
- •Баға белгілеу
- •С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы-экономикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен шығаруға мақұлданған
- •Сырттай оқитын студенттерге арналған силлабус
- •Тақырыптық жоспар
- •5В050600 «Экономика» мамандығдың орта кәсіби білім, жоғары кәсіби білім негізіндегі, сырттай оқу түрі
- •Курстың компоненттері Дәріс сабақтарының тізімі
- •Тәжірибелік сабақтарының тізімі
- •4Тақырып. Баға белгілеу әдістері
- •Студенттердің өзіндік жұмыстары түрлерінің тізімі
- •Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі
- •Курстың саясаты
- •2 Тәжірибелік сабақтардың жоспары
- •2001 Жылдағы баға белгілеудің стратегиясы
- •Талқылауға берілген сұрақтар
- •3 Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулық Жұмыстарды орындау мазмұны
- •Пән тақырыптарының тізімі
- •4 Дәріс кешені
- •1 Бағаның экономикалық категория ретіндегі маңызы
- •2 Баға белгілеудің принциптері мен міндеттері
- •3 Бағаның функциялары
- •2 Бағаның құрылымдық элементтері және оның құрылымы
- •3 Бағалар классификациясы (баға түрлері және олардың классификациясы)
- •I Ұлттық экономикаға қызмет көрсету саласы бойынша бағалардың топтастырылуы
- •V Сауданы ұйымдастыру формасы бойынша және бағалық ақпарат мінездемесі бойынша бағаларды топтастыру
- •5 Студенттердің өзіндік жұмысы үшін материалдар
- •5.1 Дәріс сабақтарына дайындалу тапсырмалары
- •5.2 Тәжірибелік сабақтарға дайындалу тапсырмалары
- •5.3 Оқу материалдарын өздігінен оқуға арналған тапсырмалар
- •6 Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау мен бағалау бойынша материалдар
- •6.1 Экономикалық мамандықтардың студенттері үшін «Баға белгілеу» пәні бойынша бірінші межелік бақылауға арналған сұрақтар
- •6.2 Экономикалық мамандықтардың студенттері үшін «Баға белгілеу» пәні бойынша екінші межелік бақылауға арналған сұрақтар
- •6.3 Экономикалық мамандықтардың студенттері үшін «Баға белгілеу» пәні бойынша қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Баға белгілеу
2 Баға белгілеудің принциптері мен міндеттері
Баға белгілеудің әдістемесі – бұл баға белгілеудің концепциясын әзірлеуге қатысты; бағаларды анықтауға және негіздеуге қатысты; баға жүйелерін құруға қатысты; баға белгілеуді басқаруға қатысты жалпы ережелер, принциптер және әдістер жинағы.
Жалпы әдістемелеу (ол баға белгілеу стратегиясын ойлап табуға көмектеседі) және әдістемені (ол әдістемелеу элементі болып табылады және онда бұл стратегияны іске асырудың нақты ұсыныстары және құралдары болады) бір – бірінен айыру қажет.
Баға белгілеудің принциптері ( бұл бүкіл баға жүйесіне тән болатын және оның негізінде жатқан тұрақты жұмыс істейтін жайлар) әдістеменің маңызды элементі болып табылады:
- бағаны негіздеудің ғылымилығының принциптері – баға белгілеуде нарықтық экономиканың даму заңдылықтарын үйрену және есептеу қажеттілігінен тұрады;
- мақсатты бағытталған принцип – шешу үшін бағаларды қолдану керек болатын негізгі экономикалық және әлеуметтік мәселелрді айқын анықтауынан құралады;
- баға белгілеу үрдісінің үздіксіздік принципі – баға белгілеу үрдісінің динамикалығымен анықталады (мысалы, «шикізаттан дайын өнімге дейін» қозғалысы – тауар қозғалысының әр кезеңінде өзіндік баға қойылады);
- баға белгілеу үрдісінің және бағалардың сақталуын бақылау үрдісінің бірлік принципі – ол баға белгілейтін және басқаратын мемлекеттік органдар оларды (бағаларды) бақылауы тиіс деген принциптерінен тұрады.
Баға белгілеудің міндеттері. Экономикалық тәжірибе көрсетуі бойынша баға белгілеудің негізгі міндеттерінің тізімі кез келген қазіргі заманғы мемлекетке жалпы болып табылады, бірақ экономика дамуының типтері мен кезезеңдерінен байланысты өзгеріп отырады.
Келесі міндеттер баға белгілеудің негізгілері болып саналады:
өнімді өндіруге кеткен шығындары жабу (немесе оны іске асыруға көмектеседі) және өндірушінің (делдалдың) жақсы жұмыс істеуіне жеткілікті болатын пайданы қамтамасыз ету. Өндіруші үшін нарық конъюктурасы неғұрлым ыңғайлы болса, яғни ол өзінің өнімін неғұрлым жоғары бағамен жөнелтетін болса, соғұрлым ол үлкен пайдаға ие болады;
баға құру кезінде өнімдердің бір-бірін алмастыруын есепке алу. Берілген өнімді өндіруге қанша шығын кеткені тұтынушыға қызық емес. Егер бір өнім нарықта әр түрлі бағалармен ұсынылса, тұтынушы, әрине, төмен бағамен ұсынылған өнімді таңдайды. Егер бірдей бағамен сапасы жоғары және сапасы төменірек өнімдер ұсынылса, тұтынушы сапасы жоғары өнімді тандайды;
әлеуметтк мәселелерді шешу;
экологиялық саясатты іске асыру;
сыртқы саяси сұрақтарды шешу.
