Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кулжабаева халы__аралы__ жария ______ы__.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
96.99 Кб
Скачать

1 Тарау. Қазіргі заманғы халықаралық құқық ұғымы

    1. Бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастардың негізі белгілері.

    2. Халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі.

    3. Қазіргі болмыстағы халықаралық қатынастардың қызмет ету жағдайы.

1.4. Халықаралық қатынастардың кодификациясы және үдемелі дамуы.

1.5. Халықаралық жария және халықаралық жеке құқық.

1.6. Халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтардың ара қатынасы.

1.1. Бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастардың негізгі белгілері.

Халықаралық құқық нормалары мен мемлекеттердің тәуелсіздік құқықтарын құрметтеу мемлекеттер арасындағы сапалы өзара қатынастардың негізгі алғы шарты болып табылады. Халықаралық құқықтың нормалары халықаралық қатынастардың пайда болуынан келіп туындайды. Халықаралық қатынастар халықаралық құқықпен реттеледі, сонымен бірге оның нормаларына өз әсерін тигізеді. Халықаралық құқық кез-келген қоғам өмірінде маңызды орынға ие болатын жан-жақты және дамыған халықаралық қатынастарды реттейді. Халықаралық қатынастар халықаралық құқық нормаларының мазмұнын айқындайды.

Жеке зерттеулерді қажет ететін іргелі проблемаларға ең бірінші халықаралық жүйедегі халықаралық құқық пен халықаралық қатынастардың орыны туралы проблеманы жатқызуға болады. Мәселен, халықаралық қатынастарды зерттеушілер халықаралық қатынастарды маңызды және анықтайтын деп есептейді, оларды жүйе ретінде қарастырады (Г.А.Арбатов, Н.И.Лебедев, Ш.Г.Санакаев, Д.Р.Томашевский т.б).

Халықаралық құқық тар мағынасында мынаны білдіреді:

ең бірінші-ден, мемлекеттер мен мемлекет тәріздес құрылымдарды;

екіншіден, өз тәуелсіздіктері үшін күресуші халықтар мен ұлттар, мемлекеттік құрылымның орнау процесін;

үшіншіден, халықаралық ұйымдарды;

төртіншіден, мемлекеттер тобын;

бесіншіден, осы белгілердің арасындағы байланысты білдіреді.

Жоғарыда аталғандардан басқа, халықаралық жүйенің құрамына сондай-ақ халықаралық қатынастарда әрекет ететін халықаралық құқықтық және өзге де әлеуметтік нормалар кіреді. Халықаралық жүйеге айқын тұтастық, басқа компоненттерден салыстырмалы оқшаулық сипаты тән. Халықаралық жүйенің ерекшелегі оның негізгі белгісі мемлекеттің бірінші-ден, халықаралық жүйенің бір бөлігі болып табылатындығы, екіншіден одан тыс та өмір сүре алатындығы.

Сондықтан, халықаралық құқықтық даму және қызмет етудегі проблемаларын айқындағанда қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың ерекшелігін, халықаралық жүйенің ұғымы мен компоненттерін арттыруға тура келеді.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырыл халықаралық қатынастардың түсінігі мен олардың құқықтық табиғаты туралы жалпы қорытынды жасауға болады.

Халықаралық қатынастар - бұл мемлекеттердің арасындағы саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми, идеологиялық және өзге де байланыстар жүйесі.

Халықаралық қатынастарға мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту және кеңейту, халықаралық ұйымдардың ролінің артуы, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздіктің жаңа проблемаларының туындауы, ядролық соғыстың алдын алу, халықаралық құқық рөлінің өсуі сияқты сипаттар тән.