
- •1. Қауіпсіздік техникасы ережелері
- •Дербес компьютерде жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік талаптары
- •Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптары
- •Апат (төтенше ) жағдайындағы қауіпсіздік талаптары
- •Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысын аяқтағандағы қауіпсіздік талаптары
- •Алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері
- •Күйген кезде көмек көрсету
- •Талып қалғандағы көмек көрсету
- •Тынысы тоқтап қалғандығы көмек көрсету
- •Көзді талдырмау және шаршатпау жаттығулары
- •2. Компьютерлік графика: векторлық және растрлық
- •3 . Векторлық және растрлық форматтар. Графиктік мәліметтерді сығу тәсілдері.
- •4.Activstudio Professional Edition дегеніміз не?
- •Flash техналогиясы
- •Html тілінің атқаратын қызметі
- •Html командалары
- •Интернет туралы ұғым.
- •Интернеттiң негiзгi қосымшалары
- •10. Айқұлақ немесе айқұлақ таңбасы
- •Компьютерлік желілер және оның ұғымы, түрлері
4.Activstudio Professional Edition дегеніміз не?
Activstudio Professional Edition - Activ-тақтаны қолдануға негізделген программалық құрылғы.
ACTIVstudio программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.
Интерактивті құралдар
ACTIVstudio-ның көптеген құралдары бар, атап айтқанда, объектілер құратын, арнайы эффектілер енгізетін презентацияда интерактивті элементтерді қолданатын. Бұл құралдарды пайдалану үшін нақты презентацияларда құралдар панелінің көмегі қажет.
Флипчарт
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.
Флипчарттың кескіні
ACTIVstudio программасы іске
қосылғанда бірден компьютердің экранына
сәйкес келетін жаңа флипчарт құрылады.
Бұл 1-ші флипчарттың қолдануға дайын
беті. Флипчарт
батырмасын басқаннан кейін ғана іске
қосылады. Бұл батырманы ACTIVstudio мен
Windows арасында байланыс жасауға қолданылады.
Флипчарттың тақырып жолындағы батырмалар
нақты элементтің немесе сұхбат
терезесіндегі анықтаманың көрсеткіші.
флипчарт беттерінің жұмыс бетін немесе флипчарт бетінің кескінін өзгерту әдістері. Экранда беттің орналасу әдісін немесе оның көлемін таңдауға болады.
флипчарттың келесі бетіне ескертулер қосуға болады.
ф
липчартты
экранда реттеу. Мұнда барлық ACTIVstudio
терезелері кітапхана ресурстары немесе
кітапхана сілтемелері ескеріледі.
ф
липчарт
терезесін бүктеу. Флипчартты бүктегенде
ол Windows-тың тапсырмалар тақтасында
көрінеді. Бұл мәтінді және кескінді
Office –тан флипчартқа ауыстыруға мүмкіндік
береді.
флипчарт терезесін алдыңғы қалыпқа келтіру.
ф
липчарттың
терезесін экранның бетімен бірдей
түрге келтіру.
флипчарт терезесін
жабу.
Flash техналогиясы
Flash техналогиясының негізгі векторлық графикалық форматынан Shockwave Flash (SWF) құрылды. Бірақ бұл ең алғаш векторлық формат емес, SWF құрушылары ойдағыдай тапқан графиканың бейнелеу мүмкіндігі арасындағы үйлесімді, онымен жұмыс жасайтын инструментальді құралдар және қорытындысында Web – парақтарының қосылуының механизмі. SWF қосымшасының артықшылығы оның жеңіл тасымалдауында, яғни бұл формат әртүрлі аппараттық – программалық платформада қолданылады (сонымен қатар, ОЖ – сі Mac OS Macintosh компьютерлер және Windows ОЖ – мен жабдықталған IBM компьютерлері). Тағы бір SWF – тың ерекшелігі: құрылған негізгі бейнелер тек анимацияланып ғана қоймай, сонымен қатар олар қосымша интербелсенді элементтер мен аудио құрылғылардың болуына мүмкіндік туғызады. Интербелсенді мультимедиялық қосымшалардың тасымалдауы мен құру мүмкіндігінің күрт өсуі танымал SWF форматының Web – дизайнерлердің ортасында орындалады. Сондықтан бұл форматтың пайда болуы Macromedia фирмасында Plug_In компонентінің қоса салынған 2 негізгі желі браузері үшін құрылған: Internet Explorer және Nestcape Communicator. SWF форматының тарауына Бүкіләлемдік компьютерлік желі көп әсерін тигізді. SWF форматының танымал болуының тағы бір себебі, Macromedia фирмасы бұл форматтың жеңіл және оңай құрал – саймандармен қолданылуы. Мультимедиялық презинтациялар құру үшін - Macromedia Director Shockwave Studio, ал графикалық бейнелерді салу үшін - Macromedia Freehand, Macromedia Fireworks,интербелсенді оқытушы курстарын құру үшін – Macromedia Authorwave, Macromedia Course Builder. Сондықтан да Web-публикациясының ішінде ең танымал, әрі жеңіл қолдануына ыңғайлы болып келетін - Macromedia Flash болып табылады. Macromedia Flash Web – парақтарын толық құруға және әрбір сайттың анимациясымен безендірілуіне мүмкіндік береді. SWF форматының көмегімен, оны әдетте Flash деп атап кетті.