Ақырғы үш міндеттер баға белгілеудің қазіргі заманғы кезеңінде пайда болған, оларды әсіресе дамымаған апатты нарықтан басқарылатын нарыққа өту кезінде шешу маңызды.
3 Бағаның функциялары
Бағаның негізгі функциялары:
- өлшеуші – баға тауар құнын өлшеуге, анықтауға мүмкіндік береді, яғни, сатып алушының қанша ақша санын төлеуге, ал сатушының сатылған тауар үшін алатын ақша санын анықтау;
- салыстырмалы (соизмерительная) – әр түрлі тауарлардың құндылықтарын саластарудан құралады;
- төлем құралы – баға ақшаларға сатып алу-сату актісінде сандық анықталуына мүмкіндік береді;
- есептік – физикалық бірлікте өлшенетін материалдық – заттық анықталған сан және сапа көрсеткіштерін (шт., литр, кг., тонна, метр…) ақшалай өлшенетін көрсеткіштерге ауыстырады. Баға есептің көмекші құралы болады;
- бөлуші – қандай да бір өнімге деген, оның бағасына байланысты, сұранысты қайта бөлу арқылы тауардың ұсынысына әсер етуге, дефицит тауарын өндіруді кеңейтуге және артық мөлшердегі тауар өндірісін қысқартуға, артықшылықтарды немесе жетіспеушіліктерді жоюға мүмкіндік береді;
- әлеуметтік – бағалармен және олардың өзгеруімен қызметтерді тұтынудың, өмір деңгейінің, күнкөріс минимумы, жанұяның тұтыну бюджеті байланысты болады;
- сыртқы экономикалық – баға сауда келісімдердің, сыртқы төлемдердің, елдер арасындағы алмасу есептерінің міндетті құралы ролін ойнайды;
- ақпараттық – сатып алушылар мен сатушыларға сұраныс пен ұсыныс өзгерістері туралы, қандайда бір тауарға деген қажеттілік туралы және т.б. ақпарат береді. Солай сатып алушылар және сатушылар өздерінің іс-әрекеттерін бағыттайды;
- ынталандырушы, түрткі болушы – өндірушілердің өндіруіне және өнім сапасына қызығушылығына әсер етеді; сатып алушыларды тауар санын оның бағасының төмендеу (жоғарылау) әсерінен көп (аз) мөлшерде сатып алуға итермелейді.
2-тақырып. Бағалар жүйесі және олардың классификациясы
1 Баға жүйесі түсінігі
Экономикадағы бүкіл бағалар бір-бірімен тығыз байланысқан және бірігіп әрдайым түрлі факторлардың әсері бір жүйені құрайды.
Бағалар жүйесі – нарық қатысушыларына қызмет көрсететін және олардың экономикалық қарым-қатынастарын басқаратын, біріккен реттелген әртүрлі баға түрлерінің жиынтығы.
Бағаның бір түрінің деңгейінің, құрылымының өзгеруі басқа бағалар түрлерінің өзгерісіне әкеліп соғады. Бұл нарық механизмінің және нарық субъектілерінің элементтерінің байланысымен шартталған.
Әр блок және әр баға, жалпы баға жүйесінің бөлігі ретінде, қатал белгіленген экономикалық жүктемені әкеледі.
Қазіргі бағалар жүйесінде әр түрлі бағалар жүйесі қызмет атқарады, және олар қазіргі заманғы нарықтардың ерекшеліктері мен масштабтарына қатысты құрылады. (1 суретте көрсетілген)
Дүниежүзілік бағалар - жалпы дүниежүзілік нарық масштабында тауарлар мен қызметтер конъюктурасының көрінісін жалпы және толық беретін және халықаралық нарыққа қызмет ететін бағалар.
Халықаралық аймақтық нарықтар бағалары – дүниежүзілік бағаларды іске асырудың нақты формасы болып табылатын және тауарлардың сату-сатып алу халықаралық орталықтар жиынтығы болатын халықаралық (базалық) нарықтарға қызмет көрсететін бағалар.
1-сурет – Қазіргі заманғы нарықтың қызмет көрсету масштабы мен ерекшеліктеріне байланысты жалпы бағалар жүйесі
Ұлттық (ішкі) бағалар - ұлттық шаруашылықтың салаларының ерекшеліктерін есепке алып құралатын және елдің ішкі нарығындағы тауарлар мен қызметтер конъюктурасынтолық көрсететін, ұлттық экономикаға қызмет көрсететін бағалар.
Халықаралық бірлескен бизнестегі бағалар - кәсіпорынның шетел инвестицияларымен жұмысы, халықаралық бірлескен бизнестің басқа да формалары масштабында тауар айналымына қызмет ететін бағалар.
Сыртқы сауда бағалары - импортталатын және экспортталатын өнімдердің айналымына қызмет ететін бағалар.