Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кулжабаева халы__аралы__ жария ______ы__.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
96.99 Кб
Скачать

1 Тараудың бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың негізгі белгілерін атап көрсетіңіз.

2. Халықаралық құқықтың ерекшелігі неде?

3. Қазіргі заманғы халықаралық құқықтың қызмет етуі неден көрінеді?

4.Халықаралық құқықты кодификациялаудың негізгі мақсаттары қандай?

5. Халықаралық құқық, сыртқы саясат және дипломатияның ара қатынасы қандай?

6. Халықаралық жария және халықаралық жеке құқықтың айырмасы неде?

7. Халықаралық және ұлттық құқық арақатынасының теориясын атап көрсетіңіз.

Әдебиеттер:

  1. Ю.Я.Баскин, Д.И. Фельдман. История международного право. - М. 1990.

  2. Курс международного права. В семи томах, - М., 1989 г. 1 том, 9-24, 124-154, 220-236, 272-304 беттер.

  3. Д.Б. Левин. Международное право, внешняя политика и дипломатия. - М., 1981г.

  4. Р.А. Мюллерсон. Соотношение международного и национального права - М., 1982г.

  5. Международное право в современном мире // Под ред. Ю.М. Колосова . - М., 1991.

  6. Г.И. Тункин. Теория международного права. –М., 1970г.

  7. Г.И. Тункин. Право и сила в международной системе. - М., 1983.

Қосымша

Халықаралық жария және халықаралық жеке құқықтың өзара әрекеттесуі

өзарабайланысы

Халықаралық құқық

айырмашылығы

Халықаралық жеке құқық

Б ірдей бағыттылық

Халықаралың қатынастарды реттейді

Ортақ бастама

Халықаралық жария құқықтың негізгі қағидаларының халықаралық жеке құқық доктринасында

Мемлекеттердің мойындауы

Халықаралық жеке құқық мәселелері бойынша халықаралық шарттар халықаралық құқық кағидаларына қайшы келе алмайды

әртүрлі нысандарда халықаралық ынтымақтастықтық үшін құқықтың жағдай жасаудың ортақ мақсаты

Мемлекеттер, мемлекетке ұқсас құрылымдар және басқалары

Мемлекетаралық билік қатынастары

Халықаралық шарт, халықаралық дәстүр т.б.

Мемлекеттер еріктерінің сәйкесуі

Халықаралық құқықтық

Ғаламдық (барлық мемлекеттер және халықаралық құқықтың басқа субъектілері)

субъектілері

объектілері

қайнар көздері

реттеу тәсілі

жауапкершілік

әрекет ету сферасы

жеке және заңды тұлғалар

халықаралық жеке құқықтың (азаматтың, отбасылық, еңбектік және т.б. қатынастар).

ұлттық заңнана, халықаралық шарттар, сауда дәстүрлері т.б.

қайшылықтарды жою

азаматтық құқықтық

ұлттық (әр мемлекетте өз жеке құқығы)

2 Тарау. Қазiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары

Халықаралық құқықтың дамуындағы маңызды белгiлердiң бiрi, оның негiзгi қағидалары рөлiнiң үдемелi дамуында, басқаша айтар болсақ, ол белгiлi бiр қатынастардағы халықаралық құқық субьектiлерiнің тәртiптерiне негiзделген, заңи оқшауланған нормалары болып шығады. Халықаралық құқықтың белгiлi бiр обьектiсiне қатысты нақты құқықтық қатынастарды реттеуге арналған нормаларға қарағанда, қағидалар өз әрекетiн құқықтық қатынастардың тұтас аумағына таратады. Құқықтық нормамен салыстырғанда, қағида ұзақ мерзiмдi, әрi өзгерiп тұратын мән-жайлардың әсерiне көп ұшырамайды. Сонымен бiрге, нормаларға қарағанда қағидалар ұзақ мерзiм iшiнде қалыптасады.

Қағидалар дегенiмiз - қандай да бiр жүйенiң негiзiн қалайтын идеялар, нақты жүйенiң барлық нормалары бағынатын, әрекетi көлемдi нормалар болып табылады.

Халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары - халықаралық құқықтың өзiнiң пайда болуы кезеңiмен сәйкес келмейтiн санатқа жатады. Мұндай сипаттағы қағидалар осы құқық дамуының белгiлi бiр сатысында пайда болады. Халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары - бұл халықаралық- құқықтық салада болып жатқан түбегейлi өзгерiстердi айқын бейнелейтiн негiзгi бастаулар. Халықаралық құқықтың қағидалары оның басты ережелерi болып табылады, оның халықаралық-құқықтың толық нормалары мен арақатысын заңдағы нормалардың конституциялық қағидаларының арақатысымен салыстыруға болады.

Халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары - өзiндiк сипаттамасы бар дербес құқықтық санатқа жатады. Бiрiншiден, қағидалар барлық құқықтық жүйеге таралады. Екiншiден, - олар мiндеттi (императивтi) сипатта jus cogens. Үшiншiден, қағидаларға жүйе құраушы рөл сипаты тән. Төртiншiден, қағидаларға заңдылық критерийi тән болады.

Халықаралық құқықта қағидалардың екi түрлi санаты бар: Жалпы, негiзгi қағидалар; және тар мағынадағы тәртiп ережелерiн бекiтетiн арнаулы қағидалар.

Қазiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары, ең бiрiншiден Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында бекiтiлген. Бiрақ, БҰҰ Жарғысы халықаралық құқық қағидаларын тұжырымдау жөнiнде арнайы мақсатты көздемегендiктен, олардың кейбiреулерi өте қысқа мазмұндалған. Сондықтан, бiрқатар мемлекеттердiң бастамашылығымен, бiрнеше негiзгi қағидалардың мазмұнын айқындау үшiн БҰҰ-да бiрсыпыра жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыс 1970 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының БҰҰ Жарғысына сай (мұнан былай, халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары туралы Декларация) мемлекеттер арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларацияны қабылдаумен аяқталды.

1970 жылғы Декларацияда халықаралық құқықтың 7 қағидасы мазмұндалған:

  1. Күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы.

  2. Iшкi iстерге араласпау қағидасы.

  3. Халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу қағидасы.

  4. Мемлекеттердiң бiр-бiрлерiмен мiндеттi ынтымақтасу қағидасы.

  5. Халықтардың теңдiк және өзiн-өзi басқару қағидалары.

  6. Мемлекеттердiң дербес теңдiк қағидасы.

  7. Мiндеттемелердi адал орындау қағидасы.

Дегенмен, бұдан халықаралық құқықта тек осы 7 қағида бар екен деген ой тумау керек. 1975 жылы Хельсинкиде болған жалпы еуропалық жиналыстың Қорытынды Актiсiнде 10 қағида бар. 1970 жылғы Декларациядағы тiзiмге келесiлер қосымша енгiзiлдi: шекаралардың мызғымастық қағидасы; аумақтық тұтастық қағидасы; адамның құқықтары мен негiзгi мiндеттерiн құрметтеу қағидасы. Айтып өтетiн бiр жәйт, халықаралық құқық халықаралық құқық субьектiлерiнiң басшылыққа алатын қағидаларының барлығын белгiлеудi өзiне мақсат тұтпайды. Әрбiр жеке тарихи кезеңде қолданыстағы қағидалар жаңаланып, эволюция жүрiп тұрады. Мысалы, халықаралық экологиялық құқықта қоршаған ортаға залал тигiзбеу сияқты; қоршаған орта мен оның компоненттерiн еркiн зерттеу және пайдалану қағидасы; қоршаған ортаны тиiмдi пайдалану қағидалары және т.б. бар. Халықаралық әуе құқығында халықаралық әуе хабарламаларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидасы; заңсыз қол сұғу актiсiнен әуе кемелерiн қорғау және т.б. қағидалар негiзгi қағидалар болып табылады.

Халықаралық құқық доктринасы халықаралық жария құқықтың негiзгi қағидаларын былайша жiктейдi:

Мемлекеттердiң экономикалық, әлеуметтiк және саяси жһйелерiнен тәуелсiз, бейбiт қатар өмір сүру қағидасы басты орын алады.

