
- •Халықаралық жария құқық мазмұны жалпы бөлім
- •1 Тарау. Қазіргі заманғы халықаралық құқық ұғымы
- •Бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастардың негізі белгілері.
- •1.1. Бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастардың негізгі белгілері.
- •Халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі.
- •Қазіргі болмыстағы халықаралық құқықтың қызмет ету жағдайы.
- •1.4. Халықаралық құқық кодификациясы және үдемелі дамуы.
- •1.5. Халықаралық жария және халықаралық жеке құқық.
- •1.6. Халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтардың арақатынасы.
- •1 Тараудың бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Халықаралық жария және халықаралық жеке құқықтың өзара әрекеттесуі
- •2 Тарау. Қазiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
- •2 Тараудың бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •3 Тарау. Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерi
- •3. 2. Халықаралық-құқықтық нормалардың жiктелуi.
- •3. 3. Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерi ұғымы және түрлерi.
- •3 Тараудың бақылау сұрақтары
1.5. Халықаралық жария және халықаралық жеке құқық.
Қазіргі заманғы халықаралық құқық халықаралық жария және халықаралық жеке құқық болып екіге бөлінеді. Осы оқу құралында халықаралық жеке құқыққа қатысты мәселелер қамтылмаған. Сондықтан олардың арақатынасы туралы мәселелерді айтып өткеніміз жөн болар.
Аталған мәселе көпке дейін халықаралық құқықтың теориясы мен тәжірибесінде талас тудырып келді, бұл проблеманың генезисі былай сипатталады. Осы мәселеге байланысты үш түрлі негізгі көзқарастар өмір сүріп келді.
халықаралық жеке құқық ұлттық құқықтың бір бөлімі және құқық ретінде өз алдына өмір сүре алмайды. Ол азаматтық құқық жүйесіне жатады. Мұндай пікір ең бірінші 1926 жылы, И.С.Перетерскийдің еңбектерінде айтылып жүрді.
Интернациональдық позиция, Халықаралық жеке құқық- халықаралық құқықтың бір бөлімі, яғни Халықаралық жеке құқық қосу Халықаралық жария құқық тең болады халықаралық құқық.
Халықаралық жеке құқық кейде азаматтық құқықтың арнайы салаларының біреуін құрайды, бірақ негізінен Халықаралық жария құқықпен тығыз байланысты.
Халықаралық жеке құқықпен Халықаралық жария құқықтың ішкі байланысын белгілейтін соңғы позиция істің мән-жайына жақын келетін сияқты.
Сызба арқылы көрсетсек ол мынадай болмақ:
Ішкі
жария (азаматтық
құқық құқық) сала саласы
жеке құқық саласы
Халықаралық жария құқық негізінен мемлекетаралық қатынастарды реттейді. Ал халықаралық жеке құқық шет елдік элементтермен байланысты азаматтық-құқықтық қатынастарды реттейді. Жеке құқықтың әрине халықаралық жария құқықпен өзара байланысты екені сөзсіз, сондай-ақ мемлекеттің ұлттық құқығының бір бұлігі азаматтық құқықпен де байланысты. Халықаралық жеке құқық ішкі мемлекеттік құқықтың бір бөлімі, бірақ дербес орынды иеленеді, сөйтіп арнаулы пәні мен реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты оның дербес саласы болып табылады.
Халықаралық жария құқықпен халықаралық жеке құқық арасындағы өзара әрекеттестікті мына кестеден анық көруге болады3 (Қосымша 21 бетті қараныз).
Халықаралық жария құқық пен халықаралық жеке құқық арасындағы толық байланыс халықаралық жеке құқықтың мемлекетаралық қатынастарды емес, бірақ халықаралық өмірді сипаттайтындығына байланысты болады. Осыдан келіп, халықаралық жария құқықтың кейбір бастама негіздері халықаралық жеке құқық үшін де белгілі бір мәнге ие болады.
Мемлекет шет ел элементтері бар азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысы бар мәселелерді өзінің ішкі заңдарымен немесе халықаралық келісімдермен шешкенде халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне өз тұрғысын белгілейді халықаралық жеке құқықтың осы ынтымақтастықты ұйымдастыруға қатысатынынан, мемлекеттердің халықаралық жеке құқық көлеміндегі актілері оның сыртқы саясатын білдіреді.
1.6. Халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтардың арақатынасы.
Халықаралық құқық ғылымында халықаралық және құқық қатынастарының проблемалары бойынша бірнеше іргелі еңбектер бар. И.П.Блищенко, В.Г.Буткевич, Г.В.Игнатенко, Д.Б.Левин, И.И.Лукашук, Н.В.Миронов, Г.И.Тункин, Е.Г.Усенко, С.В.Черненко, Р.А.Мюллерсонның еңбектерінде бұл проблемалардың маңызды мәселелері қарастырылған. Дегенмен оны мүлде шешіліп болды деуге келмейді. Қоғамдық өмір аумағында болып жатқан өзгерістер құқыққа да өз ізін қалдырды. Сөйтіп, қоғамдық қатынастар құқықтың түрлі жүйелеріне қатысты көптеген мәселелерді жаңадан қайта қоя бастады.
