Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломка новый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
93.45 Кб
Скачать

2 Студент жастарды тәрбиелеудегі көпшілік спорттық туризмнің алатын орны

1.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық - көпшілік туризмді дамытудың әлеуметтік мүмкіндіктері

2011 жылдың басында Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты және туризмді дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы қабылданды.Республикада 2007-2010 жылдары саланы дамыту Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылы 28 жестоқсандағы № 230 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға негізделді.

Осы кезеңде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар санының тұрақты өсу үрдісі байқалды.Егер Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың басында 2007 жылы спортпен және спорттық туризммен шұғылданушылар саны ел тұрғындардың (15%-ы) 2,3 млн.адам, 2010 жылы 2,8 млн. адам немесе 17,7% -ын құраған.

Шетелде бұқаралық спорт бірінші кезекте халықты сауықтырудың,өзін-өзі жетілдіруге қол жеткізудің, өзін көрсетудің және дамытудың тетігі, сондай-ақ зиянды әрекеттерге қарсы күрестің құралы болып табылады.Сондықтан мемлекеттер халықты бұқаралық спортпен айналысуға тартуды негізгі мақсат етіп қоя отырып,бұқаралық спортты дамытуды мәселесіне ерекше мән береді. Бұқаралық спортты дамытуды үдерісінде мыналар негізгі ерекшеліктер болып табылады: бұқаралық спортты қолдауда мемлекеттің рөлін, сондай-ақ осы саладағы қызметті ұйымдастырудың барлық нысандарының рөлін арттыру,бұқаралық спортты алдын алу және емдік іс-шараларда пайдалану,әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың алдын алу, жастарды адамгершілік, эстетикалық және интеллектуалдық тұрғыда дамытуда спортты пайдалану.

Осы үдерістің ықпалы мыналардан:

  • спорттық думандардан және спорттық қызмет көрсету секторынан;

  • спорттық телерадио хабарларды тарату көлемінің артуынан;

  • халықтың қажеттілігін есепке ала отырып, дене шынықтыру-сауықтыру инфрақұрылымын дамытудан;

  • қызмет көрсету нысандарының, бұқаралық спорт қызметін көрсету ұсыныстарының әдістері мен құралдарының алуандығынан түсетін табыстың өсуіне алып келді.

Қазіргі таңда бүкіл еліміз бойынша өткізілетін спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс- шараларының саны артып келеді, тек 2010 жылдың өзінде 17 мыңнан астам бұқаралық-спорттық және туристік іс-шара өткізіліп,оған 3,5 млн.-нан астам адам қатысқан.

Өткен төрт жылдық кезеңде спартакиадалар, спорт түрлерінен турнирлер, спорттық отбасылар арасында «Бірге жарысамыз» атты жарыстар, бұқаралық жүгірістер, сонымен қатар, әрқайсысында 2 млн.-нан астам адам қатысатын Президенттік сынақ тапсыру айлықтарын өткізу дәстүрге айналды.

2010 жылы алғаш рет Қазақстанның бүкіл аумағында дәстүрлі халықаралық «Олимпиадалық жүгіріс күні», бірінші «Жасөспірімдердің ауылдық спорт ойындары» бір мезгілде басталды.

Ұлттық спорт түрлері белсенді түрде дамып келеді, онымен қазіргі кезде 166 мыңнан астам адам шұғылданады (2009 жылы-123 мың адам). Бұған жыл сайынғы чемпионаттар,республикалық және халықаралық турнирлер, соның ішінде тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты, бірінші Жасөспірімдердің ауылдық спорт ойындары, «қазақ күресінен» әлем және Азия чемпионаттары,Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін Халық спорты ойындарын өткізу, спорт мектептері мен клубтарда ұлттық спорт түрлерінен бөлімшелердің ашылуы ықпал етті.

Ауыл спортын дамытуда маңызды бастама «Ел Қайраты» республикалық ауылдық дене шынықтыру- спорттық қоғамын құру болып табылады.

6769 жалпы білім беру мектептерінде 3 сағаттық дене шынықтыру сабақтары енгізілген,бұл мектептердің жалпы санының 98%-ын құрайды.Республиканың 48 жоғарғы оқу орнында спорт клубтары ашылған.