Келесi топқа халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi тiкелей қолдайтын қағидалар кiредi. Мұндай қағидаларға күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы; халықаралық дауларды бейбiт жолдармен шешу қағидасы; мемлекеттердiң аумақтық тұтастық қағидасы; шекаралардың мызғымыстық қағидасы жатады.

Халықаралық ынтымақтастықты айқындайтын қағидалар тобына мыналар жатады: мемлекеттердiң дербес теңдiк қағидасы; қол сұқпау қағидасы; халықтардың теңқұқылық және өзiн-өзi басқару қағидасы; мемлекеттердiң ынтымақтасу қағидасы; халықаралық мiндеттемелердi адал орындау қағидасы.

Мемлекеттердiң экономикалық, әлеуметтiк және саяси жүйелерiнен тәуелсiз түрде бейбiт қатар өмір сүру қағидасы.

Осы қағидаға сәйкес, мемлекеттер халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қолдауға, сондай-ақ өзара тиiмдi ынтымақтастықты дамытуға мiндеттi. Бұл қағиданың сипаттамалық белгiсi - ол халықаралық құқықтың көптеген негiзгi қағидаларының мән-маңыздарының үйлесуi. Сондықтан да, қазiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидаларының барлық жүйесi бейбiт қатар өмір сүру қағидаларының жүйесi деп атала алады. БҰҰ Жарғысында “бейбiт қатар өмір сүру” нақты терминмен негiзделмегенiне қарамастан, оның мазмұны Кiрiспенi толықтай қамтиды және өзге де жарғылық ережелерде мәнi ашылады. Бейбiт қатар өмір сүру қағидасы бейбiтшiлiктi сүйетiн кез-келген мемлекеттiң сыртқы саясаттағы конституциялық қағидаларының негiзiн қалайды.

Күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы. Алғаш рет бейбiтшiлiк туралы Декретте жарияланған басқыншылық соғысқа тыйым салу қағидасы, ең бiрiншi 1935-1939 жылдарда жасалған шабуыл жасамау және бейтараптық туралы шарттарда заңи бекiтiлген болатын. Осы қағида 1933 жылғы агрессияны айқындау жөнiндегi Лондон Конвенциясында; басқыншылық соғысқа тыйым салу қағидасын халықаралық құқықтың жалпыға мiндеттi нормасына айналдырған 1928 жылғы Париж шартында онан әрi бекiтiле түстi. БҰҰ Жарғысының қабылдануы - күш қолданбау қағидасын бекiтудiң келесi маңызды сатысы болды. БҰҰ Жарғысында бекiтiлген күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасының Екiншi дүние жүзiлiк соғысқа дейiн қалыптасқан басқыншылық соғысқа тыйым салу қағидасына қарағанда екi елеулi ерекшелiгi бар. Бiрiншiден, тек қарулы күштердi ғана емес, сондай-ақ, түрлі әскери емес мәжбүрлеу нысанындағы, яғни саяси, экономикалық мәжбүрлеуге де тыйым салынады. Екiншiден, тек күш қолдану ғана емес, кез-келген күшпен қорқытуларға да тыйым салынады. БҰҰ Бас Ассамблеясының “басқыншылықты айқындау туралы” 1974 жылдың 14 желтоқсанындағы 3314 Резолюциясы күш қолданбау қағидасының бекiтiлген және кодификацияланған маңызды халықаралық нормативтiк актiсi болып табылады. Аталмыш Резолюцияның 1 бабына сәйкес, басқыншылық - бұл бiр мемлекеттiң басқа бiр мемлекеттiң тәуелсiздiгiне, аумақтық мызғымастығына, саяси дербестiгiне қарсы қарулы күш қолдануы. Қарулы күштi бiрiншi, себепсiз қолдану – басқыншылық актiсiне тән. 3 бапта, мемлекеттiң соғыс жариялауына қарамастан, басқыншылық актiсi ретiнде саналуы мүмкін әрекеттердiң тiзiмi берiлген. Оларға мыналар жатады:

  1. аумаққа қарулы күштердiң күшпен кiруi және шабуыл жасауы, кез-келген әскери басқыншылық,;

  2. басқа мемлекеттiң аумағын бомбалау немесе кез-келген қаруды қолдану;

  3. мемлекеттiң порттарын немесе жағалауларын басқа мемлекеттiң қарулы күштерiнiң қоршауға алуы;

