
- •Баға белгілеу
- •С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы-экономикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен шығаруға мақұлданған
- •Сырттай оқитын студенттерге арналған силлабус
- •Тақырыптық жоспар
- •5В050600 «Экономика» мамандығдың орта кәсіби білім, жоғары кәсіби білім негізіндегі, сырттай оқу түрі
- •Курстың компоненттері Дәріс сабақтарының тізімі
- •Тәжірибелік сабақтарының тізімі
- •4Тақырып. Баға белгілеу әдістері
- •Студенттердің өзіндік жұмыстары түрлерінің тізімі
- •Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі
- •Курстың саясаты
- •2 Тәжірибелік сабақтардың жоспары
- •2001 Жылдағы баға белгілеудің стратегиясы
- •Талқылауға берілген сұрақтар
- •3 Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулық Жұмыстарды орындау мазмұны
- •Пән тақырыптарының тізімі
- •4 Дәріс кешені
- •1 Бағаның экономикалық категория ретіндегі маңызы
- •2 Баға белгілеудің принциптері мен міндеттері
- •3 Бағаның функциялары
- •2 Бағаның құрылымдық элементтері және оның құрылымы
- •3 Бағалар классификациясы (баға түрлері және олардың классификациясы)
- •I Ұлттық экономикаға қызмет көрсету саласы бойынша бағалардың топтастырылуы
- •V Сауданы ұйымдастыру формасы бойынша және бағалық ақпарат мінездемесі бойынша бағаларды топтастыру
- •5 Студенттердің өзіндік жұмысы үшін материалдар
- •5.1 Дәріс сабақтарына дайындалу тапсырмалары
- •5.2 Тәжірибелік сабақтарға дайындалу тапсырмалары
- •5.3 Оқу материалдарын өздігінен оқуға арналған тапсырмалар
- •6 Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау мен бағалау бойынша материалдар
- •6.1 Экономикалық мамандықтардың студенттері үшін «Баға белгілеу» пәні бойынша бірінші межелік бақылауға арналған сұрақтар
- •6.2 Экономикалық мамандықтардың студенттері үшін «Баға белгілеу» пәні бойынша екінші межелік бақылауға арналған сұрақтар
- •6.3 Экономикалық мамандықтардың студенттері үшін «Баға белгілеу» пәні бойынша қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Баға белгілеу
Талқылауға берілген сұрақтар
1. Қай өсу стратегиясы (И. Ансоффа өсу матрицасына сай) «ЖМӨ» компаниясы Қазақстан нарығында 2001 жылға дейін және кейін қолданды?
2. «Картик» сауда айналымының орташа жылдамдығы 2001 жылдың қаңтарында 1,2 –ге жетті. Ол нені көрсетеді. Қандай құраушы шығындар айналымдық шығындарды құрайды?
3. «Картик» фирмасы баға белгілеудің қандай әдісін қолданады?
4. Anchor сары майын 2001 жылы сатып алу құнын есептеу керек?
5. Anchor өткізу бағасының құрамын анықтаңыз?
6. Sunbutter сары майын көтерме саудадан түскен пайданың уделді мөлшерін және 2001 жылдағы бағасының құрамын анықтаңыз?
7. Кейстің текстінде бағаны төмендетуге қарсы аргументтері келтірілген. Сіз онымен келісесіз бе?
8. 2002 жылдың қаңтарында Anchor өнімін өткізуде қанша %-ға бағасы төмендетілді?
9. Anchor сары майына сұраныс баға бойынша икемді ме? Сұраққа жауап беру үшін 2002 жылдың қаңтарындағы сатуды негізге алыңыз.
10. 2002 жылдың қаңтарында өткізуден түскен жалпы пайда қандай факторлар әсерінен азаяды? 2002 жылдың қаңтарында сатудан түскен пайданы есептеңіз?