Елде 538 мыңнан астам бала немесе жалпы білім беру мектептері оқушыларының жалпы санының 22,0%-ы (2,5 млн. мектеп оқушысы) спортпен шұғылданатын 24 мыңнан астам спорт секциялары жұмыс істейді.Республикада 1725 спорт клубы, соның ішінде 106 балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі клубы, 530 балалар мен жеткіншектер клубы, 1020 дене шынықтыру-сауықтыру клубы және 113 спорт түрлерінен кәсіби клуб жұмыс істейді, онда 289 мың адам шұғылданады.

Өткен үш жылда дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартылған мүмкіндігі шектеулі адамдар санының өсу динамикасы байқалғаның атап өту қажет.

Елімізде халықтың 3%-ын құрайтын 486 мыңнан астам мүгедек тұрады, оның ішінде 45% адамның спортпен шұғылдануына тыйым салынбаған. Осы санаттағы адамдар арасында 13 мың адам дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады, бұл 6,5%-ды құрайды (2009 жылы-6%).

Бүгінгі күні республикада 127 мүгедек спорттың әр түрінен Қазақстан Республикасының спорт шеберлері болдып табылады. 2010 жылы 41 адам спорт шебері, 24 адам халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативтерін орындады.

Дене шынықтыру, спорт және туризм саласын дамытудағы маңызды мәселе сала үшін кадрларды даярлау болып табылады.

Қазіргі уақытта республикада спорт және туризм саласында мамандарды даярлаумен 17 жоғарғы оқу орны айналысады, оның ішінде жаттықтырушы-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру жөніндегі кәсіби қызметті бір жоғары оқу орны – Қазақ спорт және туризм академиясы жүзеге асырады.

Салада спорт түрлері бойынша 8 748 штаттық жаттықтырушы жұмыс істейді,жаттықтырушы кадрына деген сұраныс бүгінгі таңда әр өңірде 20 – 30%-ды құрайды.

Жалпы алғанда, республикада дене шынықтыру мен спорттың дамуы елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына оң әсер берді.

Халықты бұқаралық спортпен айналысуға тарту дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатындар санының өсуіне алып келді. 7-қысқы Азия ойындарын өткізу халықаралық спорт аренасында қазақстандық спорттың және туризмнің имиджін бәсекеге қабілеттігін нығайтты

Биылғы бюджеттен туризм және бұқаралық спорт саласын дамытуға қосымша 3,6 млрд. теңге бөлінетін болады. Бұл туралы «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтылулар енгізу туралы заң жобасында қамтылып отыр.

«Оның ішінде Астана қаласының республикалық велотрегін салу бойынша міндеттемелерін төлеуге 1,6 млрд. теңге бөлінетіні қарастырылып отыр. Бұдан басқа, республикалық туризм жүйесі негізінде, сонымен бірге Алматы қаласының таулы шаңғалы аймағын, Бурабай курорттық аймағын, Кендірлі және Шығыс Қазақстан облысындағы жетекшілік консалтингтік компанияларды тарта отырып, туризмді дамытудың жүйелі жоспарын әзірлеуге 1,3 млрд. теңге жұмсау көзделеді.»

Туристік сайыстарды ұйымдастыру

Ұйымдастырушылардың өзара әрекеттесуі, болжалған тапсырмалардың дер кезінде орындалуы, туристік слеттің нәтижелі өткізілуі туристік кәсіподақ активтерің тартумен тығыз байланысты. Адам көп болған сайын слеттің масштабы кеңірек түседі сонымен қатар басшылықта өткірлеу болады.Сондықтан слет штабының құрамын ерекше тәртіппен қарау керек.

Бұл органга қандай функциялар міндеттелген? Осы функцияны аудандық туристер слетінің құрамды мысал ретінде қарастыруға болады:

  1. Штаб басшысы.

  2. Штаб бастығының орынбасары.

  3. Комендант (Слетқа қатысушылардың жазықта орнын анықтайды, керек болған жағдайда отынға құрал жабдықтар жеткізеді, слетті толыққанды құрал жабдықпен және слет өткізілетін жерге жауап береді).

