- •1. Көпшілік спорттық туризмнің алатын орны мен маңызы.
- •1.3 Спорттық көпшілік туризмді дамыту үшін мектеп жастарының үлесі.
- •2 Студент жастарды тәрбиелеудегі көпшілік спорттық туризмнің алатын орны
- •1.1 Қазақстанның спорт саласын мемлекеттік қолдау және оның спорттық - көпшілік туризмді дамытудың әлеуметтік мүмкіндіктері
- •2.2 Туризммен айналысатындардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
- •2.3 Туризммен айналысуға арналған іріктеу әдістемесі. Туризмді оқыту әдістемесі.
- •3.1 Студент жастардың туристік дайындық ерекшеліктері
- •3.2 Бұқаралық туристік іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі
1.3 Спорттық көпшілік туризмді дамыту үшін мектеп жастарының үлесі.
Мектеп оқушыларының көпшілік туристік сайысы
Ресей Федерациясының балалар - жасөспірімдер туризмі орталығының директоры Ю.С.Констаниновтың сөзіне қарасақ «туристік сайыстар – бұл қатысушылардың қауіпсіз, мазмұнды сапарға шығуын және туристік топтардың дайындығын тексерудің жолы. Сонымен қатар, туризм әлемінде болып жатқан жаңалықтар мен тәжірибе алмасудың оңтайлы түрі. Бұл қатысушыларға білім негізін үйрену, алған білімдерін тексеру ғана, емес, туристік-өлкетанумен айналысатын педагогтардың дайындығы үшін зор үлес қосатын тәжірибе».
Ең бірінші жалпы союздық сайыс 1976 жылы жазда өткен, бұл Белоруссияда өткен мектеп оқушыларының уақытша туристік сайысы болатын.
1995 жылы Ресей Федерациясының білім министрлігі мен Ресей Федерациясының мемлекеттік туризм және дене шынықтыру комитеті бекіткен, «Ресей Федерациясының қатысушыларына арналған туристік сайысты ұйымдастыру мен өткізу жолдары» шықты.
«Русский турист» журналында ( 2-ші санында М.,1998) туристік көп сатылы сайыстың, шаңғы, тау, су туризмінің, велотуризмнің, спелеотуризмнің және автотуризмнің ережелері жарияланды.
Туризмнің сайысын өткізудегі негізгі деп табылатын құжаттар сатылып берілген.
Туристік сайыстар үлкендерге арналған сайыстан анағұрлым ерекшеленеді, себебі мұнда қатысушылардың жас ерекшелігі басты назарда, ең бастысы бұл қатысушылар үшін үлкен тәжірибе, мұнда көбеюіне бір сыныптың оқушыларынан құралған, көп жағдайда керек тәжірибесі жоқ өз оқытушыларының жетекшілігімен шығады.
Сайыс келесідей бірнеше кезеңнен тұруы тиіс:
1 кезең - мектептегі сайыс
2 кезең - аудандық сайыс
3 кезең - облыстық сайыс
4 кезең - республикалық сайыс
Кезеңнен кезеңге өткен сайын сайыстың бағдарламасы қиындай түседі, тіпті 3 кезеңде (облыстық) қиын кешенді сайысқа айналады. Мұнда қатысушылардың дайындығын ғана қадағалап қоймай, олардың материалдық техникалық жағынада көз салу қажет. Сайыстың мақсаты мен міндеттері әр кезең сайын үлкейеді. Көпшілік кезеңде (1 кезең) ол ең алдымен жайлы туризм насихат пен оған үйрету, 2-кезеңде – алынған білімдерін жинақтау мен көрсете білу, (3-4 кезең) – туристердің дайындығын тексеру мен ең мықты командаларды саралау.
Қатысушылардың туристік сайысқа дайындығы
Әрбір нақты сайыс ережелерді талдаудан басталады. 1-2 кезеңнің ережелері өткізілетін сайыстан бір ай бұрын дайын болу тиіс. 3-кезең үшін екі ай бұрын сайыстың ережелері дайын болуы тиіс, себебі олар неге да йын болуыларын алдын ала саралауы тиіс.
