Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АӨҚН база.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.46 Кб
Скачать

1.Кәсіпорында енбек қорғау инженерін тағайындау үшін жұмысшылардың орташа саны қанша болу керек 50 адам

2.Еңбек қорғау бойынша бас маманның мiндеттерi қандай құжатта көрсетiлген Кәсіпорын басшысының бұйрығында

3.Кiрiспе нұсқауды кiм өткiзуге мiндеттi Өндiрiс білiмiнiң басшысы

4.Қазақстан Республикасының еңбек қорғау заңы бойынша жеңіл жұмысты күніне неше сағат артық жұмыс iстеуге рұхсат етiледi 2 сағат

5.Өндіріс процесіне жалпы қауіпсіздік талабын қоятын қауіпсіздік стандарттар жүйесін атаңыз 3

6.Жұмыс орынындағы еңбек қауiпсiздiгi туралы нұсқауды кiм өткiзедi. Өндiрiс бөлiмшесiнiң басшысы

7.Басқару органдарын және еңбек құралдарын қолмен тиімді алу, дене бітімін дұрыс ұстау, ыңғайлы еңбек жағдайы қандай көрсеткіштер есебімен қамтамасыз етіледі Антропометриялық

8.Түнгi кезекке тәулiктiң қай сағаты жатады 22-6 сағат

9.Сәтсіз оқиғаны тергеу үшін қанша уақыт ішінде комиссия құрылу қажет 24 сағат

10.Кәсiпорында еңбек қорғау шараларын уақытылы қаржыландыру, бөлген қаржыны белгіленген бойынша дұрыс пайдалануды кім бақылауға міндетті Еңбек қорғау инженері

11.Қайталанған нұсқау қай кезде өткiзiледi 3-6 айда

12.Шаруашылық әкiмшiлiгi жұмыскердi келісiмiнсiз басқа жұмысқа ауыстыра алама Өндiрiстiк қажеттiлiк жағдайында 1 айға ауыстыра алады

13.Жоспардан тыс нұсқау қандай жағдайда өткізіледі? Еңбек қорғау ережелерi мен технологиялық процестер өзгергенде

14.Түнгі және уақыттан тыс жұмысты неше жастан бастап істеуге рұқсат етіледі? 18 жас

15.Еңбек қорғау инженерiнiң бұйрығын кiмнiң бұзуға құқығы бар? Кәсіпорын бастығының орынбасары

16.Екі адам қаза болған сәтсіз оқиғаларды арнайы тергеуді кім басқарады Облыстың, Астана және Алматы қалаларының бас мемелекеттік еңбек инспекторы

17.Сәтсiз оқиғаға тергеу жүргiзгенде Н-1 нысанындағы актiнiң неше данасы толтырылады? 4 дана

18.Кәсiпорынындағы еңбек қорғау инженерiнiң негiзгi мiндетiн атаңыз Еңбек қорғау бойынша барлық жұмысты басқару

19.Еңбек қорғау бойынша қоғамдық бақылауды кiм орындайды Кәсiподақ комитетi

20.Қатты кәсіби ауру болған жағдайда оны тексеру неше күннің ішінде жүргізіледі 7 күн ішінде

21.Әкiмшiлiк жауапкершiлiкке қандай жаза қолдану жататынын көрсетiңiз Айып пұл салу

22.Еңбек қауiпсiздiгiнiң стандарттық жүйесi бойынша "Еңбектi қорғау" терминiн анықтаңыз

Еңбектi қорғау - бұл еңбек процесi барысында жұмыскерлердiң денсаулығын сақтау, қауiпсiздiгін қамтамасыз етудегi әлеументтiк экономикалық, ұйымдастырушылық, гигиеналық, емдеу-профилактикалық және техникалық шаралардың жиынтығы

23.Бестен артық адам қаза болған сәтсіз оқиғаларды арнайы тергеуді кім басқарады Қазақстан Республикасының үкіметінің мүшесі

24.Жағымсыз метеорологиялық жағдайда және зиянды заттардан қорғану мәселелері «Еңбек қорғау» курсының қай бөлімінде қарастырылады

