Ақпарат — бұл қажетті әртүрлі деректердің, мағлұматтардың, білімдердің, хабарлардың, дағдылар мен тәжірибелердің жиынтығы.

Ақпарат — бұл қажетті әртүрлі деректердің, мағлұматтардың, білімдердің, хабарлардың, дағдылар мен тәжірибелердің жиынтығы. Кез келген ақпарат дұрыс интерпретирлену, ақиқаттылық, өзектілік, толықтылық, бағалылық, анықтылық және түсініктілік қасиеттеріне ие.

Ақпарат ақиқат, егер ол жұмыстың ақиқат жағын көрсететін болса. Ақиқат емес ақпарат дұрыс түсінбеушілікке немесе дұрыс шешімнің қабылданбауына әкеліп соғуы мүмкін.

Ақпарат толық, егер түсінуге және шешімдер қабылдауға жеткілікті болса. Ақпараттың толық еместігі қабылданған шешімдердің кешігуіне, тіпті қателердің болуына әкеліп соғады.

Ақпараттың бағалығы ақпараттың көмегімен қандай мәселелерді шешуге болатындығында. Өзекті ақпаратты өзгерген жағдайда жұмыс істеу барысында алуға болады.

Информатика – адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.

Информатиканы оқудың маңыздылығы ЭЕМ-ді қолдану мүмкіндіктері мен жұмыс істеу принциптерін түсінуге мүмкіндік беріп қана қоймай, қоғам өмірінің және адамдардың қатынасу кезінде ақпараттың берілу әдістері және заңдарымен танысуға мүмкіндік береді. Оқудың күрделілігі техникалық құрылғылардың жылдам прогресстерімен және бағдарламалық қамтамасыздандырулармен байланысты.

24Билет

3. Радиоқабылдағыштың негізгі сапалық көрсеткіштері.

2. Радиотаратқыш құрылғылардың жұмыс істеу түрлері.

1. Тар жолақты және кеңжолақты сигналдардың антенналары.

1. Тар жолақты және кеңжолақты сигналдардың антенналары.Антенна — радиотелехабар толқындарын тарататын және қабылдайтын құрылғы. Антеннаны (латынша antenna – діңгек, сырық) жасау теориясы мен әдістері 1889 ж. неміс физигіГенрих Герц жариялаған қарапайым электрлік вибратордың толқын таратуы теориясына негізделеді. Кез келген антенна бірнеше қарапайым вибраторлардың жиынтығы. Симметриялы емес вибратор түріндегі алғашқы антеннаны тәжірибе жүзінде 1895 ж. орыс өнертапқышы Александр Попов ұсынды.Таратқыш антенна радиотаратқыштың шығардағы тербеліс тізбектеріне жинақталатын жоғары жиіліктіэлектр магниттік тербеліс энергиясын тараған радиотолқын энергиясына айналдырады. Ал қабылдағыш антенна радиотолқын энергиясын қабылдағыштың кіреберістегі тербеліс тізбегіне жинақталатын энергияға түрлендіреді. Антенналар: таратылатын (қабылданатын) радиотолқындардың диапазонына, жиілік қамтуына (жиілікке тәуелсіз, ауқымды және тар ауқымды), тарату немесе қабылдау бағыттылығына (бағытталмаған, сәл бағытталған, дәл бағытталған), әсерлік принципі мен құрылымына (кесінді сым, металл айналар, рупорлар, спиральдар, саңылаулар, рамалар, дипольдар, диэлектрлікстержень комбинациялары түрінде) қарай ажыратылады.Антеннаның негізгі параметрлері мен сипаттамалары [өңдеуАнтеннаның негізгі параметрлері мен сипаттамалары: бағыттық әсер коэффициенті, бағытталу диаграммасы, қамтитын тиімді ауданы (бірден бірнеше мың м2-ге дейін жетеді), таратудағы кедергісі (көбінесе 100 Ом шамасы), толқынның полярлану түрі (сызықтық, шеңберлік, эллипстік), т.б. Антеннаның толқын тарату бағыттылығы толқынның таралу бағытындағы толқын өрісі кернеуін жоғарылатады.Сөйтіп, таралған толқынның қуатына шамалас толқын қуаты пайда болады. Антенна — радиотаратқыштан шыққан электромагниттік тербелістің радиотолқыны ретінде эфирге таралуын, сондай-ақ радиоқабылдағыштың эфирден радиотолқынды қабылдауын қамтамасыз ететін құрылғы. Антеннаның түрлері көп. Олар бірбірінен тарататын (қабылдайтын) толқын ұзындықтарымен, жиілік диапазонымен (жиіліктік тәуелсіздікті, кең жолақты және тар жолақты), толқынды тарату (қабылдау) бағыттылығымен, әрекет ету және құрылымдық түрімен (сым кесіндісі, металл айна, рупор, спиральрама, дипольдер жиынтығы, саңылау, диэлектрлік өзек түрінде және т.б.) ерекшеленеді. Антеннаның негізгі параметрлері мен сипаттамалары: бағыттық әрекет ету коэффициенті, бағытталғандық диаграммасы, тиімділік алаңы (бірден бірнеше мың шаршы км-ге дейін), сәуле шығару кедергісі (көбіне 100 Ом шамасында), толқынды поляризациялау түрі (жазық, дөңгелек, эллипстік) Антенді күрылғының күрамына антеннаның өзінен баска тағы да фидерлі сызык та көрінеді. Ол кабылдағыш антенна мен беруші антеннаның арасындағы бөгеуліктерді азайту максатында колданылады. Дүрыс эффект үшін фидерлерге антенналық қасиеттер, яғни қабылдау және беру тән болмауы керек.

