- •Баға белгілеу
- •С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы-экономикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен шығаруға мақұлданған
- •Сырттай оқитын студенттерге арналған силлабус
- •Тақырыптық жоспар
- •5В050600 «Экономика» мамандығдың орта кәсіби білім, жоғары кәсіби білім негізіндегі, сырттай оқу түрі
- •Курстың компоненттері Дәріс сабақтарының тізімі
- •Тәжірибелік сабақтарының тізімі
- •4Тақырып. Баға белгілеу әдістері
- •Студенттердің өзіндік жұмыстары түрлерінің тізімі
- •Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі
- •Курстың саясаты
- •2 Тәжірибелік сабақтардың жоспары
- •2001 Жылдағы баға белгілеудің стратегиясы
- •Талқылауға берілген сұрақтар
- •3 Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулық Жұмыстарды орындау мазмұны
- •Пән тақырыптарының тізімі
- •4 Дәріс кешені
- •1 Бағаның экономикалық категория ретіндегі маңызы
- •2 Баға белгілеудің принциптері мен міндеттері
- •3 Бағаның функциялары
- •2 Бағаның құрылымдық элементтері және оның құрылымы
- •3 Бағалар классификациясы (баға түрлері және олардың классификациясы)
- •I Ұлттық экономикаға қызмет көрсету саласы бойынша бағалардың топтастырылуы
- •V Сауданы ұйымдастыру формасы бойынша және бағалық ақпарат мінездемесі бойынша бағаларды топтастыру
- •5 Студенттердің өзіндік жұмысы үшін материалдар
- •5.1 Дәріс сабақтарына дайындалу тапсырмалары
- •5.2 Тәжірибелік сабақтарға дайындалу тапсырмалары
- •5.3 Оқу материалдарын өздігінен оқуға арналған тапсырмалар
- •6 Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау мен бағалау бойынша материалдар
- •6.1 Экономикалық мамандықтардың студенттері үшін «Баға белгілеу» пәні бойынша бірінші межелік бақылауға арналған сұрақтар
- •6.2 Экономикалық мамандықтардың студенттері үшін «Баға белгілеу» пәні бойынша екінші межелік бақылауға арналған сұрақтар
- •6.3 Экономикалық мамандықтардың студенттері үшін «Баға белгілеу» пәні бойынша қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Баға белгілеу
Сырттай оқитын студенттерге арналған силлабус
Оқытушылар туралы мәліметтер
Саденова Сауле Нуртаевна – аға оқытушы
«Экономика және менеджмент» кафедрасы А корпусында (Ломов көш. 64), 419 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 67-36-43
Мукантаева Алия Жумажановна – «Экономика және менеджмент» кафедрасының оқытушысы, тел. 67-36-43
Кафедрада (ауд.419) қабылдау сағаттары кеңестер кестесіне сәйкес
Пән туралы мәліметтер
Пәннің еңбек сыйымдылығы 90 сағат, оның ішінде 12 сағат аудиториялық сабақтарға және 78 сағат пәнді оқу бойынша студенттердің өзіндік жұмысына (СӨЖ) берілген. Сабақтар түрлері бойынша аудиторлық уақытты бөлу тақырыптық жоспарда көрсетілген.
Курстың мақсаты:
Болашақ мамандарға баға құрылымы туралы, баға белгілеудің принциптері мен факторлары туралы, нарықтық экономикада баға механизмін қолданудың негізгі бағыттары туралы жүйеленген білім беру.
Курстың міндеті:
Баға белгілеудің теориялық негіздері, нарықтық экономикадығы бағаның ролі мен маңызын зерттеуі; бағаның кәсіпорынның маркетингтік саясатының басқа да элементтерімен ара қатынасын анықтауы; кәсіпорында баға құрудың әдістемелік негіздері мен бағалық стратегиялардың негізгі түрлерін және оларды қолданудың шарттарын зерттеуі; экономиканың әртүрлі салаларында баға құрудың ерекшеліктерін белгілеу.
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:
- баға, баға белгілеу қағидалары;
- бағаға әсер ететін факторлар;
- баға белгілеу әдістері мен стратегиялары;
- дүниежүзілік бағалар мен сыртқы сауда бағаларының мәні жөнінде түсініктері болуы;
- бағаның негізгі классификациясын, бағаның құрамы мен құрылымын;
- нарықтың әр түрлі типтерінде баға белгілеу ерекшеліктерін;
- баға белгілеудің тактикалық жолдарын;
- ҚР баға облысындағы мемлекеттік саясатын білуі;
- бағаны құруға ішкі және сыртқы факторлардың әсер етуін бағалауға;
- нарықтық конъюктураны есепке алу арқылы бағаны құруға;
- кәсіпорынның бағалық стратегиясын анықтауға;
- баға индекстерін анықтауға және олардың динамикасын талдауға икемді болуы;
- көтерме, жіберу, бөлшектік және көтерме-жіберу бағаларын есептеуге;
- өздік құнды құру бойынша;
- салықтың әртүрлі түрлерін есептеуге және қорытынды қаржылық нәтижені құруға практикалық машықтарды иемденуі қажет.
Пререквизиттер:
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет: экономикалық теория; макроэкономика; микроэкономика; маркетинг; менеджмент.
Постреквизиттер:
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеруі үшін қажет: өндірісті ұйымдастыру; кәсіпорын қызметін жоспарлау.
Тақырыптық жоспар
5В050600 «Экономика» мамандығдың орта кәсіби білім, жоғары кәсіби білім негізіндегі, сырттай оқу түрі
№ р/с |
Тақырып атауы |
Сабақ түрлері бойынша сағаттар саны |
||
дәріс |
тәжірибе |
СӨЖ |
||
1 |
Баға белгілеудің теориялық негіздері |
1 |
1 |
8 |
2 |
Баға жүйесі және оның классификациясы |
1 |
1 |
8 |
3 |
Бағаға әсер етуші факторлар |
1 |
1 |
8 |
4 |
Баға белгілеудің әдістері |
1 |
1 |
9 |
5 |
Бағалық саясат және бағалық стратегияны таңдау |
1 |
1 |
9 |
6 |
Баға белгілеудің тактикасы |
1 |
1 |
9 |
7 |
Маңызды салалық кешендердің өніміне баға белгілеу ерекшеліктері |
- |
- |
9 |
8 |
Дүниежүзілік бағалар және оларды құру механизмі |
- |
- |
9 |
9 |
Сыртқы сауда бағалары |
- |
- |
9 |
БАРЛЫҒЫ: |
6 |
6 |
78 |
|