Өндіріс санитариясы

25.Дыбысты сіңіру коэффиценті төмен материалды атаңыз Бетон

26.Жарық дегенiмiз не?Толқын ұзындығымен көрiнетiн сәулелердiң электромагниттiк тербелiсi

27.Ауыр дене еңбегі жұмысын орындау барысында, адамның энергия шығынының ең төменгі мөлшерін атаңыз 293 Дж/с кем емес

28.Дене еңбегімен байланысты, орындалуы қиын жұмыстар қалай бөлінеді

3 категорияға (I жеңіл, II орташа ауыр, III ауыр жұмыстар)

29.Өндіріс санитариясы ұғымының дұрыс анықтамасын көрсетіңіз Жұмысшыларға әсер ететін өндірістік зиянды факторларды жоятын немесе азайтатын техникалық құралдар және ұйымдастырушылық шаралардың жүйесі

30.Инфрадыбысты сипаттайтын жилiктi көрсетiңiз 16 Гц дейін

31.Қыздыру шамдарының жұмыс істеу мерзімі қандай? 500 сағат

32.Жарық күшi дегенiмiз не? Берiлген бағытта жарық ағынымен оны тарататын кеңiстiк бұрышына қатынасы

33.Шаңдануды зерттеу кезінде ауаның жылдамдығын қандай құралдың көмегімен анықтайтынын көрсетіңіз Реометр

34.1-10 м/с арасындағы ауа қозғалысының жылдамдығын анықтайтын құралды атаңыз. Қанатты анемометр

35.Жұтқан шаңның салдарынан болатын өкпе ауыруын жалпылай не деп атаймыз? Пневмокониоз

36.Қандай кәсіби улану ауыр болып табылады? Бір жұмыс кезегінде пайда болған

37.Өндiрiс ғимараттарының микроклиматын сипаттайтын параметрлердi көрсетіңiз

Ауа қозғалысының жылдамдығы, температура, барометрлiк қысым, салыстырмалы ылғалдық

38.Ультрадыбысты сипаттайтын жиiлiктi көрсетiңiз. 20000 Гц жоғары

39.Шуды сипаттайтын негiзгi факторларды атаңыз Тербелiс жиiлiгi, дыбыс қарқыны, дыбыс қысымы

40.Адамға сезілетін ауа қозғалыс жылдамдығының төменгі мәнін көрсетіңіз 0,1.....0,45 м/с.

41.Жарықтылықты нормалау кезінде санитарлық нормамен көру жұмысының неше разряды қойылғанын атаңыз 8 разряд

42.Табиғи жарық коэффициенті - бұл: Бөлме сыртындағы жарықтың бөлме ішіндегі жарыққа қатынасы

43.Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтайтын құралды атаңыз Психрометр

44.Арналуы бойынша жарық түрлерiн атаңыз Жасанды, табиғи және аралас

45.Адам организмiне қандай жиілiктегi дiрiлдер қауіпті екенiн көрсетiңiз 9 Гц

46.Көмір қышқылымен уланған зақымданушыға дұрыс көмек көрсетуді атаңыз ?Таза ауаға шығарып, басына суық компресс салып, нашатыр спиртін иіскетіп, егер талып қалса жасанды демалдыру керек

47.Әр заттың бетiне ауадан тұнып отырған шаңды не деп атайды Аэрогель

48.Атмосфералық ауаның құрамы қандай N2=78,08%, О2=20,95%, СО2=0,93%

49.Құрамында SiO2 бар шаң адам ағзасына әсер еткенде қандай кәсіби ауру туындайды Силикоз

50.Ауаны алмастыру әдісі бойынша желдеткіш түрлерін атаңыз Инфильтрация және аэрация

51.Тербеліс жиілігі бойынша дірілдер үш топқа бөлінеді Төменгі жиілікті 22,6 Гц кіші, орташа жиілікті 22,6...90 Гц және 90 Гц жоғары

52.Құбырда қандай артық қысым болғанда, бу қазандары энергетика қадағалау органдарына тіркеуге және бақылауға жататынын көрсетіңіз 0,07 МПа жоғары