  4. Слеттің бас хатшысы ( слеттің өткізілуі туралы, конкурстардың есебін жасайды. Керекті құжаттармен айналысады соның ішінде: слетке мәлімдемелерді қабылдаумен).

  5. Туристік жарыстардың бас төрешісі.

  6. Слеттің насихатына жауапты.

  7. Конкурстық комиссия мен слеттегі конкурстарды ұйымдастырушы.

  8. Слет кезіндегі спорттық іс шараларды ұйымдастырушы (волейбол, футбол, лапта, үстел теннисі, шахмат, арқан тартыс, т.б.).

  9. Қауіпсіздік қызметкерлері.

  10. Слет дәрігері.

Штабтың құрамын және міндеттерін бекіткеннен кейін слеттің өткізу жоспарын өңдейді. Штабтың әрбір мүшесі беттерінше жұмыс шебіне жоспар құрайды. Содан соның негізінде ортақ қорытынды жоспар жасалады.

Туристік слеттерде ешқашан ұсақ түйек нәрсе болмайды. Әрбір сәтсіздік – жанған оттың басында іш пысыратын концерт, нашар алау, қызықты емес көрмелер қатысушылардың көңілің түсіре ғана қоймай көпшілік туризмнің перспективаларында білінеді. Сондықтан слетті әзірлеуде әрдайым кез келген маңызды сұрақтармен қақтығысамыз.

Олар:

  1. Орын таңдау.

  2. Слетті насихаттау.

  3. Конкурстық комиссияны таңдау.

  4. Конкурс шарттарын әзірлеу.

  5. Комендант топтарын іріктеп алу.

  6. Слетті материалды қамтамасыз ету.

  7. Слеттің сценарийін құру.

  8. Жазықты безендіру.

  9. Медициналық қызметпен қамтамасыз ету.

  10. Туристік жарыстарды әзірлеу.

  11. Спорттық ойындарды, кездесулерді әзірлеу.

  12. Кешті ұйымдастыру.

  13. Слетті өткізетін жердің басшылығымен келісу.

  14. Слетті отынмен жабдықтау.

  15. Слеттің радиофикациясы.

  16. Кездесулерді ұйымдастыру.

  17. Слетқа қатысушы үшін мәлімдеме қабылдау.

  18. Туристік саймандарды көрмеге әзірлеу.

  19. Сыйлықтарды дайындау.

  20. Слетті өткізу.

  21. Қорытынды есеп жасау.

Слеттің жақсы ойластырылған насихаттары көпшілік туризмге бірдей ықпалын тигізеді.

Слеттің положениясын туристік секцияларға 2-3 ай ішінде таратылу керек. Басқа жағынан слеттің ұйымдастырушысы туристік секциялармен тұрақты байланыста болу керек. Туристер слетте әрбір істі айқындауға, тапқырлық танытады соның арқасында өздерінің қожайын ретінде сезінеді.

Комендант тобы әртүрлі секциялардың өкілдерінен қалыптасады. Олар слетте коменданттың қарамағында болады және орналастырумен алаңның жабдығымен шұғылданады. Слеттің қол астына барлық шаруашылық заттары жатады: күркелі шатырлар, күрек, үстелдер, байрақтар және арқан. Комендант тобының есебіне: ойындар, әртүрлі өткелдерді көрсету, алаңның рәсімделуі және әзірлеу. Туристердің келуіне дейін алаңға немесе тас жолдың бойында (слетке) деген нұсқағыштар қоюы шарт. Сонымен бірге комендант тобы слетте туристік жарыстардың әзірлеуі бойынша түбегейлі жұмыс жүргізуі керек. Бұл жұмыстар өзіне жолақты тосқауыл кезеідерімен мәре және сөре, нәтижелерді хабарлайтын тақта қосады. Мына барлық функцияларды орындау үшін белгілі коменданттың уақыты жетпейді. Оның ішіндегі адамдар сондай туристер мүшелері болған. Олар бос уақытта қоғамдық жұмыстарын орындайды.

