
- •Әңгіме жанрының қиындығы неде?
- •Очерк жанрының әңгіме жанрынан ең басты ерекшелігі неде?
- •Повесть жанрының ерекшелігі.
- •Проза тілі мен поэзия тілінің айырмашылығы неде?
- •Поэма жанрының ерекшелігі.
- •Образдың түрлерін белгілеудің (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары неге байланысты?
- •Роман жанрын а.Байтұрсынұлы қалай атаған? Бұл жанрдың ерекшелігі неде?
- •Кең көлемді эпикалық тек, түрлері, ерекшелігі.
- •Құбылту түрлеріне нақты бір шығармадан мысал келтір, олардың көркем шығармадағы ролі анықтаңыз.
- •Классицизм ағымының ерекшелігі мен кемшілігі неде? Өкілдері кімдер?
- •Реалистік образға бүгінгі өмірден мысал келтіріңіз
- •Романтикалық образдың негізгі ерекшелігін талдап көрсетіңіз.
- •Әдеби стиль. Стиль тек әдебиетке ғана қатысты ұғым ба? Дәлелдеңіз.
- •Натурализм ағымының негізін салушы кім болды, қай шығармасымен?
- •Қара өлең ұйқасына мысал келтіре отырып, анықтамасын шығарыңыз.
- •Әдебиет теориясы ғылым ретінде зерттейтін мәселелерінің аумағын анықтаңыз.
- •Сөз, сурет, сәулет, мүсін өнерінің бірлігіне өмірден, табиғаттан мысалдар келтіріп дәлелдеу.
- •Лирикалық тек түрлеріне талдау жасаңыз.
- •Драмалық тек түрлеріне талдау жасаңыз.
- •Образ түрлерін анықтау қаншалықты дәрежеде шартты. Бір образдың бойынан түрлі қырлар көрінуі мүмкін бе? Нақты бір шығарма негізінде салыстырыңыз.
- •Әдебиеттегі айшықтаудың (фигура) түрлері, мысал келтіріңіз.
- •Қайталау:
- •Орта көлемді эпикалық тек түрлеріне сипаттама жасаңыз.
- •«Әдебиет танытқыш» бойынша троп түрлерінің «Сөз өнеріндегі» троп түрлерінен айырмашылығы мен ұқсастығын талдаңыз.
- •Өлең өлшемі. Ұйқас түрлері.
- •Әдебиет теориясында мінездеудің түрлері нешеу, не себепті бұлай бөлінген?
- •Образдың жасалу жолдары.
- •Әдебиеттану ғылымының салалары арасындағы өзіндік ұқсастықтар мен айырмашылықтар қандай? Талдаңыз.
- •Әдебиеттің негізгі салаларының өзіндік зерттейтін обьектілеріне жан-жақты тоқталып, анализ жасаңыз.
- •Кең көлемді эпикалық тек түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •Әдебиеттану ғылымының салалары арасындағы өзіндік ұқсастықтар мен айырмашылықтар қандай? Талдаңыз.
- •Геройлық образға бүгінгі өмірден мысал келтіріңіз
- •Фантастикалық образдың ерекшелігі
- •Сатиралық образдың ерекшелігі
- •Юморлық образдың ерекшелігі
- •Эпигон жазушылар деп қазіргі әдебиеттен кімді атар едіңіз. Дәлелдеңіз
- •"Эпикалық образ - кең тынысты образ" дегенмен келісесіз бе?
- •Лирикалық образ - ақынның өз бейнесі дегенді қалай түсінесіз?
- •А.Байтұрсыновтың әдебиеттану ғылымына енгізген терминдері мен з.Қабдоловтың енгізген терминдері арасында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар, салыстырып, талдаңыз.
- •Юморлық образ бен сатиралық образдың ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Мысал келтіре отырып дәлелдеңіз.
- •Драмалық образдың қиындығы мен күрделігі, көрерменге тигізер әсері
- •Көркемдеуіш құралдар троп және фигура түрлерінің бірін-бірі толықтыратын немесе дара сипаттары неде?
- •Драмалық образдың ғұмыры - бір күндік деген ұғыммен келісесіз бе?
Әдебиет теориясында мінездеудің түрлері нешеу, не себепті бұлай бөлінген?
