
- •Баға белгілеу
- •С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы-экономикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен шығаруға мақұлданған
- •Сырттай оқитын студенттерге арналған силлабус
- •Тақырыптық жоспар
- •5В050600 «Экономика» мамандығдың орта кәсіби білім, жоғары кәсіби білім негізіндегі, сырттай оқу түрі
- •Курстың компоненттері Дәріс сабақтарының тізімі
- •Тәжірибелік сабақтарының тізімі
- •4Тақырып. Баға белгілеу әдістері
- •Студенттердің өзіндік жұмыстары түрлерінің тізімі
- •Бақылау шараларының күнтізбелік кестесі
- •Курстың саясаты
- •2 Тәжірибелік сабақтардың жоспары
- •2001 Жылдағы баға белгілеудің стратегиясы
- •Талқылауға берілген сұрақтар
- •3 Пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулық Жұмыстарды орындау мазмұны
- •Пән тақырыптарының тізімі
- •4 Дәріс кешені
- •1 Бағаның экономикалық категория ретіндегі маңызы
- •2 Баға белгілеудің принциптері мен міндеттері
- •3 Бағаның функциялары
- •2 Бағаның құрылымдық элементтері және оның құрылымы
- •3 Бағалар классификациясы (баға түрлері және олардың классификациясы)
- •I Ұлттық экономикаға қызмет көрсету саласы бойынша бағалардың топтастырылуы
- •V Сауданы ұйымдастыру формасы бойынша және бағалық ақпарат мінездемесі бойынша бағаларды топтастыру
- •5 Студенттердің өзіндік жұмысы үшін материалдар
- •5.1 Дәріс сабақтарына дайындалу тапсырмалары
- •5.2 Тәжірибелік сабақтарға дайындалу тапсырмалары
- •5.3 Оқу материалдарын өздігінен оқуға арналған тапсырмалар
- •6 Студенттердің оқу жетістіктерін бақылау мен бағалау бойынша материалдар
- •6.1 Экономикалық мамандықтардың студенттері үшін «Баға белгілеу» пәні бойынша бірінші межелік бақылауға арналған сұрақтар
- •6.2 Экономикалық мамандықтардың студенттері үшін «Баға белгілеу» пәні бойынша екінші межелік бақылауға арналған сұрақтар
- •6.3 Экономикалық мамандықтардың студенттері үшін «Баға белгілеу» пәні бойынша қорытынды бақылауға арналған сұрақтар
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Баға белгілеу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
С. Н. Саденова
А. Ж. Мукантаева
Баға белгілеу
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған
оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Павлодар
Кереку
2011
ӘОЖ 338.5 (07)
КБЖ 65.011-3 я 7
Б 13
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қаржы-экономикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен шығаруға мақұлданған
Пікірсарапшылар:
С. К. Кунязова – экономика ғылымының кандидаты, доцент, «Экономика и менеджмент» кафедрасының меңгерушісі;
А. Ж. Мусина – экономика ғылымының кандидаты, доцент, «Есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі;
Р. И. Смагулова – экономика ғылымының кандидаты, ИнеУ-ті «Есеп және аудит» кафедрасының доценті.
Саденова С. Н., Мукантаева А. Ж.
Б13 Баға белгілеу : экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы / С. Н. Саденова, А. Ж. Мукантаева. – Павлодар : Кереку, 2011. – 91 б.
«Баға белгілеу» пәннің оқу-әдістемелік кешеннің жинаңы осы оқу курсын толық меңгеруі үшін барлық оқу-әдістемелік материалының компоненттерін қамтиды.
Бұл кешендік жинақ экономика мамандықтарын және осы пәнді меңгеріп жүрген студенттерге жұмыс оқу жоспары мен бағдарламаға сәйкес әзірленген.
УДК 338.5 (07)
ББК 65.011-3 я 7
© Саденова С. Н., Мукантаева А. Ж., 2011
© С. Торайғыров ат. ПМУ, 2011
Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты
Кіріспе
Жылдам дамып жатқан нарықтың шарттарында және кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік күрестің күшеюі шарттарында, кәсіпорынның баға саясаты және олардың алда қойылған мақсаттарына жетуінің ролі арыта түседі. Бұған қатысты баға саясатын және баға белгілеудің әдістемесін толық жетілдіру қажеттілігі туындайды.
Баға белгілеу кәсіпорынның менеджерлері шешетін көптеген ауыр мәселелердің біріне жатады, бұл ұсыныс пен сұраныстың арасындағы көп факторлық пен анықталмаған байланыспен және тауарлар меннарықтар арасындағы ауыр қатынаспен түсіндіріледі. Сондықтан баға саясаты, оның стратегиялары және баға белгілеудің әдістерін жақсы білу кәсіпорындардың экономисттері, қаржы мамандары, бухгалтерлері, менеджерлері және маркетологтары міндетті түрде білулері қажет.
Берілген жинақ сырттай оқитын студенттерге арналған силлабустан, тәжірибелік сабақтардың жоспарынан, тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулықтан, пәнді оқу бойынша әдістемелік нұсқаулықтан, дәріс кешенінен, дәріс, тәжірибелік сабақтарға дайындалу тапсырмаларын, оқу материалдарын өздігінен оқуға арналған тапсырмаларын қосатын СӨЖ үшін материалдардан, студенттердің оқу жетістіктерін бақылау мен бағалау материалдардан, қорытынды бақылауға сұрақтардан тұрады.
Берілген жинақ дәріс сабақтарында және ұсынылған әдебиеттерді өздігінен оқу кезінде алған теориялық материалды жүйелі түрде оқу үшін, сонымен қатар рефераттар, үй тапсырмаларын, нақты жағдайларды талдау, тәжірибелік тапсырмаларды орындау жолымен білімді тәжірибелік бекіту үшін арналған.
«Баға белгілеу» пәнінің ОӘК жинағы емтиханға дайындалу кезінде де, пәнмен алғаш танысу кезінде де, сонымен қатар «Баға белгілеу» бағыты бойынша университеттің оқу-әдістемелік базасын толтыруға қажет болады.