Ережелерді келесі мәселер қамтылуы тиіс:
Мақсаты мен міндеттері
Сайыскерлердің дайындығына сәйкес келуі керек.
Өткізілу орны мен уақыты
Сайыстың өтетін күні, командалардың келетін уақыты, өткізілетін орын, келудің жолдары, команданы таныстырушыларды, жиналысының уақыты мен күні көрсетіледі.
Дайындау мен өткізудегі басшылық
Ұйымдастыру жұмыстарына кімнің жауапты екендігі белгіленіп, бұл сайысты өткізетін нақты адамдар, төрешілердің құрамына кіретін адамдар нақты тағайындалады.
Сайысқа қатысушылар
Қатысушылардың саны мен жас ерекшеліктері есепке алынады, туристік дайындықтары, дәрігердің берген рұқсаты, арнайы жолдау болған уақытта, үлкен топқа ауысулар.
Сайыс бағдарламасы
Сайысқа түсетін сайыс түрлерін күндерге бөлу, әр түрге байланысты қатысатын командалардың саны.
Нәтижелерді анықтау мен марапаттау
Бұл бөлімде бағдарламаның принциптеріне сай әр түрге байлланысты орындар мен берілетін ұпай сандары ережелерге, қойылатын талаптарға сай нақтыланады. Кешендік кезеңдерде орындарды беруімен, кей командалар мен қатысушылар тең келген жағдайда, орынның қай командаға берілетіні сөз болады. Айта кету керек, командалардың бірі бағдарлама барысында бір сайысқа қатыспаған болса, белгі себептермен, не себепсіз олардың нәтижелері қалай шығарылатыны да сөзге тартылады.
Құжаттарды рәсімдеу және оларды тапсыру
Мұнда құжаттарды алдын ала тапсырудың күндері көрсетіледі, әр команданың қатысушылардың аттары да берілгені дұрыс. Мұнда басқа құжаттардың тізімі беріледі: қатысуышалардың жеке құжаты немесе туу туралды куәлігі, мектеп немесе мектептен тыс мекемелерден құжаттар, команданың жіберілгені туралы арыздың көшірмесі.
Қатысушыларды қабылдаудың шарттары
Қатысушыларды орналастырудың шарттары дұрыс қарастырылуы тиіс, тамақтың дайындалуы, сонымен қатар қатысушыларға сайыс барысында қажет болатын құралдар мен снарядтарды беру. Егер төрешілердің снаряды беретінін болса, ол ережелерде көрсетілу тиіс.
Қаржыландыру
Бұл бөлімде ұйымдастырушылар мен сайысқа қатысушылардың қаншалықты шығынға ұшырайтыны сөз болады.
Ережелерде сайыстың түрлері мен ерекшеліктері көрсету қиындық тудырғандықтан, оған әр сайыс түрінің өткізілуі шарттары, ұйымдастырудың тәртібі, сайыс кезеңдері, дистанция алшақтығы, қатысушылардың іс-әрекеттері, төрелік етудің жүйесі, нәтиже шығарудың реті қосымша шарттар берілгені дұрыс.
«Ресей Федерациясының қатысушыларға арналған туристік сайысты ұйымдастыру мен ережелеріне сәйкес, бүкілресейлік масштабында өткізілетін сайыс туралы ақпарат үш ай бұрын берілуі керек; республикалық, облыстық, аймақтық – 2 ай бұрын, қалалық, аудандық сайыстар - 1 айдан кем емес мерзім кезінде таратылуы тиіс.
Туристік сайыстың неғұрлым сәтті болуы үшән, алдын ала ұйымдастыру комитеті мен төрешілік коллегия құрылғаны абзал. Дайындық жұмыстары нақты жоспар бойынша іске асады.
Бас төрешілік коллегия орындардың берілуін, сайысты өткізудің шарттарын, дистанцияларды жоспарлау, төрешілік топтардың бригадалануын қадағалайды. Әрине, сайыс басталмас бұрын барлық төрешелердің басын қосып, бекіту семинарын және өткізудегі барлық сұрақтарды талқылап алған дұрыс. Сайыстың өту барысында графиктің іске асуы әр төрешінің өз орнын нақты білуге, ал бас төрешіге төрешілерді әр жерге тез бөлуге ықпалын тигізеді.