53.Оттегі бар баллон қандай түске боялатынын көрсетіңіз? Көгілдір

54.Жерлендіру кедергісін өлшеуге арналған құралдың маркасын атаңыз?МС-08, М -416

55.Адымдық кернеу қандай жағдайда пайда болады?Жерде үзілген кезде

56.Ацетилендік генераторды қай жерге орнатуға рұқсат етіледі. Төбесі жоқ, жеңіл жанбайтын жапқышты, жылытылатын бір қабатты ғимараттарда

57.Ацетилен бар баллон қандай түске боялады Ақ

58.Аммиак селитрасын қайда сақтайды Жеке қоймада

59.Жабдықтың қауіпті зоналарын бөлетін кожухтар және қорғаныш қоршауларының ішкі беті қандай түске боялған болу керек?Қызыл

60.Ғимаратты дегазациялау кезінде тыныс органдары мен көзді қорғау үшін қандай жеке қорғаныс құралы қолданылады? Газқағар

61.Электр тоғына соғылу қауіптілігі бойынша барлық өндіріс ғимараттары неше классқа бөлінетінін көрсетіңіз Үш классқа

62.Зақымданушыға алғашқы жәрдем көрсету үшін қандай жиілікпен жасанды демалыс жасау керек?

12-14 рет/мин

63.МЕСТ 12.4.026-76 сәйкес көк түсті сигнал нені білдіреді? Ақпарат

64.Есептеу үшін адам денесіне қандай кедергі қабылданған? 1000 Ом

65.МЕСТ 12.1.009-76 сәйкес "Электр қауіпсіздігі" терминіне анықтама беріңіз Электр қауіпсіздігі - электрлік токтың, электр доғаның, электромагниттік өріс пен статистикалық электрдің қауіпті және жағымсыз әсерлерінен сақтауды қамтамасыз ететін құралдар мен ұйымдасқан және техникалық шаралар жүйесі

66.Босатпау табалдырық тоғының айнымалы ток үшін мәнін көрсетіңіз 10-20 мА

67. Қайталанған нөлдік жерлендіру желісі үзілгенде немесе жанасу кедергісін азайту үшін қандай ара қашықтықпен орналасатынын көрсетіңіз 250 метрден кем емес

68.Фибриляциялық токтың мәнін атаңыз- (тұрақты ток үшін) 100мА-7А

69.Электр тоғының әсер ететін аумағының радиусын көрсетіңіз 20м

70.МЕСТ 12.0.001-74 "Еңбек қауіпсіздігі" терминіне анықтама беріңіз? Еңбек қауіпсіздігі - дегеніміз жұмыскерлерге өндірістік қауіпті және зиянды әсерін тигізбейтін қауіпсіз еңбек жағдайының жай-күйі

71.Улы химикаттар орналасқан қоймалар өндірістік және тұрмыстық ғимараттардан қанша метр ара қашықтықта болу керек 500 метр

72.Электрмен пісіру жұмыстары кезінде алаңның ең төменгі белгіленген ауданын көрсетіңіз 3 м кв

73.Жеке тұрған найзағайдан қорғаныштың жерлендіру кедергісінің белгіленген мәні қандай? 4 Ом

74.Мал шаруашылығы ғимараттары найзағай қауіптілігі бойынша қай категорияға жатады Үшінші

75.Өндіріс ғимараттарында ішкі екі өрт крандарының белгіленген ара қашықтығын көрсетіңіз 30 м

76.Оттегі баллондарын сақтауға арналған ғимараттар өрт қауіпсіздігі бойынша өндірістің қай категориясына жатады Б категориясына

77.Cпринкерлік жүйелер қандай жағдайға арналған Өрт туралы ақпарат беру және сөндіру үшін

78.Қандай жағдайда ғимарат екі құтқару шығысымен жабдықталған болу керек Барлық ғимараттардың сыйымдылығы 50 адам болғанда

79.Барлық конструкциясы жанатын материалдарға толтырылған үйлер мен ғимараттардың отқа төзімділігі дәрежесін көрсетіңіз 5 дәреже

80.Кернеуде тұрған электр өткізгіштері мен машиналарды сөндіру үшін химиялық көбікті өрт сөндіргіштерді қолдануға болады ма Егер өрт сөндіргіш зарядында қышқыл болса болады