Слетке орын таңдау. Слет бұрын жорықтар болған жерде белгілі бір маршрут бойынша өткізіледі. Жарыс өткізер алдында біріншіден сол ауданда тұратын, тұрғындар кеңес алу керек. Слет өткізуге таңдап алынған орын жарыс дистанциясының әзірлеуі үшін, қатысушылардың жағдайы жақсы лагерге орналастыру керек. Слет өткізілетін орынға тұрақты, ортақ слет тақырыбынан тәуелсіз талаптар қойылады.

Талаптар қандай?

1. Слеттің орның ең жақын темір жол станциясы, автобус аялдамасының 3-5 километр қашықтықта болу керек. Туристер жарық кезде ортақ алау жағып күрке қойып үлгіру қажет. Туристерді әр бағыттағы маршрут бойынша жіберу үшін әр лагерьге қалай жақындайтынын қарап алу керек. Жорық кезінде қай жерден тура өтуге болатын жерлерді қарап алу керек олар:жылғалар,өзен,көлдер,көпірлер және батпақты өткелдер болуы мүмкін.

2. Слетке жиі туристер ғана емес туризме ешқандай байланысы болмаса да мерекені бөлісуге қонақтар келеді сондықтан слетті өткізуге үлкен аландар қарастырылады.

3. Міндетті талаптар-ауыз судың болуы тиіс.Судың барлық қайнар көздері мұқият тексерістенөткізіп,ауыз судың сапалылығымен,ішуге жарамдылығына толықтай көз жеткізуге тиіс.

4. Отын жайлы.Туристік слет ұйымдастырушы адам қысылтаяң уақытта.әсіресе слет отынмеен дұрыс қамтылған жағдайда жасыл желекті кесіп тастамауды қадағалау.Бұл жерде де әрбір жорыққа шыққандай туристер отта өз тамақтарын дайындайды.Қолайсыз ауа райында алау адам денесін жылытумен қатар,дымқыл киім-кешектер мне аяқ-киімдерді кептіреді.Бірақ ашық алаңдағы слеттің зжорықтың айырмашылығы-мұнда бір екі алау орнына ондаған алау жағылыды.Кейде ұйымдастырушының ұқыпсыздығынан болотын,яғни туристерді дер кезінде отынмен қамтамасыз етпеуі орман үшін үлкен қауіпке әкеліп соғуы мүмкін.Әрине, кейін кімнің 200-300 м әрірекжүруге құлқы болмағандықтан,зжайнаған жасыл шыршаны кескені немесе біреудәң орман заңдарын білместіктен жасағанын талқылап зжатуы кеш болары анық.Ол үшін алдын ала қурап,сынып түскен бұталар мен шөпшек тәрізді шөптердің және алаңқайда кездесетін материалдардың көлемін анықтап,от жағу үшін қандай құрал-жабдықтардың қажет болатынын адын ала ескеру қажет.Егер алаңқай маңайында бұтақтар аз болатын болса,орманшылардан ақыл кеңес сұрап,отынды машинамен қай жерден тасуға болатынын немесе слет өткізуге қай жердің ыңғайлы екенін туралы толық ақпарат бере алады.

5. Таңдап алынған жер кедергі зжолақтардан өту немнсе бағыт бағдарды дұрыс талдау сияқты туристік жарыстар өткізуге жарамды болу керек.Бұл таоаптар туралы келесібөлімде қарастырылады,ал әзірге осы талаптардың маңыздылығы ескерілсе жетіп жатыр.

Лагерь мекен-жайы алдын-ала жоспарланады,сол себептен алаңқай алдын ала тексеріліп,белгіленеді.Осы ретте белгілі бір алаң таңдалып алынып,слет жалауын орнататын діңгек қағылыды.Сонымен бірге мерекелік жиын мен түрлі жарыстарға арналған белгілі бір алаң таңдалып алынады.Ортақ алаңға ашық алаңқай іздеп тауып,қатысушылардың бірі сол алауды қоршап ала алатындай етіп орналастырады.Себебі,қатысушылар бірге жиналғанда туристік әндер мен шығармашлық жұмыстарды көріп үйренуі тиіс.

