
- •3. Периодты және периодты емес сигналдар
- •1. Радиобайланыс және телетарату жүйелерінде таратылатын жиіліктік сигналдардың диапазондары.
- •1. Радиобайланыс және телетарату жүйелерінде таратылатын жиіліктік сигналдардың диапазондары.
- •3. Периодты және периодты емес сигналдар
- •2. Телекоммуникациялық желілердегі дестелік коммутациялаудың ерекшеліктері.
- •3. Антенна – фидерлік құрылғылар.
- •2. Дестелі коммутациялау желілеріндегі ағындарды басқару туралы түсінік
- •3. Фурье түрлендіруі.
- •1. Гармоникалық ауытқулар және олардың түсініктемелері.
- •2. Дестелерді коммутациялау тәсілдері.
- •3. Супергетеродиндік радиоқабылдағыш.
- •1. Периодты ауытқулардың спектрлары.
- •2. Мәліметтерді коммутациялау. Коммутация әдістері.
- •1. Периодты ауытқулардың спектрлары.
- •2.1.1.Механикалық тербеліс жүйесі.
- •2.1.2 Сурет. Гармониялық тербелістің стробоскопиялық бейнеленуі.
- •2. Мәліметтерді коммутациялау. Коммутация әдістері.
- •2. Ауытқуларды детектірлеу.
- •3. Ақпарат, хабар.
- •24Билет
- •3. Радиоқабылдағыштың негізгі сапалық көрсеткіштері.
- •2. Радиотаратқыш құрылғылардың жұмыс істеу түрлері.
- •1. Тар жолақты және кеңжолақты сигналдардың антенналары.
- •1. Тар жолақты және кеңжолақты сигналдардың антенналары.
- •2. Әр түрлі максаттағы радиотаратқышта радиосигналдарды құру тәсілдері
- •3. Желі архитектурасы.
- •2. Әр түрлі максаттағы радиотаратқышта радиосигналдарды құру тәсілдері
- •3Желі архитектурасы.
- •2. Радиотарату құрылғылардың жұмыс істеу түрлері.
- •3. Телетарату және бейнежазылым стандарттары
- •1. Теледидар негіздері.
- •2. Радиотарату құрылғылардың негіздері.
- •3. Пейджингты байланыс.
- •2. Радиотарату құрылғылардың негіздері.
- •1. Телетарату және бейнежазылым стандарттары.
- •3. Антеннаның классификациясы.
- •1. Тар жолақты және кеңжолақты сигналдардың антенналары.
- •2. Радиотаратқыш құрылғылардың жұмыс істеу түрлері.
- •3. Цифрлық телекоммуникациялық желілер.
1-билет
3. Периодты және периодты емес сигналдар
2. ИКМ-30 біріншілік цифрлық жүйе мысалында цифрлық телекоммуникациялық жүйелердің түрлері және олардың ерекшеліктері.
1. Радиобайланыс және телетарату жүйелерінде таратылатын жиіліктік сигналдардың диапазондары.
1. Радиобайланыс және телетарату жүйелерінде таратылатын жиіліктік сигналдардың диапазондары.
Радиобайланыс — радиотолқын көмегімен ақпарат алмасу. Радиобайланыс жүйесінің ақпарат беруші жағында радиотаратқыштан және таратушы антенналардан тұратын радиотарату құрылғысы, ал қабылдаушы жағында қабылдау антенналары мен радиоқабылдагыштан тұратын радиоқабылдау құрылғысы орналасады. Таратқышта қоздыратын тасымалдаушы жиіліктегі тербеліс берілетін ақпарат сигналының заңына сәйкес өзгертіледі , ал қабылдаушы жақта кері процесс жүргізіледі. Байланыс біржақты және екіжақты болуы мүмкін. Радиобайланыс қозғалмайтын объектер мен жылжымалы объект арасында, сондай-ақ жылжымалы объектілер арасында байланыс орнатудың бірден бір тәсілі. Радиобайланыс — бұл радиотолқындардың (электромагнитті тербеліс) көмегімен әртүрлі арақашықтықтағы ақпараттардың алмасуына арналған электробайланыстың бір түрі. Радио (лат. radiare – сәулелену), «радиобайланыс» термині - «сәулелену көмегімен болатын байланыс», яғни өткізгішті сымның көмегінсіз (сымсыз байланыс). Кеңістік антеннасының көмегімен таратқыш сәулеленеді де жер бетіне таралып келесі қабылдағышқа әсер етіп электрлік энергия электромагнитті толқын энергиясына айналады. Екі жақты байланыс болуы үшін әрбір радиостанция таратқыш пен қабылдағыштан тұруы керек. Аз қуатты радиостанцияда таратқыш пен қабылдағыш жалпы корпуста монтируются. Жоғарғы қуатты сигналдарды сәулелендірген кезде таратқыштар жеке қондырғылармен дайындалады. Сапалы радиосигналдарды алу үшін қабылдағыштар да жеке қондырғылармен дайындалады. Тарату кезінде электромагниттік толқындарды сәулелендіретін, қабылдау кезінде олардың энергиясын жұтып алатын құрылғы антенна деп аталады. Антеннаның қарапайым түрі бір жағы жерден көтерілген,бір жағы таратқышқа немесе қабылдағышқа қосылған кәдімгі сым десек болады.
