
- •Әңгіме жанрының қиындығы неде?
- •Очерк жанрының әңгіме жанрынан ең басты ерекшелігі неде?
- •Повесть жанрының ерекшелігі.
- •Проза тілі мен поэзия тілінің айырмашылығы неде?
- •Поэма жанрының ерекшелігі.
- •Образдың түрлерін белгілеудің (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары неге байланысты?
- •Роман жанрын а.Байтұрсынұлы қалай атаған? Бұл жанрдың ерекшелігі неде?
- •Кең көлемді эпикалық тек, түрлері, ерекшелігі.
- •Құбылту түрлеріне нақты бір шығармадан мысал келтір, олардың көркем шығармадағы ролі анықтаңыз.
- •Классицизм ағымының ерекшелігі мен кемшілігі неде? Өкілдері кімдер?
- •Реалистік образға бүгінгі өмірден мысал келтіріңіз
- •Романтикалық образдың негізгі ерекшелігін талдап көрсетіңіз.
- •Әдеби стиль. Стиль тек әдебиетке ғана қатысты ұғым ба? Дәлелдеңіз.
- •Натурализм ағымының негізін салушы кім болды, қай шығармасымен?
- •Қара өлең ұйқасына мысал келтіре отырып, анықтамасын шығарыңыз.
- •Әдебиет теориясы ғылым ретінде зерттейтін мәселелерінің аумағын анықтаңыз.
- •Сөз, сурет, сәулет, мүсін өнерінің бірлігіне өмірден, табиғаттан мысалдар келтіріп дәлелдеу.
- •Лирикалық тек түрлеріне талдау жасаңыз.
- •Драмалық тек түрлеріне талдау жасаңыз.
- •Образ түрлерін анықтау қаншалықты дәрежеде шартты. Бір образдың бойынан түрлі қырлар көрінуі мүмкін бе? Нақты бір шығарма негізінде салыстырыңыз.
- •Әдебиеттегі айшықтаудың (фигура) түрлері, мысал келтіріңіз.
- •Қайталау:
- •Орта көлемді эпикалық тек түрлеріне сипаттама жасаңыз.
- •«Әдебиет танытқыш» бойынша троп түрлерінің «Сөз өнеріндегі» троп түрлерінен айырмашылығы мен ұқсастығын талдаңыз.
- •Өлең өлшемі. Ұйқас түрлері.
- •Әдебиет теориясында мінездеудің түрлері нешеу, не себепті бұлай бөлінген?
- •Образдың жасалу жолдары.
- •Әдебиеттану ғылымының салалары арасындағы өзіндік ұқсастықтар мен айырмашылықтар қандай? Талдаңыз.
- •Әдебиеттің негізгі салаларының өзіндік зерттейтін обьектілеріне жан-жақты тоқталып, анализ жасаңыз.
- •Кең көлемді эпикалық тек түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •Әдебиеттану ғылымының салалары арасындағы өзіндік ұқсастықтар мен айырмашылықтар қандай? Талдаңыз.
- •Геройлық образға бүгінгі өмірден мысал келтіріңіз
- •Фантастикалық образдың ерекшелігі
- •Сатиралық образдың ерекшелігі
- •Юморлық образдың ерекшелігі
- •Эпигон жазушылар деп қазіргі әдебиеттен кімді атар едіңіз. Дәлелдеңіз
- •"Эпикалық образ - кең тынысты образ" дегенмен келісесіз бе?
- •Лирикалық образ - ақынның өз бейнесі дегенді қалай түсінесіз?
- •А.Байтұрсыновтың әдебиеттану ғылымына енгізген терминдері мен з.Қабдоловтың енгізген терминдері арасында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар, салыстырып, талдаңыз.
- •Юморлық образ бен сатиралық образдың ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Мысал келтіре отырып дәлелдеңіз.
- •Драмалық образдың қиындығы мен күрделігі, көрерменге тигізер әсері
- •Көркемдеуіш құралдар троп және фигура түрлерінің бірін-бірі толықтыратын немесе дара сипаттары неде?
- •Драмалық образдың ғұмыры - бір күндік деген ұғыммен келісесіз бе?
Классицизм ағымының ерекшелігі мен кемшілігі неде? Өкілдері кімдер?
ХVII ғасырдың аяқ жағында туып, XVIII ғасырдың орта тұсына дейін өнер атаулының бәрінде, әсіресе, Европа әдебиетінде орасан кең өріс алған жұртқа мәлім ағым- классицизм. Отаны Италия болғанымен, Францияда кеңінен таралған
Бұл ағымның өкілдері ( әсіресе Расин, Корнель, Мольер сияқтыфранцуз драматургтары) баяғы көне дүние классикасын өздеріне өнеге тұтты; әдеби шығармаларын сол үлгімен жазды. Француз ақыны Буало өзінің «Поэтикалық өнер» деген творчестволық принциптерін белгілеп берді.
Классицистер қаламынан туған шығармаларының негізгі тақырыбы, ежелгі грек әдебиетіндегі сияқты, ел өмірінің елеулі, ірі оқииғалары; негізгі идеясы – елдің елдігін қорғаушы « ессіз ерлердің» қанды жорықтары мен дүрбелең саясаты; негізгі қаһармандары – қарапайымдар емес, қастерлілер – қолбасылар, корольдар, патшалар.Бұл ағымның көркем шығарма мазмұны мен пішініне қоятын қатал талабы, дәлірек айтқанда, кәдімгі « үш бірлік» (уақыт бірлігі, орын бірлігі, оқиға бірлігі) атанған бұлжымас шарты болды. Нәтижесінде, әдеби ағым классикалық сипаттан әншейін схемаға көшіп бара жатты. Адамдар жерде қалып, ағым аспанда жүрді. Қарапайым қалың бұқара мүлде қаламға ілікпей қойды. Адамға тән нәзік сезімдер мен терең тебіреністер орнын лепірген жел сөз, айғай-сүрең басып кетті.
