
- •Халықаралық жария құқық мазмұны жалпы бөлім
- •1 Тарау. Қазіргі заманғы халықаралық құқық ұғымы
- •Бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастардың негізі белгілері.
- •1.1. Бүгінгі таңдағы халықаралық қатынастардың негізгі белгілері.
- •Халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі.
- •Қазіргі болмыстағы халықаралық құқықтың қызмет ету жағдайы.
- •1.4. Халықаралық құқық кодификациясы және үдемелі дамуы.
- •1.5. Халықаралық жария және халықаралық жеке құқық.
- •1.6. Халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтардың арақатынасы.
- •1 Тараудың бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •Халықаралық жария және халықаралық жеке құқықтың өзара әрекеттесуі
- •2 Тарау. Қазiргi заманғы халықаралық құқықтың негiзгi қағидалары
- •2 Тараудың бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер:
- •3 Тарау. Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерi
- •3. 2. Халықаралық-құқықтық нормалардың жiктелуi.
- •3. 3. Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерi ұғымы және түрлерi.
- •3 Тараудың бақылау сұрақтары
3. 3. Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерi ұғымы және түрлерi.
“Құқықтың қайнар көздерi” деген термин – материалдық және ресми (заңдық) екi аспектiде қолданылады.
Халықаралық құқықтың материалдық қайнар көздерi ретiнде халықаралық еңбек бөлiнiсi нәтижесiнде дамитын және халықаралық құқық нормаларын пайда қылатын бүкiләлемдiк экономикалық қатынастарды айтамыз. Қазiргi заманғы халықаралық құқықтың мағынасындағы қайнар көздерi –бұл оның нормалары мен қағидаларының көрiнуi мен бекiтiлуiнiң ерекше, арнаулы нысаны. Қазіргі заманғы халықаралық құқықтың заңдық қайнар көздерi халықаралық құқық шығармашылықта ерекше орынға ие, атап айтқанда халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларының қалыптасу және пайда болу процесiн қорытындылайды.
Сөйтiп, халықаралық құқықтың қайнар көздерiнiң – заңи мағынасы – бұл, оның субъектiлерiнiң келiсiлген еркiн бiлдiретiн халықаралық құқық нормаларына айналған нысандар.
Қайнар көздердiң жүйесi негiзгi және көмекшi болып екiге бөлiнедi. Негiзгiге мыналар жатады:
Халықаралық шарт;
Халықаралық дәстүр;
Халықаралық құқықтың көмекшi қайнар көздерiне мыналар жатады:
Халықаралық ұйымдардың шешiмдерi, резолюциялары;
Халықаралық Соттың және Төрелік соттың шешiмдерi;
Iшкiмемлекеттiк заңдар, ұлттық соттардың шешiмдерi;
Халықаралық құқықтағы ғалымдар доктринасы;
“өркениеттi ұлттар мойындаған құқықтың жалпы қағидалары”.
Халықаралық құқықтың өзiндiк қайнар көздерi болып табылмағанымен де, бұл қайнар көздер, бiрiншiден, халықаралық-құқықтық нормалардың жасалу процесiнде белгiлi бiр сатылары болып табылады; екiншiден, заң шығару процесi барысына әсерiн тигiзедi; үшiншiден, халықаралық құқық нормаларының бар болуын немесе мазмұнын бекiтедi.
Халықаралық шарт, келiсiмге келушi тараптар үшiн құқықтар мен мiндеттердi пайда қылады және оның заң нормаларында бекiтiледі. Осы қайнар көз халықаралық құқықтың негiзгi қағидаларына сәйкес келетiн заң нормаларын жасайды. Халықаралық құқық нормаларын жасайтын мемлекеттердiң келiсiлетiн ерiктерi аяқталған нысанда болғанда және шарт болған жағдайларда бар болады. Соңғы жағдайда бiз мемлекеттер арасында жасалатын келiсiмдердi де айта аламыз. Ол үшiн ереже бойынша жазбаша бекiтiлген немесе ауызша айтылатын белгiлi бiр мәтiн болу керек. Халықаралық құқық доктринасы халықаралық шарттардың құқыққа сай болуының басты белгiсi ретiнде оларды жасау барысындағы ерiктiлiктi айтады. Сондай-ақ, шарт тиiстi мемлекеттердiң тең құқылы ерiк бiлдiрулерi болып табылған жағдайда құқықтың қайнар көзi болып саналуы мүмкін. Халықаралық шартта көп мәрте қолдануға есептелген жалпы нормалар немесе тек бiр ғана жағдайда ғана қолданылатын жеке нормалар да болуы мүмкін. Халықаралық шарттың құқықтық табиғатына жасалу сатыларына “халықаралық шарттардың құқықтары” деген тарауда кеңiнен тоқталатын боламыз.
