
- •1 Билет.
- •2.Батыс Түрік қағанаты
- •3.Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күрестің жетекшілері.
- •Қазақстан қола дәуірінде
- •1783-1797 Ж. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Ортағасырлардағы Қазақстан ұлы ғұламалары
- •Қазақстанда кеңес билігінің орнауы
- •3.Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы
- •2.Әскери коммунизм (1918–1921 жж.)
- •3.Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
- •1.Әбілқайыр хандығы
- •3.XX ғ 20-30ж қазақстандағы индустрияландыру бағыты
- •1."Қазақ" атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы
- •1.Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы.
- •2.Қазақстанның Ресейге қосылуы.
- •1.Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы.
- •2.Шоқан Уәлиханов-қазақтың аса көрнекті ғалымы.
- •3.Қазақстан ұос жылдарында (1941-1945).
- •1.Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы.
- •2.1867-1868 Жылдардағы әкімшілік реформалар.
- •3.1995Жылғы Қазақстан Республикасының Конститутциясы.
- •Патша үкіметінің қоныс аударту саясаты.
- •Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.
- •Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуы.Тмд-ның құрылуы.
3.XX ғ 20-30ж қазақстандағы индустрияландыру бағыты
Республиканың халық шаруашылығын қалпына келтіру әлі аяқталған болатын. 1925ж желтоқсан- БК П-ның XIV съезі белгілеген социалистік индустрияландыру жарияланды. Индустрияландыру жағдайында еңбекшілердің жақын арада шешуге тиісті міндеттері: өлкенің техникалық-экономикалық жағынан артта қалуын жою. Байырғы халық өкілдерін кеңінен тарту жолымен жұмысшы табы мен өндірістік-техникалық мамандарды қалыптастыру. Голощекин қазақ ауылдары Қазан лебін сезінген жоқ , сондықтан Кіші қазан төңкерісін жасау қажет деп ұсынды. Кіші қазан төңкерісінің бағыты: өлке өнеркәсібін ұсақ және орташа деңгейін дамыту. Өлкені шиказат базасы ету. Индустрияландыру –өлкенің табиғи байлықтарын зерттеуден басталды. 1931ж Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға берілді. Индустрияландыру саясатындағы кемшіліктер: машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорындары болмады. Энергетика базасы, құрылыс материалдары өнеркәсібі артта қалды. Тау – кен шикізатын дайындаушы база ретінде қала берді. Индустрияландыру Қазақстанға тигізген теріс әсері: халық дәстүрі, қазақ шаруалары кедейленді және аштыққа ұшырады. Лагерьлер жүйесі орнықты. Қазақстан Ресейдің шикізат көзіне айналды. Индустрияландыру ерекшеліктері : өлкедегі индустрияландыру жоғарыдан жүзеге асырылып, шикізат көздері екпінді қарқынмен игерілді. Білікті жұмысшы мамандар , инженер-техник қызметкерлер сырттан, негізін Ресей мен Украинадан әкелді.
№19 билет.
1."Қазақ" атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы
Көптеген ғалымдар қазақ сөзінің шығу тегін б.з.б. VII-IV ғ өмір сүрген сақ тайпаларының атымен байланыстыруды ұсынды. Ғылыми зерттеулер қазақ сөзі сақ, каспи, қас, қаз деген тайпа аттарымен байланыстырады. Берштам қазақ сөзін каспи мен сақ тайпасының бірігуінен пайда болған. Кейбір ғылыми пікірде хазар мен қазақ сөздерінің төркіні бірдей. 1.қазақ сөзі ең алғаш қас пен сақ тайпаларының бірігуінен пайда болды, 2.қазақ сөзінің орта ғасырлардағы еркін адамдар деген мағынасы пайда болды. Радлов қазақ сөзінің мағынасы тәуелсіз, ерікті адамдар деп жазды қазақ жүздерінің пайда болуы туралы нақты дерек жоқ жүз сөзі арабша басты бөлігі тармағы деген ұғым. Левшин өз кітабында үш жүз туралы жазды. Ақжол бидің есімі-Орта жүз, Бақтияр бидің есімі – Ұлы жүз, Алдияр бидің есімі – Кіші жүз ұранына айналған. Ұлы жүзде сарыүйсін, албан, дулат, шапырашты, жалайыр, қаңлы. Орта жүзде арғын , найман, қоңырат, керей , уақ. Кіші жүзде әлімұлы, байұлы, жетіру. Жүз – халқымыздың көшпелі шаруашылығына байланысты ғасырлар бойы қалыптасқан тарихи әлеуметтік-экономикалық категория.