  4. мемлекеттiң қарулы күштерiнiң басқа мемлекеттiң теңiз, әуе, құрлық немесе әуе флоттарына шабуыл жасауы;

  5. келiсiмнiң талаптарын бұзғаны үшін басқа мемлекеттiң аумағында тұрған қарулы күштердi қолдану немесе келiсiмнiң бiтуiне қарамастан осы аумақтағы әскери күштердi талап етудi жалғастыру;

  6. үшіншi мемлекеттерге қатысты басқыншылық актiсiн жүзеге асыру үшін өз аумақтарын пайдалануға беретiн мемлекеттердiң әрекеттерi;

  7. мемлекеттiң атынан қаруланған бандыларды, жалдамалыларды, реттеу күштерiн жiберу.

Әрекеттердiң жоғарыда аталған тiзiмi толық емес. Басқыншылық актiсiн саяси, экономикалық сипаттағы ешқандай ақталулар ақтай алмайды. Басқыншылық актiсi - бұл халықаралық қылмыс, ол үшін халықаралық жауапкершiлiк жүктеледi. Тәуелсiздiк үшін күрес басқыншылық актiсi болып есептелмейдi.

Көпшiлiк мойындаған қағида - консенсус негiзiнде жасақталған басқыншылық анықтамасын мақұлдай отырып – БҰҰ Бас Ассамблеясы барлық мемлекеттердi түрлі басқыншылық актiлерiнен және БҰҰ Жарғысының ережелерi мен халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары туралы 1970 жылғы Декларациясына қайшы келетiн күш қолданудың басқа да түрлерiнен тыйылуға шақырды.

Халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу қағидасы.

Г.И. Тункин шабуыл жасамау және халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу қағидаларының арақатынасын қозғай отырып, бұл екi қағида бiр медальдың екi жағы сияқты деп атап өттi. Егер мемлекет өзiнiң басқа бiр мемлекеттермен қатынасында күш қолдануға тыйым салатын болса, тиiсiнше мұндай мемлекеттермен туындаған дауларды да бейбiт жолмен ғана шешуi тиiс. Сонда дауларды бейбiт жолмен шешу қағидасы, осы дауларды реттеу үшін күш қолданбау керек дегендi бiлдiредi.

Халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу, халықаралық құқық қағидасы ретiнде алғаш рет соғыстан бас тарту туралы 1928 жылғы Париж шартында бекiтiлген едi. 1928 жылғы Париж шартынан кейiн туындаған дауларды бейбiт жолмен шешу басқа да бiрқатар мемлекетаралық келiсiмдерде, сондай-ақ Ұлттар Лигасының резолюцияларында да халықаралық құқықтың қағидасы ретiнде танылды. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс аяқталғаннан кейiн осы қағида БҰҰ Жарғысында, атап айтқанда 2 баптың 2 бөлігінде бекiтiлдi: “БҰҰ-ның барлық мүшелерi халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке және ақиқатқа қауiп төндiрмеу үшін, өз дауларын бейбiт құралдар арқылы шешедi”.

Дауларды бейбiт жолмен шешу қағидасын дұрыс түсiну үшін “халықаралық дау” түсiнiгiн айқындаудың маңызы зор. Халықаралық дау деп қандай да бiр мемлекеттердiң арақатынастарында реттелмеген мәселелердiң, алауыздықтың болуы, халықаралық өмірдегi түрлі проблемалар бойынша келiсе алмаушылық, сондай-ақ халықаралық шарттар, келiсiмдер және өзге де актiлердi талдау негiзiндегi қайшылықтардың болуын айтамыз.

БҰҰ Жарғысында даулар халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке қауiп төндiретiн даулар және қауiп төндiрмейтiн даулар деп екiге бұлiнген.

