Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11 сынып емтихан.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
154.62 Кб
Скачать

3 . Векторлық және растрлық форматтар. Графиктік мәліметтерді сығу тәсілдері.

Графикалық режимде экран жеке жарқырайтын нүктелерге /пиксельдерге/ бөлінеді, олардың саны монитордың шешуімен анықталады және оның типі мен режиміне тәуелді/мысалы 16 түсті болған кезде көлденеңінен 640 және тігінен 480 нүкте VGA типті экран үшін 256 түсті болған кезде, көлденеңінен 320 және тігінен 20 нүкте/.

Бірқатар мониторлардың базалық түстер палитрасы 16 стандартты түсті болады және келесі 4 элементтермен анықталады: түстің үш компоненті /қызыл, жасыл, көк/ және жарық деңгейінің 2 мүмкіндігінің біреуі. 4 компоненттерінің әрқайсысының бар болуы информацияны 0 немесе 1 цифрларымен көрсетеді. Мысалы, егер сізде EGA –монитор болса, онда экрандағы кескінді келесі түрде есептеуге болатын: экранның шешуі 640-та 350, экранның әрбір нүктесінің түсін сипаттайтын 4 битке көбейту қажет- 640*350*4=112000/ байт/ жуы0 шамамен 110 Кб жадты алады.

Графикалық информацияны нүктелердің жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынуды растрлық ұсыну деп атайды. Растрлық кескіннің әрбір нүктесіне компьютердің жадындағы ұяшық сәйкес. Графикалық кескінді сақтаған кезде жадқа енгізілетін элементтерінің саны графикалық кескін орналасқан экрандағы нүктелер санына сәйкес. Windows-та бұл графикалық редактор- Paint бағдарламасы, мұнда қол кескіндемесіндегідей «қылқалам», «қарындаш», «бүріккіш» сияқты құрал-саймандардың» көмегімен растрлық кескіндер құрылады.

Кәсіптік графиктерде қуатты қосымшалар қолданылады, мысалы, CorelPhoto, PhotoFinish, Adobe Photoshop. Осындай қосымшалардың көмегімен ескі фотосуреттерді қалпына келтіруге түсірілген суретті өңдеуге, кескіннің ақауларын алып тастауға, кескінді түзететін және толтыратын көптеген әсерлерді құруға болады.

Растрлық кескіндердің артықшылықтары және кемшіліктері бар. Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, яғни растрлық кескіннің кез келген бөлігін өзгертуге болады: нүктелерді қосуға, кескіннің әрбір нүктесіне ақ, қара немесе басқа түсті меншіктеуге болады. Кемшілігі: масштабтық /бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу/ жолмен растрлық кескіннің өлшемін өзгерткен кезде кескіннің сапасының жоғалатындығы.

Кескінді берудің векторлық формасы да бар, мұнда кескіннің элементтерін нүкте түрінде емес, әріпті-цифрлық / математикалық формулалар жиыны түрінде/ информация түрінде ұсынуға болады, сосын арнайы бағдарламалармен өңдеу арқылы бастапқы кескінді аламыз.

Векторлық кескін дегеніміз- сызықтар, доғалар, шеңберлер және тік төртбұрыштар сияқты геометриялық объектілердің жиынынан тұратын кескін.

Векторлықәдістің артықшылығы- оған кескіннің сапасын жоғалтпай өзгеріст ер енгізу және үлкейту немесе кішірейту жеңіл. Векторлық графиканың қолдану аясы өте кең:

  • Біріншіден, ол компьютерлік полиграфияда өте үлкен роль атқарады. Жеңіл масштабталатын және баспа басылымдарында және бейне материалдарда қолдануға болатын жүздеген сан алун суреттер векторлық әдіспен қалыптасады;

  • Екіншіден, конструкторлық және ғылыми қызметте-компьютерлік сызу, жобалаудың автоматтандырылған жүйелерінде, үш өлшемді графиктерде қолданылады.

Компьютерлік графиканың растрлық, векторлық түрлерінен басқа фрактальдық түрі де бар. Фрактальдық графика векторлық сияқты математикалық есептеулерге негізделген. Егер растрлық графикада – растр/пиксель/, ал векторлықта сызық базалық элемент болып табылса, онда фрактальдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады.

Векторлық кескіндерді жеңіл масштабтауға, яғни бір немесе бірнеше бағыттарда қысу немесе созу жолдарымен оның өлшемін өзгертуге болады /артықшылығы/.Ал векторлық кескіндермен жұмыс істегенде, растрлықтағыдай оларды жай ғана өзгертуге болмайтындығы оның кемшілігі саналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]