XV-XVIIIғ қазақ халқының өнері
Музыка өнері. Қазақ халқының бұл өнері халық болып қалыптасқанға дейінгі негізгі ру-тайпалардың музыкалық өнерінің тікелей жалғасы деп айтуға болады. Г.Потанин "Бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді"деген болатын. А.В.Затаевичтің "Қазақ халқының 500 ән-күйі" және "Қазақ халқының 1000 әні" атты кітаптарын шығарған болатын. Айтыс. Айтыстың мәні зор. Ол жастарды шешендік, зеректілік, тапқырлыққа баулиды. Айтыс бірнеше түрге бөлінеді: сүре, түре, қыз бен жігіт, жұмбақ, бәдік айтысы. Халқымыздың ән өнерінде кең тараған бір түрі- терме. Терме әуені,ырғағы бір сарынды, тыңдаушыға жеңіл. Терме қобыз, домбыра, сырнаймен суйемелденіп айтылады. XV-XVIIғ күйлер "Бозінген", "Аққу", "Ақсақ құлан ", "Бозайғыр", "Әншінің зары". Музыкалық аспаптар. Бақсы балгерлер зікір салғанда даңғара, асатаяқ, шаңқобыз пайдаланады. Өлең –жыр, ән айтқанда домбыра, сырнай, сыбызғы, қыл қобыз сияқты шекті аспаптар қолданылады. Үрмелі муз аспаптар : сазсырнай, сырнай, сыбызғы, адырна, ұран, керней. Ішекті муз аспаптар : жетіген, шертер, екі және үш ішекті домбыра , қобыз, Шалып ойнайтындар: шаңқобыз, Соқпалы аспаптар: даңғара, дауылпаз, дабыл, асатаяқ.
Қазақ шеберлері – ағаш, металл, суйек, мүйіз, тері, темір ұсталары болған. Ағаш ұсталары ағаш үйдің қаңқасын, ат әбзелдерін, түрлі жиһаздар жасаған. Сүйектен ағаш төсек, киіз үйдің есігі, кебеже, сандық, асадал әсемдеуге қолданған. Сүйекті кесіп, өңдеп, жонып, тегістейтін құрал- бастырық немесе қысқы. Мүйізден тарақ , қамшының сабын, қымыз құятын ожау, қасық жасаған.
3.Қоғамдық саяси жағдай. XX ғ 20-30ж Қазақстан мәдениеті.
1924 ж сәуір – "Сауатсыздықты жойылсын" қоғамы құрылды. 1921-1927ж 200мыың адам оқып сауатын ашты. 1926ж мамыр – Қ.АКСР-де бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысы қабылданды. Қыздарға арналған мектептер Шымкент, Алматы, Түркістан; Оралда ашылды. 1931ж желтоқсан- 15-50 жас арасындағы сауатсыз халыққа жалпыға бірдей міндетті білім беру енгізілді. 1930-1932ж аштық салдарынан білім беру саласы күрт төмендеді. Республикада сауатсыздықты жою қарқынының баяу жүру себептері: ұжымдастырудың асыра сілтеу зардаптары, 1930-1932ж аштық пен күйзеліс. Өлкеде ашылған жоғары оқу орындары: 1928ж тұңғыш педагогикалық институт ашылып, Абай есімі берілді. 1931ж Алматыда медицина инс ашылды. 1931-1932ж Орал мен Қызылордада пединституттар ашылды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында 20 жоғары оқу орны , 118 орта арнаулы оқу орны болып , 40 мыңдай адам оқыды. Ұлы отан соғысы қарсаңында әдебиет ерекше орын алады.
Прозалық шығармалар : тар жол, тайғақ кешу-С.Сейфуллин 1927ж
Азамат Азаматыч –Б.Майлин
Қартқожа-Ж.Аймаутов
Жұмбақ жалау –С.Мұқанов
Өмір мен өлім –Ғ.Мүсірепов
Қазақ драматургиясына туындылар қосылды: Айман-Шолпан ,Түнгі сарын –М.Әуезов
Жалбыр-Б.Майлин
Қыз Жібек, Қозы Көрпеш-Баян сұлу-Ғ.Мүсірепов
Мансопқорлар, Ел қорғаны –Ж.Аймауытов
Билет №21