Халықаралық дәстүр шарттан кейiн екiншi орынға ие, бұрындары ол басым дәрежеге ие болатын. Жәй нормалар ұзақ мерзiмдi тәжiрибенiң нәтижесiнде, құқық субъектiлерiнiң ондай норманың заңи мiндеттi сипатын мойындағанынан кейiн пайда болады. Шарттық және жәй нормалар халықаралық құқықтың жалпы жүйесiн құрайды, олар бiр-бiрiне қайшы келмейдi, керiсiнше, халықаралық құқық нормаларын тиiмдi қолдануды қамтамасыз етедi.
Халықаралық дәстүр дегенiмiз халықаралық тәжiрибеде қалыптасқан тәртiп ережесi, халықаралық құқық субъектiлерi оның заңи мiндеттi сипатын мойындайды. Дәстүрдiң шарттық нормадан айырмашылығы тиiстi ережелердi нақты көрсететiн заңдық құжат еместiгiнде. Дәстүр барлық немесе бiрнеше мемлекеттердiң халықаралық әрекеттерiнiң ұқсастықтарының күші бойынша жинақталады. Ол ұзақ мерзiм бойында қолданылады және заңдық мiндеттiлiгiне сенiм сипатында болады. Сонымен, мемлекет тәжiрибелерiнiң ұзақтылығы салыстырмалы сипатта. Бүгiнгi таңдағы халықаралық қатынастарда жәй нормалардың қысқа мерзiмде жасалуы да кездеседi, - мысалы, ғарыш құқығында, теңiз құқығында.
Сөйтiп, халықаралық дәстүрге мыналар тән:
Қолданылу мерзiмiнiң ұзақтылығы.
Мойындалуының жалпылығы.
Заңдық мiндеттiлiгiнiң сенiмдiлiгi.
Халықаралық дәстүрдiң пайда болуы үшiн қайталанба тәжiрибе керек. Халықаралық–құқықтық әдебиеттерде кез-келген қайталанудың жәй нормалары жасалмайтыны жөнiнде аз айтылып жүрген жоқ. Қандай да бiр әрекеттердiң қайталануы тәртiп нормасын жасауға әкелмеуi де мүмкін - ол жәй әдетке айналып кетедi.
Халықаралық әдет деп мемлекеттердiң заңдық мiндеттiлiгi бар деп есептелiнбейтiн жалпы тәжiрибелерiн айтады.
Халықаралық қатынастарда, әсiресе дипломатиялық қатынастар мен теңiз кеме қатынасында көп уақыттан берi әрекет етiп келе жатқан, дегенмен халықаралық құқық нормасы болып табылмайтын нормалар аз емес. Мәселен, дипломаттардың жүктерiн кеден бақылауынан тексермей өткiзуге, үшiншi мемлекеттiң аумағында дипломаттардың кейбiр артықшылықтарының болуына, әдетте көптеген мемлекеттер рұхсат бередi. Алайда 1961 жылғы дипломатиялық қатынас туралы Вена Конвенциясы өз күшіне енгенге дейiн мөндай нормалар халықаралық құқықтық деп емес, ал халықаралық сыпайгершілік нормалары деп есептелетiн.
Халықаралық дәстүр мен халықаралық шарт құқықтың негiзгi қайнар көздерi және жалпы халықаралық құқық нормаларын жасаудың екi түрлi тәсiлi болып табылады. Сөйтiп, халықаралық құқықтың жәй нормаларын шарттық жолмен өзгерту көп кездесетiнiн, әсiресе халықаралық құқықтың кодификациясында кездесетiнiн баса айтып кеткен жөн. Ал шарттық нормаларды жәй нормаларға ауыстыру жағдайлары сирек кездеседi, яғни шарттық тәжiрибе белгiлi болғанындай оларды өзгерту ережелерiн немесе күшін жоюды қарастырады.