11. Неліктен Anchor-дың бағасының 4 центке төмендетуі нарықтағы бәсекелесті пайдасыз саудаға шығарды?
12. «Картик» фирмасының айлық пайдасының мөлшері 2002 жылдың аяғында қандай болды?
13. Импортталған сары майдың бөлшек және көтерме нарықтары бәсекелестіктің қандай 4 моделіне сай?
14. Шығынсыз сауда бөлшек дүкендері үшін «Продпоставка» фирмасының сауда агенттерінің аппараты, қандай минималды жылдық сату көлемін бере алады?
15. «Картик» фирмасының бөлшек құнының төмендетілуі көтерме құнына қалай әсер етті?
16. Алматы нарығындағы импорттық сары майдың бәсекелестік жағдайының дамуына мүмкін сценарийлерін келтіріңіз.
6-тақырып. Баға белгілеу тактикасы
Сабақтың мақсаты: теориялық материалдарды бекіту және инфляция жағдайныдағы бағаны есептеуден тәжірибелік дағды алу, тұрақсыз баға түсінігі, баға қалыптасуындағы жеңілдіктер көлемін анықтау.
Сабақтың жоспары:
бағалық тактика, жеңілдік түсініктеріне анықтама беру;
тәжірибеде негізгі жеңілдіктер түрлерін қолданудың мүмкіндіктерін анықтау (артықшылықтары мен кемшіліктері);
1-5 есептерін есептеу.
1-есеп
Келісім шартты жасау барысында тауардың данасына 60 мың теңге, оның 40 % материалдың құны, 30% - жалақы және 20% пайда болған. Бір айдан соң материалдың құны өндірісте қолданылған 10%-ға өсті, ал жабдықтаушының орташа кәсіпорындағы жалақысы 15%-ға өскен. Тауарды өткізу құнын анықтаңыз.
2-есеп
2006 жыл мен 2005 жылды салыстырғанда көтерме баға, жалпы алғанда зерттелген өндіріс саласында 20,5 есеге өскен. Сонымен қатар қара метал өндірісінің өнімі 29,9 есе, труба өндірісі 35 есе өсті. Көтерме баға индексін есептеңіз.
3-есеп
2006жыл мен 2005 жылды салыстырғанда көтерме баға жалпы алғанда зерттелген өндіріс салалары бойынша 20,5 есеге өскен. Сонымен қатар алюминий өндіру өндірісі 21,6 есеге өскен. Көтерме баға индекстерін есептеңіз.
4-есеп
Трактор бағасы былтырғы жылмен салыстырғанда 17584 теңге/данасынан 286300 теңге/данасына дейін өскен. Ір-инфляция индексі, 20,5 тең деп алынған. Трактордың салыстырмалы бағасының өзгерісін есептеңіз:
алғашқы период базасына;
ақырғы период базасына;
бағаның орташа пайыздық өзгерісі.
5-есеп
Дизильді жанармайға 2001 жылдағы бағасын 2000 жылмен салыстырғанда оның құны 167 теңге/данасынан 6170 теңге/данасына дейін өскен. Ір-инфляция индексі, 20,5 тең деп алынған. Дизильді жанармайдың салыстырмалы бағасының өзгерісін есептеңіз:
алғашқы период базасына;
ақырғы период базасына;
бағаның орташа пайыздық өзгерісі
7-тақырып. Маңызды салалық кешендердің өніміне баға белгілеудің ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: әртүрлі экономика саласында баға қалыптасуының ерекшеліктерін бекіту.
