Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бага (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
783.36 Кб
Скачать

4 Дәріс кешені

1-тақырып. Баға белгілеудің теориялық негіздері

1 Бағаның экономикалық категория ретіндегі маңызы

Кәсіпорын қызметінің ең негізгі мәселелерінің бірі – олардың өз тауарлары мен қызметтеріне баға белгілеу. Бағалар қызметтермен тығыз байланыста болады. Нарықтық экономика шарттарында кәсіпорынның және кәсіпкердің табысты болуы , олардың өздерінің тауарлары мен қызметтеріне бағаны дұрыс белгілеуіне байланысты. Бірақ оны жасау оңайға соқпайды, себебі бағаға саяси, экономикалық, психологиялық және әлеуметтік факторлар кешені әсер етеді. Бүгін баға тауарды өндіруге кеткен шығынның санымен анықталса, ал ертең оның деңгейі сатып алушының мінез-құлық психологиясына қатысты болуы мүмкін. Сөйтіп, кәсіпкер тауарға баға белгілеген кезде, оның (яғни бағаның) деңгейіне әсер етеін бүкіл факторларға көңіл бөлуі тиіс, және бағаны пайда табатындай етіп белгілеу керек.

Жалпы бағаның екі негізгі теориясы бар:

- бірінші теорияның жақтаушыларының ойлары бойынша – тауар бағасы оның құның көрсетеді (Баға = Шығындар + Пайда) – өндіруші жағынан.

- екінші теорияның жақтаушыларының ойлар бойынша – тауар бағасы дегеніміз сатып алушының тауар үшін төлеуге дайын ақшасының соммасы – тұтынушы жағынан.

Экономикалық категория ретінде бағаның бірнеше анықтамалары бар:

- фундаменталдық категория, ол тауар бірлігі үшін сатушының сатуға,

- ал сатып алушының сатып алу үшін беруге келісетін ақша саны;

- тауар құнын ақшалай белгілеу;

- қоғамдық жұмыс уақытын қажет ететін тауарды өндіруге кеткен

- өлшемдерді жаналай өлшеу үшін қызмет ететін экономикалық категория;

- факттік сұраныс пен ұсыныстың сандық қатынасы.

Бағаның маңызы екі түрлі рөлде көрінісін табады:

- баға экономикалық категорияның, нарықтық конъюктураның индикаторы ретінде жүреді. Баға деңгейі, оның динамикасы қоғамдық өндіріс саласында өтіп жатқан өзгерістерді көрсетеді. Баға сұраныс пен ұсыныстың баланстану жағдайлары туралы, кірістің өсуі туралы, ақшалы эмиссия туралы және т.б. ақпарат береді;

- баға маркетингтік реттеуші болып табылады (маркетинтік кешеннің «4Р» элементтерінің бірі), және оның көмегімен өндіріске, ауысымға, тұтынуға әсер іске асырылады. Баға мемлекет экономикасының маңызды пропорцияларының баланстануына, нарық көлеміне, халықтың сатып алушылық қабілетіне тура әсерін тигізеді;

Баға белгілеу – бұл тауарлар мен қызметтерге баға құру (жасау) үрдісі. Баға белгілеудің екі негізгі моделдерін белгілеп атауға болады:

Нарықтық баға белгілеу, ол нарықта қандайда бір тауарға сатып алушылардың сұранысының және сатушының ұсыныстырының ара қатынастарының негізінде іске асады;

Мемлекеттік баға белгілеу (орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу), мұнда шығындық баға белгілеу шекарасында баға негізіне өндіріс шығындары мен айналымдар енеді(кіреді).

Бағалар және баға белгілеу бірігіп баға механизмін құрайды. Ол екі бөліктен тұрады: баға, оның түрлері, құрылымы, өлшемі өзгеріс динамикасы; және баға белгілеу, белгілеу ережелері, жаңа бағалар құру және қатысушыларын өзгерту әдістері.