Мемлекеттіліктің пайда болуына байланысты ұлттық құқық пайда болды. Халықаралық құқық халықаралық қатынастың алғашқы даму сатыларында қалыптасқан. Олардың арақатынастық проблемалары кейінірек пайда болды. Осы проблеманы қамтитын алғашқы еңбектер ХІХ ғасырдың аяғында ғана жариялана бастады. Дегенмен, мұндай проблемалардың пайда болуының алғышарттары бұдан көп бұрын өмір сүріп келген еді. Мысалы, ХІV ғасырдың өзінде Литовский князьдығының ішкі құқығы мен Иван ІІІ-тің Ұлы князь Литовскиймен жасаған шартының арасында дау пайда болды. Дау князь Литовскийдің православ шіркеуін салудан бас тартуынан шыққан болатын.
«Халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықты» зерттеудегі алғашқы арнайы еңбек белгілі неміс заңгері Г.Триппельге тән. Бұл еңбек 1899 жылы басылып шыққан.
Халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтардың арақатынасының проблемасын айта отырып, мына мәселеге назар аударуымыз қажет:
халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтың нақтылы өзара әрекетін анықтау.
халықаралық құқық пен норманың, ішкі мемлекеттік құқықтың кейбір нормаларының заңдық күші қаншалық? Басқаша айтқанда, мемлекеттің аумағында халықаралық құқық нормасын қолдану тәсілдері мен ішкі мемлекеттік құқық нормаларын мемлекет аумағынан тыс қолдану тәсілдері қандай?
ішкі мемлекеттік және халықаралық құқықтар құқықтың дербес жүйесі бола алады ма немесе қандай да бір басымдылықтар бар ма?
Халықаралық және ұлттық құқықтың ара қатынасы теориясы үш негізгі бағытты пайда қылды. Дуалистік және екі монистикалық- халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басым тұру теориясы және ұлттық құқықтың халықаралық құқықтын басым тұру теориясы.
Бірінші бағыт – дуалистік теория ХІХ ғасырдың аяғында пайда болды. Оның өкілдері Триппель, Анцилотти, Холл, Штрупп, Ульман және басқалары. Дуализмнің мәні халықаралық және ұлттық құқықтардың екі түрлі құқықтық тәртіпте қаралуында. Триппель бұл екі шеңбердің жанасатынын, алайда ешқашан қиылыспайтыны туралы жазған болатын.
Ал екінші белгілі дуалист Д.Анцилотти халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтар мен құқықтық тәртіптерді көрсететінін атап көрсетті. Сөйтіп, дуалистер халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтардың әртүрлі құқықтық жүйесінің жекеленген түрлері деген көзқарасты ұстанады. Онан басқа, осы бағыттың өкілдері екі жүйенің тұтастай заңдық бір мағыналықты көрсететінін атап, бір жүйенің екінші жүйеден басымдығын жоққа шығарады.
Екінші бағыт – халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдық теориясы.
Аталмыш теорияны Кельзен, Гуггенхейм, Ссель, Руссо жақтаған. Бұл теорияның мәні халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдығын қолдауда, сол арқылы мемлекеттік тәуелсіздік жоққа шығарылды. Тіпті Кельзен мен Ссель осы көзқарасты жақтап тәуелсіздіктің «көнергенін» және оның «құқықтың дамуына» кедергі келтіретінін дәлелдегілері келді.
Үшінші бағыт – ұлттық құқықтың халықаралық құқықтан басымдық теориясы. Аталған теорияны қолдаушылар (Гегель, Цорн, Кауфман) халықаралық құқықты түрлі мемлекеттердің сыртқы мемлекеттік құқықтарының жиынтығы деп қарастырды. Гегель мемлекет жер бетіндегі абсолюттік билікті сипаттайды деп дәлелдемек болды. Сөйтіп, ішкі мемлекеттік нормаларды, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларын өзгертуге құқылы болды. Гегельдің бұл көзқарастары фашизм теориясында халықаралық қатынастардың тәлкекке ұшырауын ақтау үшін пайдаланылды. Ұлттық құқықтың халықаралық құқыққа мұндай басымдығын мақұлдау құқықтық немқұрайдылыққа әкеліп соғады.
Халықаралық құқық ғылымы халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтардың арақатысына баса назар аударады. Осы проблемаға арнайы монографиялық зерттеулер, сондай-ақ халықаралық құқық теориясының мәселелері жөніндегі еңбектерде тұтастай бөлімдер арналған. Осы зерттелген мәселеге қарай қазіргі заманғы тенденциялар мыналарға келіп саяды: халықаралық және ұлттық құқық – құқықтың дербес екі жүйесі, олар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірімен өзара әрекеттеседі.
Мемлекеттердің зерттелген мәселеге қатынасының тәжірибесі мемлекеттік тәуелсіздік және мемлекеттің ішкі құзіретін құрметтеу қағидаларынан келіп шығады. Халықаралық құқық нормалары мен ішкі мемлекеттік құқық нормаларының арасындағы өзара байланысы бар болса игі, тіпті қажет-ақ. Нормалар арасындағы коллизиялық жағдайда мемлекет өзіне жүктелген халықаралық міндеттемелерді орындауы керек, мұндай жағдайда ішкі заңнамаға сілтеме жасау оны бұл міндеттерді орындаудан босата алмайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4 бабында Республиканың ратификациялаған шарттары оның заңдарынан басым тұрады және халықаралық шартта, оны қолдану үшін заң шығару қажет деп көрсетілген жағдайлардан басқа кезде тікелей қолданылады, - делінген.