Көркем шығармадағы сюжеттің бөліктерін анықтаңыз.
Сюжет – оқиға. Оның 5 кезеңі болады:
1.Оқиғаның басталуы (экспозиция)
2. Дамуы (байланыс)
3. Оқиғаның шиеленісі
4. Шарықтау шегі
5. Шешімі
Плеоназм дегеніміз не, мысал келтіріңіз.
Плеоназм- өлеңнің бір жолында, бірнеше синонимдердің тұтасып, түйдектей қатар келуі. Босағада тұрмады, төрге ұмтылды,
Бұзып жарып, еңсеріп, еркін басып.
Қазіргі қазақ әдебиетіндегі фантаст жазушылар шығармаларынан фантастикалық образға мысал келтір.
Шалыс ұйқас түрлеріне мысал келтіре отырып, анықтамасын шығарыңыз.
Абайдан бермен қарай қазақ поэзиясында кең түрде орын алған ұйқастың бір түрі - шалыс ұйқас. Ұйқастың бұл түрінде 1-жол мен 3-жол, 2-жол мен 4-жол ұйқасады. Өлеңнің шумағы төрт жолдан аспайды.
Желсіз түнде жарық ай, - а
Сәулесі суда дірілдеп. - ә
Ауылдың жаны — терең сай, - а
Тасыған өзен гүрілдеп. - ә
«Әдебиет» сөзінің мағынасы, маңызы қандай?
Ана тіліміздегі әдебиет деген сөздің түп төркіні арабша атаудан шыққанын — сөз, асыл сөз деген мағынасы бар екенін, орысша литература деген атаудың латын сөзі екенін — әріп, жазу-сызу деген мағынада қолданылғанын білу онша қиын емес. Әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым.
Образдың жасалу жолдарын көрсетіңіз.
Образдың жасалу жолдары сан алуан. Бірақ солардың ішіндегі ең негізгілері: портрет, мінездеу, адамның күйініш, сүйініштерін суреттеу, қатысушылардың сөздері және жанама мінездеу.
Бұлар бір-бірімен нық байланысты. Шығармалардың құрылысында бірі ол жерде, бірі бұл жерде келсе де, жиынтығында кейіпкерлердің бейнесін айқындап, оларды ерекше көзге түсерлік образ - тип дерлік дәрежеге жеткізу жұмыстарын атқарады.
Портрет - қатысушылардың кескінін, келбетін, пішінін, тұлғасын суреттеу. Мысалы, М.Әуезовтің «Шатқалаң» деген әңгімесінде Айшаның келбеті былай суреттеледі:
«Айша ақырын күліп қояды. Бұл орта бойлы, толық етті, жұмыр, тұтас біткен, қайратты әйел еді. Денесі - жұмысқа піскен, сом дене...»
Жазушы шығармаға қатысушылардың сыртқы портретімен қатар ішкі портретін - мінезін, құлқын, наным-сенімін, дүниеге көзқарасын суреттейді. Әдебиетте мұны мінездеу дейді.
Адам образын жасауда мінездеу айрықша орын алады. Өйткені әдеби образдың ерекше көзге түсуі де, мәңгілік есте қалуы да адам мінездерінің шебер жасалуымен байланысты. Сонымен қатар шығармада әдеби мінез жеке адамға тән сипат етіліп суреттелсе де, ол - сандаған мінездердің жиынтығы және кейіпкердің өз ортасына тән, сол жағдайға лайықты, әбден екшеленіп алынған мінездердің сіріндісі.
Ақын, жазушылар - өмір шындығының жыршысы, «адам жанының инженері» болғандықтан, ол жайларды көрсетуге міндетті. Оқушылар шығармадағы қаһармандардың ерлігін көріп риза болады, жеңісін, қуанышын көріп шаттанады, ауыр халін көріп қайғырады. Оқушы жұртшылықтың сезімдеріне ең үлкен әсер ететін нәрсе - адамның басында болатын күйініш-сүйініштерді суреттеу. Оның әр алуан жолдары, әдістері бар. Образ жасауда кейіпкерлердің тілі шешуші орын алады. Кейіпкерлердің
сөздері монолог және диалог түрінде кездеседі. Монолог (грек сөзі - monos - бір, logos - сөз) - бір адамның сөзі. Шығармаларда қатысушы біреуге не көпшілікке қайырыла сөйлесе, басқалар оның сөзін бөлмей, тек тыңдаушы есебінде болса, ондай сөздерді монолог дейміз.
Диалог (di - екі, logos - сөз) - екі не бірнеше адамдардың кезектесіп сөйлесулері.
Жанама мінездеу - қатысушының өзін емес, оның айналасын суреттейді. Яғни, қандай нәрсені жақсы көреді, қалай киінеді, оның үйіндегі заттарды т.б. Бірақ жазушы менің кейіпкерлерім мынаны ұнатады, ананы ұнатпайды, оның мынадай сбептері бар деп түсіндіріп жатпайды. Ол туралы кейіпкерлер де сөз қатпайды. Тек барды бар күйінше ғана көрсетіп отырған тәрізді әсер қалдырады.