Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры фолософия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
363.52 Кб
Скачать

23.Фихтенің субъективті идеализмі

Иогани Готлиб Фихте Канттың сана белсенділігі туралы ілімін ілгері дамытуға күш салды.Фихте таза субъективтік идеализмнің өкілі еді.Ол дүниенің түпнегізі етіп субъектіні немесе «Менді» таңдады.Фихте Кант қойған қайшылықтар туралы мәселеге жаңаша қарады.Егер Кант үшін қайшылықтар ақиқатқа ұмтылған ақыл-ой үшін аттап өте алмас кедергі болса, онда Фихте үшін олар-дамудың, әрекеттің көзі.Фихтенің «Мені» өзәнәң қарама-қарсылығына айналады, содан кейін олар біртұтастыққа бірігеді.Фихтенің «Мені» ешқандай да адамның жеке басы емес,жалпы әлемдік «Мен».Фихте философиясының қысқаша мәні мынаған келіп саяды:бүкіл әлем- ой тербейтін «Мен» өз санасынығ жай-күйін, өз санасынан туындайтын түйсіктерді танып-білуге ұмтылады.

24.Қазақ философиясының экологиялық шарттары.

Табиғат әрқашан Қазақстан тұрғындары үшін абсолюттік және жалғыз бастылық рөлін атқарды. Ол өзінде дербес жаратушы, тіршіліктің иманенттік себептері мен факторларының белсенділік пен эволюция негіздерінің иегері болды. Адамдарға алғашында табиғат заңдылықтарына мойынсұнып қалткысыз бағыну ғана калды.

Көне және архаистік заман адамдарды күн сайын рудың немесе тайпаның дүниетанымдык пиғылына адалдығын әйгілеп отыруға мәжбүр етті. Өйткені, ауыр және қатаң тіршілік жағдайы руластардың әлеуметтік бағдар мен салттардан бұлтаруына жол бермеді.

Әйтпесе, оларға рудан аластау, яғни мұның нәтижесі көбінше өлімге әкелетін жазаға ұшыраушы еді. Әлемді сезіну айқындала түсті. Әлемді түсіну айқын әрекеттерге итермеледі. Дүниетаным шарттылығы шынайы, айқын болды. Табиғат (жаратылыс) қалтқысыз өзіндік табиғи тәртіпке бағынған, ал адам табиғаттың бір бөлігі және төл баласы ғана болып қалды. Әйтсе де, адамзаттың даму эволюциясына байланысты, еңбектік қолданбалық және жаңғыртушылық қызметін түсінушілік пайда болады. Осы процесс нәтижесінде табиғи ортаны адам қажетіне бейімдеу және оның артынша өңдеу іске асады. Егіншілік, аңдарды қолға үйрету, жабайы жылқыны қолға үйрету — жалпы малшылық және көшпелі өмір басталады. Бұл өз заманындағы үлкен бір құбылыс болды.

Табиғи ортаны өндеудің туындауы философиялық көзқараста адамның айқын мақсатты қызметінің, мақсат белгілеу факторының пайда болуын көрсетеді. Мұның өзі, адамның табиғаттан бөлініп, дербес тіршілік иесі болып қалыптасуының алғы шарты еді. Адамның мақсатка бағытталған қызметі объективті процестің шешуші нысаны болып табылады. Тұтас, бірақ қарама-қайшылықты процесте оның әр қыры табиғи заңдылық және адамдардың мақсатты қызметі ретінде көрінеді. Енді ол "табиғат бөлшегі" емес, оның әміршісі, өңдеушісі дәрежесіне ұмтылуымен қабаттаса дамиды.

Табиғат әлемі адамдардың мақсат-мүдделік және мақсат-мұраттық қызметі процесінде адам әлеміне айналады. Оның ішінде шешуші билік қажеттіліктің "темірдей талабына" тәуелді ететін табиғи зандылықтарға емес, адамдардың еркін кайраткерлігіне тиеді, Бұл кезеңде адам табиғат субстанциясынан бөлініп, өзін табиғатқа қарама-қарсы қояды. Сөйтіп, бірте-бірте жеке адамдар байланысының екі нысаны қалыптасады; біріншісі — олардың табиғи компоненттерін игеруге және құруға бағытталған ортақ әрекеті, ал екіншісі —этностық қоғамдық нысандарын тұтастыруға және дамытуға, ұдайы өндіріске, адамзат өмірін жалғастыруға, оның биологиялық және әлеуметтік қажеттілігін өтеуге бағытталған өзара байланыс.

25.Гегельдің абсолютті идеализмі

Гегель философиясы неміс идеализмінің шарықтау шың және соңғы сатысы.Философияның негізгі мәселесін Гегель обэективті идеализм тұрғысынан шешеді.Дүниенің түпнегізі- объективті рух.Ол мәңгі, адамның санасынан тыс және оған тәуелсіз өмір сүреді.Ал табиғат болса осы рухтың туындысы.Объективті рух кейде абсолютті идея, кейду абсолютті рух, ал кейде құдіретті сана деп те аталады. Гегель классикалық неміс философиясының дәстүрлі бағыттарын ілгері дамыта отырып, ұғымдар диалектикасына көбірек көңіл бөлді.Оған дейін диалектика бір жүйеге түспеген еді.Фихтемен салыстырып қарағанда Гегельдің абсолютті идеализмі табиғаттағы абсолютті идеяның тек «басқаша болмысы» деп есептеп, адам жоқ кездегі жердің, табиғаттың,физикалық дүниенің бар болғанын мойындайды