
- •1 Билет.
- •2.Батыс Түрік қағанаты
- •3.Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күрестің жетекшілері.
- •Қазақстан қола дәуірінде
- •1783-1797 Ж. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Ортағасырлардағы Қазақстан ұлы ғұламалары
- •Қазақстанда кеңес билігінің орнауы
- •3.Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы
- •2.Әскери коммунизм (1918–1921 жж.)
- •3.Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
- •1.Әбілқайыр хандығы
- •3.XX ғ 20-30ж қазақстандағы индустрияландыру бағыты
- •1."Қазақ" атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы
- •1.Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы.
- •2.Қазақстанның Ресейге қосылуы.
- •1.Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы.
- •2.Шоқан Уәлиханов-қазақтың аса көрнекті ғалымы.
- •3.Қазақстан ұос жылдарында (1941-1945).
- •1.Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы.
- •2.1867-1868 Жылдардағы әкімшілік реформалар.
- •3.1995Жылғы Қазақстан Республикасының Конститутциясы.
- •Патша үкіметінің қоныс аударту саясаты.
- •Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.
- •Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуы.Тмд-ның құрылуы.
Ортағасырлардағы Қазақстан ұлы ғұламалары
Әбунасыр әл- Фараби (870-950)- философ, математик. Отырарда туып- өскен. Дамаск қаласында қаза болды. Әскери отбасынан шығып, Отырар медресесін үздік бітірді. Негізгі шығармалары: "Музыка туралы үлкен кітап", "Даналықтың жауһарлары". 150- ден астам трактаттар жазды.
Жүсіп Баласағұни (11ғ)
Құтты білік дастанын дайындауға 30 жылын арнап, жарым жылда жазып шығады (1069ж). Дастанда- өмір шындығы , қоғамдық түсінік пен саяси тұжырымдар берілген.
Махмұт Қашқари (11ғ)
1072- 1074 ж жазған "Диуани лұғат ат- түрік" атты еңбегі тілтану ғылымына үлкен үлес қосты. Түркі халқының тұрмыс – тіршілігі , әдет – ғұрпы, тілі туралы дерек. Бұл еңбек А.Егеубаевтің аударуымен 1997- 1998ж қазақ тілінде жарық көрді.
Қожа Ахмет Иасауи (12ғ) Сайрамда туып, Йасыда өмір сүрген. Ұстазы Арыстан бабтан тәлім алып, уағыздаушы – сопы болған. "Диуани хикмет" шығармасы – тарихи, этнографиялық дерек. "Пақырнама" және "Мирет ул- Кулуб" еңбектері бар.
Сүлеймен Бақырғани (12ғ) Хакім ата болған. Ахмет Йасауидің шәкірті. 1104ж Йассыда туып, 1186ж Бақырғанда қайтыс болды. "Дүниенің ақыры" еңбегінде тәңірге сенуді уағыздап, рухани тазалыққа үндейді.
Әбу Райхан әл – Буруни (10-11ғ) 973-1050ж өмір сүрген. Астроном, математик, географ, тарихшы, ақын. 150 еңбегі бар: "Астрономияның кілті" , "Ежелгі халық хронологиясы" 600- ден астам қала координаталарын анықтады.
Қазақстанда кеңес билігінің орнауы
Қазақстанда кеңес билігінің орнауы 2 жолмен жүрді:
Темір жолға жақын жұмысшылардың басымы онт-солт бейбіт жолмен басымен
Сібір, Орал, Жетісу казактары, офицерлер контрреволюциялық күш басым жерде қару- күрес жолмен
Қазақстан өлкесінде кеңес билігі алдымен темір жол бойындағы қалаларда орнады:
Ақмола, Ертіс бойындағы шайқастарды басу үшін Семей большевиктеріне көмекке Новосибирден өкілдер келді. 1917ж қарашада Орынборда атаман Дутов контрреволюциялық көтеріліс жасап, өкімет билігі казактардың яғни әскери үкіметтің қолына көшті. 1917ж атаман Дутовтың казактар тобы Алашорда үкіметі, меньшевиктерге қарсы бірікті. Оларға қарсы күрес жүргізді. 1918ж Қостанайдағы кеңес съезінде бүкіл уезде Кеңес үкіметін орнату туралы шешім қабылданды. ТОрғайда кеңес үкіметі орнады. 1918ж Жетісуда орнады. 1917-1918ж Кеңес үкіметі бүкіл өлкеде орнады. Большевиктердің шаралары: Бүкілресейлік төтенше комиссия органы құрылды. Контрреволюцияға іш тартқаны үшін бас бостандығынан айыру, лаңкестік жасап, кепілдерді ату. 1918ж наурызда Кеңестің Ақмола уездік съезі Алашорда үкіметін теріске шығарған қарар қабылдады. Қазақ газеті жабылды. 1918ж 20 сәуір- 1мамыр Ташкентте Түркістан өлкелік кеңесінің 4 съезі өтті. Қаралған мәселелер: Түркістан автономиялы кеңестік соц. Респ жариялануы. Респ.құрамына Сырдария, Жесағтісу обл кірді. Қазақ, ұйғыр, орыс қатынастарын реттеу жөнінде коммисия жұмыс істеді. 8сағ жұмыс уақыты енгізілді, 3,5 десятина жер кедейлерге берілді. 1918ж Торғайда кеңестер съезі өтті. Онда жеке саудаға тыйым салу, саудагерлер тауарларын тәркіленді. Қазақ АКСР құруға әзірлік жұмыстар жүргізіліп , Жангелдин Қазақстанда Кеңес Құрылтай съезін шақыруды әзірледі. Алайда ол шетел инвестициясы мен Азамат соғысының әсерінен тоқтап қалды.