Мінез – адамның ішкі бітімі болғанда, тип – сом тұлғасы екені мәлім. Осылардың нақтылану сырының біз айтқаннан басқа да көп-көп қырлары, яғни нақтылау тәсілдері бар.
Тек мінез жағына ғана назар аударып көрелікші. Осының өзін жазушы іс жүзінде әр түрлі тәсілмен жасайды. Бірі – тура мінездеу. Мысалы Ә. Нұрпейісов «Қан мен терде» Ақбаланың әкесін былай мінездейді: «Сүйеу – ел ішіне сыйымсыз, тікбақай, тентек шал...» Сүйеудің осы мінез-құлқы трилогияның өнбойында бұлжымай, айрықша сипатта қалып қояды.
Тағы бір тәсілі – жанама мінездеу. Мұнда әлгідей төтеден сипаттау болмайды, жазушы мінез- құлқын, әдет-ғұрпын анықтағысы келген жеке адамның немесе бір топ адамның өзі емес, соның қатысы бар өзге заттарды суреттеу арқылы әлгінің өз құлқын не ғұрпын айқындайды.
Образдың жасалу жолдары.
Образдың жасалу жолдары сан алуан. Бірақ солардың ішіндегі ең негізгілері: портрет, мінездеу, адамның күйініш, сүйініштерін суреттеу, қатысушылардың сөздері және жанама мінездеу.
Бұлар бір-бірімен нық байланысты. Шығармалардың құрылысында бірі ол жерде, бірі бұл жерде келсе де, жиынтығында кейіпкерлердің бейнесін айқындап, оларды ерекше көзге түсерлік образ - тип дерлік дәрежеге жеткізу жұмыстарын атқарады.
Портрет - қатысушылардың кескінін, келбетін, пішінін, тұлғасын суреттеу. Мысалы, М.Әуезовтің «Шатқалаң» деген әңгімесінде Айшаның келбеті былай суреттеледі:
«Айша ақырын күліп қояды. Бұл орта бойлы, толық етті, жұмыр, тұтас біткен, қайратты әйел еді. Денесі - жұмысқа піскен, сом дене...»
Жазушы шығармаға қатысушылардың сыртқы портретімен қатар ішкі портретін - мінезін, құлқын, наным-сенімін, дүниеге көзқарасын суреттейді. Әдебиетте мұны мінездеу дейді.
Адам образын жасауда мінездеу айрықша орын алады. Өйткені әдеби образдың ерекше көзге түсуі де, мәңгілік есте қалуы да адам мінездерінің шебер жасалуымен байланысты. Сонымен қатар шығармада әдеби мінез жеке адамға тән сипат етіліп суреттелсе де, ол - сандаған мінездердің жиынтығы және кейіпкердің өз ортасына тән, сол жағдайға лайықты, әбден екшеленіп алынған мінездердің сіріндісі.
Ақын, жазушылар - өмір шындығының жыршысы, «адам жанының инженері» болғандықтан, ол жайларды көрсетуге міндетті. Оқушылар шығармадағы қаһармандардың ерлігін көріп риза болады, жеңісін, қуанышын көріп шаттанады, ауыр халін көріп қайғырады. Оқушы жұртшылықтың сезімдеріне ең үлкен әсер ететін нәрсе - адамның басында болатын күйініш-сүйініштерді суреттеу. Оның әр алуан жолдары, әдістері бар. Образ жасауда кейіпкерлердің тілі шешуші орын алады. Кейіпкерлердің
сөздері монолог және диалог түрінде кездеседі. Монолог (грек сөзі - monos - бір, logos - сөз) - бір адамның сөзі. Шығармаларда қатысушы біреуге не көпшілікке қайырыла сөйлесе, басқалар оның сөзін бөлмей, тек тыңдаушы есебінде болса, ондай сөздерді монолог дейміз.
Диалог (di - екі, logos - сөз) - екі не бірнеше адамдардың кезектесіп сөйлесулері.
Жанама мінездеу - қатысушының өзін емес, оның айналасын суреттейді. Яғни, қандай нәрсені жақсы көреді, қалай киінеді, оның үйіндегі заттарды т.б. Бірақ жазушы менің кейіпкерлерім мынаны ұнатады, ананы ұнатпайды, оның мынадай сбептері бар деп түсіндіріп жатпайды. Ол туралы кейіпкерлер де сөз қатпайды. Тек барды бар күйінше ғана көрсетіп отырған тәрізді әсер қалдырады.