Сабақтың жоспары:
«Құрылыс өнімдеріне баға қалыптасуының ерекшеліктері» тақырыбына рефераттарды қорғау және талқылау;
«Ауыл-шаруашылық комплексіне баға белгілеудің ерекшеліктері» тақырыбына рефераттарды қорғау және талқылау;
«Отын-энергетика коплексіне баға белгілеудің ерекшеліктері» тақырыбына рефераттарды қорғау және талқылау;
«Машина жасау комплексіне баға белгілеудің ерекшеліктері» тақырыбына рефераттарды қорғау және талқылау;
«Өндіріс техникасы тауарларына баға қалыптасуының ерекшеліктері» тақырыбына рефераттарды қорғау және талқылау;
«Тұтынушылық тауарларға баға қалыптасуының ерекшеліктері» тақырыбына рефераттарды қорғау және талқылау;
«Қызмет көрсетуге баға қалыптасуының ерекшеліктері» тақырыбына рефераттарды қорғау және талқылау.
9-тақырып. Сыртқы сауда бағалары
Сабақтың мақсаты: импортталған және экспортталған өнімдерге бағаның қалыптасуының ерекшеліктерін бекіту.
Сабақтың жоспары:
импортталған және экспортталған өнімге түсінік беру;
импортталған және экспортталған өнімге баға белгілеудің негізгі ерекшеліктерін анықтау;
1-2 тапсырманы орындау.
1-тапсырма
Талқылауға берілген сұрақтар:
ТМД елдерінің мүшелері арасындағы есеп айырысуды әлемдік баға деп есептеу дұрыс па?
Неліктен халықаралық аукциондар бағаларын мамандар көбінесе әлемдік баға деп есептемейді.
Контракты қабылдау алдында:
а) келешекте фиксацияланатын бағалар;
б) тұрақсыз бағалар
Келесі қасиеттері бойынша салыстырыңыз:
а) баға деңгейі шектеусіз;
б) шығындардың өзгеруі контракттың барысында есепке алынауы;
в) бағаны анықтау формуласы қалыптасуы;
г) баға контрактты іске келтіру барысында қалыптасады;
Экспорттық бағаны қалыптастыру баға белгілеудің қай әдісіне сай келеді? Қазақстан фирмалары өздері үшін баға белгілеудің қай әдісін ұстанады?
Неліктен көптеген елдерде толық импорттық тарифтердің болуы экспорттық кеден тарифінің болмауы тән.
2-тапсырма
1-есеп
Импорттық өнімнің данасына келісім көрсеткіштері келесідей: кедендік құны ҚР ұлттық банкінің курсымен ауыстырылғанда 1000 теңгеге тең, кедендік импорттық пошлина 20% құрайды, кедендік ставка жинағы – 0,2 %, акциз ставкасы – 10 %, НДС – сыз шығындары – 100 теңге. Импортшының ішкі нарықта өткізудің мүмкін құны – 1500 теңге. Импортшының келісім жасауға мәні бар ма?
2-есеп
Импортталған өнімнің контракт бойынша мүмкін құны партиясына 1000 АҚШ доллары (партиясында – 100 дана); доллардың курсы 155 теңгеге тең, импортталған пошлинаның ставкасы партиясына 4 евроны құрайды, евроның курсы 160 теңгеге тең, кедендік жинақ – 0,3 %, импортшының ішкі нарықтағы НДС-сыз шығындары – 12,5 мың теңге, НДС ставкасы - 16%. Бір импортталған өнімнің партиясына есептесу құны қанша? Егер өткізу мүмкін құны ішкі нарықта 1 данасына 2500 теңгені құраса, импортшыға келісім жасаудың мәні бар ма?
3-есеп
Экспортталған өнімнің данасының өзіндік құны 10 мың теңге, өндірушіге пайданың рентабельдылығы 20% құрайды, НДС ставкасы – 16 %, акциз ставкасы – 10 %; экспортшының ішкі шығындары 1 дананы кеденге жеткізуімен 25 мың теңгеге жетеді кедендік жинақтың есептесу көлемі 175 теңге, контракттың мүмкін құны 10 данасынан тұратын партиясына 5 мың АҚШ долларын құрайды, курс бойынша 1 доллар 155 теңгеге тең. Экспортшыға келісім жасаудың мәні бар ма?