Дәл осы алаңқайда төрешілер мен жедел жәрдем бөлімшерелерінің шатырлары орнатылады.Олардың жұмысы тыныштықты талап еткендіктен слтке қатысушылардың шатырынан бөлек жерде құруға кеңес беріледі.

Сетке қатысушылар саны ескеріле,шатырлы қалашық құрылады.Әрбір топқа шатыр құруға және алау жағатын орын дайындауға жеке жер беріледі.Жәіне ол коммендаттың кеңесімен жасалыналды,бұл барлық туристерге міндетті жағдай.Алау шатырдан 10-12 м аулақта жағылыды.Коммендаттық топтың келесі міндеті ортақ алауды жабдықтау.Оны құрастыру процесі мен нақышына келтіріп әрлеу біраз уақытты алады.Бұл жердегі ең қиыны лайықты алаң тауып,отын тасу және оны кесіп даярлау болып табылады.Кешкі слет бағдарласмасы бірнеше сағатқа созылатынын ескере отырып,алау барлық кешкі мереке бойында өз қызуын жоғалтпас үшін,жеткілікті отын жинауға тиіс.

Алауға арналған алаңқай жасалғанда,алау маңынан 1-1,5 м әріректе жерді 60-80 см қазып,оттың таралуына кедергі жасалуы тиіс.Сонымен қатар жақын маңдағы ағаштардың қатарынан алау 50 малшақта тұруы тиіс.Бұл ереженің бұзылуы орман өртіне немесе жасыл желектің жойылуынаәкеліп соғады.

Алауды жағалаған туристердің де өмір қауіпсіздігін сақтауда маңызды болып табылады.Алаудың негізін дұрыстап қалап,отын ұқыпты жайғастырылуы тиіс.Көрермендердің отырған орнымен алаудың ара қашықтық интервалы сақталып,кеш бойы3-4 тәжірбиелі алау бақылаушыкезекке тұрып бақылайды.Осы айтылғандардың бәрі тәжірбиелі дайындыққа негізделіп,әр түрлі қалаларда,райондарда ұйымдастырылған слеттер негізінде жасалған.Әр бөлім Өзі жаңадан ойлар табуға болады.Бірақ дайындықттың ұраны біреу ғана.Ол:Слетқа барлығы да дайындалады,ешкім шетте қалмауы тиіс!»Бұ өзгермейтін қағида.

Слеттің ашылуы. Егер сенбі,жексенбі күндері өткізілетін слеттерге мұқият ден қойсақ,іс шараның екінші күні таңертең зжасалатынын байқау қиын емес.Мүмкін бқл ашылу процесіне қосымша мән беру мақсатында немесе ұйымдастыру кезеңінде туындайтын сұрақтармен байланысты(яғни кешқұрым ұйымдастыратын болса,қатысушылар алаңда жиналу үгін көп уақыт жинайды)болып есептеледі.

Бірақ күндіз не кешке екеніне қарамастан, слет ұйымдастырушыларының назарында болатын маңызды нәрсе бар. Ол – слеттің ашылуы қандай жағдайда өтсе, слеттің кейінгі жұмысы сонымен тығыз байланыста. Мүлтіксіз ұйымдастырылған іс-шара қатысушыларды жақсы көңіл күй сыйлауға, тәртіптілікті сақтауға септігін тигізеді.

Қатысушылардың салтанатты сапқа тұруы алақайда болады. Ал, алаңұқай ортасында жалау бекіту үшін діңгек орнатылған. Алаңқай жалаулармен,ұран сөздермен толы болады. Кейде, арнайы кең көлемді слеттарда арнаулы кестелер орнатылады. Слет комендантты 10-15 минут бұрын көңілді маршты әуен аясында сапқа тұрғызып, дайындауы тиіс. Бүкіл іс шара алдын ала дайындаған сценарий бойынша өтіледі. Осы слетті өткізуші туристік ұйым өкілдері, спорттық және профсоюздық ұйым өкілдері мен қонақтардың сөз сөйлеуін қамтамасыз ету керек.