Сайыстың жақсы өткізілуіне, өткізілетін орынның дұрыс таңдалғаны зор рөл атқарады. Олар келесідей талаптарға сай келуі тиіс:
Келуге (көлікпен келуге) ыңғайлылық;
Сайысты өткізу үшін полигондардың болуы;
Ішуге жарамды судың болуы, СЭС нормаларының орындалуы;
Палаталық қалашықты қою үшін алаңдар мен тоғайлардың болуы;
Электрлік құралдар мен телефонның жұмыс атқаруы (мүмкін болса);
Алау не отта тамақ жасай алуға мүмкіндіктің болуы және т.б.
Жергілікті басшылықтан сайыстың өткізілуіне рұқсат хат алу.
Сайыстың дұрыс, сәтті өткізілуі көбіне құрал-жабдықтың және құрал саймандардың дұрыс нақтылы қолданылуына да байланысты. Құрал-жабдыққа, плакаттарға, сап түзудің орнын безендіруге және т.б. сұранысты дистанция қызметкерлері және бас төреші жасайды; ұйымдастырушы мекеменің комендантына береді.
Сайысты ұйымдастыруда, медициналық қызметтің жақсы қамтылуы маңызды орын алады. Міндетті түрде кезекші көліктің, ал аудандық көлемде және одан да жоғары көлемде өтетін сайыстар үшін «жедел жәрдем» көлігінің болуы шарт. Дәрігердің қай жерде орналасқаны барлық қатысушылар мен төрешілерге мәлім болуы тиіс. Сайыстар, әсіресе мектеп оқушылардың сайыстары дәрігер болмаған жағдайда өткізмейтінін есте сақтау керек.
Сайысты өткізуді ұйымдастыру
Туристік сайыстар салтанатты сап түзуден басталуы тиіс. Ашылу рәсімінің сценарийі алдын ала дайын болғаны абзал.
Сап түзелетін жерді тулармен әшекейленген дұрыс. Сайыскерлерді мерекелік форма кигендері дұрыс. Әділ қазы алқасы айрықша көріну үшін жеңдегі белгілерін таққаны абзал. Сайысқа соғыс және еңбек ардагерлерін шақыруға болады, Ресей Армиясының әскери қызметкерлерін, азаматтық және Ұлы Отан соғысы кезінде құрбан болған ер-азаматтар ескерткіштерге гүл қойылуын да қарастыру керек.
Ту көтерілгеннен кейін барлық билік бас төрешіге көшеді, ол барлық әділ-қазылар алқасын таныстырады.
Сайысты ұйымдастыру барысында қызықты және мәнді, бос уақытты өткізудің маңызы зор. Бұл кезде, достық кештерін, өз шығармашылығындағы әндер сайысын, би кештерін, қызықты адамдармен кездесулер, балалар ұжымы қатысқан концерт, әзіл эстафеталарын, мини-футбол, көркем фильмдер көрсету, видеобаяндамалық жарыстар және т.б. өткізуге болады. Дәл сайыс күні болса да төрешілер қатысушылар мен команда басшылары үшін кеңес өткізуге міндетті, мұнда аға төрешілердің де атсалысқаны абзал. Көбіне үлкен жетекшілермен кеңескен дұрыс, себебі олар кеңеске қатысқанда қателесуден қорыққандықтан, түсінбегендіктен болсын сұрақты аз қояды, сонымен қатар барлық ақпаратты қатысушы топқа дәл жеткізе алады. Сайыс соңында командалар мен қатысушылардың марапатталуын ұйымдастырып, сценарий жазған дұрыс. Бұл жерде сараңдық танудың керегі жоқ, қатысқан командаларды алтыншы орынға дейін марапаттап, ең болмағанда мақтау қағаздары мен дипломдар беріп ынталандырған дұрыс.