Сигнал (лат. signum — белгі) — берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.
Электр сигналы дегеніміз — параметрлері берілетін хабар заңдылығымен өзгеретін электр тогы немесе электр кернеуі. Телекоммуникация саласында сигнал электр сигналы түрінде қолданылады.
Сигнал – уақыт ішінде өзгеретін физикалық үрдіс (мысалы, тізбекте жүретін электр тогы, жарықтың таралу үрдісі). Ақпарат физикалық үрдістің, яғни сигналдың бір немесе бірнеше параметрлерінің мәнімен беріледі.
Егер сигнал параметрі берілген аралықта кез келген аралық мән қабылдай алатын болса (уақытқа байланысты үздіксіз функциямен анықталса), онда сигнал үздіксіз ал мұндай сигналмен анықталған хабар да үздіксіз деп аталады. Бұл жағдайда таратқышпен берілген ақпарат үздіксіз түріне ие болады.
Егер сигнал параметрі берілген аралықта жеке бекітілген мәндерді қабылдаса, онда сигнал дискретті, ал мұндай сигналмен анықталған хабар да дискретті деп аталады. Бұл жағдайда таратқышпен берілген ақпарат дискретті түріне ие болады. Сонымен біз ақпарат берілуінің екі негізгі түрін (пішімін) - үздіксіз және дискретті ақпаратты анықтадық.
Санау жүйесі – сандық мәліметтерді көрсету тәсілдері мен ережелерінің келісілген жиынтығы. Санау жүйелерінің екі түрі бар: позициялық және позициялық емес (бейпозициялық).
Позициялық емес санау жүйелерінде беру және жазу ережелері күрделі болып табылады. Мұндай санау жүйелерінің бірі – римдік сан жүйесі. Мысалы, MCMXCVIII – 1998 деген сөз, мұнда M – мыңдық, C – жүздік, X – ондық, V – бес, I – бір, т.с.с.
Позициялық санау жүйелерінде санның мәні тек қана оның құрамына кіретін цифрлармен ғана емес, сонымен қатар цифрлардың тізбектегі орнымен анықталады. Позициялық сан жүйесінде қолданылатын таңбалардың саны оның негізі деп аталады, оны q әрпімен белгілейік (мысалы ондық сан жүйесінде он таңба(цифр): 0,1,2,...,9). Санау жүйесінің таңбаларының жиынтығын оның алфавиті деп атайды.
Радиоспектрлер келесі түрдегі ауқымдарға бөлінеді:
өте төмен жиілікті ауқым (ӨТЖ) суасты қайықтармен байланысу үшін пайдаланылады, өйткені тек ӨТЖ-сигналдары бірнеше метр тереңдіктегі су астында таратылады;
төменжиілікті ауқым (ТЖ) (300 кГц – 3 МГц) жақын байланыс үшін пайдаланылады, яғни ТЖ-сигналдардың радиуысы азғантай;
жоғарыжиілікті ауқым (ЖЖ) (3-30 МГц, осы ауқымдағы сигналдар, радиотолқындардың ионосфера және Жер бетінен көп рет сәулеленгеннің есебінен өте үлкен қашықтықтарға таратылады;
өте жоғары жиілікті (ӨЖЖ) (30-300 МГц), ультражоғарғы жиілікті (УЖЖ) (300 МГц – 1 ГГц) және аса жоғарғы жиілікті (АЖЖ) “1 ГГц жоғары) ауқымдар. Осы ауқымдардағы сигналдар тура көрілім шектерінде таратылады және ғимараттардан және басқа объектілерден шағылысады, ол таратқыштың аумағындағы қабылдау жағдайын жақсартады.
