Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Әдебиеттегі образ тудырушы факторлар қандай бол...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
54.46 Кб
Скачать
  1. Әдебиеттегі образ тудырушы факторлар қандай болды? Түрлеріне тоқталыңыз

Образ тудырушы 3 фактор бар:

  1. Әдіс: 1) романтикалық 2) реалистік

  2. Тек: 1) эпикалық 2) лирикалық 3) драмалық

  3. Тәсіл: 1) геройлық 2) фантастикалық 3) трагедиялық 4) юморлық 5) сатиралық

  1. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» атты әдебиет теориясын қарастырған қазақ тіліндегі тұңғыш еңбекте көркемдеуіш құралдарға берген қазақша атаулар мен анықтамалардың қазіргі әдебиеттанудағы қолданып жүрген атаулармен айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

  2. Арнауды А.Байтұрсыновтың түрлерге бөлуі мен қазіргі әдебиеттанудағы арнау түрлерін салыстырыңыз

  3. Әдеби сын оқырман мен автор арасындағы алтын көпір деген тұжырымды дәлелдеңіз.

Әдебиет сыны әрқашан дәл өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне белсене араласып, нақты әдеби туындыны жан-жақты талдау, оның идеялық-көркемдік құнын белгілеу, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтау арқылы, бір жағынан, жазушыға жазғандарының бағалы қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін көрсетіп, оның творчестволық өсуіне тікелей қолғабыс жасаса, екінші жағынан, оқырманды оқығандарының байыбына барып, оны жете түсініп, дұрыс бағалауға баулиды. Бұл ретте, сыншыны жазушы мен оқырманның екеуіне ортақ – ара дәнекер десе де болады. Сын тек жазушы үшін ғана емес, оқырман үшін де жазылады. Оның көркем шығармаға қосалқы комментарий емес, өз алдына жеке шығарма болып табылатыны да сондықтан.

  1. Әңгіме жанрының қиындығы неде?

Әңгіме – қиын жанр, себебі көлемі шағын. Ол жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Нағыз күшті, құдіретті проза - жинақы проза. Онда басы артық, айтпауға болмайтын шындық қана қалады. Оқырманды бірден үйіріп әкету үшін, сол шағын көлемдегі шығарманың сюжет желісін шебер етіп құрып, композициясын шебер қиылыстыру керек..

  1. Очерк жанрының әңгіме жанрынан ең басты ерекшелігі неде?

Шағын эпостың әңгімеге жақын тұрған бір түрі - очерк. Бұл да қысқа көлемді шығарма. Мұнда да үлкен шындықтың кішкене бір бөлігі, адам өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен, әрлі суреттер арқылы шебер, тартымды бейнеленуге тиіс.

Бірақ очерктің әңгімеден бірнеше өзгешелігі бар. Ең бастысы очеркте суреттелетін шындық – ойдан шығарылған нәрсе емес, өмірде болған не бар ақиқат; очерктің қаһарманы – ойдан жасалған бейне емес, өмірде болған не бар адам. Содан соң очерк өткен шақтың көне шындығынан емес, осы шақтың жаңа шындығынан туады. Бұл ретте, очерк – өз кезінің үні, жаңаның жаршысы.

  1. Повесть жанрының ерекшелігі.

Повесте шағын эпостағыдай бір емес, бірнеше оқиға, адам өмірінің бір немесе бірер эпизоды ғана емес, бір алуан кезеңді құбылыстары кеңірек, біраз дамытыла суреттеледі. Сондықтан әңгімеге қарағанда, повестің көлемі де үлкен, сюжеті де күрделі, оқиғаларға қатысатын қаһармандар да біреу емес, бірнешеу.

  1. Проза тілі мен поэзия тілінің айырмашылығы неде?

Көркем шығарманың 2 түрлі тілі болады: проза және поэзия. Проза қара сөзбен жазылады және оған миф, аңыз, ертегі, новелла, очерк, фельетон, роман, повесть т.с.с. жатады. Поэзия өлең түрінде жазылады және оған өлең, поэма, дастан, сонет, батырлар жыры, эпос т.с.с. жатады.

  1. Көркем әдебиеттің өзіне тән ерекшеліктерін, әдебиеттің даму заңдылықтарын, әдебиеттің тектерін, түрлерін, көркем шығарманың композициясын, өлең құрылысын зерттейтін әдебиеттану ғылымының саласы жөнінде әңгімелеңіз.

Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін; әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. . Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігін, оның қоғамдық қызметін, көркем шыарманы талдаудың принциптері мен методикасын, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін түп-түгел тек әдебиет теориясынан ғана танып білуге болады. Әдебиет теориясын білмей, қандайда болса әдеби құбылыстарды нәзік түсіну, шынайы сөз өнерінің шындық өмірге қарым-қатынасын білу, адам баласының жалпы көркемдік дамуындағы сыр-сипатын тану мүмкін емес.

  1. Поэма жанрының ерекшелігі.

Поэма — эпостық жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма. Поэма көбіне сюжетке құрылып, кейіпкерлердің қарым-қатынасын, тартыс-таласын, күйініш-сүйініш, мінез-құлық, іс-әрекеттерін суреттейді.

  1. Образдың түрлерін белгілеудің (әдістік, тектік, тәсілдік) факторлары неге байланысты?

Образдың жасалу тәсілдеріне лайық оның түрлері де туады. Біз осыған дейін, образ жағымды және жағымсыз болады деп ұқтық. Адамда қандай қасиет болса, солай топтауға болмайды. Сондықтан, әдебиеттегі адам образында әлгідей топтау – тым шартты нәрсе. Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше факторлары бар: көркем әдіс тұрғысынан келгенде: романтикалық және реалистік. Әдеби тек тарапынан келгенде: эпикалыық, лирикалық, драмалық. Жалпы жасалу тәсіліне байланысты: юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, геройлық образ.