Халықаралық ұйымдардың шешiмдерi, резолюциялары. Халықаралық құқықтың аталмыш қайнар көзiнiң маңызы халықаралық құқық субъктiсi ретiндегi халықаралық ұйымдардың рөлімен бiрге арта түседi. Аталған қайнар көз, өз бетiнше халықаралық құқық нормаларын жасай алмайды. Халықаралық ұйымдардың қаулылары, ең бiрiншi Бас Ассамблея мен Қауiпсiздiк Кеңесiнiң резолюциялары норма жасау процесiне қатысады. Мәселен, БҰҰ Жарғысының 11 бабында Бас Ассамблеяның тек “БҰҰ немесе Қауiпсiздiк Кеңесiне мүше-мемлекеттерге ұсыныстар беру” құқығы ғана бар екендiгi көрсетiлген. БҰҰ-ның барлық органдарының iшiнде тек Қауiпсiздiк Кеңесiне ғана бейбiтшiлiктi қолдану мәселелерi бойынша, барлық мүше – мемлекеттерге мiндеттi шешiмдер қабылдау мүмкіндiгi берiлген және ол БҰҰ Жарғысының 25 бабында бекiтiлген.
Халықаралық Соттың және төрелік соттың сот шешiмдерi.
Халықаралық Сот және төрелік сот әрекеттегi құқықтарды қолданады, талдайды, алайда құқық нормаларын шығармайды. Халықаралық Сот Статутының 38 бабы, d тармағында олардың шешiмдерiн “құқықтық нормаларды анықтау үшін көмекшi құралдар” ретiнде бейнелейдi. Сот шешiмдерiнiң маңызды рөлi мемлекеттердiң соттағы тәжiрибелерiн көрсетуiнен шығып төр. Оның халықаралық құқықтың кодификациясына көмегiн тигiзерi сөзсiз.
Халықаралық құқық нормаларының қалыптасуына ұлттық заңнама үлкен әсерiн тигiзедi. Дегенмен, ұлттық заңнама халықаралық-құқықтық норма санатында танылған кезде ғана халықаралық құқықтың қайнар көзi болып есептеле алады (халықаралық шарт арқылы немесе халықаралық дәстүр арқылы).
Халықаралық Сот Статутының 38 бабында Соттың iстердi шешу барысында “құқықтық нормаларды анықтау үшін қосымша құралдар ретiнде түрлi ұлттардың жария құқықтары бойынша ең бiлiктi мамандарының доктриналарын” қолдану мүмкіндiгi қарастырылған.
Мұндай доктриналардың маңызы қолданыстағы халықаралық құқықтың қандай да бiр нақты қағидалары, нормалары мен институттарының мазмұнын айқындау үшін мамандардың ғылыми пiкiрлерiнiң қосымша материалдар ретiнде қызмет етуiнен көрiнедi. Доктриналар халықаралық қатынастың жаңа ережелерiн дайындай алады және қалыптастыра алады. Бiрақ, олардың заңдық тұрғыда мiндеттi болуы үшін халықаралық тұрғыда танылуы керек, яғни бұл ғылыми көзқарастар халықаралық қатынас қатысушыларының ерiк бiлдiрулерiн келiсiмге келтiруге негiз болулары қажет.
“Құқықтың жалпы қағидалары” проблемасын Ұлттар Лигасы қозғаған болатын, алғашында халықаралық әдiл соттың Тұрақты Палатасы Статутының 38 бабында, ал кейiн БҰҰ-ның Халықаралық Сот Статутында орын алды. “Құқықтың жалпы қағидалары” деген ұғым ”құқықтың негiзгi қағидалары” деген ұғымнан өзгешелеу. Мәселен, ”құқықтың жалпы қағидаларына” – ұлттық құқықтық жүйелерде, сондай-ақ халықаралық құқықта да қолданылатын құқықтық нормаларды түсiндiру және қолдану процесiндегі заңдық түсiнiктер, заң логикасының, техникасының ережелерi жатады.
Халықаралық жария құқықтың қайнар көздерiнiң жүйесiне сәйкес, әдебиеттерде ”қатаң құқық ” және “жұмсақ құқық ” деген ұғымдар қолданылады6.
”Қатаң құқық ” санатына халықаралық шарттарды және үкiметаралық ұйымдардың мiндеттейтiн шешiмдерiн жатқызса, ал ”жұмсақ құқыққа” – ұсыныстық резолюцияларды жатқызады.