Дауларды бейбiт жолмен шешу қағидасы дауды бейбiт жолмен шешудiң белгiлi бiр іс-жосығын алдын-ала бекiтпейдi. Дауларды бейбiт жолмен реттеу құралдарының көлемдi тiзiмi БҰҰ Жарғысының 6-тарауында мазмұндалған. БҰҰ Жарғысының 33 бабының 1 бөлігіне сәйкес: “Кез келген дауға қатысушы тараптар, егер дау халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке қатер төндiретiн болса, онда дауды ең бiрiншiден келiссөздер, зерттеулер жүргiзу арқылы, жарастырушылық, татуласу, төрелік, сот талқылауы, аймақтық органдарға және келiсiмдерге жүгiну арқылы немесе өз таңдаулары бойынша басқа да бейбiт құралдар арқылы шешуге тырысулары қажет”. Мұнан басқа БҰҰ Жарғысында даулы мәселелердi Бас Ассамблея мен Қауiпсiздiк Кеңесiнiң шешу мүмкіндiгi көзделген.

Мемлекеттердiң аумақтық тұтастық қағидасы. 1970 жылғы Декларацияда осы қағида күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасының бiр бөлігі ретiнде баян етiлген. Мемлекеттердiң аумақтық тұтастығына қарсы бағытталған әрекеттердiң iшiнде күш немесе қауiп-қатер күшiн қолдану ерекше орын алады. Қарастырылып отырған қағиданың тұжырымдамасында мемлекеттердiң кез-келген мемлекеттiң саяси тәуелсiздiгi мен бiрлiгiне қарсы бағытталуы мүмкін кез-келген әрекеттерден тыйылуы жөнiнде сөз бар.

Сөйтiп, кез келген мемлекеттiң саяси тәуелсiздiгi мен бiрлiгi оның аумақтық тұтастығымен тығыз байланысты.

Басқаның аумағын жаулап алудан бас тарту алғаш рет француз революциясында жарияланған болатын. Мемлекеттiк аумақтың мызғымастығы мен тұтастық қағидасының қалыптасу тарихында халықаралық дауларды шешу құралы ретiнде соғысқа халықаралық-құқықтық тыйым салу маңызды оқиғаның бiрi болды. 1975 жылы Хельсинкидегi Қорытынды Актiге қол қойған барлық мемлекеттер үшін мемлекеттердiң аумақтық тұтастық қағидасы мiндеттi болып табылады, мұндай мiндеттiлiк екi себеппен түсiндiрiледi.

1. 1970 жылғы Декларацияның тиiстi ережелерi өздерiнiң негiздеулерiнде барлық мемлекеттер үшін мiндеттi болып табылатын жалпы халықаралық құқық қағидасын бейнелейдi.

2. Мемлекеттер “осы қағидаларды өзара арақатынас пен ынтымықтастықтың барлық аспектiлерiнде қолдануға, әрбiр қатысушы - мемлекетке осы қағидаларды барлығының құрметтеуi мен қолдануынан келiп шығатын артықшылықтарды қамтамасыз ету үшін толықтай құрметтеуге” өздерiнiң дайын екендiктерiн бiлдiрдi.

Шекаралардың мызғымастық қағидасы. Шекаралардың мызғымыстық қағидасының мәнi бұл қағиданың соғыс пен бейбiтшiлiк мәселелерiн шешудегi ұзақ мерзiмдi тәжiрибемен қамтамасыз етiлгенiмен айқындалады. Осы қағиданы қолдану әлемдiк тәжiрибеде қалыптасқан саяси және аумақтық болмыс шарт-жағдайларындағы барлық мемлекеттер үшін ақиқатты қауiпсiздiктi бекiту сұранысының жинақталған көрiнiсi болып табылады.

Бұрындары шекаралардың мызғымастық қағидасы халықаралық құқықтың жаңа қағидасы деп аталып келдi. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының жарғылық ережелерi кез-келген мемлекеттiң аумақтық мызғымыстығына немесе саяси тәуелсiздiгiне күшпен қол сұғуға тыйым салады. Осылайша мемлекеттердiң аумақтық мызғымыстығын қорғай отырып және оны бұзу үшін күш қолдануа тыйым сала отырып, БҰҰ Жарғысы шекаралардың мызғымыстық қағидасын басшылыққа алады.

Мемлекеттердiң дербес теңдiк қағидасы. 1975 жылы Еуропада қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi Кеңесте Еуропаның даму жолдары туралы пiкiрталасына белгiлi бiр қорытынды жасалды. Хельсинки Кеңесi мемлекеттердiң қарым-қатынасы дербес теңдiк, дербестiкке тән құқықтарды қорғау қағидаларына негiзделулерi қажет екендiктерiн растап бердi.