Flash техналогиясының құрамына мыналар кіреді:
• векторлық графика;
• анимацияларды қолдау;
• интерфейстің интербелсенді элементтерін құру мүмкіндігі;
• әртүрлі графикалық форматтарды қолдау (сонымен қатар растрлы графикалы да);
• Flash фильмдерді HTMLформатына қосу;
• Flash фильмдерін Web- браузерде көру мүмкіндігі;
• әртүрлі визуальді саймандардың болуы.
Flash технологиясы Shockwave Flash (SWF) форматында қолданылатын векторлық графикаға негізделген.
HTML тіліне кіріспе
Интернеттің бар мәліметтерінің, яғни барлық Web-парақтарының бір ортақ қасиеті – олардың барлығы да HTML тілінде жазылған. HTML тілінде Web-парақтарды жасау программалауға ұқсас болғанмен, ол қарапайым программалау тілі емес. HTML – гипермәтіндік белгілеу тілі. Ол кәдімгі мәтіндерді Web-парақтар түрінде бейнелеуге арналған ережелер жиынын анықтайды.
World Wіde Web және HTML тілі
Интернеттің қазіргі дамуы 90-жылдар басында компьютерлер арасында мәлімет алмасудың жаңа хаттамасы (protocol) пайда болғаннан кейін басталды. Бұл хаттама HTTP (HyperText Transfer Protocol – гипермәтінді тасымалдау хаттамасы) деп аталған болатын. Осы хаттамамен қатар НТТР серверлерінің кеңейтілген желілері болып табылатын Интернет арқылы файлдар тасымалдай алатын World Wіde Web қызмет бабы (WWW немесе тек Web) пайда болды.
Бұл файлдардың басым көпшілігі Web-парақтар түрінде – HTML (HyperText Markup Language – гипермәтінді белгілеу тілі) тілінде жазылған арнаулы файлдар түрінде болады. Осы файлдарды НТТР серверлерінде (Web-тораптарында) орналастыру жолымен Web-парақтар қалың көпшілік пайдаланатындай түрде Интернетте жарияланады. Web-парақтар мазмұны әртүрлі бола береді және олар әртүрлі тақырыптарды қамтиды, бірақ олардың бәрінің де негізгі жариялану, яғни жазылу тілі HTML болып табылады. Осындай HTML құжаттарының бәрінің де файл аттарының кеңейтілуі (тіркеуі) *.HTM немесе *.HTML болуы тиіс.
HTML тілі World Wіde Web қызмет бабымен бірге дами отырып, Web-парақтарының ең жақсы деген мүмкіндіктерін жүзеге асырып, оны кең пайдалану жолдарымен толықтырылып отырылды. Ол World Wіde Web жүйесінің негізі бола отырып, оның өте кең тарауына себепші болды. World Wіde Web сөзі қазақ тіліне кеңейтілген бүкіләлемдік өрмек болып аударылады. HTML тілінің мағынасы мен атқаратын қызметін оның атынан анықтауға болады.
Гипермәтін – қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді элемент (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді безендіру, пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз – келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айрықша кодты осы сөз ішіне енгізу. Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browsers) деп аталатын арнайы көрсету программалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленіп ерекшеленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжат ашылады. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.
Сонымен, мәтіндерді осылай байланыстыра отырып белгілейтін мүмкіндікті беретін HTML тілі. Оның дұрыс нәтиже алуды қамтамасыз ететін өз заңдылықтары мен ережелері бар.