81.Өрт қауіптілік бойынша бірінші класқа жататын тез тұтанатын сұйықтар қандай температурада тұтана бастайды 28 С дейін

82.Электр жабдықтарының орналасу қауіптілігі бойынша өрт қауіпті зоналар неше классқа бөлінеді 4

83.Кернеуде тұрған электр қондырғыларын сөндіруге арналған өрт сөндіргіштің маркасын атаңыз

ОУ- 8

84.Мұнай базасы өрт қауіпсіздігі дәрежесі бойынша қай категорияға жатады А категориясына

85.Оттегі баллондарын сақтауға арналған ғимараттар өндірістің өрт қауіпсіздігі бойынша қай категорияға жатады Б категориясына

86.Ауадағы оттегі қанша пайыз болғанда жану үрдісі тоқтап, түтіндеу үрдісіне айналатынын көрсетіңіз.

10 %

87.Өндірістік кәсіпорындарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі кімге жүктелетінін көрсетіңіз.Кәсіпорынның бастығына

88.Суда еріп жатқан сұйықты (спирт т.б.) сөндіру үшін химиялық көбікті өрт сөндіргішті қолдануға бола ма

Болмайды

89.Өрт қауіпсіздігі ережесін бұзған кінәлі адам қандай жауапкершілікке тартылады Ережені бұзғаны үшін сөгіс жариялайды

90.Өрт дегеніміз не Адамның басқаруынан және бақылауынан шыққан жану процесі

91.Сығылған көмір қышқылына толтырылған өрт сөндіргіш баллонының маркасын атаңыз. ОВП-5 және ОВП-10

92.Ені 1,5 метр есік пен баспалдақтан қанша адам өте алатындығын көрсетіңіз 50 адам минутына

93.Өрт болған жағдайда адамдардың құтқарылатын сызбасы қандай көрінетін жерлерге ілінеді Өрт қауіпті бөлмесі бар ғимараттарда

94.Қандай өрттерді сумен сөндіруге болмайды Жанып жатқан электр қондырғыларын

95.Бес күндік жұмыс аптасы кезінде апталық норма 40 сағат болғанда күнделікті жұмыстың ұзақтығы неше сағаттан аспау керек 8 сағаттан

96.Бес күндік жұмыс аптасы кезінде апталық норма 36 сағат болғанда күнделікті жұмыстың ұзақтығы неше сағаттан аспау керек 7 сағат 20 минуттан

97.Бес күндік жұмыс аптасы кезінде апталық норма 24 сағат болғанда күнделікті жұмыстың ұзақтығы неше сағаттан аспау керек 5 сағаттан

98.Алты күндік жұмыс аптасы кезінде апталық норма 40 сағат болғанда күнделікті жұмыстың ұзақтығы неше сағаттан аспау керек 7 сағаттан

99.Алты күндік жұмыс аптасы кезінде апталық норма 36 сағат болғанда күнделікті жұмыстың ұзақтығы неше сағаттан аспау керек 6 сағаттан

100.Алты күндік жұмыс аптасы кезінде апталық норма 24 сағат болғанда күнделікті жұмыстың ұзақтығы неше сағаттан аспау керек 4 сағаттан

101.Үстеме жұмыстарға әрбір қызметкер үшін тәулігіне неше сағаттан аспау керек (ерекше зиянды және қауіпті жұмыстар үшін)1 сағаттан

102.Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына неше сағаттан аспау керек 12 сағаттан

103.Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы жылына неше сағаттан аспау керек 120 сағаттан

104.Тынығу уақытының түрлері Көрсетілгеннің бәрі

105.Тұрмыстық сәтсiз оқиға туралы қандай үлгiдегi акт толтырылады толтырылмайды

106.Н-1 үлгiсiндегi акт неше жыл сақталады 45 жыл

107.Медициналық бақылаудан барлық жұмыскерлер өте ме Барлығы

108.Жеке меншiк көлiгiмен жұмысқа келе жатып зақымданса болған сәтсiз оқиғаны қалай талдауға болады