Дербес теңдiк қағидасы қарама-қайшы қоғамдық жүйелерi бар мемлекеттердiң теңқұқықтарын мойындауды бiлдiредi. 1975 жылғы Қорытынды Актiде дербестiкке тән құқықтардың толық тiзiмi берiлмеген. Құжатта әлемдiк бiрлестiктiң қауiпсiздiгi үшін аса маңызы бар бірнешеуi ғана көрсетiлген.

Ең алдымен, дербес теңдiк элементтерiнiң бiреуi - әрбiр мемлекеттiң заңи теңдiкке деген құқығы аталған. Дербес теңдiктi мойындау, мемлекеттердiң тәуелсiздiгiн құрметтеу - мемлекеттердiң әлемдiк аренада бейбiт қатар өмір сүру саясатының басты элементi болып табылады. Осы қағиданы халықаралық құқықтың негізгi қағидалар жүйесiне енгiзу бейбiтшiлiктi сүйетiн күштердiң халықаралық қауiпсiздiк үшін күресiнiң үлкен жетiстiгi болып есептеледi. Қазiргi заманның басты мақсаты осы қағидалардың халықаралық проблемаларды шешу барысында сақталуын қамтамасыз ету.

Iшкi iстерге қол сұқпаушылық қағидасы. Мемлекеттердiң бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпауы туралы мәселе феодализм дәуiрiнде пайда болған едi. Бұл кезеңде қол сұқпаушылықты құқықтық норма ретiнде шарттық ресiмдеу - өте сирек кездесетiн құбылыс болатын. Ол халықаралық құқықтың жалпы қағидасы ретiнде буржуазиялық революция кезеңiнде қалыптасты. Бұл қағида кез келген мемлекеттiң құзiретiне қол сұғатын барлық әрекеттерден тыйылу мiндетiн бiлдiредi. Қағиданың заңдық мазмұны 1970 жылғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары туралы Декларацияда баяндалған. “Ешқандай мемлекет өзiнiң дербес құқықтарын жүзеге асыру барысында және одан қандай да бiр артықшылықтарға ие болу үшін басқа мемлекеттi өзiне бағындыру мақсатында экономикалық, саяси шараларды немесе кез-келген басқа сипаттағы шараларды қолдана да, көтермелей де алмайды.

Ешқандай мемлекет сондай-ақ басқа мемлекеттiң құрылымын зорлық-зомбылық жолымен өзгертуге бағытталған қарулы, зиянкес немесе террорлық әрекеттердi ұйымдастырмауы, көмектеспеуi, шағыстырмауы, қолдамаулары тиiс”. Бұл нысанның маңызды құндылығы - оның сипатының қатаңдығы мен үзiлдi-кесiлдi екендiгiнде. Кез-келген тiкелей немесе жанама қол сұғушылыққа тыйым салынады. Қол сұғушылық ешқандай себептермен ақтала алмайды. Халықаралық құқықтық және саяси әдебиеттерде мемлекеттердiң пайдаланатын қол сұғу шараларына байланысты әскери, экономикалық, саяси, дипломатиялық және қол сұғушылықтың өзге де нысандары қарастырылған, дегенмен де олар iс жүзiнде бiр-бiрiмен байланысты болып келедi.

Халықтардың теңқұқылық және өзiн-өзi басқару қағидасы. Бұл қағида орталықтандырылған абсолюттi монархияның орнаған кезеңiнде, 15-16 жүзжылдықтарда пайда болды. Хельсинки құжаты осы қағиданы бейбiтшiлiк, қауiпсiздiк және ынтымақтастықтың маңызды шарт-жағдайы деп таниды. Бұл байланыс алғаш рет бейбiтшiлiк туралы тарихи Декретте және Қазан социалистiк революциясының өзге де маңызды актiлерiнде көрiнiс тапқан болатын. Халықтардың теңқұқылық және өзiн-өзi басқару қағидасының тұжырымдамасында халықтардың өздерiнiң саяси мәртебесiн айқындауы туралы былай делiнген:

  1. басқару нысанын еркiн таңдау;

  2. өздерiнiң мемлекеттiк құрылымын айқындау;

  3. өзiнiң саяси, әлеуметтiк және мәдени дамуын өз қалауынша жүзеге асыру;

  4. мемлекеттiң аумақтық тұтастығын қорғау.