2. Радиотаратқыш құрылғылардың жұмыс істеу түрлері.Радиотаратқыш құрылғы — қоректендіру көзінің энергиясын радиожиілік тербелісіне өзгертуге және ондай тербелісті ашық кеңістік арқылы ақпарат тарату мақсатымен басқаруға арналған радиотехникалық жабдықтар кешені. Тарататын ақпарат түріне қарай радиотаратқыштар байланыстық, радиохабар таратушы, алыстан басқарушы болып бөлінуі мүмкін.Тарататын толқын түріне қарай біржолақты жиіліктік, дискретті жиіліктік және импульстік радиотаратқыштар деп бөлінсе, жұмысшы жиіліктері диапазонына қарай — ұзын толқынды, қысқа толқынды, ультра-қысқа толқынды радиотаратқыштар деп бөлінеді. Сондай-ақ антеннаға беретін қуатына қарай шағын қуатты (0,1 кВт-қа дейін), орташа қуатты (0,1-10 кВт), қуатты (10-500 кВт), аса жоғары қуатты (500 кВт-тан жоғары) радиотаратқыштар болады. Тиісті қуат алу үшін арнайы үйлестіруші құрылғы арқылы бір антеннаға екі радиотаратқыш параллель қосылуы мүмкін. Сондай-ақ қабылдау орнында өріс кернеулігін арттыру мақсатымен бір бағыттағы бөлек екі антенна арқылы екі радиотаратқыш синхронды жұмыс істеуі де мүмкін.Негізгі бөліктері: айнымалы немесе тұрақты ток энергиясын радиожиілікті тербеліс энергиясына өзгертетін генератор, қоздырылатын тербеліс параметрлерінің бірін (амплитудасын, жиілігін немесе фазасын) пайдалы сигнал заңына сәйкес өзгертетін модулятор, энергия көзі.[1]

Радиотаратқыш (Радиопередатчик) — радиожиіліктер диапазонындағы модуляцияланған электр тербелістерін алуға және оларды электр-магнитті толқындар түрінде таратуға (антенна арқылы) арналған радио-электрондық құрылғы (құрылғылар кешені).

Радиоқабылдағыш құрылғылардың дамуы 1895 ж. орыстың ұлы ғалымы А.С.Поповтың радиобайланысты ойлып табуы – ғылым және техникадағы ұлы ашылулардың бірі болды. 1864 ж.ағылшын физигі Максвелл электромагниттік толқындардың бар екендігін теория жүзінде дәлелдеді. 1888 ж.неміс оқымыстысы Герц тәжірибе жүзінде мұндай толқындардың бар екендігін дәлелдеді. Герц тәжірибесі – кеңістікте Румкорф катушкасының көмегімен «резонатор» арқылы қабылданылып отырған әлсіз электромагниттік тоқындар пайда болуына негізделді. Резонатордағы әлсіз ұшқын жоғары жиілікті электромагниттік тербелістердің қабылданылатынын көрсетті. Осы тәжірибеден кейін көп ғалымдар Герц толқынының көмегімен сымсыз байланыс үшін пайдалануға тырысты. Алайда, бұл айтарлықтай нәтиже бермеді.1895 ж. 7 мамырында Орыстың физико-химиялық қоғамының Физикалық бөлімшесінің отырысында А.С. Попов электромагниттік тербелістерді қабылдай алатын құрылғыны көпшілікке көрсетті. Бұл дүние жүзіндегі алғашқы радиоқабылдағыш құрылғы болды.Поповтың радиоқабылдағыш құрылғысының басқа зерттеуші ғалымдардың құрылғыларынан екі ерекшелігі болды: антеннасының болуы және қабылданған сигналды күшейтілуімен.Кейін Попов өзінің ойлап тапқан қабылдағышына электромагниттік тербеліс жиілігін резонанс жиілігімен өзгерте алатын тербелмелі контур қосып, оның сезгіштігін арттырды.

3. Радиоқабылдағыштың негізгі сапалық көрсеткіштері.Радиоқабылдағыш— радиосигналдарды немесе табиғи радиосәулеленуді қабылдауға арналған (антеннамен бірге) және олардың ішіндегі ақпаратты пайдалануға мүмкіндік беретін радиоэлектрондық құрылғы. Қолданылуына қарай хабар беруші, теледидарлық, байланыстық, радио-локациялық деп бөлінеді Көпканалды радио қабылдағыш (Многоканальный радиоприемник) — алдымен төменгі тасымалдаушы жиілікте, сосын тасымалдаушы жиілікте модуляцияланган, топтықсигналдарды қабылдауга арналған қабылдағыш. Радиорелейлік байланыс жүйесінде пайдаланыладыДетекторлық радиоқабылдағыш — антеннадан, туралаушы тербелмелі контурданкристалдық детектордан және құлаққа ілетін телефоннаятұратын қарапайым радиоқабылдағыш. Шамның (XX ғасырдың 40—50 жылдары), одан кейін транзисторлық қабылдағыштардың шығуына байланысты детекторлы қабылдағыш өз мәнін толық жоғалтқан

25-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]