Сигналдың жіктелуі:
2. ИКМ-30 біріншілік цифрлық жүйе мысалында цифрлық телекоммуникациялық жүйелердің түрлері және олардың ерекшеліктері.
Аналогты дауыс сигналын цифрлық сигналға түрлендіру импульсі кодтық модуляция деп аталады. Дауыс сигналын тарату үшін А.Ризе жүйесін пайдалану мүмкіншілігі 1937 жылы француз ұсынған болатын. ИКМ жүйесі 1940 жылдары радиолакация саласында қарқынды дамыды. Алайда цифрлық технологияның баяу даму салаларынан оның бұқаралық байланыс саласында пайдалану мүмкіншілігі шектеулі болды.
ИКМ-30 аппаратурасы ауылдық АТС-тар арасындағы қосқыш линияларды ұйымдастыру үшін және КСПП типті бір төрттік (1х4) кабельдерді тығыздау үшін қажет. ИКМ-30 сипаттамасы: ТЖ (тональды жиіліктегі) арналар саны -30; қызмет көрсетілмейтін (РП) регенерациялық пункт саны -7; бөліктің максимальды ұзындығы -7,2 км; байланыстың максимальды қашықтығы -50 км; дискретті хабарды тарату үшін канал саны-2; регенерация бөлігінің жарты тактілік жиілікте 352 кГц, тұрақты өшуі 37 дБ болады. ИКМ-30 жабдығын электр қоректендіру үшін станциялық батареялар көмегімен (60 В) жүзеге асырылады. Сонымен бірге аппаратура дыбыстық тарату арнасын ұйымдастыру және дискретті ақпаратты тарату мүмкіншілігін де қарастырады.
Телекоммуникация, телеқатысым (латынша тele – қатынасу, байланысу, грекше – қашық және ағылшаруашылығы communіcatіon – байланыс) –ғылым мен техниканың халықты ақпараттық қызметтің барлық түрімен қамтамасыз ететін саласы; қашықтықтан ақпарат алмасуды жүзеге асыратынтехнологиялар жиынтығы. Телекоммуникация саласы Қазақстанға 20 ғасырдың 90-жылдарынан ене бастады. Телекоммуникация электрбайланысжәне компьютердің көмегімен ақпараттың барлық түрлерін (дыбыс, дерек, қозғалмалы және қозғалмайтын бейне, мультимедиа) талшықтыоптикалық байланыс кабелі, радио, Жердің жасанды серігі, т.б. байланыс түрлері арқылы таратады. Электр сигналдарын таратып-қабылдауды телекоммуникация жүйесі атқарады. Бұл жүйе ақпаратты пайдаланушыларға дыбыс немесе бейне-көрініс түрінде тарататын жабдықтар жиынтығынан тұрады. Телекоммуникация (Telecommunications) — компьютерлік жүйелер мен қазіргі заманғы техникалық электрондық байланыс құралдары негізінде телефон желілері, спутниктік байланыс және т.б. арқылы мәліметгерді қашықтан жеткізуге қатысты жалпы ұғым; жалпы немесе арнаулы байланыс желілері (телеграф, телефон, радио арқылы мәліметтер алмастыруға арналған қатынас). Телефон жүйесі арқылы ақпарат жеткізу; ара қашықтықтық байланыс; мәліметтерді ара қашықтыққа жіберу.
Цифрлық тасымалдау жүйесі каналдың уақыттық бөліктенуіне негізделген. Бұл жерде әртүрлі хабарлы сигналдарды желі бойынша тасымалдау кезек бойыншы іске асады, сонымен қатар уақыт бойынша жылжып отырады. Желі бойымен цифрлық сигналдарды шығаратын, реттілігі мен ұзақтығы анықталған импульстер таратылады. Осы үшін ақпараттың барлық түрлері (телефондық, радиохабар, телевидение және басқа да) алдын-ала кодталады. Ең көп таратылғандары болып микросекундты және наносекундты ұзақ импульсты импульсты-кодтық модуляция (ИКМ) есептелінеді.
ИКМ-480 және ИКМ-1920 тарату жүйелері коаксиальды кабельді магистральды желілі байланыстарға арналған. Ішкізоналық торап ИКМ-120 жүйесі негізінде, ауылдық торап - ИКМ-15 негізінде дамыды. Қалаларда АТС арасында көпканалды қосылған желіліер құрылғылары үшін ИКМ-ЗО аппатарурасы кең қолданылады.