Осындай құқықтардың жүзеге асуы халықаралық құқықтың қорғауында болады. Халықтардың өздерiнiң iшкi саяси мәртебесiн еркiн айқындауларына кедергi келтiру мақсатында мемлекеттердiң iшкi iстерiне қол сұғу басқыншы - мемлекеттерге тән сипат.

Мемлекеттердiң ынтымақтасу қағидасы. Осы қағидаға сәйкес, мемлекеттер өздерiнiң ынтымақтастықтарын барлық салалар бойынша дамытуға мiндеттенедi. Егер 1975 жылғы Қорытынды Актiмен 1970 жылғы Декларациядағы осы қағиданың тұжырымдамасын салыстыра қарағанда, мемлекеттердiң бұл қағиданы материалдық мазмұн жағынан толықтыруға тырысқанын байқауға болады. Егер 1970 жылғы Декларацияда ынтымақтасудың бiр мақсаты ретiнде “халықтардың жалпы тұрмысын жақсарту” үшін жәрдемдесу көзделсе, ал, Қорытынды Актiде бұл ереже нақтылана түседi: мемлекеттер, өздерiнiң ынтымақтасуын дамыта отырып, халықтардың тұрмысын көтеруге, соның iшiнде экономикалық, ғылыми, техникалық, әлеуметтiк, мәдени және гуманитарлық салаларда таралып келе жатқан өзара таныстықтардан келiп шығатын пайданы қолдануға тырысады.

Адам құқықтарын құрметтеу қағидасы. Осы қағиданың мазмұнына сәйкес, мемлекеттер тек азаматтық және саяси ғана емес, сонымен бiрге әлеуметтiк-экономикалық құқықтарды да сақтауды өздерiне мiндет етiп жүктейдi. Сөйтiп, тәуелсiздiкке тән дербес теңдiк және құқықтарды құрметтеу қағидаларын орындай отырып, мемлекеттер бiр-бiрiнiң өздерiнiң саяси әлеуметтiк, экономикалық және мәдени жүйелерiн еркiн таңдау және дамыту құқықтарын құрметтеуге мiндеттенедi.

Қазiргi заманғы халықаралық қатынастарда, баяғы қалпынша адамның негiзгi құқықтары мен бостандықтарын апартеида, геноцид, нәсiлшiлдiк сипаттарында дөрекi және жаппай бұзу әлi де орын алып келедi.

Халықаралық мiндеттемелердi адал орындау қағидасы. Халықаралық құқықта ертеден-ақ, шарттар орындалуы тиiс – pacta sunt servanda - деген қағида бар. Ол кейiн БҰҰ Жарғысының Кiрiспесінде көрiнiс тапты. Онда БҰҰ мүшелерiнiң “халықаралық құқықтың шарттарынан және басқа да қайнар көздерiнен туындайтын мiндеттемелердiң әдiлдiгi мен құрметтелуiнiң сақталуына шарт-жағдайлар қалыптастыруға” бел байлағандары атап көрсетiлген. БҰҰ Жарғысының 2 бабының 2 бөлігіне сәйкес, барлық мүше - мемлекеттер Жарғы бойынша қабылданған халықаралық мiндеттемелердi адал орындауға мiндеттi. Мемлекеттер өздерiнiң iшкi құқықтарына қарамастан, шарттың мақсаты, мазмұны, мерзiмi және орындалу жерi бойынша өздерінің мiндеттемелерiн адал орындаулары тиiс.

Кейiнгi жылдарда мемлекеттер арасында жасалып жатқан шарттар мен келiсiмдер адамзатты жаңа дүниежүзiлiк соғыс қаупiнен арашалауға бағытталған. Олар мемлекеттер арасындағы түрлі ынтымақтастық жүйесiн қалыптастыруды мақсат тұтады. Сондықтан да шарттық ережелердң орындалуы халықаралық бiрлестiктегi бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында жаңа халықаралық келiсiмдерге қол қойылуының кепiлi бола алады.