Слет жалауын көтеру құрметіне осыған дейінгі слет жеңімпазы ие болады. Бәрақ, слет дәстүрлі түрде жыл сайын өтпейтін болса, жалау көтеру құрметі төраға шешімі бойынша туристердің біріне беріледі.

Ашылу салтанаты 10-15 минуттан аспауы тиіс. Жалау көтергеннен штаб басшысы салтанатты бөлімнің жабылуын жариялап, бас төрешіге жарысты бастауға бұйрық береді.

Кешкі слет. Әр түрлі масштабтағы слеттер әр түрлі жағдайларды талап етеді. Мысалы: дене шынықтыру ұжымының слетін алайық. Бұнда оншақты адам қатынасады, олар бірін бірі таниды. Бірақ, басқа слетті мысалға келтіретін болсақ, онда талғамы, таңдауы, мінез құлқы басқа жүздеген кейде мыңдаған адам жиналады. Ұйымдастырушы болу қате қиын нәрсе, себебі барлығын біліп, барлығын алдын ала қарастырылып, әрбір ұсақ тиекті қалт жібермей қадағалап, кез келген іс шараның мүлтіксіз таза әрі қызықты өтуін қамтамасыз етуі керек. Ал, егер де адамдарды слетке алсаң, олардың зерігуіне жол бермей, көңіл күйін көтеруін қамтамасыз етуің керек. Бірақ, тек көңіл көтеру деп айта салу қиын.

Концерт ұйымдастырушылардың талмай ететін еңбегі, суретші декараторлардың сахнаны қалай әрлеу керек екенін білетіндігі, жарық берушілер қол астында бар жабдықтарын даяр ұстап, кез келген уақытта жарық беруге дайын тұратындығы ескерілуі тиіс. Түрлі аттракциондар, алаңқайлар адамдарға демалыс пен ойын-сауық құруына жағдай жасайды.

Кешкі туристік слеттің бағдарламасын жасаушылар ормандық алқапты қолданады. Ол – сахнада, көрермендер залы да, би алаңы да бола алады. Энтузиастар тобына барлық бағдарламаларды құруға тура келеді, олардың көбінесе бұл жұмыстан гөрі алыс аймақтық экспедицияны жабдықтау сахнаны жабдықтап, сценарий жазудан немесе ең үздік талант иесін таңдаудан оңай болып көрінеді. Себебі бағдарлама жан-жақтылықты, ұқыптылықты талап етеді. Алдағы жоспар қандай? Кеш неден басталады?

Әрине кеш қызықты өтеді, слет қатысушылар еш ойланбастан қолдарындағы аспаптармен сахна төріне шығып, би билеп, ән салып, көңіл күйлерін көтереді. Сәлден кейін өнерпаздар мен көрермендер арасындағы байланыс өзгеріп, ұнағана әуенге ұйыған көрермендер қосылып ән айтады. Сәлден кейін демін ішіне басып, жаңа әнге құлақ түреді де, сөзі мен әуенін жаттап алуға тырысады. Оның да өз себебі бар, себебі бұл ән жалпы туристік әнге айналатынына күмән жоқ.

Туристердің белсенділігі, әр іске талмай қатынасуы, қажырлы қайраты, жаңа ойлары, думанды атмосфера жасауы – туристік слеттің кешкі бағдарламасының ең маңызды жетістігі болып есептеледі.

Кейбір слеттарды ұйымдастырушылар бюро-ұйым өкілдерінен, орындаушылардан, авторлардан, туристік слеттің белсенділерінен құралады. Ал, енді кейбір кештің дайындығы туристік ұжымға тапсырылады.

Кешкі бағадарлама өз мазмұнымен ерекшеленуі тиіс. Ол алау жағасындағы концертпен ғана шектелмеуі керек, слет қатысушылары үшін ішінде билеуге, хормен ән айтуға немесе сүйікті кино тьамашалауды ұсынатын адамдар табылары анық. Барлығына бірдей айналысатын ермек тауып беріп, бірнеше рет келген адамды еліктіре әкету, осы шараға туристік сипат беру – осының бәрі кейінге қалдыруға болмайтын маңызды тапсырма. Ұйымдастырушы жұмысын жеңілдету мақсатында алау жаңында «Ең үздік талант иесі» сайысы ұйымдастырылады. Қатысушылардың өлең оқуына немесе ән салып, би билеуіне болады. Сондай сайыстар өткізудің тәрбиелік мәні зор. Туристік әндердің саяхатшылар арасында қандай танымал екенін айтсақ жетіп жатыр. Оны барлық жерде: көшерде, поездарда, слеттарда айтып, барлығына таратылатыны айқын. Кей кезде көптеген әндердің авторлары белгісіз әрі нотаға түсірілмеген, кейбір ән жинақтардан таппасаңдарда адамдар есінде жиналып жүреді. Ондай әндерге деген қызығушылықты тек қолдап отыру қажет. Бірақ сапасы төмен әндерде бұл уатардан табылмайды деп айта алмаймыз. Слеттардағы осындай жарыстар шығармашылықтың, таланттың дамуына, қатысушыларға шынайы өнер мен жасанды өнер айыпмашылығын ажыратуға үйретеді. Ол жарысты қалай ұйымдастыруға болады? Ең қызықты туристік ән қайсысы?

Ол үшін ең бірінші төреші алқалары немесе конкурс комиссиясы сайланады. Олардың ішінде білікті музыканттар болғаны жақсы. Егер ондай адамдар табылмаған жағдайда, өнерден хабары бар білімді адамдар да төрелік етуге мүмкіндігі бар. Комиссия мүшелерінің өзіне тән өкілеттіліктері болады. Олардың міндеттері тек жеңімпазды анықтаумен ғана шектелмеуі тиіс, сонымен қатар туристердің талғамдарының өсуіне ықпал етіп, жақсы әнге деген қызығушылығын арттыру қажет. Ол қалай жасалады?

Комиссия « Ең үздік туристік ән» жобасын жасайды. Сайыс шарттары бірнеше сатылардан тұрады. Ең біріншіден, жеңімпазды анықтаудағы бастапқы шарт орындау шеберлігі, орындау мәнері, хордың немесе әннің әуендігі. Сонымен қатар әннің белгілі бір аспаппен сүйемелденіп айтылуы дп ерекше орын алады. Дәл осындай шарттарды ескере отырып, орындаушы өзі шығарған әнді орындайтын болса көп жеңілдік алатынын ерекше айтуға болады.

Слеттарда туристік ұжымдардың еңбек әрекеттерін ұйымдастыратын мүмкіндіктері бар түрлі жорықтар жайлы стенттер қойылады. Онда саяхаттан алған әсерлерімен бірге, ұжымның жүргізген жұмыс қорытындылары да жаряланып көрсетіледі. Бірақ ұйымдастырушылар қатысушылардың іс әрекеттерін бақылап, маңызды мәселелерге көп көңіл бөлуі тиіс.

Бұл саладағы маңызды артықшылықтың бірі – тәжірибе алмасу бұрышы. Мұнда туристерді қызықтыратын сұрақтарды талқылап, керекті кеңестер алуға болады. Бұл бұрыш керекті методикалық материалдармен жабдықтауға тиіс. Ең жақсы әрі ең қызықты саяхат, жорық туралы есеп көрсеткіштері жасап көрсетілуі тиіс. Әрине, мұндай кездесулер көпшіліктің көңілін аулайтыны анық, оған жаңадан қатарға қосылып отырған, жас туристердің қызығушылығы ауады. Осы секілді кездесулер осы салаға енді келіп жатқан жас туристер арасында тиімді тәсіл болып табылады. Туристік тәжірибенің өткізілуі жүздеген методикалық әдістемелердің таралуына септігін тигізеді. Бұл салада тәжірибелі де білікті туристердің мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.

Слет басшылары жиналғанда олардың алдында тұратын міндет – лагерь комиссиясын жиналуға басты мақсат не екенін анықтау болып табылады. Тәжірибе алмасудың тағы бір түрі бар. Кейбір туристер жорыққа шыққанда қарапайым құрал жабдықтарды қолданса, кейбіреулері арнайы құрал жабдықтармен шығып, өз саяхатын қызықты ұылуға тырысады. Кейбіреулер жеңілденген әрі ызғар өткізбейтін шатырлар қолданса, кейбіреулері поралоннан 3 кг тартатын екі адамдық ұйықтайтын қантар қолданылады. Шелек, мескелер, шатырға арналған құрал жабдықтар, заттарды ілуге арналған ілгектер күн өткен сайын жаңарып отырады. Бұл заттар жеңіл әрі қолдануға ыңғайлы болқы үшін қайта жасалынады. Осындай затттардың көрмесі бұл слетте жасалатыны айқын. Көрермендер жиналып, қолайлы әрі табиғи өнерді бағалайды.

Слеттағы ойын.

Слеттағы қатысушылар санымен, ұйымдастырушылардың мүмкіндіктері мен өткізілетін жердің жағдайын ескере отырып, көптеген ойын түрлері мен жарыстарды жоспарлап жүзеге асыруға болады. Бірақ, жоспардағы ойынның бәрі өздігінен жүзеге асады деу қиын. Еш нәрсе өз бетімен жіберілмеуі тиіс. Барлығына даяр болу керек.

Жастар жиналған жерде футбол, волейбол ойнаушы спорт сүйер қауым жиналары анық. Олар үшін комменданттың топ ойынға арналған алағ іздеп тауып белгілейді. Воллейболдық ойын алаңына ойын сеткасы үшін бағана қазылады, ал футболда қақап орнатылады. Коммендант доптар мен воллейболдық сетка үшін өзі жауап беруі тиіс.

Ойыншылар саны анықталғаннан кейін, ойын жүйесі ұйымдастырылып, ойын графигі құрылады. Әрі әр ойын үшін төреші белгіленуі тиіс. Ойын үшін ең қолайлы жүйе – «Олимпиадалық жүйе», себебі жеңілген топ ойыннан шығып отырады.

Кейінгі кезде регби мен қол добы туристік слет қатысушылары арасында үлкен сұранысқа ие. Егер алаң жағдайы рұқсат етсе, бұл спорт түрінен жарыстық сайыстар ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар, стол теннисін өткізу не өткізбеу комменданттың пысықтығына байланысты болады. Бадминтон – қазіргі кездегі сұранысқа ие болып келе жатқан ойын түрлерінің бірі болып саналады. Осының алдында ескерткеніміздей, әрбір ойынға дайындық алдын ала жүргізілуі тиіс. Жергілікті жердің түрлі сайыстарға дайындығы, алаңқайлардың ойынды өткізу мүмкіндіктері, слеттің спорттық құралдармен жабдықталуы, төрешілердің таңдап алынуы, жеңімпаздарды марапаттау тәртібі бәрі де де слетке дайындықтың маңызды элементтері болып табылады. Қатысушылар слетке келген кезде мұндай шаруалармен айналысуға уақыт тапшы болады. Оны шешу жолдарын емес, жарысты еш қателіксіз, мүлтіксіз өткізуді ойлау керек.

Әр түрлі спорт жарыстарын өткізген кезде түрлі спорт секцияларымен тығыз қарым-қатынаста болу керек, себебі тәжірибелі адамдар ақыл кеңестерімен бөлісіп, ойынның әділ төрешілері бола алады. Бұл ұйымдастырушылардың жұмысын жеңілдетеді. Бірақ мұндай жарыстарды өткізіп қана қою жеткіліксіз. Әр слет ұйымдастырушы өз бағдарламасын түрлендіруге, өздеріне тін қызықты бағдарлама жасауға тырысады. Сонымен бірге туристердің сүйікті ойындарының бірі – ғарыштық эстафета. Әрбір ойынға да йындық секілді, ғарыштық эстафетаға да алдын ала дайындалады. Болатын жер таңдап алынып, ойын сатылары ойлап табылады. Бұл жерде «ойлап табылады» дегенді бекер айтпадық, себебі бұл ойын ұйымдастырушының фантазиясына байланысты түрленуі мүмкін. Бұл ойын арнайы бір туристік біліктілікті етпейді. Керісінше жылдамдық, күш, жарысқа қатысушыдағы өнертапқыштықты қажет ететін ойын болып табылады.